Суббота , 5 июля 2025

БЕРГЕЙДІ ЖЕДЕЛ СОТТАУ билік үшін неге қажет болды?

Аты­рау облы­сы­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық сотын­да облы­стың бұры­нғы әкі­мі Бер­гей Рысқа­ли­ев пен оның інісі, мәжілістің экс-депу­та­ты Аман­жан Рысқа­ли және тағы сегіз адам­ның үсті­нен қозғалған іс бой­ын­ша жарыс­сөз өтті. Айып­та­лушы­лар­дың ешбірі сот про­цесіне қаты­сқан жоқ.

Бұдан бұрын хабар­ланған­дай, ағай­ын­ды Рысқа­ли­ев­тер мен сегіз ада­мға ұрлық, ала­яқтық, сенiп тап­сы­ры­лған бөтен мүлiк­тi иеле­ну, жалған кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­су, қыл­мыстық жол­мен алы­нған ақша­ны заң­да­сты­ру, ұйым­дасқан қыл­мыстық топ құру, қыз­мет өкiлетін асы­ра пай­да­ла­ну, пара алу және жалған құжат жасау бап­та­ры бой­ын­ша айып­тар тағы­лған. Айып­тау актісін­де Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің мем­ле­кет­ке кел­тір­ген зия­ны 72 мил­ли­ард тең­ге деп көрсетілген.

«754 том­нан тұра­тын істі екі ай ішін­де сот тер­ге­уін­де қарап шығу мүм­кін емес… Бұл – сот­тың істі бір жақты қарап оты­рға­нын және /биліктің/ айып­та­лушы­лар­ды тезірек сот­та­уға мүд­делі екенін көр­се­те­ді», – деді адво­кат Саян Жүні­с­ба­ев сотта.

Про­ку­рор Досбол Бақыт­жа­нов жарыс­сөз қоры­тындыс­ын­да Бер­гей Рысқа­ли­ев­ті 17 жылға, Аман­жан Рысқа­ли­ев пен Рүстем Әлбақа­со­вты – 16, Мұрат Жел­ді­ба­ев­ты – 8, Нұр­лан Жұл­мағам­бе­то­вты – 9, Ербо­лат Ізба­сар, Артем Дана­е­вич пен Айбат Сүлей­ме­но­вты – 10 жылға сот­та­уды сұра­ды. Бұған қоса, олар­дың мүлік­терін тәр­кілеп, он жылға дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет­пен айна­лы­суға тый­ым салу­ды өтін­ді.
Ал адво­кат­тар жағы өздері қорғап жатқан адам­дар­ды ешқа­шан көр­ме­генін, өздеріне тағы­лған айып­тарға қаты­сты пікір­лерін біл­мей­тінін айтып, «адво­кат ретін­де /билік/ тағай­ын­даған соң, жарыс­сөз­ге қаты­суға мәж­бүр» екен­дерін айт­ты. Адво­кат Саян Жүні­с­ба­ев айып­та­лушы­лар­сыз өткен бұл про­це­сті «гуман­ды, демо­кра­ти­я­лық деп сана­уға бол­май­ды» деді.

«Бұл өте ерекше және қиын мәжіліс. Сот­та­лушы­лар өздерінің сот­та­лып жатқан­да­рын біл­мей­ді. Олар тірі ме, жоқ па – ол да бел­гісіз. Олар­ды өздерін қорға­уға, соңғы сөз айтуға мүм­кін­дік бер­ме­ген бұл сот­ты кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­ры сақтал­маған жаза­лау соты деп айтуға бола­ды», – деді Саян Жүнісбаев.

Судья Тыны­штық Нұри­мо­ва «бұған дей­ін бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да сот пікір­та­ла­сы­ның бола­ты­ны жай­лы хабар­ланға­ны­на қара­ма­стан, сот­та­лушы­лар­дың соңғы сөз айтуға кел­ме­генін» айтып, «жарыс­сөз өтті деп сана­ла­ты­нын» хабар­ла­ды. Сот үкі­мі қашан шыға­ты­ны әзір­ге белгісіз.

Бер­гей Рысқа­ли­ев Аты­рау облы­сын 2006–2012 жыл­дар ара­лы­ғын­да басқарған. Сол жылы жаз­да қыз­меті­нен боса­ты­лған. 2012 жылы күз­де Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің інісі, пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты Аман­жан Рысқа­ли «өз өтіні­ші­мен» депу­тат­тық ман­да­ты­нан бас тар­тқан. Біраз уақыт­тан соң ағай­ын­ды Рысқа­ли­ев­тер­ге іздеу жари­я­ланған, бірақ олар­дың қай­да екені әлі күн­ге дей­ін белгісіз.

Қаза­қстан­ның сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл ұлт­тық бюро­сы бұған дей­ін «күдік­тілер Қаза­қстан аумағы­нан тыс жер­де және тер­ге­уден жал­та­рып жүр» деп, олар­ды бір­не­ше рет Аста­наға тер­ге­у­ге шақырған.

Azattyq.org

Республиканский еженедельник онлайн