Пятница , 4 июля 2025

БАССЫЗ ЕЛДІҢ ЖОҚТАУЫ

(Кене­са­ры хан­ның 200 жыл­ды­ғы­на)

Бақты­бай АЙНАБЕКОВ

Кене­са­ры, сенің басыңды,

Кім – қай­да, қалай, жасырды?

Пен­делік жасап пенделер,

Арты­нан іздер асылды…

Кене­са­ры, қаның шашылды,

Қан дағы бол­са, – асыл-ды.

Асыл­дан там­шы қалдырмай,

Жер-Ана бәрін жасырды.

Қор бол­ды-ау асыл сүйегің,

Қаси­етін ұқтық – киенің!

Жер­ді біз саттық,

Ал сен Дүр –

Қорғап ең әрбір сүйемін.

Кене­са­ры, тәнің бөлінді,

Тап­па­дық бесік – көріңді.

Елім деп өткен Ерлерді,

Еле­меу Елге – өлім-ді…

Сын­дыр­дық ұрпақ – сағыңды,

Мұра­сыз еттік тағыңды.

Бәз сенен қаштық – біл­сек те,

Біз үшін төк­кен қаныңды.

Жебеңді қолға алмадық,

Қорам­саққа қол­ды салмадық.

Алдас­пан жүзі мұқалды,

Атқан оқ тимей дәл барып.

Дұшпан­ды шап­са сұлатқан,

Қылы­шың шық­пай қынаптан.

Қол үзіп қал­дық, қор болып,

Өзің­дей бастау – бұлақтан.

Бұлақтың көзі тұншықты,

Мін шық­пас жер­ден мін шықты.

Боза­мық мына дүние,

Боғын­дай иттің – қылшықты…

Қуа­лап көр­дім ескі ізді,

Көре алмай – көр­кем көшті, ізгі.

Басы­ң­ды қырғыз кескенмен –

Басы­ң­ды орыс кескізді.

Дұшпан­ның сыры білінді,

Жан­шып­ты ұлы дүбірді.

Кес­кен­нен емес,

Кес­кіз­ген –

Сұрар­мыз елден құныңды…

Еге­мен­дік еді арманың,

Жет­ті ме кеш­теу зарларың?

Бір там­шы қан да шығартпай,

Наза­ры түсті Алланың.

Еге­мен­дік кел­ді еліңе,

Еге­мен­дік кел­ді жеріңе.

Көгім­де көр­кем керілер,

Бозторғай үні төгіле.

Ен далам ессіз қуанды,

Елі­те тың­дап бұл әнді.

…Қай­тей­ін, қай­ран сар­баз жоқ,

Көтеріп кетер ұранды…

Еге­мен­дік кел­ді – еге жоқ,

Қай­раң­дап тұр­мыз кеме боп.

Кене­уі кет­кен заманда,

Керіл­ді көз­сіз жебелі оқ.

Керіл­ді жебе, керілді,

Кер надан билеп елімді.

Кер­ме­де тұрған тұлпардай,

Кер бедеу, тың­да шерімді.

Басы жоқ елдің міні көп,

Көзі жоқ, құлақ, тілі жоқ.

Көрін­бей қой­ды ертеңім,

Отыр­мын құл­дың – құлы боп.

Бас бол­май, тілім кесілді,

Көп тір­лік тіл­сіз шешілді.

Қор болған қай­ран тіл үшін

Ала­мын кім­нен өшімді?!

Бас бол­май – құлақ көрінбес,

Көн­ді­ре алма­дым елім­ді еш.

Айтқан­ды жұт­ты жар­тас боп,

Тың­даға­ны ешбір сезілмес.

Бас бол­май – көзім көрмеді,

Дұшпан­ның бол­дым ермегі.

Іре­усіз түріп іргемді,

Жері­ме маза бермеді.

Бас бол­май – ауа жұтпадым,

Тарыл­ды тыныс – ұққаным.

Демік­пей шығар төбеге,

Отыз жыл жүріп шықпадым.

Бас бол­май – өңеш келеді,

Оқпа­ны қан­дай кең еді?!

Опы­рып жұтып барады,

Болған соң бар­лық дегені.

Бас бол­май – ойлар, миым жоқ,

Жағ­дай­ым отыр қиын боп.

Елім­нің басы болмаса,

Жері­ме тағы сый­ым жоқ.

Қаси­ет кет­ті асыл, ұқ,

«Сырқа­ты­мы­зды» жасырдық.

Абы­лай атаң айтқандай,

Бақа, шаянға бас ұрдық.

Ойып алды орыс төрімді,

Қырқып алды қытай жерімді.

«Өз ағам» деген өзбек те,

Сыр­тым­нан қаз­ды көрімді.

Шай­танға жастар иланды,

Ұмы­тып иба, иманды.

Жесірі түгіл жас қыздың

Қызды­ғы кім­ге сыйланды?..

Арым да, барым сатылды,

Жат еттік тума жақынды.

Жезөк­ше жай­лап қаланы,

Қаңғыр­тып қой­дық қатынды.

Қаңғыр­тып қой­дық Ананы –

Қол жай­ып тамақ табады.

Қай­ыр­шы қыздар сатып жүр,

База­рда тапқан баланы…

Сай­тан­ның бол­ды дегені,

Қатын­дар қал­жа жемеді.

Қал­жа­сыз қалған ұрпағың:

«Елім-ай, әттең!» демеді.

Қауқар­сыз еркек – қатынжан,

Күн­дері қараң қатыннан.

Намысы – нарық тауары,

Ожда­ны нанға сатылған.

Мол­да да «мода» болмады,

Иман­сыз бол­ды ол дағы.

Жана­за – жалғыз тілегі,

Ала­пес, қарам қолдары.

Зама­ны туды әкімнің,

Үні өшті не бір «батыр­дың».

Бұқар­ды жоқтап, кештік күн,

Аузы­на қарап ақынның.

Алдас­пан айбат жырлары,

Халқы­ның болған құрбаны.

«Қасқыр!» – дер қанға қасқайып,

Махам­бет жет­пей тұрғаны.

Болған­мен үміт әлде де,

Үйіріл­ді басқа бар бәле.

Бұл қазақ – қазақ болмайды,

Табыл­ма­са басың, хан Кене…

Тап­па­сақ сенің басыңды,

Бер­ме­сек арнап асыңды.

Елім­нің бол­мас ертеңі

Төк­кен­мен қан­ша жасымды.

Кешір, сен, бізді, киелім,

Кім ұққан сырын киенің?

Ел болу біз­ге қиындау

Табыл­май бас пен сүйегің.

Іздер­міз, түбі табармыз,

Есті де жиып алармыз.

Есе­міз кет­кен есірге,

Қиқу­лап ұран салармыз.

Хан Кене, басың – байрағым!

Қылы­шын кек­тің қайрадым.

Тәу­мен­де тір­лік тоздырды,

Жоғы­ңа басты байладым.

Хан ием, сенің басыңды,

Кім қай­да, қалай, жасырды?

Басы жоқ халық…

Шықты іздеп –

Ата­дан қалған асылды,

Алға сап екі ғасырды…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн