Воскресенье , 7 сентября 2025

Биліктің өкілі МАСҚАРАНЫ МОЙЫНДАДЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет істері және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл агент­ті­гінің сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы мәде­ни­ет­ті қалып­та­сты­ру басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Дидар Смағұ­лов Аста­на мен Алма­ты қала­сын­дағы аза­мат­тар­ды ұстау бары­сын­да жас жігіт­тер­дің каме­ра­лар­ды жабу­ла­ры­на поли­цей­лер­дің әре­кет­сіздік таны­ту­ла­рын елде­гі бүкіл жүй­енің масқа­ра­сы деп атады. 

«Қоғам тара­пы­нан объ­ек­тив­ті сынға алып келетін мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің әре­кеті қыз­мет­тік эти­ка нор­ма­ла­ры­ның бұзы­луы болып табы­ла­ды. Жас жігіт­тер­ге қаты­сты поли­цей­лер­дің әре­кет­сізі­гін бүкіл жүй­енің масқа­ра­сы деп санай­мын», – деген сей­сен­бі­де Аста­на­да Наурыз мей­ра­мы кезін­де­гі аза­мат­тар­ды ұстау, сон­дай-ақ сол сәт­те жас жігіт­тер­дің жур­на­ли­стер­дің каме­ра­ла­рын жабу­ла­ры­на қаты­сты жағ­дай­ға түсінік бер­ген Смағұ­лов Facebook-те. 

Еске сал­сақ, 21 және 22 науры­зда Аста­на мен Алма­ты­да ондаған адам­дар ұстал­ды. Ұсталған­дар ара­сын­да – жур­на­ли­стер де бар, оның ішін­де Свет­ла­на Глуш­ко­ва да бар. Соны­мен қатар, адам­дар ұсталған жер­де БАҚ қыз­мет­кер­леріне жұмыс жаса­уға кедер­гі кел­тіріл­ген, ал аза­мат­тар­ды ұста­удың өзі поли­ция тара­пы­нан бұзу­шы­лы­қтар­мен жүзе­ге асқан. 21 науры­зда Аста­на мен Алма­ты­да поли­ция әкім­дік ғима­ра­ты алдын­да рефе­рен­дум жаса­ма­стан елор­да­ны Нұр-Сұл­тан деп өзгер­ту­ге қаты­сты өз келіс­пе­ушілік­терін біл­дір­гісі кел­ген 20 шақты аза­мат­ты ұстаған еді. 

Қаз­ТАГ.

Республиканский еженедельник онлайн