Вторник , 13 мая 2025

Балташ Тұрсымбаев: ЕЛДІ ҰРЫ-ҚАРЫЛАР МЕН ЖЕМҚОРЛАР БАСҚАРЫП ОТЫР

Қаза­қтың тұңғыш ғарыш­кері, екі мәр­те Батыр Тоқтар Әубәкіров Торғай өңірін­де заң­сыз аңшы­лық жасап жүр деген алып-қашпа айып әле­умет­тік желілер­ді қызды­рған тақы­рып­тың бірі бол­ды. Сон­ды­қтан осы «бра­ко­ньер­лік­тің» егжей-тег­жей­ін білу үшін, ғарыш­кер­дің көп жыл­дан бер­гі үзең­гілес досы Бал­таш Тұр­сым­ба­ев аға­мы­з­бен әңгі­ме­лесіп қайт­тық. Кезін­де­гі Ресей пре­мьер-мини­стрі Вик­тор Чер­но­мыр­дин «не жаса­сақ та, КПСС болып шыға­ды» демек­ші, біздің де әңгі­ме­міз айна­лып кел­ген­де қызуы қозған жер мәсе­лесіне және елде­гі қоғам­дық-сая­си жағ­дай­ға келіп тірелді.

– Бал­таш Мол­даб­ай­ұ­лы, жеке кәсіп­кер Батыр Сей­ке­но­втың қаза­қтың тұңғыш ғарыш­кері Тоқтар Әубәкіро­вты бра­ко­ньер деп кінәлап, әле­умет­тік желілер­де жари­я­лаған жаз­ба­сын оқы­ған болар­сыз. Осы оқиғаға қаты­сты недей мән-жай білдіңіз?

– Иә, мен Тоқтар­мен көп жыл­дан бері жақын ара­ла­са­мын, еке­уміз жақ­сы жол­дас­пыз. Оның қан­дай аза­мат екенін де жақ­сы біле­мін. Мінезі, өмір­ге деген көзқа­ра­сы, адал­ды­ғы, заң мен тәр­тіп­ке бағы­ну­шы­лы­ғы тура­лы сағат­тап айта беру­ге бола­ды. Тоқтар жастай­ы­нан әскер­де қыз­мет етіп, кос­мос сала­сын­дағы ірі тұлға­лар­мен етене ара­ла­сып, әске­ри қыз­мет­кер ретін­де шың­да­лып, өзін тәр­тіп­ке бағын­ды­рған адам. Ол заң бұзу, дөрекілік жасау неме­се өзінің атақ-даңқын пай­да­ла­ну деген­ді білмейді.

Қаза­қта «Батыр­лар аңғал бола­ды» деген сөз бар, Тоқтар тура соның өзі. Оны біреу пай­да­ла­нып кет­пе­се, Тоқтар біре­уді пай­да­ла­на алмай­ды, ондай қулық оның қолы­нан да кел­мей­ді. Ол тіп­ті жол­да жүру ере­же­сін де бұз­бай­ды. Еке­уміз көлік­пен біраз жер­ді шар­лаған­быз. Мен кей­де алаң­дап, жол ере­же­сін бұзып қой­сам, Тоқтар бір­ден шу шыға­ра­ды: «Біре­улер көріп, танып қой­са, еке­уміз де ұятқа қала­мыз!» – деп күйіп-пысады.

– Ал сіз Тоқаңа түй­лік­кен Батыр Сәй­ке­нов деген біреу тура­сын­да не білдіңіз?

– Қаза­қта «Жаман иттің атын Бөрі­ба­сар қояды» деген сөз бар. Осы­ған орай мен бұл адам­ның атын «Батыр» деп атағым кел­мей­ді (күл­ді). Ол нағыз Батыр Тоқтар тап болған жағ­дай­дың мән-жай­ын жете тек­серіп алмай, желі­ге жел­бе­гей сөз жаз­ба­уы керек еді.

Иә, Тоқтар­дың аңшы екені рас және ол тек ит-құсқа ғана әуес. Бірақ ол ешқа­шан бра­ко­ньер болған емес! Аңға шық­са, лицен­зи­я­сы мен мыл­ты­ғы­ның құжат­та­рын, аңшы билетін өзі­мен бір­ге әрдай­ым алып жүреді. Осы жай­сыз жағ­дай жай­ын­да Тоқтар жур­на­ли­стер­ге жау­ап бер­ді. Еке­уміз теле­фон­мен сөй­лес­кен­де, маған да мән-жай­ды айтты.

Шыны­мен де, мынау пан­де­мия бүкіл елге ауыр тиді. Тоқтар да сол елдің бірі. Неше айдан бері бар­ша жұрт секіл­ді үйінің төрт кере­гесін­де қама­лып отыр­ды. Жасы бол­са 75-те, үйде оты­рып әбден ығы­ры шыққан. Сөй­тіп, таза ауа­да бір серу­ен­деп қай­тқы­сы кел­ген. Үлкен ұлы Тимур­ды ертіп, Торғай дала­сы­на бет бұрған. Мен ол жер­лер­ді жақ­сы біле­мін: жыр­тқыш ит-құс бол­ма­са, аңға бай жер деп айтуға онша келіңкіремейді.

Сөй­тіп, неше айдан бері үйде оты­рған Батыр ғарыш­кері­міз мото­шан­амен (сне­го­ход) екі күн бойы дала­ны шар­лаған. Ал енді жапан дала­да біре­удің жеріне кіріп кету деген ғажап дүние емес. Өйт­кені ол жер­лер ешнәр­се­мен қор­шал­маған, ешқан­дай шека­ра бел­гі­лен­бе­ген Торғай­дың дала­сы. Соған бола әлдебір Сей­ке­нов деген біреу Тоқтарға пәле жауып, бра­ко­ньер болып жүр деп, әле­умет­тік желіні шулатты.

Мен Сей­ке­но­втың өзін таны­май­мын. Бірақ оның қан­дай адам екенін біл­гім келіп, өзім­нің таны­ста­рым ара­сы­нан оның жер­ле­стері­мен сөй­лес­кен соң, Сей­ке­нов­пен таны­спақ тұр­мақ, бетін де көр­гім кел­мей­ді. Өйт­кені мән жай­ды аны­қта­май, біре­уді қара­лау – дұрыс адам­ның тір­лі­гі емес.

Ол адам­ның өзін жақ­сы­лап тек­се­ру керек! Сей­ке­нов өзіне 3 млн гек­тар аңшы­лық жер­ді қан­дай жол­мен еншіле­ген?! Үш мил­ли­он гек­тар­дан шашы­лып жатқан бұл не деген жер?! Бұл жер­ді оған кім бер­ді, қан­дай құқы­қтың негізін­де және қан­ша мөл­шер­де ақы­сын төлеп алды? Аңшы­лы­ққа жер алу оңай бол­са, сен де ал 3 млн гек­тар жер­ді, мен де алай­ын! Бүй­те беретін бол­сақ, бүкіл Қаза­қстан­ның жері оншақты Сей­ке­нов сияқты­лар­дың қолы­на өтіп кет­пей ме?! Ал Құдай­дың жеріне өзге адам аяқ бас­пау керек пе?! Бұрын қазақ өз жерін – Ота­ным, Ата­ме­кенім, Атақо­ны­сым деп қорғаған. Ал енді алда-жал­да анау-мынау оқиға болып кет­се, Сей­ке­но­втың жерін не деп қорғаймыз?!

Менің білуім­ше, Сей­ке­но­втың өзі Аста­на­да тұра­ды екен. Жер­ле­стерінің айтуы бой­ын­ша, ол – бір­не­ше дема­лыс үйі мен мей­рам­ха­на­ның қожай­ы­ны. «Тоқтар мото­ша­на­сы­мен «менің жері­ме кіріп кет­ті» деген аңшы­лық жері­нен қабан мен елік атып, оның етін мей­рам­ха­на­сын­да сата­тын көрі­неді. Осы­ның бәрі қан­ша­лы­қты заң­ды екенін тек­се­ру керек. Егер Сей­ке­нов сай­ын дала­дағы аңның санын көбейт­кісі кел­се, жем-шөп беріп, оларға жағ­дай жаса­уға мін­дет­ті. Ол осы заң­мен бел­гі­лен­ген мін­детін атқа­рып жүр ме – бұл да тек­сер­ген ада­мға сұрақ!

Сей­ке­нов кезін­де Қаза­қстан­ның Мате­ри­ал­дық қор (мат­ре­зерв) коми­тетін­де осы меке­ме бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры болған. Сол уақыт­та коми­тет жетек­шілеріне қаты­сты қыл­мыстық іс қозғалған, алай­да бәрі аман-сау құты­лып кет­ті. Солар­дың ара­сын­да Сей­ке­нов те бар. Қаза­қстан­да ондай қыл­мыстық істер­ден құты­лу­дың жолы айт­па­са да түсінік­ті. Менің айт­пағым – мем­ле­кет­тік қыз­мет­те­гі шене­улік қалай­ша 3 мил­ли­он гек­тар жер­ді иемденген?!

– Бал­таш аға, 3 мил­ли­он гек­тар дегені­міз салы­стыр­ма­лы түр­де қан­дай көлем­де­гі жер?

– Бұл дегені­міз – Қаза­қстан­ның орта­ша көлем­де­гі үш ауда­ны­ның жері. Өзің қай өңір­ден боласың?

– Алма­ты облы­сы­нан, Кеген жақтан болам, аға…

– Енде­ше сен Нары­нқол, Кеген және Жар­кент аудан­да­ры­ның жер көле­мін көз алды­ңа еле­стетіп көр­ші – бір күн­де айна­лып шығар ма екен­сің? Осын­дай мөл­шер­де­гі жер­ді Сей­ке­нов қалай мен­шік­теніп алды? Бұны мен біраз жігіт­тер­дің көме­гі­мен тек­се­руді жөн көріп отырмын.

Назар­ба­ев биле­ген 30 жыл­да елі­міз­де мынан­дай үрдісті бәрі­міз де көріп, біліп жүр­міз: біздің кей­бір адам­дар­дың қал­та­сы­на ақша түс­се, өзінің әке-шеше­сін ғана таныр, әйт­пе­се адам таны­май кете­ді. Мынау ел-жұрт­ты шулатқан Сей­ке­нов Батыр Тоқтар­ды біл­ме­се, оны сый­ла­ма­са, оны тари­хи тұлға ретін­де мой­ын­да­ма­са, ол өзін қалай қаза­қтың аза­ма­ты дей алады?!

Оның үстіне сол Сей­ке­нов Тоқтар­дың қолы­нан мыл­тық көр­генім жоқ деп жазып отыр. Қазір бәрінің қолын­да каме­ра­мен жаб­ды­қталған смарт­фон теле­фон бар. Тоқтар мен оның ұлын­да мыл­тық бол­са, осы­ның бәрін Сей­ке­но­втың адам­да­ры мін­дет­ті түр­де фотоға түсіріп алар еді. Ал ондай жаз­ба жоқ! Өйт­кені Тоқтар шыны­мен де Торғай дала­сы­мен әншей­ін серу­ен­де­гісі кел­ген. Бұған қоса, Эко­ло­гия, гео­ло­гия және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гінің мәлім­де­уін­ше, Тоқтар 2021 жылы қасқыр атуға рұқ­сат алу үшін үш рет өтініш бер­ген, алай­да үше­уін­де де рұқ­сат ала алмаған. Айты­ңыз­шы, бра­ко­ньер рұқ­сат алуға өтініш жаза ма? Мен Тоқтар­ды жақ­сы біле­мін. Ол заң­ды бұзбайды.

– Қаза­қстан­да ауыл шару­а­шы­лық жер­лерін ием­де­нудің сіз білетін қан­дай жол­да­ры бар?

– Қаза­қстан­да оның бір ғана жолы бар. Ол – кор­руп­ция! Сөй­ле­сетін адам­мен сөй­ле­сті, беретінін бер­ді. Аңшы ретін­де жол­дас қылып кім­ді өзі­мен бір­ге ертіп жүр­ді, солар көмек­те­сті. Біз осы­ны аны­қта­май тын­бай­мыз. Ол үшін ұлт­тық қозға­лы­сқа айна­лып келе жатқан «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның плат­фор­ма­сын да пайдаланамыз.

Қаза­қстан­ның жері ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кетіп жатыр. Елі­міздің қан­ша­ма жерін осы Сей­ке­нов­сы­мақтар басып алды! Мыса­лы, Қоста­най­дың ең шұрай­лы 1,5 млн гек­тар жерін Васи­лий Рози­нов алып қой­ған. Ондай­лар көп. Осы­ның бәрін тексереміз.

Сей­ке­нов кезін­де­гі елі­міздің бас про­ку­ро­ры Рашид Түсі­п­бе­ков­пен аңшы ретін­де дос болған екен. Әрине, ондай досы бол­са, кез кел­ген мәсе­лені шешіп береді. Әйт­пе­се 3 млн гек­тар жер­ді мен­шік­теніп алу – екінің бірінің қолы­нан келетін іс емес.

Қаза­қтың жерін Сей­ке­нов пен жемқор­лар емес, еліне қыз­меті сің­ген Тоқтар сияқты адал аза­мат­тар неге алмай­ды?! Менің де еңбе­гім бар, мен неге алмай­мын?! Өйт­кені біз­ге ол қажет емес. Жер – халы­қты­кі, мем­ле­кет­тікі болуы керек. Ал Сей­ке­нов «жер – менікі, оған ешкім аяқ бас­пау керек» дей­ді. Бұл не деген сұм­дық?! Сон­ды­қтан осы Сей­ке­нов сияқты­лар жер­ді қан­дай жол­мен алған­да­рын тек­серіп, заң талап етсе, заң бой­ын­ша жаза­лау керек. Ол жер мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ры­лып, онда мем­ле­кет­тік егерь­лер жұмыс жаса­уы тиіс. Бра­ко­ньер­лер кіріп жат­са, кім бол­са да, заң шең­берін­де жау­а­пқа тартылсын.

-– Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев ауыл шару­а­шы­лық жер­лері шетел­дік­тір­ге сатыл­май­ды және жалға да беріл­мей­ді деп мәлім­де­ме жасап, көп жыл­дан бері қызуы қозған дау қаза­ны­ның қақ­пағын жапқан сияқты бол­ды. Осы­мен жер мәсе­лесінің тақы­ры­бы жабы­ла­ды деп ойлай­сыз ба?

– Жоқ! Тоқа­ев­тың мәлім­де­месіне жал­пы­ла­ма қарай­тын бол­сақ, бәрі дұрыс сияқты болып көрі­неді. Бірақ өз сөзін­де ол мәсе­ленің бәрін ашқан жоқ. Қараңыз: Тоқа­ев ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­на­тын жер­лер тура­лы ғана айт­ты. Ал біз­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лері сана­ты­на жат­пай­тын қан­ша­ма жер бар. Ол жер­дің үлесі 40%-ды құрай­ды. Жер тақы­ры­бын толы­қтай жабу үшін, жері­міздің бар­лық санат­та­ры ата­лып, тай­ға таң­ба басқан­дай айқын­да­лып, заң жүзін­де бекітілуі тиіс. Жеке үй құры­лы­сы жер­лері ғана саты­лып, жеке мен­шік­ке өтуі керек те, қалған жер­дің бар­лы­ғы мем­ле­кет иелі­гін­де қалуы қажет. Жер дауы­ның тақы­ры­бы сон­да ғана жабылады.

Әрине, бар­лық кінәні Тоқа­евқа артып қой­ған да жөн бол­мас. Был­тыр Көк­ше­та­уда өткен бір жиын­да шене­унік­тер көп­те­ген жер­ді лати­фун­ди­стер бөліп алып, оған егістік те екпей­ді, мал да жай­май­ды деген сөз айтып қал­ды. Ондай жер­лер Қаза­қстан­да көп.

Бұры­нғы сот, про­ку­ра­ту­ра, КНБ жүй­есін­де қыз­мет жасаған шен­ділер талай жер­ді ием­деніп алып, оны игер­мей отыр. Назар­ба­ев осы­ның бәрін өзін және өзінің билі­гін қорғау үшін әдейі жасап қой­ды. Құқық қорғау орган­да­ры қыз­мет­кер­лерінің жалақы­сын көтер­ді. Зей­не­тақы­ла­ры да жоға­ры. Мені­мен салы­сты­ра­тын бол­сақ, поли­ция пол­ков­ни­гінің зей­не­тақы­сы менікі­нен бір­не­ше есе көп. Осы­ның бәрін не үшін жасап отыр дейсіз?!

Сон­ды­қтан біздің тала­бы­мыз мен мақ­са­ты­мыз – бар­лық жер­ге реви­зия жасау керек. Біз қазақ өте сен­гіш, дарақы­лау халық болған­ды­қтан, 30 жыл бойы еге­мен­дік алдық деп мәз болып жүр­ген шақта мем­ле­кет­тік билік­те жүр­ген­дер шұрай­лы жер­лер­дің көбін басып алып, оны өздері игер­мей, әлдекім­дер­ге суб­арен­даға беріп, оңай табысты күреп тауып отыр. Соның бәрін халы­ққа қай­та­руға мін­дет­теу қажет.

Тоқа­евқа сенім­сіздік таны­туым­ның тағы бір себебі бар. Оның пре­зи­дент болып тағай­ын­далға­ны­на екі жыл тола­ды. Осы уақыт ішін­де рефор­ма жүр­гі­зе­мін деп қай айтқан уәдесін­де тұр­ды? Жаңа­дан құры­лған Жер комис­си­я­сы­ның құра­мы­м­ен таны­са­тын бол­саңыз, Тоқа­ев­тың қолын­да не билік, не дәр­мен жоқ екенін бай­қа­уға болады.

– Игеріл­мей жатқан жер­лер­ді аны­қтап, оны мем­ле­кет­ке қай­та­ру мәсе­лесін кос­мо­мо­ни­то­ринг шешеді деген сөз қай­да қалды?

– Мен ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның мама­ны ретін­де айтай­ын. Кос­мо­мо­ни­то­ринг деген нәр­се сонау кеңес зама­нын­да да болған. Бірақ кос­мо­мо­ни­то­ринг егістік пен мал баға­тын жер­ді дұрыс ажы­ра­та алмай­ды. Халы­қтың мал бағып оты­рған жерін шене­унік­тер алып алса, оны қай­тар­мау үшін нешетүр­лі амал­да­рын ойлап таба­ды. Сон­ды­қтан жер мәсе­лесін жақ­сы білетін адал аза­мат­тар есебі­нен қоғам­дық комис­си­я­лар құрып, елде­гі жер­дің бәрін тек­се­ру керек. Ол жұмысқа жер­гілік­ті тұрғын­дар­ды жұмыл­ды­рған дұрыс, өйт­кені олар жағ­дай­дың бәрін біледі. Бүгін ауыл­да тұрып жатқан, бірақ мал баға­тын, шөп шаба­тын жері жоқ адам­дар толып жүр. Өйт­кені ол жер­дің көбін шене­улік­тер басып алған. Тоқа­ев осы мәсе­лені көтер­гені­мен, айтқа­ны сол айтқан жерін­де қалды.

– Олай бол­са, «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның жұмысы аясын­да тағы қан­дай жұмыстар атқар­мақ ойла­ры­ңыз бар?

– Қаза­қстан­ды ұры-қары­лар мен жемқор­лар басқа­рып отыр. Біз бол­сақ айтуын­дай айтып, өз ұсы­ны­ста­ры­мы­зды билік­ке жол­дап отыр­мыз. Бірақ оған құлақ асқан шен­ділер шама­лы. Өйт­кені пре­мьер-министр мен мини­стр­лер және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, депу­тат­та­ры­мыз жап­пай «Нұр Отан» мен оны басқа­рып оты­рған Назар­ба­евқа тәу­ел­ді адам­дар. Ол не дей­ді, бәрі соны істей­ді. Оларға тамақта­рың тоқ, айлы­қта­рың мол, шетел­ге ісса­парға барып жүр­сің­дер, шен­дерің бар, үй-жай­ла­ры­ң­ның мәсе­ле­лері шешіл­ген, сон­ды­қтан тыныш оты­ры­ң­дар дей­ді. Тыныш отыр­май қайт­сін? Бүгін­гі «халық қала­у­лы­ла­ры» адам­дар­мен кез­дес­пей­ді, халы­қ­пен сөй­ле­с­пей­ді. Біздің елде қай жур­на­лист депу­тат­пен кез­десіп, өзіне қажет­ті сұрақтарға жау­ап ала ала­ды?! Ол тіп­ті мүм­кін емес. Бір­де-бір депу­тат тәу­ел­сіз жур­на­ли­сті қабыл­да­май­ды. Өздерін поли­ция қыз­мет­кер­лері­мен қор­шап алған, ешкім­ді жақындатпайды.

Аста­на­да тұра­тын аза­мат­тық бел­сен­ділер­ден ести­міз: депу­тат­тарға хат­та­рын апа­рып неме­се олар­мен кез­десіп, сұрағы­мы­зды қоя­мыз, мұңы­мы­зды айта­мыз десе, пар­ла­мент ғима­ра­ты­на ешқай­сысын жолат­пай­ды. Сон­да олар­дың қан­дай депу­тат болға­ны? Жылап-еңіреп барған көп бала­лы ана­лар­ды «СОБР»-дың көме­гі­мен авто­зак­тарға тиеп, поли­ция бөлім­ше­леріне апа­рып, қорқы­тып, қысым жасай­ды, олар­дың нара­зы­лық акци­я­ла­рын заң­сыз тарқа­тып жібереді.

– Өткен апта­ның маңы­зды жаңа­лы­қта­ры­ның қата­рын­да пар­ла­мент­тің экс-депу­та­ты Нұр­жан Әлта­ев­тың баста­ма­сы­мен «Оппо­зи­ци­я­ның ұлт­тық үйле­сті­ру кеңесі» деген ұйым жари­я­лан­ды. Осы оқиға тура­лы ойы­ңы­зды біл­сек деп едік: бұл билік­тің қоғам­ды бөл­шек­те­уде­гі кезек­ті амал­да­ры­ның бірі ме, әлде шынайы атқа­ры­лып жатқан жұмыс па?

– Нұр­жан Әлта­ев­тың суретін әле­умет­тік желі­ден көр­генім бол­ма­са, өзі­мен жеке таны­сты­ғым жоқ. Бірақ сая­сат­пен айна­лы­сам деген аза­мат­тар­ды әле­умет­тік желілер арқы­лы бақы­лап оты­ра­мын. Нұр­жан Әлта­ев­тың бұры­нғы қыз­мет­терін, кім­нің қол астын­да жұмыс істе­генін қарай­тын бол­сақ, ол билік­тің шене­уні­гі болып шыға келеді.

Әрине, оның қай­да туға­ны, қай­да оқы­ға­ны аса маңы­зды емес. Ал атқарған жұмысын қара­сақ, екі мини­стр­лік­те орын­ба­сар болып қыз­мет істе­ген, мил­ли­ар­дер Тимур Құлы­ба­евқа тиесілі «Ата­ме­кен» кәсіп­кер­лер пала­та­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры болған. Кей­ін­нен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның аты­нан депу­тат болып, ал енді­гі күні елді тірей­мін дей­ді. Иә, елі­міздің құлап жатқа­ны рас. Бірақ Әлта­ев елге тірек бола ала ма?! Ол кере­мет сая­сат­кер бол­са, нақты істерін көр­сет­сін. Ол менің кең­сем­нің есі­гі ашық, келің­дер, баста­ры­ң­ды қосы­ң­дар деп мәлім­деді. Деген­мен, өз басым Әлта­ев­тың баста­ма­сы­на сенім біл­ді­ре алмай­мын. Ол баста­ма­ның қай­дан шыққа­ны бел­гілі. Егер ол нақты оппо­зи­ция бол­са, ең әуелі бүгін­гі билік­ке мінез­де­ме беріп, оны­мен қалай күре­сетінін айтсын.

