Вторник , 3 марта 2026

Балалар арасындағы суицид проблемасы қалай шешіледі?

Бала­лар мен жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы суи­цид мәсе­лесі қоғам үшін ең күр­делі әрі ауыр тақы­рып­тар­дың біріне айналға­ны ақиқат. Бұл – құр ста­ти­сти­ка емес. Әр көр­сет­кі­штің артын­да бір тағ­дыр, бір отба­сы­ның қай­ғы­сы, естіл­мей қалған бір жанай­қай тұр. Мәсе­ленің тамы­ры көбіне көз­ге көрін­бей­тін пси­хо­эмо­ци­о­нал­дық жарақат­тар­да, отба­сы­лық аху­ал­да, әле­умет­тік қысым мен цифр­лық кеңістік­те­гі жасы­рын зор­лы­қта жатыр.

Өзек­ті мәсе­ле төңіре­гін­де пси­хо­ана­ли­тик Жанар Оспа­но­ва суи­ци­дал­ды мінез-құлы­қтың ішкі табиға­тын, оның бала пси­хи­ка­сын­да қалай қалып­та­са­ты­нын және алдын алу жол­да­рын тал­дап береді.

Маман­ның айтуын­ша, суи­цид – әлсіздік­тің бел­гісі емес, керісін­ше, ішкі ауыр­сы­ну­дың шек­тен шыққан көрінісі. Пси­хо­ана­лиз бұл құбы­лы­сты көбіне бей­са­на­лық үдерістер­мен бай­ла­ны­сты­ра­ды. Яғни бала неме­се жасөс­пірім сыр­тқа шыға­ра алмаған рені­шін, ашуын, әділет­сіздік сезі­мін өзіне бағыт­та­уы мүмкін.

Фрейд тео­ри­я­сын­да бұл – ішкі агрес­си­я­ның өз «меніне» бұры­луы. Ал кей­ін­гі зерт­те­ушілер ішкі «жақ­сы» мен «жаман» бей­не­лер­дің қақты­ғы­сын айта­ды. Егер бала өзін сүй­ік­ті әрі қажет адам ретін­де сезін­бе­се, оның сана­сын­да «мен лай­ық емес­пін», «мен арты­қ­пын» деген қауіп­ті тұжы­рым­дар қалып­та­суы ықти­мал. Осын­дай ішкі қай­шы­лы­қтар шешіл­ме­ген күй­ін­де ұзақ сақтал­са, суи­ци­дал­ды ойларға негіз қалайды.

Жасөс­пірім кезеңін­де эмо­ци­я­ны сөз­бен жет­кі­зу қиын­дай түседі. Ұят, кінә, жалғы­здық, қабыл­дан­бау қорқы­ны­шы іште жина­ла береді. Бұған жас ерекшелі­гіне тән «тун­нель­дік ойлау» қосы­ла­ды: уақыт­ша қиын­дық мәң­гілік тра­ге­дия болып көрі­неді. Бала­ма жол бар екенін көру қабілеті әлсірейді.

Пси­хо­ана­лиз бала­лық шақтың рөлін ерекше атап өте­ді. Ерте жастағы эмо­ци­о­нал­дық салқын­дық, немқұрай­лық, шек­тен тыс бақы­лау неме­се зор­лық-зомбы­лық бала­ның өзін­дік бей­несін бұза­ды. Мұн­дай жағ­дай­да бала өзін кінәлі, қажет­сіз, махаб­батқа лай­ық емес сезі­нуі мүмкін.

Бұл сезім­дер бір­ден суи­цид­ке әкел­мей­ді. Алай­да олар тұлға­ның ірге­та­сын әлсіре­те­ді. Жасөс­пірім­дік кезең­де­гі экзи­стен­ци­ал­ды дағ­да­рыс – «Мен кім­мін?», «Өмірім­нің мәні неде?» деген сұрақтар – дәл осы әлсіз ірге­тасқа түс­кен­де, күй­зеліс күшейе түседі. Егер осы сәт­те түсіністік пен қол­дау бол­ма­са, үміт­сіздік тереңдейді.

Ата-ана мен бала ара­сын­дағы бай­ла­ныс сти­лі – шешу­ші фак­тор­лар­дың бірі. Тек талап қоюға құры­лған, бірақ эмо­ци­о­нал­дық қол­дау жоқ қарым-қаты­нас бала­ның ішкі еркін­ді­гін тұн­шы­қты­руы мүм­кін. Ал керісін­ше, мүл­де немқұрай­лық таны­ту да бала­ның өзін еле­усіз сезі­нуіне әкеледі.

Шек­тен тыс бақы­лау жағ­дай­ын­да бала өзін жеке тұлға емес, «жоба» ретін­де қабыл­дай бастай­ды. Ал отба­сын­дағы зор­лық-зомбы­лық қауіп­сіздік сезі­мін түбе­гей­лі бұза­ды. Мұн­дай орта­да өскен бала­да өмір­дің мәніне күмән, бола­шаққа сенім­сіздік қалып­та­суы ықтимал.

Суи­цид көп жағ­дай­да бір сәт­тік шешім емес, ұзақ уақыт жиналған ішкі ауырт­па­лы­қтың шары­қтау шегі.

Қазір­гі таң­да әле­умет­тік желілер жасөс­пірім өмірінің ажы­ра­мас бөлі­гіне айнал­ды. Алай­да бұл кеңістік үздіксіз салы­сты­ру мен баға­ла­у­ға негіз­дел­ген. Иде­ал­данған бей­не­лер, лайк пен пікір арқы­лы өлше­нетін «құн­ды­лық» бала­ның өзін-өзі баға­ла­у­ы­на тіке­лей әсер етеді.

Кибер­бул­линг – ерекше алаң­да­та­тын құбы­лыс. Онлайн қор­лау жасы­рын, тоқта­у­сыз және кең ауди­то­рия алдын­да жүреді. Бала өзін жалғыз қалған­дай сезі­неді. Бұл үрей мен оқша­у­ла­нуға, ал ұзақ мерзім­де үміт­сіздік­ке әке­луі мүмкін.

Жасөс­пірім шақта дене мен жыны­стық жеті­лу үдерісі де ішкі шие­леністі күшей­те­ді. Өзгерісті қабыл­дай алмау, сыр­тқы кел­бет­ке қаты­сты қысым, қоғам­дағы сұлулық стан­дарт­та­ры қосым­ша стресс туды­ра­ды. Егер бұл кезең­де ашық әңгі­ме мен түсін­ді­ру бол­ма­са, жасөс­пірім өзін «басқа­ша», «қате» сезі­нуі мүмкін.

Суи­цид­тің алдын алу тек пси­хо­лог­тың емес, бүкіл қоғам­ның мін­деті. Ең алды­мен, ерте бел­гілер­ді тану маңы­зды: тұй­ы­қта­лу, қызы­ғу­шы­лы­қтың жоға­луы, үміт­сіздік тура­лы сөз­дер, өлім тақы­ры­бы­на жиі ора­лу – назар ауда­ру­ды қажет ететін сигналдар.

Екін­ші – баға­лау­сыз тың­дау. Бала өз мәсе­лесінің кіш­кен­тай еме­сті­гін, оны шыны­мен түсі­ну­ге тыры­са­ты­нын сезі­нуі тиіс. Ашық диа­лог – қауіп­тің алдын ала­тын ең қуат­ты құрал.

Үшін­ші – кәсі­би көмек­тің қол­жетім­ділі­гі. Мек­теп пси­хо­ло­гы­ның бел­сен­ді жұмысы, сенім теле­фон­да­ры, онлайн кеңес беру қыз­мет­тері нақты қол­дау көр­се­туі қажет.

Төр­тін­ші – медиа сау­ат­ты­лық. Бала­лар­ды цифр­лық қауіп­сіздік­ке үйре­ту, кибер­бул­линг­пен жүй­елі күре­су – зама­на­уи про­фи­лак­ти­ка­ның маңы­зды бөлігі.

Ең басты­сы – құн­ды­лы­ққа негіз­дел­ген тәр­бие. Өмір­дің мәнін түсі­ну, қиын­ды­қ­пен күре­су дағ­ды­ла­ры, эмо­ци­я­ны басқа­ру қабілеті жас тұлға­ның ішкі тіре­гін қалыптастырады.

Маман­дар­дың пай­ы­мын­ша, суи­цид – әлсіздік емес, бұл бел­гі көрі­неді. Я,ни естір­те алмаған сөздің, түсініл­ме­ген сезім­нің, қабыл­дан­баған бала­ның үнсіз айқайы бол­са керек. Олай бол­са, әр балаға уақы­ты­лы көңіл бөліп, оның жан дүни­есіне үңі­лу арқы­лы қай­ғы­лы ста­ти­сти­ка­ны азай­туға болар еді деп ойлаймыз.

Сұл­тан ҒАЛЫМБЕК

Республиканский еженедельник онлайн