Суббота , 5 июля 2025

БЕС ПЕРІШТЕ, БІР ПРЕЗИДЕНТ және САНСЫЗ КЕДЕЙ

070829-N-4965F-015 PEARL HARBOR, Hawaii (Aug. 29 2007) - Flames push water from a fire hose back as a federal firefighter assigned to Navy Region Hawaii Federal Fire Department combats a fire during an aircraft firefighting training evolution with the Mobile Aircraft Firefighting Training Device (MAFTD) at Navy Region Hawaii Federal Fire Department Headquarters. The MAFTD is a state-of-the-art training tool, which resembles an aircraft and provides different live fire and smoke scenarios for training to increase federal firefighter readiness and their ability to respond to aircraft fire and rescue emergencies. U.S. Navy photo by Mass Communication Specialist 1st Class James E. Foehl (RELEASED)

Айтарға сөз жоқ!

Әдет­те ашу­лы адам­ның аузы­нан ақыл­ды сөз шығу­шы ма еді? Біз­де­гі – сол кеп: қай жағы­нан, қалай қиы­сты­рам десең де, боқты­қтан басқа айтар аз. Әле­умет­тік желінің қаза­қстан­дық сег­мен­ті де мұн­дай сөз­ге сіресіп тұр. Бәрінің аузын­да – бес пері­ш­те, без­бүй­рек билік, қаңы­раған халық, аңы­раған ана, бей­күнә бала…

Десек те, түтін­ге тұн­шы­ғып, отта өртеніп өлген бес пері­ш­тенің қаза­сы­на кім кінәлі? Сан-саққа сөз көп: көбі үдірей­ген үкі­мет­ті, маңқа мини­стр­ді, бере­кесіз билік­ті бық­пырт тиген­дей қылып жатыр. Мен ойлай­мын, ноқай сөз нақты адрес­ке жетіп жатқан жоқ. Нақты­сы – Нұр­сұл­тан Назарбаев!

Ал үдірей­ген үкі­мет­тен не сұрай­сың, егер оны тағай­ын­даған пре­зи­дент бол­са? Мини­стр­лер каби­неті пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның кеңей­тіл­ген бір бөлі­мі сияқты ғана кеп­ті киіп қал­са, ол орган «оғлан­нан» озып кете алмай­ды. Пре­мьерін­де пәр­мен жоқ: министр түгілі, оның орын­ба­сар­ла­ры­нан бастап, сам­сы­ған коми­тет­терінің төраға­ла­ры­на дей­ін тек пре­зи­дент­тің қолы­мен қой­ы­ла­ды, пре­зи­дент­тің айтуы­мен алы­на­ды. Біз «маңқа» деген Мәди­на министр сол үкі­мет­тің үлбіре­ген үкісі ғана бол­са, пре­зи­дент пар­ша­лап бөліп бер­ген бюд­жет­пен «биле­уден» басқа билі­гі жоқ жалғыз ол кім­ді жарылқайды?

Бұл елде жақ­сы­ға да, жаманға да жау­ап беретін бір ғана тұлға бар. Ол – Қаза­қстан­ның пре­зи­ден­ті. Бұл біздің тағы да ашу­мен айтқан сөзі­міз емес: бүкіл елде­гі сая­си жүй­ені, эко­но­ми­ка­лық қаты­на­стар мен әле­умет­тік сала­ны басқа­ру сая­са­тын пре­зи­дент­тің өзі осы­лай құрып алған: елге жақ­сы­лық жасай­мын деп емес, елдің жалғыз қожай­ы­ны мен болам деп. Енде­ше ол қожай­ын­ды­қтың сорын басқа­лар неге тар­туы тиіс?

Әлде мил­ли­он­даған қар­жы­ны қылғы­тқан «ОБСЕ» сам­ми­тіне Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі зар бол­ды ма? Жоқ әлде үкі­мет мүше­лері ЭКСПО өткіз­бе­сек, қылқы­нып қала­мыз деді ме? Салы­нған ғима­рат­та­ры жас бала­ның үлкей­тіл­ген ойын­шы­ғы­на ұқсас бұл көр­ме­ге жұм­салған 5 мил­ли­ард дол­лар көп бала­лы отба­сы­ла­ры­на қан­ша­ма бас­па­на салып беру­ге жетер­лік еді. Жоқ, одан бұрын Назар­ба­евқа әлем­дік атақ, жаһан­дық жар­на­ма қажет болды.

Ал енді мынау су жаңа хабарға қараңыз: Аста­на­дағы «Пира­ми­да» ата­лып кет­кен тағы бір «ойын­шы­қтың» ішкі құры­лы­мын түбе­гей­лі өзгер­ту үшін, оған күр­делі жөн­деу өткі­зу қажет бола қалып­ты (төмен­гі хабар­ды қараңыз). Үкі­мет­тің ресми ақпа­рат көз­дері таратқан бұл хабар­дың екі қасіреті боп тұр: бірін­ші­ден, «Пира­ми­да­ның» ішін күл-талқан етіп, қай­та­дан салып шығуға қыру­ар қар­жы жұм­са­ла­ры бесе­не­ден бел­гілі. Алып «Пира­ми­да» түгілі, бір шағын пәтер­дің ішкі қабы­рға­ла­рын өзгер­ту оңай­ға түс­пей­тінін еске алсақ, дағ­да­рыс жағ­дай­ын­дағы Қаза­қстан үшін мұн­дай «жыр­ты­лу» қажет пе?

Екін­ші­ден, бұл хабар бес пері­ш­те «аспанға ұшып кет­кен» кез­бен қатар­лас жари­я­лан­ды. Бүкіл елдің ішін, әле­умет­тік желілер­ді ыза кер­неп тұрған кез­де ана мен балаға берілетін үкі­мет­тік жәр­дем тауы­ққа шашы­лған тары­дай екені апты­ққан ашу­мен айты­лып жатқан­да, билік­тің бұл ысы­ра­бы қай кек­ті көңіл­ге сыяды? 

Ол аз десеңіз, тағы сол Аста­на­дағы Қабан­бай даңғы­лы­на күр­делі жөн­деу жаса­уға 64 мил­ли­ард тең­ге бөлін­ген екен. Ал! Басқа­ны былай қой­ып, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тағы­нған көп бала­лы ана­ларға төле­нетін ай сай­ы­нғы жәр­де­мақы 16 160 тең­ге ғана бол­са, бір даңғы­лға 64 мил­ли­ард бөлу қай жыр­тыл­дың қыртылы?

Оба­лы не керек, Аста­на қала­сы­ның бас има­мы өртеніп кет­кен өрім­дер­дің әке-шеше­сіне үй алып бере­міз деген екен. Есте сақтаңыз – бұны елге тра­ур жари­я­ла­уы тиіс болған пре­зи­дент емес, ислам­ның има­мы айтып отыр. Рах­мет, алғыс айта­мыз! Бірақ елде­гі дәл осы бес пері­ш­тенің күй­ін кеш­кен мың­даған мұңлы­қтар­ды кім жарылқайды? 

Был­тыр күз­де ғана аны­қталған деректер бой­ын­ша, елде­гі өз күнін өзі көр­ген халы­қтың саны 2,5 мил­ли­он екен. Бұлар­дың дені бүгін­гі дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да база­рдың төңіре­гін­де­гі сауда-сат­ты­қтан айы­рыл­ды. Сарап­шы­лар­дың есебіне қараған­да, олар­дың кемін­де 30 пай­ы­зы жұмыс­сыздар сана­ты­на қосы­лған. Бұл – 750 мың­ның маңын­дағы сан, аны­ғы – адам. 

Бұған енді үкі­мет ресми мой­ын­даған 500 мыңға жуық жұмыс­сызды қосы­ңыз. (Базар-вок­зал­да арба сүй­ре­ген соқтал­дай жігіт­тер мен бұрыш-бұры­шта бәліш пен шеміш­ке сатқан қыз-қырқын­ды қоя тұра­лық). Сон­да доғал есеп­пен елде­гі мил­ли­он­нан астам адам тір­шілік қылар тірек­тен айы­ры­лған кедей деген сөз. Елде­гі еңбек­ке жарам­ды 10 мил­ли­онға жуық халы­қтың кемін­де 10 пай­ы­зы жұмыс­сыз бол­са, бұған халық отстав­ка­сын талап етіп жатқан жалғыз министр Мәди­на кінәлі ме?

Айт­пақ­шы, кінә күшей­се, күңірен­ген «күнә» бола­ды. Ал күнәнің «көз-жас» деген өте­уі бар. Айнал­ды­рған 10 шақты шар­шы метр «вре­мян­ка­да» күнөл­тіп, ақы­рын­да «аспан­нан үй іздеп» кету­ге мәж­бүр болған пері­ш­те­лер­дің көз-жасы кім­де? Әрине, жер басып жүр­ген пенделерде!

Ал біз­де­гі пен­де­лер­дің «перу­айы» кім? Әрине – президент!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн