Понедельник , 30 июня 2025

Баспасөз заңы НЕГЕ ҚҰПИЯ жасалып жатыр?

Жур­на­ли­стер үндеуі

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қ.-Ж.Тоқаев мыр­за­ға

Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Адам құқы­ғы сала­сы­ның заң шыға­ру про­цесіне аза­мат­тық қоғам­ды тар­ту жөнін­де Сіздің ұсы­ны­ста­ры­ңы­зды қол­дай келе, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры қыз­метін рет­тей­тін заң жоба­сы­ның дай­ын­да­луын Ақпа­рат және қоғам­дық даму мини­стр­лі­гі аза­мат­тық қоғам­ды, БАҚ пен жур­на­ли­стік ұйым­дар­ды қаты­стыр­май, құпия түр­де жасап жатқа­ны бізді маза­лай­ты­нын хабарлаймыз.

 Бұл жөнін­де 24 мамыр күні ҚР Ақпа­рат және қоғам­дық даму мини­стрі Аида Бала­е­ва былай деді: «Осы кезең­де үлкен ана­ли­ти­ка­лық дай­ын­да­лу жұмысы жүр­гізілу­де. Біз оны аяқтаған­нан кей­ін, бар­лық мүд­делі тарап­тар­ды қаты­сты­рып, талқылаймыз».

Сөз еркін­ді­гі мен ақпа­рат­ты тара­туға күр­делі шек­те­улер жос­пар­ла­нып жатқа­нын өзге де жари­я­ла­ным­дар­дан біліп отыр­мыз. Медиа-сарап­шы­лар­дың ойын­ша, чинов­ник­тер­дің «жаңа» ұсы­ны­ста­ры, мәсе­лен, бло­гер­лер­ді тір­кеу, әле­умет­тік желіні қол­да­ну­ды шек­теу, интер­нет теле­ди­дар­ды ауы­зды­қтау – мем­ле­кеті­міздің халы­қа­ра­лық мін­дет­те­ме­леріне және қоғам мүд­десіне қай­шы келеді.

21-ғасыр­дың жаңа заңы мем­ле­кет­тің бақы­лау, шек­теу мен жаза­лау функ­ци­я­сын күшей­ту үшін емес, Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған сөз бостан­ды­ғы кепілінің нақты меха­низмдерін және Қаза­қстан рати­фи­ка­ци­я­лаған халы­қа­ра­лық пак­тілер мен келісім­дер­ге сәй­кес келуін қарас­ты­руы керек. 

Елі­міздің жур­на­ли­стік қоғам­да­сты­ғы мен үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың бұқа­ра­лық ақпа­рат сала­сын­да заң­на­ма­ның сарап­шы­лық зерт­те­улері және құқық қол­да­ну прак­ти­ка­сы жөнін­де тап­тыр­мас бай­сал­ды тәжіри­бесі бар. Біздің ойы­мыз­ша, мем­ле­кет­тік орган­дар заң жоба­сын дай­ын­да­удың баста­пқы кезеңін­де-ақ үкі­мет­тік емес сек­тор­мен тығыз бай­ла­ны­ста болға­ны жөн. Ал чинов­ник­тер­дің дефор­ма­ци­яға ұшы­ратқан құжат­тың «қаңқа­сын» дамы­ту, жақ­сар­ту – ақы­лға сый­ым­сыз, қай жағы­нан да нәти­же­сі шама­лы болады. 

Елі­міздің қоғам­дық өмірін көп жағ­дай­да нақты­лай­тын «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құра­лы тура­лы» заң жоба­сы­ның аза­мат­тық қоғам мен жур­на­лист өкіл­дерін қоса оты­рып, басы­нан ашық, алқа­лы түр­де дай­ын­да­луы­на ықпал етуді Сіз­ден өтінеміз!

Осы өтіні­шті қол­дап, қол қоямын:

  • Жур­на­ли­сти­ка арда­гер­лері – Рыс­бек Сәр­сен­бай, Серға­зы Мұх­тар­бе­ков, Сәбит Сүлей­ме­нов, Бағ­дат Мүп­те­кеқы­зы, Жұмаш Кене­бай, Қалы­бек Атжан, Нұр­лан Нұрға­зин, Айгүл Ома­ро­ва, Жұма­би­ке Жүні­со­ва, Асхан Асан, Сағым­бек Мол­даб­ек, Ғалым Есен­са­ри­ев, Ажар Фай­зул­ла, Кла­ра Кама­ро­ва, Дәу­рен Қай­ып, Айша Тұр­мағам­бе­то­ва, Ғалия Әже­но­ва («Әділ сөз» қоры).
  • Жур­на­ли­стер – Ермұрат Бапи (ДАТ» газетінің шыға­ру­шы­сы), Иса­тай Бал­мағам­бе­тов (Аты­рау – «Алтын Орта» газетінің бас редак­то­ры), Қай­ыр­бек Тарихұ­лы (Аты­рау – «Ақ жай­ық»), Диа­на Сапарқы­зы (Қараған­ды – «Информ­бю­ро»), Лұқ­пан Ахме­дь­я­ров (Орал – «Ураль­ская неде­ля»), Шара Еле­усіз (Ақтө­бе – «Жұл­дыз-Звез­да» газетінің бас редак­то­ры), Бақыт­гүл Мәкім­бай («ДАТ» газеті), Есен­жол Еле­ке­нов (Орал – «Ураль­ская неде­ля»), Серік Әбі­кенұ­лы (Тал­ды­қорған – «Жеті­су» ТВ-арна­сы­ның редак­то­ры), Тұр­сын Қали­мо­ва («Айқын» газеті), Жеңіс Құс­пан («Жаңалық.kz»), Жази­ра Бай­да­лы (Balbal.kz), Мей­ір­жан Әуел­ханұ­лы (KzNews), Ізгілік Наги­ев («Білім жолы – Нұр­лы жол»), Бауы­р­жан Сисе­нов (Аты­рау – «Қызы­лқоға» газетінің бас редак­то­ры), Ана­ра Суле­е­ва (Шым­кент – «Темірқа­зық-Ой» газетінің редак­то­ры), Зух­ра Кам­ба­ро­ва (Түр­кістан – «Сары­ағаш» газеті), Сабыр Мақа­жа­нов (Тал­ды­қорған – Pravo.kz), Жанай Аман­тур­лин (Аты­рау – «Ден­дер» газетінің бас редак­то­ры), Сар­сен­бек Қызай­бекұ­лы (фото­граф-фри­лан­сер), Мари­ям Бей­се­но­ва (ТВ-«Апорт»), Күл­те­гін Аспанұ­лы (Qazaq Times), Дина­ра Мың­жа­сар (Nege.kz), Меліс Сей­дах­ме­тов (Qamshy.kz), Дина Елге­зек, Жұма­бек Керім­бек, Кам­шат Тас­бо­лат, Инга Иман­бай, Дәнеш Бай­бо­лат, Жанар Қана­фи­на, Айша Өтебәлі.
  •  Дүрия Дани­я­ро­ва (Алма­ты обл. Іле аудан­дық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты), Жана­ра Балға­ба­е­ва (жур­на­ли­стер адво­ка­ты), Самат Мәлім­бай (уни­вер­си­тет оқы­ту­шы­сы), Өмір Шыны­бекұ­лы (педа­гог, бло­гер), Мей­ір­жан Темір­бек (Өске­мен – педа­гог, бло­гер) және басқалар.

Бар­лы­ғы 95 адам

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн