Пятница , 4 июля 2025

Бесжан Төлеубекұлы: БАЛАМА КАНДИДАТТЫҢ БОЛМАУЫ сайлауға деген ықыласты тұншықтырып тастады

– Бесжан, елде­гі жастар қозға­лы­сы­ның бел­сен­ді бір өкілі ретін­де тура­сын айты­ңыз­шы: алдағы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда сіз кім­ге дауыс бересіз?

– Ешкім­ге дауыс бер­мей­мін. Кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­удың өтуіне қар­сы адам­дар қатарынанмын.

– Деген­мен, мұн­дай қар­сы­лық ұста­ным­ның басқа да себеп­тері бар шығар?

– Басқа­дай ала­бө­тен себеп жоқ. Жал­пы, пре­зи­дент Тоқа­ев осы сай­ла­уды жари­я­лаған кез­де тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­да халы­қ­пен сана­спа­удың ең жоғарғы дең­гей­ін көр­сет­ті. Мен сол кез­де толық аза­мат­тық құқы­ғым­нан айы­ры­лға­ны­мы­зды түсін­дім. Бұл сай­ла­уда дауыс берудің еш мәні жоқ екенін сездім. 

– Ал Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тан басқа, елге мүл­дем бел­гісіз кан­ди­дат­тар түсіп оты­рған бұл сай­ла­удың бары­сын зерт­теп жүр­ген тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қозға­лы­сы­ның бағам­да­уы бой­ын­ша, елде­гі сай­ла­у­шы­лар­дың элек­то­раль­дық көңіл-күй­ін қалай сипаттап берер едіңіз?

– Жасы­ра­ты­ны жоқ және ашық айту керек: қара­пай­ым халық пре­зи­дент Тоқа­ев­тан көп нәр­се күтті…

– Әлі де күтіп жүр­ген­дер бар…

– Олар алдам­паз­ды­қтың құр­ба­ны бола ма деген күді­гім бар. Өкініш­ке қарай, Тоқа­ев мыр­за осы кезек­тен тыс сай­лау жари­я­лау арқы­лы халы­қтың сол үмітін жер­дің жеті қабат асты­на тықты. Билік бұл сай­ла­уда елге бел­гісіз кан­ди­дат­тар­ды ұсы­ну арқы­лы тек Тоқа­ев­тың беделін арт­ты­ру­ды ғана көз­деп отыр. Бәсе­ке жоқ жер­де халы­қтың сай­ла­у­ға қызы­ғу­шы­лы­ғы да бол­май­ды. Билік­ке кере­гі де осы. Сай­ла­у­ға дауыс беру­ге кел­ме­ген адам­дар­дың дауы­сын ұрлау оларға оңай. Сай­ла­уда халы­қтың бел­сен­ді дауыс беруіне билік мүл­дем мүд­делі емес. Мәсе­лен, алдағы сай­ла­уда қан­ша адам келіп, дауыс беретінін болжау үшін, соңғы өткен пар­ла­мент­тік сай­лау мен рефе­рен­дум сай­ла­у­ын­дағы нәти­же­ге қара­сақ болады.

Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар ұйы­мы­ның қол­да бар хат­та­ма­ла­ры­ның нәти­же­лері: пар­ла­мент­тік сай­ла­уда халы­қтың небәрі 15 пай­ы­зы ғана дауыс бер­ді. Ал биыл өткен рефе­рен­дум сай­ла­у­ын­да халы­қтың 25 пай­ы­зы дауыс бер­ген бола­тын. Бұл – біздің қолға түс­кен хат­та­ма­лар негізін­де жасалған, жал­пы­қа­за­қстан­дық орта­ша нәти­же деп білу керек.

– Енде­ше демо­кра­ти­я­лық қоғам­нан түс­кен тәу­ел­сіз үміт­кері жоқ сай­ла­уды бақы­ла­удың қажеті қанша?

– Иә, халы­қтың көңілі­нен шыға­тын оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стар аты­нан түсіп оты­рған кан­ди­дат жоқ. Кан­ди­дат­тың болуын­да өзін­дік себеп те бар ғой. Елде­гі авто­ри­тар­лық жүйе сая­си бәсе­ке­ле­стік­ке жол бер­ме­уде. Қар­сы­лас болуға лай­ы­қты аза­мат­тар­ды сая­си көзқа­рас­та­ры мен аза­мат­тық ұста­ным­да­ры үшін қуда­ла­ды, көн­бе­ген­дерін атты, үндерін өші­ру үшін абақты­ға да жапты. 

Қазір елде Тоқа­ев пре­зи­дент болып оты­рған тұста да, Назар­ба­ев басқа­рып кел­ген авто­ри­тар­лық жүйе әлі де жалға­су­да. Ал осы­дан кей­ін есі дұрыс адам Қаза­қстан­да демо­кра­тия бола­ты­ны­на сене ме? Әрине, жоқ!

Әділ­дік үшін қоғам болып күре­суі­міз керек. Мен осы сай­ла­уда тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы бола­мын. Сай­ла­уда ешқай­сысы­на дауыс бер­мей­мін және мен сияқты дауы­ста­рын бер­мей­тін адам­дар көп бола­ты­ны анық. Енді осы дауыс бер­ме­ген адам­дар­дың дауы­сын өздері ұрлық жасап ұсталған комис­сия мүше­лері қорғал­май­ты­ны анық. Мен сол күні тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болу арқы­лы халы­қтың шын мәнін­де қан­ша­сы келіп, дауыс бер­генін біле ала­мын. Қолым­да заң­ды хат­та­ма болады. 

Мәсе­лен, жеке­ле­ген бел­сен­ді аза­мат­тар «бәріне қар­сы­мын» деп дауыс беруі керек деген нұсқа­ны ұсы­нып жүр. Бұл мынау әңкі-тәңкі қоға­мға қан­дай нәти­же беруі мүмкін?

– Бюл­ле­тень­де­гі «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа сай­лау нәти­же­сіне еш сеп­ті­гін тигіз­бей­тін мән­сіз, ешқан­дай заң­ды күші жоқ нұсқа. Қоға­мға емес, билік­ке нәти­же беру үшін арнайы ашы­лған гра­фа. Мысалға, осы кезексіз сай­ла­удың өтуіне қоғам­ның көп­шілік бөлі­гі қар­сы. Енді сол қар­сы болып оты­рған нара­зы халық митинг­ке, алаң­дарға шығып емес, сай­лау участ­кесіне келіп, «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын таң­дау арқы­лы нара­зы­лы­ғын біл­діреді деген есеп бар билік­те. «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы тек дауыс беру­ге бара­тын сай­ла­у­шы­лар санын көбей­тіп береді. Басқа ешқан­дай нәти­же бермейді.

– Таны­мал жас сая­сат­кер Арай­лым Назар бастаған, құра­мын­да өзің де бар тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қауырт жұмыс атқа­рып жатқа­ны әле­умет­тік желілер­ден бел­гілі болу­да. Осы бақы­ла­у­шы­лық науқан­ның бета­лы­сы қалай?

– Иә, 2021 жылы өткен пар­ла­мент­тік сай­ла­уда Арай­лым Наза­ро­ва жетек­шілік еткен «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» қоғам­дық бір­ле­сті­гі аты­нан бақы­ла­у­шы болып жүр­мін. Қазір, әрине, сай­лау алдын­дағы қар­ба­ла­стар болып жатыр. Жал­пы, бақы­ла­у­шы­лар­дың саны сай­лау интри­га­сы­на тіке­лей қаты­сты екенін көріп отыр­мыз. Біз бар күші­мізді салып, бақы­ла­у­шы­лар­дың санын арт­ты­руға тырысудамыз.

Жал­пы, осы бақы­ла­у­шы­лық жол­да соңғы бір­не­ше сай­ла­удан бері үздіксіз қаты­сып келе жатқан аза­мат­тар бар. Соңғы рефе­рен­дум­да біздің орта қоғам­ның жаңа бел­сен­ділері­мен толы­қты. Сай­лау нәти­же­сінің ашы­қты­ғы мен әділ­ді­гіне мүд­делі аза­мат­тар Алма­ты­дағы біраз бақы­ла­у­шы ұйым­дар­дың іші­нен біздің «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» ұйы­мын таң­да­уы – біз үшін абы­рой. Әзір­ге бета­лы­сы­мыз жаман емес деп ойлаймын.

Сіздің газет­тің оқыр­ман­да­ры­на ескер­те кетей­ін: сай­ла­у­ға бақы­лау жүр­гі­зу – жеке бір адам­ның қызы­ғу­шы­лы­ғы үшін емес, елі­міздің жаңа демо­кра­ти­я­лық саты­ға көтерілуіне ықпал ететін қоғам­дық мүд­де болуы тиіс. Елдің ертеңі үшін бұл мүд­де­ге көп­шілік ықы­лас біл­дір­гені дұрыс болар еді. Диван­да жатып алып, «біз­ге сая­си өзгеріс керек» деген дал­ба­са даб­ы­ра­дан түк шық­пай­ды. Өзгеріс жасау үшін, өзгеріс­ке ынта­зар жұрт­шы­лық қоғам­дық қозға­лы­сқа қаты­суы керек. 

– Ал енді «қозға­лы­сқа қаты­су керек» деген­дей, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болуға ниет­ті аза­мат­тар көп пе? Мәсе­лен, сіз­дер Алма­ты қала­сын толы­қтай бақы­ла­у­мен қам­та­ма­сыз ете ала­сыздар ма?

– Қаза­қстан қоға­мын­да сай­ла­у­ға бақы­ла­у­шы­лық жасау тен­ден­ци­я­сы 2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­удан бері күш алды деп ойлай­мын. Өкініш­ке қарай, бақы­ла­у­шы­лық қозға­лы­стың даму қарқы­ны біз ойлаған­нан баяу жүріп жатыр. Оған қоғам­дағы кер­тарт­па пікір­лер мен билік­тің бәсе­кесіз, пас­сив­ті сай­ла­уды ұйым­да­сты­руы себеп болу­да. Егер осы сай­ла­уда Тоқа­ев мыр­за­ға нақты бәсе­ке­лес бола ала­тын бала­ма кан­ди­дат болған­да, бақы­ла­у­шы­лық жаса­уға деген қызы­ғу­шы­лық та күшті болар еді. Амал нешік, билік мұн­дай мүм­кін­дік­тің тамы­рын бесі­гін­де шауып таста­ды. Соның сал­да­ры­нан біздің қоғам демо­кра­ти­я­лық үрді­сте тағы да бір қадам кей­ін кетті.

Негізі, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы қоға­мға және әсіре­се билік­ке әсер ете ала­тын бір­ден-бір күш. Көп­шілік осы жәйт­ті түсіне біл­се екен деп арман­дай­мын. Осы сай­ла­уда Алма­ты қала­сын толы­қтай бол­ма­са да, бір­не­ше аудан­ды тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­мен қам­та­ма­сыз ете­міз деп ойлаймын. 

– Ал Қаза­қстан­ның басқа аймақта­рын­да бақы­ла­у­шы­лық құру жағ­дайы қан­дай? Бұл жөнін­де қан­дай хаба­ры­ңыз бар?

– Бұл жер­де ең алды­мен еске­ре кететін жайт – біз Алма­ты қала­сын­да тір­кел­ген жер­гілік­ті ұйым­быз. Сон­ды­қтан жал­пы Қаза­қстан­ның аймақта­ры бой­ын­ша бақы­ла­у­шы­лық жұмыс жүр­гізу­ге құқы­мыз жоқ. Алай­да Қаза­қстан­ның бар­лық аймақта­рын­да орна­ласқан ұйым­дар­мен жақ­сы қарым-қаты­на­ста­мыз. Бір-бірі­міз­бен ақпа­рат­пен, мате­ри­ал­дар­мен бөлісіп оты­ра­мыз. Жал­пы, алдағы жылы жер­гілік­ті ұйым­нан рес­пуб­ли­ка­лық бір­ле­стік ретін­де қай­та тір­ке­лу жос­па­ры­мы­зда бар. 

– Тоқа­ев мыр­за уәде бер­ген­дей, алдағы көк­тем­де өтетін пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша бақы­лау жаса­уға дай­ын­да­ла­мыз дей­сіз ғой…

– Бұй­ырт­са… Егер бір аймақты неме­се бір қала­ны толы­қтай бақы­ла­у­мен қам­та­ма­сыз ете алған жағ­дай­да оның қоры­тындысы бой­ын­ша нәти­же шыға­ру мүм­кін­ді­гі болар еді.

Әрине, оған дәлел ретін­де біздің рефе­рен­дум­да қол­данған әдісі­міз ықпал ете­ді деп ойлай­мын. Бір қала­ның бір ауда­нын 100% бақы­ла­у­шы­лар­мен қам­та­ма­сыз ету арқы­лы жақ­сы прак­ти­ка­лық нәти­же­ге қол жет­кіздік. Осы жолы, біздің білуі­міз­ше, басқа аймақтар да осы әдісті пай­да­ла­ну­ды жос­пар­лап отыр. 

– Елде­гі сая­си пар­ти­я­лар мен қоғам­дық ұйым­дар сай­ла­у­ға бақы­ла­у­шы­лық жаса­уға ынта­лы ма? Сіз­дер­ге олар­дың тара­пы­нан көмек көр­сеті­ле ме?

– Сая­си пар­ти­я­лар өздері үшін бақы­лау жаса­уы керек. Басқа да бақы­ла­у­шы бола­мыз деген ұйым­дар­ды қол­да­уға біз қашан да дай­ын­быз. Біз қазір өзі­міз­ден басқа Алма­ты қала­сы бой­ын­ша «Мұқал­мас» рес­пуб­ли­ка­лық бір­ле­сті­гі мен «Жел­тоқ­сан» ұйы­мы­на көмек­тесіп жатырмыз. 

– Иә, пре­зи­дент Тоқа­ев пар­ла­мент­тің күз­гі сес­си­я­сы ашы­лар алдын­да жасаған мәлім­де­месін­де алдағы көк­тем­де пар­ла­мент­тік сай­лау өте­ді деп айт­ты. Қазір­гі өткелі жатқан пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бақы­лау жаса­удың прак­ти­ка­сын пар­ла­мент­тік сай­ла­уда қол­да­ну­дың мүм­кін­ді­гін сая­си пар­ти­я­лар түй­сініп отыр деп айта ала­сыз ба?

– Тір­ке­лу үстін­де­гі сая­си пар­ти­я­лар­дың дені осы сай­ла­уды сол пар­ла­мент­тік кам­па­ни­яға дай­ын­дық алаңы деп қарас­ты­руы тиіс еді. Бірақ біз­де­гі тәу­ел­сіз пар­ти­я­лар бұл сай­ла­у­ға бел­сен­ді ара­ла­суға және бақы­ла­у­шы қоюға ынта­лы емес. Себебін айт­тым – олар өздері қол­даған ортақ кан­ди­дат шыға­ра алма­ды. Сон­ды­қтан, менің ойым­ша, пар­ти­я­ларға бұл сай­лау тіп­тен де қызы­қты емес.

Өкіні­шті, әрине. Себебі осы сай­лау бары­сын­да пар­ти­я­лар өз бақы­ла­у­шы­ла­рын сынақтан өткізіп, тәжіри­бе жинақтап, пар­ти­я­лар­дың тала­сы бола­тын алдағы пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­дық жасаған­да болар еді. Менің ойым­ша, тәу­ел­сіз демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­лар қат­ты қателік жіберді.

– Енді келе­шек­те пар­ла­мент­тік сай­лау жари­я­ланған кез­де олар ұял­ма­стан сіз­дер­дің көмек­теріңіз­ге жүгі­нері айдан анық: бірі­гіп, бақы­ла­у­шы­лық жасай­ық деп…

– Әлбет­те! Бірақ ортақ қоғам­дық мүд­де үшін біз оларға жәр­дем жаса­уға мәж­бүр бола­мыз. Сая­сат­та ұят деген түсінік бол­май­тын сияқты ғой…

Ал біз­де­гі билік­тің бағы­ны­шын­дағы пар­ти­я­лар­дың бар­лы­ғы – аты бөлек, бірақ заты бір пар­ти­я­лар болған­нан кей­ін, олар өза­ра бақы­ла­у­шы­лар дай­ын­да­уға мүд­делі емес. Мәсе­лен, мен «Ауыл» неме­се «Халы­қ­шыл ком­му­ни­стер» пар­ти­я­сы бақы­ла­у­шы­лар дай­ын­дап жатыр деген хабар­ды есті­медім. Біздің бай­қаға­ны­мы­здай, билік­ке бағы­ны­шты бар­лық пар­ла­мент­тік пар­ти­я­лар үшін комис­сия мүше­лерін де, бақы­ла­у­шы­лар­ды да билік­тің өзі дай­ын­дап береді. 

– Ашық сұх­ба­ты­ңыз үшін рақ­мет! Бақы­ла­у­шы­лық қыз­мет­теріңіз­ге сәт­тілік тілейміз!

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн