Суббота , 13 декабря 2025

БАЛАМЫЗ мектепте қандай тамақ ЖЕП ЖҮР?

ҚР Пре­мьер-мини­стрі  Олжас Бек­те­нов­ке!

 «Respublica» фрак­ци­я­сы­на мек­теп оқу­шы­ла­рын ыстық тамақ­пен қам­та­ма­сыз ету сала­сын­да жұмыс істей­тін кәсіп­кер­лер­ден соңғы уақыт­та жап­пай өтіні­ш­тер түсу­де. Қалып­тасқан жағ­дай – елі­міздің төрт мил­ли­он­нан астам оқу­шы­сы­ның ден­са­улы­ғы мен қауіп­сізді­гіне тіке­лей әсер ететін ұлт­тық дең­гей­де­гі дағ­да­ры­сқа ұла­су қау­пі төніп отыр.

Денса­улық сақтау мини­стр­лі­гінің бұй­ры­ғы­мен 2025 жылғы 4 науры­здан­ба­стап, мек­теп таға­мы­на арналған жаңа Тамақта­ну стан­дар­ты қол­да­ны­сқа енгізіл­ді. Аталған стан­дарт ет, құс еті, сүт өнім­дері, көкөністер, жемістер, жар­ма және өзге де азық-түлік топ­та­ры бой­ын­ша тұты­ну нор­ма­ла­рын айтар­лы­қтай арт­ты­ру­ды көз­дей­ді. Бұл, сөз­сіз, бала­лар­дың ден­са­улы­ғын жақ­сар­туға бағыт­талған маңы­зды қадам.

Алай­да жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар жаңа стан­дарт талап­та­ры­на сәй­кес азық-түлік сатып алу мен тамақтан­ды­ру­ды қар­жы­лық тұрғы­да қам­та­ма­сыз ете алмай отыр, себебі бөлі­нетін қара­жат бұры­нғы дең­гей­де қалып отыр. Яғни, стан­дарт бар, талап бар, бірақ соған сай нақты қар­жы­лық база жоқ. 

2025 жылғы қыр­күй­ек айын­дағы 12,2% инфля­ция кәсіп­кер­лер­ге бір соққы бол­са, жаңа стан­дарт­ты бұры­нғы баға­мен орын­дау мін­деті екін­ші соққы болып отыр.

Сіздің тап­сыр­маңыз бой­ын­ша бұған дей­ін де мек­теп­те­гі ыстық тамақтың құны наза­рға алы­нған: 2024 жылы Үкі­мет­те өткен бри­финг­те бір бала­ның тамағы­на орта есеп­пен 580 тең­ге, ал 2025 жылы бұл көр­сет­кіш орта­ша есеп­пен 631 тең­ге­ге дей­ін ғана өскені хабар­лан­ды. Бұл азық-түлік инфля­ци­я­сы қарқы­ны­на мүл­дем сәй­кес кел­мей­ді. Жаңа стан­дарт жұм­са­ла­тын шығын­дар­ды 25–45%-ға арт­ты­ру­ды талап ете­ді. Алай­да тамақтан­ды­ру­ды қар­жы­лан­ды­ру нор­ма­тиві өзгеріс­сіз қалып отыр: Аста­на қала­сы үшін бір баста­уыш сынып оқу­шы­сы­на 714 тең­ге, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы үшін 750 тең­ге, Оңтүстік өңір­лер­де 484–650 тең­ге ара­лы­ғын­да ғана. Мұн­дай жағ­дай­да Стан­дарт талап­та­ры­ның бұзы­лу қау­пі бір­не­ше есе артады.

Кәсіп­кер­лер азық-түлік­ті өте қым­бат баға­мен сатып алу­да. Ол тіп­ті 714 тең­ге көле­мін­де­гі тамақта­ну­дың өзін­дік құны­на да сыюға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Мәсе­лен, сиыр етінің көтер­ме баға­сы 1 кг үшін 4 200 тең­ге­ге, сүт – 394 тең­ге­ге, құс еті – 1 650 тең­ге­ге, сары май – 1 225 тең­ге­ге, балық – 1 400 тең­ге­ге дей­ін жет­ті. Мұн­дай кіріс баға­ла­ры­мен қол­да­ны­стағы лимит­тер аясын­да бала­лар­ды сапа­лы тамақ­пен қам­та­ма­сыз ету мүм­кін емес.

Бұған қоса кәсіпкерлер:

​• ​асха­на аумағын­да қажет­сіз, ас дай­ын­да­уға қаты­сы жоқ қым­бат жаб­ды­қтар­ды жалға алуға мәжбүр;

​•​ оқу­шы өзге мек­теп­ке ауы­сқан­да, элек­трон­дық жүй­е­де­гі тамақта­ну деректерінің жоға­лып кетуі­нен тіке­лей қар­жы шығы­ны­на ұшырайды;

​•​ азық-түлік баға­сы­ның нақты нары­қтық баға­мен емес, ста­ти­сти­ка­лық көр­сет­кі­ш­тер­мен есеп­те­луі де ауыр сал­мақ түсіруде.

Бүгін­де елі­міз бой­ын­ша 150-ден астам кәсіп­кер және 70 мыңға жуық адам осы сала­да еңбек ете­ді. Олар­дың қазір­гі жағ­дайы ерекше алаң­да­у­шы­лық туды­ра­тын дең­гей­ге жетті.

Нәти­же­сін­де: қара­жат тап­шы­лы­ғы жағ­дай­ы­на қара­ма­стан, әкім­дік­тер кәсіп­кер­лер­ден стан­дарт­тың сақта­луын талап ете­ді, кәсіп­кер – сапа­сыз, шығу тегі бел­гісіз импорт­пен кел­ген, бақы­ла­уы әлсіз арзан өнім сатып алып, стан­дарт­ты бұза­ды, не бол­ма­са жұмыстан бас тар­тып, мек­теп­тер­ді тамақ­сыз қалдырады. 

Бұл қан­дай сал­дарға әкеліп соқты­ра­ды? Күмән­ді тамақ – 4 мил­ли­он­нан астам оқу­шы­ның денсаулығы.

Бүгін ата-ана­лар да, кәсіп­кер­лер де, қоғам да бір сұрақты жиі қой­ып отыр: біз басқа сала­ларға қара­жат­ты оңай таба ала­мыз да, нелік­тен дәл бала­лар­дың күн­делік­ті тамағы­на кел­ген­де үнем­де­у­ге мәж­бүр бола­мыз? Бұл айып­тау емес. Бұл – мек­теп пар­та­сын­да оты­рған әр бала­ның күн сай­ын не жеп жүр­гені тура­лы сұрақ. Бұл – басым­ды­қты қай­та қарау қажет­ті­гін көр­се­тетін сұрақ.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Сіз­ден сала­лық мини­стр­лік­тер­ге мына­дай тап­сыр­ма­лар беруіңізді сұраймыз:

1. 2026 жыл­дың 1 қаңта­ры­нан бастап мек­теп­те тамақтан­ды­ру­ды қар­жы­лан­ды­ру нор­ма­тив­терін қай­та қарап, нақты баға­ның өсуіне және жаңа Тамақта­ну стан­дар­ты­ның талап­та­ры­на сәй­кес индек­са­ци­я­ла­уды қам­та­ма­сыз ету.

2. Жер­гілік­ті бюд­жет мүм­кін­ді­гі жет­кіліксіз өңір­лер­ге Үкі­мет резерві­нен қар­жы бөлу мүм­кін­ді­гін қарастыру.

3. Мау­сым­дық, өңір­лік ерекшелік­тер­ді еске­ру, мәзір­ді жер­гілік­ті өнім­дер­ге бей­ім­де­уді (мыса­лы, сол­түстік өңір­лер­де тағам­ның кало­ри­я­сы жоға­ры болуы тиіс), логи­сти­ка­ны және нақты баға­ның өсуін еске­ре оты­рып, бар­лық өңір­лер үшін мін­дет­ті біры­ңғай рес­пуб­ли­ка­лық мек­теп таға­мы­ның құнын есеп­теу әдісте­месін әзір­леп, бекіту.

4. Жет­кізілетін өнім­дер­дің сапа­сы­на бақы­ла­уды күшей­ту, соның ішін­де «сұр» импорт пен арзан бала­ма­лар­дың жет­кізіл­ме­уін қадағалау.

«Respublica» пар­ти­я­сы­ның мүше­лері – кәсіп­кер­лер. Олар жұмыс орын­да­рын ашып, салық төлей­ді, бюд­жет­тің кіріс бөлі­гін қалып­та­сты­ра­ды және сол арқы­лы бала­ла­ры­мы­зға лай­ы­қты өмір сүру жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ете­ді. Ал осы қара­жат­ты дұрыс, жау­ап­ты және әділ бөлу, бала­лар­дың жағ­дай­ын жасау – Үкі­мет­тің тіке­лей мін­деті деп білеміз.

«Respublica» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның мүшесі,депутат Ека­те­ри­на СМОЛЯКОВА

Республиканский еженедельник онлайн