Пятница , 4 июля 2025

Банк нарығында өзгеріс болуы мүмкін

Қаза­қстан­ның қар­жы сек­то­рын­да тағы да бір үлкен өзгеріс болға­лы тұр. Әле­умет­тік желі мен БАҚ-та ForteBank екі банк­ті – RBK Bank пен Евра­зи­я­лық банк­ті өз қана­ты­ның асты­на алу мүм­кін­ді­гін зерт­теп жатқа­ны тура­лы ақпа­рат тарап кет­ті. Бұл тура­лы «Банк­ста» арна­сы жаз­ды. Дерекке сүй­ен­сек, екі банк­тің де қар­жы­лық жағ­дайы мұқи­ят сарап­та­ма­дан өту­де (due diligence), ал олар­дың иелеріне алға­шқы ұсы­ны­стар жасалған көрі­неді, – деп хабар­лай­ды ErtenMedia.kz.

Евра­зи­я­лық банк ұзақ жыл бойы Қаза­қстан­ның банк нары­ғын­да өз орны бар қар­жы инсти­тут­та­ры­ның бірі болып келеді. Оның негізін қалаған үштік – Маш­ке­вич, Ибра­ги­мов және Шоди­ев ел эко­но­ми­ка­сы­на азды-көп­ті үлес қосты. Дереккөз қазір­гі кез­де билік мұра­гер­лер­дің қолы­на өткен соң, бұл банк әлсіздік көр­сетіп оты­рға­нын жазды.

«Банк­ста» мәлі­метін­ше, мұра­гер­лер­дің ара­сын­дағы басқа­ру­шы­лық бірізділік­тің бол­мауы банк­тің қазір­гі нары­қтағы беделіне кері әсерін тигі­зу­де, осы осал­ды­қты өз пай­да­сы­на шешуді ойлаған ForteBank бұл мүм­кін­дік­ті жіберіп алмауға тыры­сып жатыр.

«RBK Bank-тің тарихы басқа. Бұрын банк ескі Қаза­қстанға жақын болған, бірақ қазір­гі сая­си жағ­дай­лар оны «кры­ша­сы­нан» айы­рып отыр. Назар­ба­ев әулеті мен олар­дың жақ­та­ста­ры­нан алы­стаған сай­ын, RBK акци­о­нер­лері қар­жы нары­ғын­дағы ықпа­лын жоғал­та баста­ды. Бұл банк те қазір ForteBank үшін әле­ует­ті ныса­наға айналды.

Егер бұл мәміле­лер сәт­ті жүзе­ге асса, ForteBank Қаза­қстан­ның банк жүй­есін­де жаңа күш­ке айна­ла­ды. Halyk Bank пен Kaspi Bank секіл­ді ірі ойын­шы­лар­дың қата­ры­на қосы­лып, елдің ең ықпал­ды үш бан­кі қата­ры­на кір­мек. Мұн­дай жағ­дай­да олар Қаза­қстан­ның қар­жы нары­ғы­на еле­улі ықпал етіп, эко­но­ми­ка­лық сая­сат­тың басым­ды­ғын бел­гілей ала­ды», – деп жаз­ды арна.

Дереккөз бұл ірі бірі­гудің бола­шағы Ұлт­тық банк­тің шеші­міне тіке­лей бай­ла­ны­сты екенін болжа­ды. Қар­жы­лық рет­те­уші жаңа алып банк­тың құры­луы­на рұқ­сат бере ме, әлде бәсе­ке­ле­стік­ті сақтау үшін бұл үрдіс­ке қар­сы шыға ма – бұл сұрақтың жау­а­бы әлі алдағы уақыт­та бел­гілі болмақ.

«Банк сала­сын­дағы осын­дай өзгерістер­ге қара­ма­стан, кли­ент­тер­дің таң­да­уы шек­те­улі бол­мақ. Тарих­та мұн­дай жағ­дай­лар талай рет болған­ды­қтан, банк­тер бірі­гіп неме­се жой­ы­лған жағ­дай­да кли­ент­тер тек жаңа шар­ттарға бей­ім­де­луі керек бола­ды. Сон­ды­қтан ForteBank ұсы­ны­ста­рын қарас­ты­рып, өз талап­та­рын қай­та сара­лап жатуы ғажап емес», – деп жаза­ды «Банк­ста».

Бұл өзгерістер­дің бәрі Қаза­қстан­дағы банк жүй­есін өзгер­тіп, елдің қар­жы сек­то­ры­ның алдағы бағыт­та­рын айқын­дай­тын маңы­зды қадам болуы мүмкін.

Айта кетей­ік, ашық дереккөз мәлі­метіне сүй­ен­сек, ForteBank – Қаза­қстан­ның ең ірі банк­терінің бес­ті­гіне кіретін қаза­қстан­дық жеке банк. 2020 жыл­дың тамы­зын­дағы жағ­дай бой­ын­ша ForteBank актив­тер бой­ын­ша 3‑орында.

Банк 2015 жылғы 10 ақпан­да пай­да бол­ды. Банк­тің бас акци­о­нері – қаза­қстан­дық кәсіп­кер Болат Өте­мұра­тов атанды.

 ErtenMedia.kz

Республиканский еженедельник онлайн