Пятница , 4 июля 2025

«БАҚЫЛАНЫ» БАҚЫЛАЙЫҚ!

Қаза­қстан­да 2019 жыл­дан бері «сай­ла­удың» қар­саңын­да сая­си режим қол­дан жасап шыға­ра­тын «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың» ұйы­мы жылт етіп, сана­у­лы күн­де жер-жер­де мың­даған бақы­ла­у­шы­ны онлайн және оффлайн дай­ын­дап тастай­тын, сай­лау күні «кіші­гірім заң бұзу фак­тілері бол­ды, бірақ олар сай­ла­удың әділ әрі ашық өтуіне еш әсер етпе­ді» деп мәлім­деп, жоқ болып кететін бір науқан­дық ұйым­дар сахнаға шығып жүр.

Мәсе­лен, 2019 жылы «Ама­нат», 2021 жылы «Taza Sailau» деген бақы­ла­у­шы­лар­дың ұйым­сы­мағы бол­ды. Биыл ол рөл­ді «BAQYLA» атты «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың» қозға­лы­сы атқа­ра­тын секілді. 

Олай күдік­те­нуі­ме негіз жоқ емес. «Пре­зи­дент сай­ла­у­ын бақы­лай­мыз» деп бел­сеніп оты­рған BAQYLA қозға­лы­сын «Хабар» мен «Қаза­қстан» теле­ар­на­ла­рын­да және «КазПравда»-ның өзі «тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» деп жар­на­ма­лап жатқа­ны­на қараған­да, осы­ған дей­ін­гі сай­ла­у­лар­да «бол­ма­шы заң бұзу­ды» бай­қаған «Ама­нат» пен «Taza Sailau»-дың жолы­мен құры­лған гон­го-ұйым секілді. 

Енді 20 қара­ша­да және одан кей­ін­гі күн­дері «BAQYLA»-ны бақылайық! 

Шалқар НҰРСЕЙІТОВ

ТРАГИКОМЕДИЯ

– Сай­ла­у­ға жеңем деп түсіп жат­сыз ба? 

– Иә, әрине, жеңіс­ке сен­бе­сем, неге түсем?.. Дай­ын­да­лам, бағ­дар­ла­мам­ды жасаймын…

Жур­на­ли­стің де, «пре­зи­дент­тік­тен үміт­кер­дің» де күл­кісі келіп тұр. Жүзі­нен осы бір айлық «науқан­да» «қар­сы­ла­сым­ды рен­жіт­пей, абы­рой­мен атқа­рып бер­сем» деген ниет байқалады. 

Қаза­қстан­дағы сая­сат­тың трагикомедиясы.

Мұх­тар СЕҢГІРБАЙ

ӘДІЛЕТТІЛІК САЙЛАУДАН БАСТАЛАДЫ

 «Мем­ле­кет басқа­ру – үлкен өнер» деп еді ұлы Аристотель…

«Ел биле­уші­ге тән мына­дай қаси­ет­тер болуы тиіс» деп еді ұлы Әл-Фараби…

Ари­сто­тель­дің «Өнер» деп оты­рға­ны – ада­мға алды­мен Жара­ту­шы­дан, сосын Тәр­би­е­ден берілетін білім мен сезім, дана­лық пен көре­ген­дік, батыл­дық пен қай­сар­лық және т.т.

Ал Фара­би баба­мыз олар­ды «жілік­тей» келе, 12 қаси­ет­ті нақты атап өте­ді. Ол соның ең жоғарғы жағы­на Әділет­тілік­ті қояды.

Ал енді талдайық:

Біздің кан­ди­дат­тар «ел басқа­ру­ды» өнер деп тұр­маған секіл­ді… Себебі олар әрбір ұсы­ны­сын толық тал­дап, оның қоға­мға жақын және алыс пер­спек­ти­ва­сын­да қан­дай пай­да әке­летінін, қан­дай оңды өзгерістер туды­ра­ты­нын ешбір тал­да­май­ды. Жәй ғана бір лозунг ұсы­нған­дай әсер тудыруда. 

Екін­ші­ден, қазір бұры­нғы авто­ри­тар­лық жүйе туды­рған сыбай­ла­стық тура­лы сөз жоқ. Жалпы,сыбайластық жай­лаған жер­де ешбір әділет­тілік болуы мүм­кін емес екен­ді­гін ашып айт­пай­ды. Өздерінің сол бұры­нғы сыбай­ла­стық жүй­е­де­гі орны тура­лы жау­ап­кер­шілік­ті мәлім­де­ме жасамайды. 

Сөй­тіп, олар «ел басқа­ру өнерін» жәй ғана «айқай-шу дең­гей­ін­де­гі қыз­мет» етіп жібе­ретін­дерін еле­гілері келмейді.

Театр – киім ілгі­ш­тен басталады…

Әділет­тілік – әділет­тен бастау алады!

Дина ЕЛГЕЗЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн