Четверг , 18 сентября 2025

Балалар арасындағы ҚЫЛМЫС ПЕН ӨЛІМ неге көбейіп барады?

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры Е.Б. Көшер­ба­евқа!

Бала – біздің бола­шағы­мыз. Олар­дың қауіп­сізді­гі мен тәр­би­есіне, алаң­сыз білім алуы­на жағ­дай жасау – ортақ міндетіміз.

Осы бағыт­та мем­ле­кеті­міз тара­пы­нан атқа­ры­лып жатқан істер аз емес. Ел Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың тіке­лей тап­сыр­ма­сы­мен соңғы екі жыл­дың өзін­де бала­лар­дың қауіп­сізді­гі мен құқы­ғын қорға­уға бағыт­талған кешен­ді шара­лар қолға алын­ды. Заң­дар қабыл­дан­ды, бағ­дар­ла­ма­лар әзір­лен­ді. Алай­да соған қара­ма­стан, бала­лар мен жасөс­пірім­дер ара­сын­да құқық бұзу­шы­лы­қтар мен ауыр қыл­мыстар тола­ста­май отыр.

Басқа­сын айт­паған­да, бір ғана Жам­был облы­сын­да жаңа оқу жылы басталған­нан бері жасөс­пірім­дер ара­сын­да үш қай­ғы­лы жағ­дай орын алып, үш жасөс­пірім қаза тап­ты. БАҚ деректеріне қараған­да, Тараз қала­сын­дағы мек­теп­тің бірін­де 9‑сынып оқу­шы­сы қатар­ла­сы­мен төбе­лесіп, дәрет­ха­на­да көз жұмған.

Көп ұза­май Жам­был облы­сы­ның Шу ауда­нын­да да қара­пай­ым фут­бол ойы­ны кезін­де туған жан­жал сал­да­ры­нан 10-сынып оқу­шы­сы қатар­ла­сы тара­пы­нан соққы­ға жығы­лып, қаза тапты.

1 қыр­күй­ек күні кол­ле­дж­ге енді түс­кен оқу­шы өз қатар­ла­сын пышақтап өлтірген.

Бас-аяғы 15 күн­нің ішін­де бір ғана өңір­де 3 бір­дей оқу­шы­ның адам қолы­нан ажал құшуы – даб­ыл қағар­лық жағдай!

Ресми ста­ти­сти­ка мәлі­мет­тері де алаң­да­у­шы­лық туғы­за­ды. Мәсе­лен, 2024 жылы жасөс­пірім­дер­дің қаты­суы­мен орын алған 1973 қыл­мыс тір­кел­ген. Оның ішін­де 130‑ы аса ауыр қыл­мыс. Ал биы­лғы сегіз айда 938 қыл­мыс тір­кел­ген. Жасөсі­пірім­дер ара­сын­дағы қыл­мыстар бой­ын­ша жыл­дық көр­сет­кіш өткен жыл­дан да асып кетуі мүм­кін. Әсіре­се бұл Шым­кент (131), Алма­ты (115) және Аста­на (92) қала­ла­рын­да өршіп отыр. Аталған оқиға­лар – жеке бір мек­теп­тің неме­се бір өңір­дің ғана емес, қоға­мы­м­ы­здағы тәр­бие ісін­де­гі олқы­лы­қтар­дың көрінісі.

Мек­теп­тер­де білім сапа­сы­на басым­дық беріл­гені­мен, тәр­бие жұмысы көбіне қағаз жүзін­де қалып отыр. Соның сал­да­ры­нан оқу­шы­лар ара­сын­да өза­ра сый­ла­стық, жан­жал­ды бей­біт жол­мен шешу дағдысы жет­кілік­ті дең­гей­де қалып­тас­пай келеді. Бұл – бір.

Екін­ші­ден, жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы пси­хо­ло­ги­я­лық дағ­да­ры­сты бай­қа­уға бола­ды. Бүгін­де бала­лар­дың өз ашу-ыза­сы мен эмо­ци­я­сын басқа­ру қабілеті төмен. Ал мек­теп пси­хо­лог­та­ры­ның саны да, сапа­сы да бұл мәсе­лені шешу­ге жет­кіліксіз. Юве­нал­ды поли­ция мен кәме­лет­ке тол­маған­дар істері жөнін­де­гі комис­си­я­лар­дың жұмысы фор­мал­ды сипат алып отыр.

Үшін­ші­ден, ата-ана бала­сы­ның тәр­би­есіне, оның жүріс-тұры­сы­на, тіп­ті доста­ры­мен қарым-қаты­на­сы­на дей­ін жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ра­тын уақыт кел­ді. Бала кәме­лет­тік жасқа толған­ша, оның әрбір іс-әре­кетіне тіке­лей ата-ана­сы жау­ап­ты деген мін­дет­ті заң­на­ма­лық негіз­де бекітуді тиісті мем­ле­кет­тік орган­мен ойла­сты­руы­мыз қажет. Бұл рет­те ата-ана­лар­дың мек­те­пі­шілік, мек­те­па­ра­лық іс-шара­ларға қаты­суын күшейт­кен жөн. Өйт­кені адам­ды­қтың негізі – отба­сын­дағы тәр­бие. Жасөс­пірім­дер бұза­қы­лы­қты отба­сын­дағы немқұрай­лы­қтан, бірін­ші кезек­те ата-ана­ның бақы­ла­у­ы­нан кет­кен­де жасайды.

Төр­тін­ші­ден, әлем­де­гі әле­умет­тік зерт­те­улер бүгін­гі бала­лар­дың смарт­фон­дар­дың сал­да­ры­нан пси­хо­ло­ги­я­лық тұрақты­лы­ғы мен әле­умет­тік аху­а­лы қалып­ты емес екенін дәлел­деп отыр. Сон­ды­қтан әлем­нің дамы­ған елдерін­де мек­теп қабы­рға­сын­да смарт­фонға шек­теу қою тренд­ке айналған. Өйт­кені бұл про­цесс бала­лар­дың үлгері­мінің өсуіне, достық қарым-қаты­на­сы­ның ныға­юы­на едәуір әсер етеді.

Осы­ған бай­ла­ны­сты келесі шара­лар­ды шұғыл қолға алған жөн:

1. Білім беру ұйым­да­рын­да оқу­шы­лар­дың қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету және жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы зор­лық-зомбы­лы­қтың алдын алу үшін, бар­лық мек­теп­те анти­бул­линг­тік бағ­дар­ла­ма­ны енгі­зу қажет.

2. Әрбір мек­теп­те пси­хо­ло­ги­я­лық көмек қыз­метін күшей­тіп, бала­ларға жүй­елі түр­де агрес­си­я­ның алдын алу, эмо­ци­я­ны басқа­ру және жан­жал­ды шешу дағдыс­ын үйре­ту­ге бағыт­талған нақты бағ­дар­ла­ма­лар қабыл­дау керек.

3. Спорт­тық және көп­шілік іс-шара­лар­ды бала­лар­дың ара­сын­дағы коман­да­лық рух­ты күшей­ту­ге, бір-бірін құр­мет­те­у­ге, олар­дың бой­ы­на ізгі құн­ды­лы­қтар­ды сіңіру­ге, заң мен тәр­тіп­ті сақта­уға бағыт­таған жөн.

​4. Бала­лар ара­сын­дағы досты­қты нығай­ту, олар­дың онлайн ара­ласқа­ны­нан гөрі бет­пе-бет қарым-қаты­на­сын қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да мек­теп­тер­де жап­пай смарт­фон пай­да­ла­ну­ды шек­теу шара­ла­рын енгі­зу қажет. Мұн­дай тәжіри­бені Түр­кістан қала­сы мен арна­у­лы интел­лек­ту­ал­ды мек­теп­тер бастап кетті.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн