Пятница , 4 июля 2025

Батухан БАЙМЕН: Бізде суретшілер бар екенін БИЛІК БІЛМЕЙТІН СИЯҚТЫ

Соңғы жыл­да­ры Қаза­қстан­да наси­ха­ты кен­де қалған көр­ке­мө­нер­дің бірі – сурет өнері. Сурет­шілер­дің өздері айтуы­на қараған­да, оның басты себебі – елдің бар­лық сала­сы сияқты нарық эко­но­ми­ка­сы жағ­дай­ын­да күн кеш­кен бұл өнер «өз сор­па­сын­да өзі бығып жатыр». Яғни, сурет­шілер­дің өздері бол­ма­са, сурет кес­кін­де­ме­лерін наси­хат­та­уға тиісті мем­ле­кет­тік меке­ме­лер де, бас­пасөз бен теле­ди­дар да аса құлы­қты емес.

Бірақ соған қара­ма­стан, өз көр­ме­лерін өздері ұйым­да­сты­рып, жар­на­ма­сы жұтаң өнер­ді өрге сүй­ре­у­ге тыры­сқан сурет­ші ағай­ын­дар қазақ сурет өнерін «жетім-жетек­ке» алып келеді.

Жуы­қта Алма­ты­да өткен бір көр­менің пұштағын­да сурет­тің бас­пасөз­де­гі «атын өшір­ме­у­ге өлер­мен» болып жүр­ген сон­дай бір жан­дәр­мен аза­мат­ты жолы­қтыр­дық: ҚР мәде­ни­ет қай­рат­кері, Қаза­қстан Сурет­шілер одағы­ның мүше­сі Бату­хан Бай­мен өз туын­ды­ла­рын Шым­кент­тен арқа­лай кел­ген екен. Бату­хан мыр­за­мен шүй­ір­ке­ле­се қалған кез­де елде­гі сурет өнеріне қаты­сты біраз жағ­да­ятқа қанықтық.

– Кезін­де­гі Бату хан жер жүзі мен тарих­ты жар­са да, сіздің «Бату­хан» деген аты­ңыз елде сирек кезі­геді екен…

– Он бір бала өсір­ген әкем Әбді­керім мек­теп­те тарих пәнінің мұғалі­мі болған ғой… (күл­ді). Сол қай­ран әкем атым­ды тарих­тан тар­тып қой­ған сыңай­лы. Ал шешем Қаным­күл қолө­нер шебері – кілем, ала­ша, сыр­мақ тоқу, киіз басу, ұлт­тық киім пішу мен тігудің шебері бол­ды. Әкем мен анам­ның орта­сын­да осын­дай «тарих­тан» туған соң, «Бату­хан» атан­дым, сурет­ке құштар­лы­ғым да әкем­нің тарихы мен анам­ның қолө­неріне деген тән­тілік­тен басталған сияқты…

– Осы көр­ме­ге қаты­сып жүр­ген сурет­ші ағай­ын­дар­дан біл­дік: сіздің есі­міңіз ел іші­нен гөрі, сыр­тқа – шетел­дер­ге біраз таны­мал екен. Бұл кереғар­лық қай­дан пай­да болған?

– Бұған енді менің кінәм жоқ… Өз елім­де еле­усіз­деу болға­ны­ма әлдекім­дер­ді де жазғы­ра алмай­мын. Иә, соңғы жыл­дарғы өнер жолым солай сүр­леу тарт­ты: Қырғыз­стан аста­на­сы Біш­кек қала­сын­да, Таш­кент­тің Өзбек­стан аке­де­ми­я­сы­ның орта­лық көр­ме залын­да көр­ме­лерім өтті. Ал биыл Кипр мем­ле­кетінің Леф­ко­шия қала­сын­да жеке көр­ме­лерім болды.

Оның үстіне менің сурет­те­гі салам да клас­си­ка­лық өнер­ден «өзге­ше­леу». Мәсе­лен, Кипр­да өткен көр­ме­де менің жал­пы гра­фи­ка сала­сын­дағы, әлем­де жаңа­лық болып сана­ла­тын үлкен көлем­де­гі мону­мен­таль­ды лино­гра­вю­ра­лық туын­ды­ла­рым, олар­дың қағазға емес, жібек матаға басы­луы, оның тарихы өнер­сүй­ер қауым­ды, сурет­шілер мен өнер­та­ну­шы­лар­ды қат­ты қызықтырды.

Деген­мен, Қаза­қстан­да кен­де қал­дым деп айта алмай­мын: кезін­де­гі Кеңе­стің одақтық көр­ме­леріне, өз елім­нің ішін­де­гі біраз рес­пуб­ли­ка­лық және халы­қа­ра­лық көр­ме­лер­ге қаты­стым. 2014 жылы Алма­ты­да Ә.Қастеев атын­дағы Мем­ле­кет­тік өнер мұра­жай­ын­да жеке көр­мем бол­ды. Бірақ кей­ін­гі жыл­да­ры жаса­лы­нған жаңа жұмыста­рым­ды қаза­қстан­ды­қтар көре алған жоқ. «Елде елен­бей жүр­сіз» дегеніңіз осы­дан бол­са керек.

 – Айт­пақ­шы, көп­те­ген елдер­дің бел­гілі сурет­шілері қаты­сқан осы жоба­да Кипр­дің «Күміс кіл­ті» сый­лы­ғын алға­ны­ңы­зды да сурет­ші әріп­те­стеріңіз айтып жүр…

– Тағы да айна­лып келіп, біздің бас­пасөз құрал­да­ры бұны неге айт­пай­ды демек­шісіз ғой… (жымиып алды). Шыным­ды айт­сам, өз өнерім­ді жар­на­ма­ла­у­ға жоқ адам­мын. Кипр­дан алып кел­ген жүл­дем үйде «тығу­лы» жат­са, бұны БАҚ қай­дан білсін?

Деген­мен, мен Кипр мем­ле­кетінің өнер­ге деген құр­метіне таң­дай қағып қайт­тым. Жер­гілік­ті меце­нат Суат-бей деп ата­ла­тын биз­не­смен­нің қар­жы­лан­ды­руы­мен Леф­ко­ши­яда түр­кі халы­қта­ры­ның Бүкіләлем­дік зама­на­уи өнер мұра­жайы салы­ну­да. Ол келер жылы қара­ша айын­да ашы­ла­ды. Бұл мұра­жай түр­кі тек­тес халы­қтар сурет­шілерінің кар­ти­на­ла­ры­мен толы­қтыр­мақ­шы. Осы жобаға бай­ла­ны­сты бар­лық түр­кі тіл­дес елдер­ден сурет­шілер­ді шақы­рып, олар­дың жолын, жатар орнын, тамағын, боя­у­ла­рын, кенеп, кистілерін, дема­луын, т.б. шығын­да­рын өз мой­ын­да­ры­на алған. Қаза­қстан Сурет­шілер одағы жағы­нан ұйым­да­сты­ру­шы­лық жұмыстар­ды бел­гілі сурет­ші Сем­біға­ли Смағұ­лов деген аза­ма­ты­мыз атқаруда.

– Тегін кенеп, бояу және қылқа­лам бер­геніне қараған­да, көр­менің шар­ты да қызғы­лы­қты екен…

– Иә, бұл бір өзге­ше көр­ме бол­ды. Сурет­шілер бір-екі кар­ти­на­сын көр­ме­ге сый ретін­де өзі­мен бір­ге ала барып, қалған үш кар­ти­на­ны сол жақта 15 күн­нің ішін­де жаса­уы керек еді. Көр­менің шар­ты солай бол­ды. Сол жер­де жасалған кар­ти­наға шама­лы қала­мақы­сы төленеді.

Ал мен Кипр­ге жеке көр­мем­ді өткі­зу үшін бар­дым. Көр­ме Орта­лық кон­гресс залын­да өтті, ашы­луы­на Кипр бас­шы­ла­ры қаты­сты. Мәде­ни­ет және қор­шаған орта­ны қорғау мини­стрі түр­кі халы­қта­ры­ның зама­на­уи көр­кем­су­рет өнеріне қосқан үлесім үшін Кипр мем­ле­кетінің «Күміс кіл­ті» сый­лы­ғын тап­сыр­ды. Көр­ме­ге қой­ы­лған 55 гра­фи­ка­лық туын­ды­ла­рым менің келісі­мім бой­ын­ша келесі жылы ашы­ла­тын Түр­кі халы­қта­ры зама­на­уи көр­кем­су­рет өнер мұра­жай­ы­на қой­ы­ла­тын болды.

– Мынау бір жаһанға жария ететін жаңа­лық бол­ды! Алақан­дай арал елінің сурет өнеріне деген қамқор­лы­ғы­нан әсер алып қай­тқан екенсіз…

– Әрине, көле­мі жағы­нан Кипр­ді біздің Қаза­қстан­мен салы­сты­руға келе қой­мас, алай­да алақан­дай арал­дағы Кипр­дің жасап жатқан іс-шара­ла­ры мақта­уға тұрар­лық. Суат-бей деген кәсіп­кер бүкіл түр­кі халы­қта­ры­ның бел­ді сурет­шілерінің басын қосып, олар­дың жұмыс жаса­уы­на жағ­дай жасап отыр. Мұн­да Қаза­қстан, Өзбек­стан, Қырғыз­стан, Түр­кі­мен­стан, Азер­бай­жан, Ресей (Татар­стан, Баш­ки­рия,) Түр­кия, Укра­и­на, Алба­ния, т.б. елден кел­ген сурет­шілер топ­тарға бөлініп жұмыс жасай­ды. Сурет­терін салып бітір­ген­нен кей­ін, әр топ өзінің көр­месін аша­ды. Ұтым­ды­лы­ғы сол – әр топ намысқа тыры­сып, басқа елдер­дің алдын­да ұятқа қал­мау үшін барын салатындығында.

Тағы бір айта кететін жайт – билік басын­дағы мини­стр­лер мен ұйым­да­сты­ру­шы­лар осы іс-шараға бір кісі­дей қаты­са­ды. Ал осы жоба аяқталған­нан кей­ін, Кипр­де­гі Түр­кі халы­қта­ры­ның өнер мұра­жай­ын көру­ге дүние жүзі­нен тури­стер­дің ағы­ла­ты­ны бел­гілі. Бір ғана кәсіп­кер­дің жасап жатқан тір­шілі­гі алақан­дай аралға қан­дай ағын туды­ра­ты­нын ойлай беріңіз!

Ал біз­де туризмді дамы­та­мыз деп мем­ле­кеті­міз небір жоба­лар жасап, қара­жат­тар бөліп жатқа­ны­мен, нәти­же шама­лы. Ойла­на­тын нәрсе!

– Басқа елдер­мен салы­сты­рған­да, көр­ме­де­гі қазақ өнерінің дең­гей­ін қалай аңғардыңыз?

– Қазір­гі таң­дағы қазақ гра­фи­ка өнерінің дең­гейі жоға­ры екенін басқа елдің кәсі­пқой сурет­шілері мен өнер­та­ну­шы­ла­ры­ның мой­ын­да­уы үлкен жетістік деп ойлай­мын. Ол жер­ге қой­ы­лған кар­ти­на­ларға жеке сурет­шінің аты­мен емес, «қазақ сурет­шісі» неме­се «қазақ гра­фи­ка­сы» деп қарай­ды. Кипр­де жасаған жеке көр­мем­нен кей­ін үлкен әсер­мен, жаңа ойлар­мен орал­дым, әлі де жаса­ла­тын жұмыстар көп, алар асу­лар, шың­дар алда ғой деп ойлаймын.

– Деген­мен, салы­стыр­ма­лы түр­де айтқан­да, біздің сурет­шілері­міз­ге не жет­пей­тінін бажай­лай алды­ңыз ба?

– Өте орын­ды сұрақ! Мен сіз­ге көр­генім­ді айтай­ын. Ондағы оқу орнын­да гра­фи­ка­дан дәріс беретін гра­фик сурет­шінің шебер­ха­на­сын­да болып, оған жаса­лы­нған жағ­дай біздің сурет­шілер­дің түсіне де кір­мей­тініне көзім жет­ті: бас­па ста­н­ок­тар­дың түр­лері, стел­ла­ждар, боя­у­лар­дың түр-түрі, валик­тер, шел­ко­гра­фия, офорт, кси­ло­гра­фи­яға арналған мате­ри­ал­дар сам­сап тұр. Тек шебер­ха­наға кір де, жұмыс жасай бер.

Бірақ кипр мен түрік сурет­шілерінің кәсі­би дең­гейі біз­ден биік деп айта алмай­мын. Біз­ге мем­ле­кет тара­пы­нан, қоғам­нан дұрыс көзқа­рас пен өнер­ге деген идео­ло­гия жет­пей­ді. Сурет­шілер­дің кар­ти­на­ла­рын сатып ала­тын біздің ұлт­тық музей­лер өз күн­дерін әзер көріп отыр. Музей­лер­ге бар­саңыз, 60–70-жылдардан кей­ін біз­де сурет­ші бол­маған сияқты.

Мем­ле­кет­тік мара­патқа кел­сек, сурет­шілер­дің үлес сал­мағы жоқтың қасы. Ұлт­тық код­ты көте­рей­ік деп небір жоба­лар жаса­лы­нып жатқа­ны­мен, мем­ле­кет тара­пы­нан қол­дау жоқ. Біз­де­гі сурет­шілер­дің жағ­дайы жақ­сы бол­са, арзы­май­тын нәпақаға теңіз асып, ең жақ­сы туын­ды­ла­рын Кипр­ге қал­дыр­мас еді ғой! Ол жақта сурет­ші­ге деген көзқа­рас, құр­мет өте жоға­ры, мини­стр­леріне дей­ін сурет­шілер­ді шығар­ма­шы­лық адам­да­ры деп тең дәре­же­де сөй­ле­седі. Біздің сурет­шілер өздерінің қоға­мға керек екенін елі­міз­де емес, Кипр­ден сезініп қайтты…

– Рас, бұл жағ­дай өнер ада­мы үшін үлкен тра­ге­дия бол­са керек…

– Әлбет­те! Қазір­гі кез­де біздің сурет­шілер­де қор­да­ла­нып қалған про­бле­ма­лар өте көп, ол өз алды­на бөлек әңгі­ме. Сурет­шілер қоғам­дағы өз орнын тап­пай қал­ды десем де бола­ды, елде сурет­шілер бар екенін билік біл­мей­тін сияқты. Өздері сурет салып, көр­месін өздері ұйым­да­сты­рып, сурет­терін өздері тасып, әуре болып жүр­ген – суретшілер.

Қаза­қстан­да Суат-бей­ді бай­лы­ғы­мен он орап ала­тын меце­нат­тар бар, бірақ не үкі­мет­тен, не меце­нат­тан қай­ран жоқ. Әзір­ге ұлт­тық өнері­міз ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кетіп жатыр. Кей­ін бәрі кеш болып қал­ма­са игі…

Кей кез­дері бар жақ­сы­лық Баты­ста сияқты болып көрініп, қасы­мы­зда әлем­дік дең­гей­де жұмыс жасап жүр­ген сурет­шілері­мізді ұмы­тып жата­мыз. Мыса­лы, мен білетін Алпы­с­бай Қазы­ғұ­лов, Ораз­бек Есен­ба­ев, Сем­біға­ли Смағұ­лов, Асқар Есдау­лет сияқты кәсі­би сурет­шілері­мізді сырт­та да, ел ішін­де де қалай дәріп­те­сең де жара­са­ды. Бүгін­де Батыс пен Еуро­паңыз руха­ни жүдеңкіреп, Шығы­сқа қарап оты­рған жағ­дайы бар. Осы мүм­кін­дік­ті мем­ле­кет­тік дәре­же­де пай­да­ла­нып қалуы­мыз керек-ақ!

– Жоға­ры­да «менің сурет­те­гі салам да өзге­ше­леу» деп қал­ды­ңыз. Оның өзге­шелі­гі неде?

 – Менің өзге­шелі­гім – гра­фи­ка. Ол менің жан дүни­ем, менің ішкі сырым, менің өмір­ге деген көзқа­ра­сым, менің өмірім. Мен оны сату үшін неме­се біре­у­ге ұнау үшін жаса­май­мын, өзім одан ләз­зат алу үшін жасаймын.

Кей­ін­гі жыл­да­ры «нары­қтық эко­но­ми­ка» дей­міз ғой: соның кері әсері­нен көп­те­ген гра­фик-сурет­шілер басқа жан­рға ауы­суы­на бай­ла­ны­сты бас­па гра­фи­ка­сы­ның дең­гейі төмен­деп кет­ті. Менің қазір­гі мақ­са­тым – бас­па гра­фи­ка­сы­ның дең­гей­ін қай­та­дан әлем­дік дең­гей­ге көте­ру, оның жаңа мүм­кін­дік­терінің көп екенін, оны осы заман­ның инте­рьеріне, көре­рменіне лай­ы­қты етіп көрсету.

Гра­фи­ка – ең көне жанр болған­ды­қтан, ол жой­ы­лып кете қой­мас, керісін­ше, қазір­гі кез­де әлем­де және Каза­қстан­да үлкен сер­піліс бай­қа­ла­ды. Гра­фи­ка­мен айна­лы­са­тын сурет­шілер­дің жұмыста­ры­нан жаңа көзқа­рас пен жаңа мате­ри­ал­дар­ды көру­ге болады.

– «Жаңа көзқа­рас» демек­ші, сіздің мынау көр­ме­де­гі шығар­ма­ла­ры­ңы­зға тари­хи, эпи­ка­лық, сокраль­ды және пәл­са­па­лық тақы­рып­тар тән екен. Оның сыры неде?

– Жал­пы, сурет­ші болу үшін, өз еліңнің тарихын, әде­би­етін, эпо­ста­рын, діни наным­да­рын, әдет-ғұр­пын, ғұла­ма­лар­дың фило­со­фи­я­сын, поэ­зи­я­сын жақ­сы білу керек. Бұлар­дың бәрі оқу­мен, ізденіспен келетін дүни­е­лер. Айт­пақ ойы­ң­ды қазір­гі ХХІ ғасыр­дың зама­на­уи тұрғы­сын­да көр­се­ту – ол өз алды­на бөлек әңгі­ме. Менің түсіні­гім­де – сурет­ші айтар ойы, қоғам­ды ізгілік­ке, жақ­сы­лы­ққа жете­леу жағы­нан өз заман­даста­ры­нан алда болуы керек.

Гра­фи­ка­дағы тех­ни­ка неме­се стиль сурет­ші­ге бір­ден келе қой­май­ды, көп ізденістің арқа­сын­да саты­лап келетін құдірет, оған көп білім­ділік және шыдам­ды­лық қажет. Біздің бұры­нғы ата-баба­ла­ры­мы­здың түсіні­гін­де батыр­лық, күштілік, ерлік ауы­зекі жыр­лар­да неме­се күн­делік­ті қол­да­на­тын бұй­ым­дар­да, сол сияқты әше­кей заттар­да дәріп­тел­ген. Гри­фон­дар­дың, жыр­тқыш аңдар­дың әлсіз шөп қорек­тілер­ге көр­сетіп жатқан үстем­ді­гі өте шебер көр­сетіл­ген. Мәсе­ле бұлар­ды көшіру­де емес, барын­ша зерт­теп, оған жаңа көрініс неме­се жаңа рух беруде.

Сол ізденістер­дің арқа­сын­да қазір­гі кез­де түр­лі-түсті неме­се ақ-қара түсті лино­гра­вю­ра­лар­ды үлкен көлем­де (3 метр­ге дей­ін) жасап, оны қағазға емес, жібек матаға басып жатыр­мын. Әрине, көле­мі үлкен болған соң, кар­ти­на­дағы ком­по­зи­ци­я­лар­ды қиюла­сты­ру мәнері жаңа­лы­қты қажет етеді.

Мәсе­лен, Біш­кек­те, Таш­кент­те және Кипр­да өткен көр­ме­лерім­де сурет­шілер мен өнер­та­ну­шы­лар менің үлкен көлем­де­гі туын­ды­ла­ры­ма қызы­ғу­шы­лық таныт­ты. Кипр­дағы көр­ме­ге қой­ы­лған, ұзын­ды­ғы 2 метр, ені 1,5 метр түр­лі-түсті лино­гра­вю­рам­ды өнер мұра­жай­ы­ның қыз­мет­кер­лері «Гин­нес­стер кіта­бы­на» кір­гі­зе­міз деп, керекті құжат­та­рын жинап жатыр. Мұн­дай түр­лі-түсті лино­гра­вю­ра­ны лино­ле­ум­де ойып, оны жібек матаға басып шығарған әзір­ге менен басқа әлем­де ешкім жоқ десем де бола­ды. Жұмыстың көле­міне бай­ла­ны­сты оған арнайы жаб­ды­қтар жаса­уың қажет, лино­ле­ум­дағы сурет­тер­ді матаға басып шыға­ру оңай емес: себебі ол қағаз емес, сәл жыл­жы­са бол­ды – сурет жара­май қала­ды. Сол секіл­ді көп­те­ген қиын­ды­қта­ры бар, бірақ шығар­ма­шы­лық өнер осын­дай­ы­мен қызы­қты бол­са керек.

– Ал енді осын­дай көлем­ді туын­ды­ла­ры­ңыз Қаза­қстан мұра­жай­ла­рын­да неме­се Шым­кент­те­гі Облы­стық бей­не­леу өнері мұра­жай­ы­ның қорын­да бар ма?

– Әлгін­де айт­тым: ең көп – 55 жұмысым­ды Кипр­де қал­дыр­дым. Олар біз­ге қараған­да әділ және дұрыс шешім жаса­уға бей­ім­дірек. Ал нақты сұрағы­ңы­зға кел­сек, бұған елде­гі мәде­ни­ет­ті басқа­рып оты­рған неме­се Облы­стық бей­не­леу өнерін­де­гі аза­мат­тар жау­ап бер­гені дұрыс болар. Бұл сұрақты соларға қой­ы­ңыз: ондай туын­ды­ла­рым­ның қазақ елінің көр­ме­леріне қой­ыл­маға­ны­на мен кінәлі емеспін!

– Алдағы жос­пар­ла­ры­ңыз қандай?

– Әрине, өмір болған­ды­қтан, ешнәр­се жос­пар­сыз бол­май­ды. Сурет­шілер көр­ме аша­тын бол­са, біздің елде неме­се басқа елде бол­сын, бір жыл бұрын жос­парға енгізілуі керек. Қазір­гі кез­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Сурет­шілер одағы­ның төраға­сы, Қаза­қстанға еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер, бел­гілі сурет­ші, іскер іні­міз Өмір­бек Жұба­ни­я­зов­пен келер жылға жеке көр­ме өткі­зу бары­сын талқы­лап, ақыл­да­сып жатыр­мыз. Алдағы уақыт­тар­да қуа­ны­шты сәт­тер­ді өздеріңіз­бен бөлі­сетін боламыз.

Асқар САТПАЕВ,

өнер­та­ну­шы

Республиканский еженедельник онлайн