– Деген­мен, жаман-жақ­сы бол­сын, Әлта­ев Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сын бірік­ті­ру жөнін­де баста­ма көтер­ді ғой…

– Мен керісін­ше сұрақ қояй­ын: елді тірей­мін десе, Әлта­ев аста­на әкім­шілі­гінің алдын­да бас көтер­ген көп бала­лы ана­ларға неге болы­спа­ды, неге қол­дау біл­дір­меді? Осы күн­ге дей­ін оның билік­ке қар­сы әре­кетін бай­қа­ма­дым. Есесіне Әлта­ев кең­сесі мен билік­ке қар­сы сөзін айта­тын оры­ны жоқ аза­мат­тық бел­сен­ділер­ді билік­тің нұсқа­уы­мен аста­на­ның төрін­де­гі бес жұл­ды­зды қонақ үйге жина­ды. Өздерін оппо­зи­ци­о­нер­мін деп жүр­ген көп­те­ген бел­сен­ділер сол «Хил­тон» қонақ үйіне өмірін­де кіріп те көр­ген емес. Соны көріп, баста­ры айна­лып қалған болуы керек, бел­сен­ділер: Әлта­ев мықты, біз­ге көмек­те­седі деп алда­нып жүр.

– «Ел тіре­гі» баста­ма­сы­ның артын­да Тимур Құлы­ба­ев­тың құлағы көрініп тұр деген болжам жай­лы пікіріңіз қандай?

– Әрине, солай! Тимур Құлы­ба­ев кім­ді, қан­дай пар­ти­я­лар­ды қол­даға­ны бар­шаға бел­гілі. Соңғы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на қаты­сқан «Адал» пар­ти­я­сы баста­пқы­да «Бір­лік» еді. Тимур Құлы­ба­ев­тың ақша­сы көп, ал музы­каға тап­сы­ры­сты да сол ақша­сы көп адам береді деген халы­қтық тәм­сіл­ді ұмытпайық.

– Биыл тәу­ел­сізді­гі­міздің 30 жыл­ды­ғын той­ла­мақ­пыз. Өзіңіз талай жыл мем­ле­кет­тік қыз­мет атқарған адам ретін­де айты­ңыз­шы – 30 жыл­да ауыз тол­ты­рып айтар қан­дай жетістік­ке жеттік?

– Еге­мен­ді­гі­міздің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да билік бүкіл жал­да­ма­лы адам­да­рын шақыр­тып, мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар­дан бір-бірі­мен жары­сып, бол­маған жетістік­тер­ді наси­хат­тап жатыр. Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, 30 жыл­да не істе­дік деген сұраққа ден қой­ып, сарап­тай­тын бол­сақ, осы уақыт­та қолы­мы­зда бар нәр­сені жоғалт­тық: халы­қты кедей­шілік­ке ұшыраттық.

Біз бүкіл әлем­ге мақта­на­тын бірер ғана брен­ді­міз бар. Оның бірі – сөз болып оты­рған елі­міздің Баты­ры Тоқтар Әубәкіров. Тоқтар­дың кос­мос сала­сы­на сіңір­ген еңбе­гі мол. Ол дыбыстан жыл­дам нешетүр­лі ұшақтар­ды бағын­ды­ра­мын деп, талай өліп-тіріл­ген адам. Тоқтар трам­плин­ді авиа­та­сы­мал­да­у­шы кеме­ден реак­тив­ті ұшақты ұшты­рға­ны үшін Гин­несс кіта­бы­на енген.

Одан кей­ін мақта­на­тын жарқ еткен жұл­ды­зда­ры­мыз – атақта­ры әлем­ге әйгілі болған бала­ла­ры­мыз Димаш Құдай­бер­ген мен Иман­бек Зей­ке­нов бол­ды. Шетел­дік­пен сөй­лесіп қала­тын бол­сақ, мақта­нып айта ала­тын осы үш ада­мы­м­ыз ғана бар. Одан басқа немізді айта­мыз?! Өкініш­ке орай, 30 жыл­да елді жай­лаған жемқор­лы­қтан басқа ешнәр­се­ге қол жет­кі­зе алмадық!

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн