Четверг , 2 октября 2025

Бизнесмен емес Нұрболға БАЙЛЫҚ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

ҚР Бас проку­ро­ры Берік АСЫЛОВҚА!

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев «Әділет­ті Қаза­қстан» тұжы­рым­да­ма­сын жари­я­лаған­нан бері «әділ­дік», «әділет­тілік» ұғы­мы біздің күн­делік­ті қол­да­на­тын сөзі­міз­ге айнал­ды. Бірақ, несін жасы­рай­ық, айтуға жеңіл бұл сөз­дер­дің артын­да зіл­дей сал­мақ бар. Өйт­кені әділет­тің шуағы әлі қоғам­ның бар­лық сала­сы­на толық тарай қой­ған жоқ-тұғын. Енді сол сәу­ле жылы­мы­қтай кеңей­іп, тарай бастаға­ны байқалады.

Бұл сөзі­міз­ге заң­сыз жол­мен ием­ден­ген актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру бағы­тын­да жүй­елі жұмыс жүр­гізіліп жатқа­ны дәлел бола­ды. Осы тұрғы­да Қар­жы мини­стр­лі­гінің жанын­дағы Актив­тер­ді қай­та­ру коми­теті оли­гар­хи­я­лық топ­тар­дың және жеке­ле­ген ықпал­ды тұлға­лар­дың күмән­ді бай­лы­ғы­на қаты­сты тер­геу шара­ла­рын күшейт­кені қуантады.

Кеше ғана Болат Назар­ба­ев­тың ұлы Нұр­бол Назар­ба­ев сот шеші­мі­мен 57 мил­ли­ард тең­ге көле­мін­де­гі активі­нен айы­ры­лып, мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рыл­ды. Соны­мен бір­ге оған 925 мил­ли­он тең­ге айып­пұл және 230,4 мил­ли­он тең­ге айы­пақы салын­ды. Ең басты­сы – оның бар­лық банк шот­та­ры бұғат­та­лып, ком­па­ния кірісін және жеке мүл­кін басқа­ру құқы­ғы­нан айырылды.

Бұл әулет­тің рей­дер­лік жол­мен иелен­ген базар­ла­ры, сон­дай-ақ Алма­ты қала­сы мен облы­сын­да заң­сыз алған жер телім­дері тура­лы қоғам­да түр­лі деректер айты­лып жүр. Әсіре­се аты­шу­лы «Алтын Орда» база­ры­на қаты­сы жиі сөз болады.

Алай­да аталған нысан­дар­дың жоға­ры­да тәр­кі­лен­ген актив­тер­дің қата­рын­да бар-жоғы әзір­ге бел­гісіз. Себебі бұл мәсе­ле­лер­дің нақты жай-жап­са­ры ашық түр­де жари­я­лан­баған. Сот шешім­дері шыққа­ны­мен, про­це­стер­дің жабық түр­де өтуі қоғам­да алаң­да­у­шы­лық туғы­за­ды. Өйт­кені актив­тер­дің қай­та­ры­лған­нан кей­ін­гі тағ­ды­ры, олар­дың халы­ққа нақты пай­да­сы, жұмыс орын­да­ры­ның сақта­луы сияқты мәсе­ле­лер түсініксіз қалып отыр.

Осы­ған бай­ла­ны­сты төмен­де­гі сұрақтар­ды қою­ды орын­ды деп санаймын:

1.​ Нұр­бол Назар­ба­ев­тың иелі­гін­де­гі ком­па­ни­я­лар мен актив­тер­ге түген­де­ме жүр­гізіп, оның заң­ды­лы­ғын аны­қтау, заң­сызда­рын мем­ле­кет мен­ші­гіне қайтару.

2. Аталған қай­та­ры­лған заң­сыз актив­тер және олар­дың пай­да­ла­ны­луы бой­ын­ша толық ақпа­рат­ты жұрт­шы­лы­ққа қол­жетім­ді ету.

3. «Алтын Орда» база­ры және Алма­ты қала­сы мен облы­сын­дағы заң­сыз иелен­ген жер телім­дері бой­ын­ша тер­ге­уді бастау.

«АМАНАТ» фрак­ци­я­сы­ның депу­та­ты Ринат ЗАЙЫТ

Республиканский еженедельник онлайн