Четверг , 3 июля 2025

БЕЛСЕНДІЛЕРДІ ТОПТАП СОТТАУ билікті қатерден құтқара ма?

  • 3 тамы­зда Алма­ты сотын­да про­ку­рор “тый­ым салы­нған ұйым­ды құр­ды және оның ісіне ара­ла­сты” деп айып­талған 13 бел­сен­дінің ісі бой­ын­ша айып­тау актісін оқыды.

Сот про­цесі­нен ерекше еске ала­тын бір жәйт – Алма­лы аудан­дық соты­ның судья Ернар Қасым­бе­ков айып­та­лушы­лар мен адво­кат­тар­дың бір де бір тала­бын қанағат­тан­дыр­ма­ды. Тер­геу абақты­сын­да оты­рған бес бір­дей айып­та­лушы өздеріне тіке­лей қаты­сты қыл­мыстық іс соты­на онлайн режи­мін­де Zoom қосым­ша­сы арқы­лы қатысты.

Адво­кат­тар Жанар Балға­ба­е­ва, Ғалым Нұр­пей­і­сов, Шынқу­ат Бай­жа­нов қамауда жатқан айып­та­лушы­лар Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва, Асхат Жек­се­ба­ев, Қай­рат Қылы­шев, Абай Бегім­бе­тов пен Ноян Рахым­жа­но­вты ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты үйқа­маққа шыға­ру тура­лы талап-тілек түсір­гені­мен, сот олар­дың бұл өтіні­шін қанағаттандырмады.

Про­ку­рор айып­тау актісін шама­мен төрт сағат оқы­ды. Айып­тау актісін­де 13 бел­сен­ді аза­мат­тың Қыл­мыстық кодекстің 405-бабы­ның 1‑тармағы (“экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісін ұйым­да­сты­ру”) және сол бап­тың 2‑тармағы бой­ын­ша (“экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісіне ара­ла­су”) айып тағы­лға­ны айтыл­ды. Про­ку­рор таңған айып бой­ын­ша, сот­та­лушы­лар оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер, қуғын­дағы экс-бан­кир Мұх­тар Әбля­зов жетек­шілік ететін “Қаза­қстан­ның демо­кра­ти­я­лық таң­да­уы” (ҚДТ) қозға­лы­сы мен “Көше пар­ти­я­сы­на” қаты­сы бар, олар ұйым­да­сты­рған заң­сыз митин­гілер мен акци­я­ларға, пикет­тер­ге қаты­сты деп айып­та­ла­ты­нын айт­ты. Бел­сен­ділер­дің әле­умет­тік желілер­де таратқан видеоүн­де­улері мен филио­ло­ги­я­лық-пси­хо­ло­ги­я­лық сарап­та­ма қоры­тындысы сияқты деректер дәлел ретін­де ұсы­ныл­ды. Про­ку­рор айып­та­лушы­лар мем­ле­кет­ке, мем­ле­кет­тің ұлт­тық қауіп­сізді­гіне қатер төн­дір­генін, “Көше пар­ти­я­сы­на” бірі­гіп, “мем­ле­кет­тік билік­ті құла­туға әре­кет жасаға­нын” айтты.

Сот үстін­де мына­дай қызғы­лы­қты жағ­дай бол­ды. Судья Ернар Қасым­бе­ков сот тер­ге­уі бары­сын­да “экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісін ұйым­да­стыр­ды” және “экс­тре­ми­стік ұйым­ның ісіне ара­ла­сты” деген айып­пен қамауда жатқан Асхат Жек­се­ба­ев­тан (фото) жау­ап алған кез­де, қорға­у­шы Ғалым Нұр­пей­і­сов Жек­се­ба­ев­тан “ҚДТ” қозға­лы­сы мен “Көше пар­ти­я­сы­ның” бай­ла­ны­сы тура­лы түсін­діріп беруді сұра­ды. Жек­се­ба­ев “ҚТД” қозға­лы­сы экс­тре­ми­стік ұйым деп таны­лған соң, баста­ма­шыл топ “Көше пар­ти­я­сын” халық қозға­лы­сы ретін­де құрға­нын айт­ты (Azattyq.org).

– “ҚДТ” мен “Көше пар­ти­я­сы” бір қозға­лыс па? Әлде мүл­де бөлек ұйым­дар ма? – деп сұра­ды адво­кат Нұрпейісов.

– Бізді құқық қорғау орган­да­ры сырт­тай “ҚДТ”-ның мүше­сі етіп қой­ды. Еш себеп­сіз. Мыса­лы, кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғым­ды талап етіп митині­ге, не жеке пикет­ке шық­сам, мені бір­ден “экс­тре­ми­стік ұйым­ның мүше­сі” деді. Біз сол үшін де жеке, тәу­ел­сіз қозға­лыс құрғы­мыз кел­ді. “ҚДТ” мен “Көше пар­ти­я­сы” бөлек ұйым­дар, – деп жау­ап бер­ді айып­та­лушы Жексебаев.

– Бұрын-соң­ды “ҚДТ”-ның мүше­сі бол­ды­ңыз ба?

– Жоқ, болмадым…

– Про­ку­рор сізді экс­тре­ми­стік әре­кет­ке бар­ды деді. Қан­дай экс­тре­ми­стік әре­кет­ке бардыңыз?

– Ешқан­дай. Біз неге жалғыз адам­дық пикет­тер­ге шықтық? Сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап еттік, билік­тің өз халқы­на гено­цид жаса­мауын талап еттік. Қан­дай әре­кет­ке бар­сақ та, адам құқы­ғын сақтау керек дедік.

– Қан­ша рет пикет­ке шықтыңыз?

– Шама­мен 60 рет.

– Пикет­ке шыққа­ны­ңыз үшін әкім­шілік жау­а­пқа тарт­ты ма?

– Жоқ.

– Мем­ле­кет Қаза­қстан­да “сая­си тұтқын­дар” жоқ дей­ді. Сіз “сая­си тұтқын­дарға” бостан­дық талап еттіңіз. Сіздің пай­ым­да­уы­ңыз­ша, “сая­си тұтқын” деген­міз кімдер?

Осы кез­де қорға­у­шы мен айып­та­лушы­ның сөзін бөл­ген судья “сұрақты алып тастаға­нын” хабар­ла­ды. Судья­ның бұл әре­кетіне қорға­у­шы Нұр­пей­і­сов қар­сы шықты. Айып­та­лушы­ның “сая­си тұтқын” сөзін судьяға түсін­діріп беру­ге мүм­кін­дік беруін сұра­ды. Судья: “Біз сая­си сұрақты қара­май­мыз” деді. Ал айып­та­лушы Жек­се­ба­ев “Сая­си сұрақ бол­ма­са, сая­си қозға­лы­сты қалай қарай­мыз?” деп қай­ы­ра сұра­ды. Судья жау­ап берудің кере­гі жоқ екенін айтып, келесі сұрақты қою­ды өтінді.

Қорға­у­шы айып­та­лушы­ның жау­а­бын алып таста­уға судья­ның құқы­ғы жоқ екенін айт­ты. Осы кез­де судья қорға­у­шы­ға алға­шқы ескер­ту жаза­ты­нын, адво­кат­тық лицен­зи­я­сы­нан айы­ры­луы мүм­кін екенін айт­ты. Нұр­пей­і­сов мұны қорға­у­шы­ға жасалған қысым деп бағалады.

– Жұмыс уақы­тын­да адво­катқа лицен­зи­ядан айы­ру тура­лы сөз айту – өрес­кел заң бұзу, – деді Нұрпейісов.

Соны­мен, бұған дей­ін­гі сот шеші­мі­мен «экс­тре­ми­стік ұйым­дар» деп таны­лған «ҚДТ» мен «Көше пар­ти­я­сы» аты­нан кім­дер сот­та­лып жатыр:

  • Дар­хан Уәли­ев (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Бақдәу­лет Әлі­бе­ков (405-бап, 2‑бөлім)
  • Ноян Рахым­жа­нов (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Марат Кур­ба­нов (405-бап, 2‑бөлім)
  • Ермек Кози­ев (405-бап, 1–2 бөлім)
  • Диа­на Бай­мағам­бе­то­ва (405-бап, 2‑бөлім)
  • Қай­рат Қылы­шев (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Асхат Жек­се­ба­ев (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Нина­гүл Жұма­ни­я­зо­ва (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Гүл­зи­па Жәу­ке­ро­ва (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Абай Бегім­бе­тов (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Дәме­ткан Аспан­ди­я­ро­ва (405-бап, 1, 2 бөлім)
  • Болат Смағұ­лов (405-бап, 2‑бөлім).

Бұл екі ара­да аста­на­ның №2 Сары­арқа аудан­дық соты “қыз­метіне тый­ым салы­нған экс­тре­ми­стік ұйым­ның жұмысы­на қаты­сты және ұйым­да­стыр­ды” деп айып­талған аза­мат­тық бел­сен­ді Ербол Есхо­жин­ді 2 жыл 6 айға қамау тура­лы үкім шығарды.

ДАТ-ақпа­рат.

«DАТ». 05.08.2021.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн