Суббота , 5 июля 2025

Бергейді сырттай соттау: АТЫРАУ НЕ ДЕЙДІ?

Аты­рау облы­сы­ның қыл­мыстық істер жөнін­де­гі маман­дан­ды­ры­лған ауда­на­ра­лық сотын­да облы­стың бұры­нғы әкі­мі Бер­гей Рысқа­ли­ев пен оның аға­сы, мәжілістің экс-депу­та­ты Аман­жан Рысқа­ли және тағы сегіз адам­ның үсті­нен сот про­цесі жалға­су­да, деп хабар­лай­ды «Азатты­қтың» тіл­шісі Сәния Тойкен.

Қара­ша­ның 13-күні жалғасқан сот мәжілісін­де «Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің нұсқа­уы­мен заң­сыз иелен­ген пәтер­лер мен биз­неске» қаты­сы бар куәлер­ден жау­ап алын­ды. Аты­ра­улық биз­нес­мен Мах­мұд Мера­ли­ев­тің өкілі ретін­де сөй­ле­ген адво­кат Жұма­ха­но­ва Рысқа­ли­ев­тер­дің биз­не­смен­ге тиесілі «Бран­до» және «При­о­ри­тет финанс» фир­ма­ла­ры­ның 50% пай­ыз үлесін «күш­теп иелен­генін» айтты.

Адво­кат Жұма­ха­но­ва­ның сөзін­ше, Аман­жан Рысқа­ли мен оның әйелі Тұр­сын Рысқа­ли­е­ва және Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің туы­сы Рүстем Әлбақа­сов кәсіп­кер Мах­мұд Мера­ли­ев­тің биз­несінің жар­ты­сын «егер келіс­пе­се, ісі жүр­мей­тінін айтып» тар­тып алған. Рысқа­ли­ев­тің құқы­ғын қорғап жатқан адво­кат­тар­дың бірі бұған ешқан­дай фото, виде­ожа­з­ба дәлел­дер­дің жоқты­ғын айтып, кәсіп­кер­дің өзінің сотқа келуін талап етті.

12 қара­ша күн­гі сот про­цесін­де Аты­рау облы­сы әкім­ді­гі аппа­ра­ты­ның қыз­мет­кер­лері жау­ап бер­ген. Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің тұсын­да облы­стық қар­жы депар­та­мен­тінің бас­шы­сы, оның орын­ба­са­ры болған және қазір­гі облыс әкі­мінің орын­ба­са­ры Айгүл Әжіға­ли­е­ва жау­ап бер­ген. Іске қаты­сқан мем­ле­кет­тік айып­та­у­шы Досбол Бақыт­жа­нов одан «Теңіз­шев­ройл» ком­па­ни­я­сы­на салы­нған 37 мил­ли­ард тең­ге айып­пұл­дың қай­да кет­кенін сұрады.

«Заңға сәй­кес, эмис­сия – облы­стық бюд­жет­ке, ал айып­пұл – рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке түсуі тиіс. Ал «Теңіз­шев­ройл­дан» түс­кен айып­пұл эмис­сия ретін­де рәсім­деліп, Қызы­лқоға ауда­нын газ­дан­ды­руға, көпір­лер салуға жұм­сал­ды», – деді ол.

Еске сала кетей­ік, ағай­ын­ды Рысқа­ли­ев­тер және сегіз ада­мға қаты­сты сот про­цесі 18 қазан­да басталған. Оларға «ұрлық пен ала­яқтық жаса­ды», «сенiп тап­сы­ры­лған бөтен мүлiк­тi иелен­ді», «жалған кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­сты», «қыл­мыстық жол­мен алы­нған ақша­ны заң­да­стыр­ды», «ұйым­дасқан топ құр­ды», «қыз­мет өкiлет­тi­гiн теріс пай­да­ла­нып, пара алды» және «жалған құжат жаса­ды» деген бір­не­ше айып тағы­лған. Айып­тау актісін­де Бер­гей Рысқа­ли­ев­тің «Аты­рау облы­сы әкім­ді­гінің өзге лау­ы­зым­ды тұлға­ла­ры­мен бір­лесіп, мем­ле­кет­тік сатып алу­лар арқы­лы мем­ле­кет­тің аса көп мөл­шер­де­гі ақша­лай мүл­кін иелен­гені» айты­лған. Мем­ле­кет­ке кел­ген зиян 72 мил­ли­ард тең­ге­ге баға­ла­нып отыр, деп хабар­лай­ды Azattyq.org.
Ал біздің газет­те жари­я­ланған «Рысқа­ли­ев кім­нің жолын кесіп кет­ті?» деп ата­ла­тын мақа­ла­ның datnews.onlaine сай­тын­дағы нұсқа­сы­на жүз­де­ген оқыр­ман пікір жазған екен. Бір қызы­ғы – сол пікір­лер­дің 95 пай­ы­здан аста­мы экс-әкім­нің Аты­ра­удағы қыз­метін қол­даған. Бір-бірін қай­та­лай­тын пікір­лер­дің ара­сы­нан біз ірік­теп алған топ­та­ма­ның маз­мұ­ны төмендегідей.

Куляш Кул­жа­но­ва: Қалай айтыл­са да, кім не ойлап, оны айта алмай отыр­са да, Бер­гей Аты­рау облы­сы халқы­ның жүре­гі­нен орын алған аза­мат болып қала береді.

Жек­сем­бай Бига­ли­ев: Иманға­ли аға­мыз бен Бер­гей еке­уінің Аты­рау облы­сы үшін жасаған жақ­сы­лы­қта­ры ұшан-теңіз. Оны халық біледі. «Халық айт­са, қалт айтпайды».

Роза Махму­то­ва: Аты­рау облы­сы­ның 85–90 пай­ы­зы осы сөз­ге қосы­ла­ты­ны­на сені­мім мол. Осы екі аза­мат­тың атта­ры атал­са, аты­ра­улы­қтар әлі күн­ге дей­ін сағы­ны­шпен күрсінеді.

Тал­шын Мак­со­тов­на: Қызы­лқоға өңірін газ­дан­ды­рған, ауыз сумен қам­та­ма­сыз етіп, ел аузын­да еңбе­гі­мен елен­ген Бер­гей аза­мат қой!

Сария Муста­па­е­ва: Мына кісінің жазға­ны­на қосы­лам: мен төрт жыл­дан кей­ін Аты­ра­уға бар­сам, қала­ны таны­май қал­дым. Қала таза, теректер, шыр­ша оты­рғы­зы­лған, көше­де бал­шық жоқ, көше бой­ын­дағы шам­дар жарқы­рап жанып тұр­ды. Сол кез­де­гі əкім Бер­гей екен. Қала халқы: «Бұл – əкім­нің арқа­сы» деп айтатын.

Бер­кин Сады­ков: Мақа­ла­да жазы­лған нәр­сенің бәрі­мен келі­се қоюға бол­мас, бірақ Бер­гей­ді облыс халқы­ның біра­зы­ның қол­дай­ты­ны рас.

Галия Галия: Мен осы әкім­нің кезін­де құры­лыс ком­па­ни­я­сын­да тіл­мәш болып жаса­дым. Бұл кісінің жасаған жұмысын, халы­ққа деген адал пей­ілін және де мем­ле­кет­тік тіл­ді дәріп­теп, құжат­ты екі тіл­де қабыл­да­уды ұйғар­ды. Қай жер­де тасқын, өрт бол­са, басы-қасын­да өзі жүр­ді. Әкім­ді бет­пе-бет көр­ген ада­мым емес, істе­ген жұмысы арқы­лы білем. Біз­де қолы­нан түк кел­мей­тін­дер­ді көте­реді, ал қолы­нан іс келетін­дер­ді түр­ме­ге қамай­ды. Әділ­дік қайда? 

Ұлы Қазақ: Жылыой ауда­ны­ның Құл­са­ры қала­сы­ның көше­леріне 2–3 жыл­дың ішін­де 52 шақы­рым асфальт жол төсел­ді. Қазір халық игілі­гін көріп отыр. Отан соғы­сы­на мұнай бер­ген ауыл ара­сы шіріп жата­тын еді, егер Бер­гей ақша тауып, жол сал­маған­да, алтын­ның үстін­де оты­рған Құл­са­ры­ға ондай жол бұй­ыр­мас еді. 

Заги­па Тастам­бе­ко­ва: Назар­ба­ев екі аза­мат­тан да қауіп­те­неді. Содан біре­уін ел басқа­руға – сай­ла­у­ға түс­пей­тін­дей лау­а­зы­мға, екін­шісін қыл­мыс­кер деген жала­мен қудалады. 

Серик Мурат­шин: Қара­ба­тан заво­ды салы­нған­да, мың­даған жұмыс­шы­лар вах­та­лық әдіс­ке көше алмай жүр­ген­де, осы Бер­гей вах­та­лық әдіс­ке көшір­ген еді. Ино­фир­ма­ны тыпыр­лат­пай қой­ға­нын көзі­міз көр­ді. Бер­гей сол кез­де мың­даған жұмыс­шы­лар­дың рах­метіне бөлен­ген еді!

Дай­ын­даған –
Айсұ­лу ОСПАН,
«D»

Республиканский еженедельник онлайн