Пятница , 4 июля 2025

БАҒА ҚАЙДА БАРАДЫ, базар бойын жағалап?

  • Қаза­қстан­да әле­умет­тік маңы­зы бар азық-түлік тау­ар­ла­ры, оның ішін­де ауыл шару­а­шы­лық өнім­дері күн сай­ын қым­бат­тап бара­ды. Бір литр күн­бағыс майы 800, он жұмыр­тқа 600 тең­генің төңіре­гіне жет­ті. Басқа да азық-түлік­тік тағам­дар 15–20 пай­ы­здан астам қымбаттады.

Билік баға­ны ұстап тұру үшін қол­дан кел­ген­нің бәрін жасап оты­рға­нын айта­ды, ал отан­дық өндіру­шілер суб­си­дия көле­мін арт­ты­ру­ды сұрап отыр, деп хабар­лай­ды «Азаттық». ҚР сауда және инте­гра­ция мини­стрі Бақыт Сұл­та­нов өткен бір жыл­да әле­умет­тік маңы­зы бар азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның баға­сы 9,6 пай­ыз өскенін үкі­мет оты­ры­сын­да айт­ты. Министр жоға­ры шен­ді шене­унік­тер­дің әдеті­мен сан­дық деректер­ді салы­стыр­ма­лы түр­де көр­сет­ті. Нәти­же­сін­де, керісін­ше, 2019 жыл­мен салы­сты­рған­да баға 0,6 пай­ы­зға «арзан­даған» екен.

Ал базар бой­ын жаға­лап, баға­ның қай­да бара жатқа­нын аны­қтай­тын бол­сақ, әле­умет­тік маңы­зы бар азық-түлік өнім­дерінің тізі­міне кіретін 19 тау­ар­дың 8 түрі 30 пай­ы­зға дей­ін қым­бат­таған. Баға­сы қат­ты өскен тау­ар­лар­дың қата­рын­да импор­тқа тәу­ел­ді қант пен қарақұ­мық бар, дей­ді «Азаттық».

«Бұған валю­та баға­мы мен әлем­дік баға­лар­дың өсуі әсер еткен. Мыса­лы, негізі­нен Ресей­ден импорт­та­ла­тын қант пен қарақұ­мық баға­сы сәй­кесін­ше 33,6 және 34,6 пай­ыз өскен. Өсім­дік майы (53,8 пай­ыз), кар­топ (46,1 пай­ыз) сияқты экс­пор­тқа шыға­ры­ла­тын жеке­ле­ген тау­ар­лар да қым­бат­таған», – деді министр.

Биыл ақпан­ның басын­да үкі­мет оты­ры­сын­да сөй­ле­ген Сұл­та­нов «был­тыр баға­ның 11 пай­ыз өсуіне импор­тқа тәу­ел­ді және экс­пор­тқа бағыт­талған бес тау­ар әсер еткен» деп мәлім­деді. Ал тәу­ел­сіз сарап­шы­лар баға­ның қым­бат­та­уын ел эко­но­ми­ка­сын мең­де­ген ішкі дағ­да­ры­спен байланыстырады.

«Қаза­қстан­да шағын және орта биз­нес өкіл­деріне арналған несие мөл­шер­ле­месі – 16–56 пай­ыз. Бұл кез кел­ген тау­ар мен қыз­мет­тің өз баға­сы­ның 30 пай­ы­зын «жеп қояды». Салы­сты­ру үшін, Қытай, АҚШ пен Еуро­па­да несие мөл­шер­ле­месі 40 пай­ы­здан аспай­ды», – дей­ді тәу­ел­сіз қар­жы­гер-эко­но­мист Айман Тұрсынқан.

Сарап­шы­ның пікіріне қараған­да, бағаға әсер ететін тағы бір фак­тор – салық. «Сауда­гер неме­се өндіру­ші осы жүк­те­менің бәрін тұты­ну­шы­ның мой­ны­на артуға мәж­бүр. Әр жолы бөл­ке нан сатып алған кез­де оған төле­ген ақша­ның 12 пай­ы­зын салық ретін­де мем­ле­кет­ке ауда­ра­сыз. Мем­ле­кет тұты­ну салы­ғы­ның диф­фе­рен­ци­ал­ды мөл­шерін бекіту арқы­лы салы­қты рет­тей ала­ды», – дей­ді Айман Тұрсынқан.

Эко­но­ми­стің сөзін­ше, 2020 жылы пан­де­ми­яға бай­ла­ны­сты енгізіл­ген төтен­ше жағ­дай кезін­де бұл бағыт­та «аздаған» тал­пы­ныс жасалған. Науры­здың орта­сы­нан қазан­ның соңы­на дей­ін әле­умет­тік маңы­зы бар 19 тау­арға салы­на­тын қосым­ша құн салы­ғы 12 пай­ы­здан 8 пай­ы­зға дей­ін кеміген.

«Қаза­қстан­да нарық эко­но­ми­ка­сы жоқ. Эко­но­ми­ка­ның 65 пай­ы­зы әртүр­лі ұлт­тық ком­па­ни­я­лар және олар­мен бай­ла­ны­сы бар құры­лым­дар арқы­лы ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­дың үлесін­де. Бәсе­кені қорғап, нары­қтағы моно­по­ли­яға қар­сы күре­су керек», – дей­ді эко­но­мист. Ол нары­қтағы қазір­гі жағ­дай бір ғана өндіру­шінің тау­а­рын сата­тын жалғыз дүкені бар ауы­лға ұқсай­ты­нын айтады.

Сарап­шы­ның пікірін­ше, мұн­дай жағ­дай­да өндіру­ші де, сату­шы да баға­ны «өз қала­у­ын­ша» қояды, ал тұты­ну­шы­ның бағаға ықпал ету­ге мүм­кін­ді­гі бол­маған­ды­қтан, еріксіз көніп, тау­ар­ды сол баға­да сатып алу­дан басқа ама­лы қал­май­ды, дей­ді Айман Тұр­сы­нқан­ның пікіріне сіл­те­ме жасаған «Азаттық».

Расын­да да, мұнай­дың әлем­дік баға­сы біраз өсті, дол­лар­дың Қаза­қстан­дағы баға­мы соңғы екі айдың ішін­де 430-дан 416 тең­ге­ге дей­ін түсті. Бірақ елде­гі азық-түлік тау­ар­ла­ры­ның баға­сы өсу тен­ден­ци­я­сын тоқтатқан жоқ.

Бұл нені біл­діреді? Бұл – Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның айы­қ­пас дер­ті – ішкі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың сал­да­ры. «Алды­мен – эко­но­ми­ка, сая­сат – одан кей­ін» деген прин­циптің теріс екеніне әлдеқа­шан көз жет­ті. Сая­сат, сая­сат болған­да да, сая­си рефор­ма алғы планға шық­пай­ын­ша, елде­гі бар­лық жағ­дай осы­лай­ша, күн­нен-күн­ге құжы­раға құл­ды­рай бере­рі хақ.

ДАТ-ақпа­рат

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн