Пятница , 4 июля 2025

Билік Еуропарламентке ШАЙПАУ ҚАТЫННЫҢ әңгімесімен жауап қатты

Еуро­пар­ла­мент­тің сыны­на Қаза­қстан СІМ-нің өкілі Айбек Сма­ди­я­ров жау­ап беріп­ті: «Елі­міз­де­гі жағ­дай­ды бұр­ма­лап, теріс ниет­те­гі сая­сат­кер­лер дай­ын­даған. Жал­пы, Еуро­пар­ла­мент депу­тат­та­ры мәсе­лені зерт­те­мей, өтірік­ті соға береді. Тіп­ті кей­бір «ескі кей­стер» бір құжат­тан екін­шісіне көшіп жүре береді, оған (біз сияқты дұрыс мем­ле­кет­тер) таң қалу­ды қой­ған­быз», – деп­ті сабазың.

Ұят­тан бұрын туған бұлар тіп­ті қан­ша­ма сая­си тұтқын барын да мой­ын­да­уға жүрек­тері тұр­мап­ты. «Өзің дорақ­сың» деген шай­пау қатын­ның әңгі­месі­нен аспап­ты жау­ап­та­ры. Ең бол­ма­са еркек­тер­ше: «Иә, мой­ын­дай­мыз, жөн­дей­міз», – деу­ге де батыл­да­ры жетпепті.

Ұят-ақ!

Қуа­ныш ЕДІЛХАНТЕГІ

НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖИЕНІ «Транстелекомның» 75 ПАЙЫЗЫН ИЕЛЕНДІ

«Тран­сте­ле­ком» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның 75 пай­ыз акци­я­сы Нұрә­ли Әли­ев құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі сана­ла­тын «Unit Telecom» ком­па­ни­я­сы­на өтті. Бұл тура­лы Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрінің қаулы­сын­да айтылған.

«Мар­лен Сави­тұ­лы Мұқа­но­вқа «Тран­сте­ле­ком» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның акци­я­лар пакетінің 75 %-і минус 1 акци­я­ны «Unit Telecom» жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­сті­гінің пай­да­сы­на иелік­тен шыға­ру жөнін­де мәмі­ле жаса­суға рұқ­сат беріл­сін» делін­ген 11 ақпан күні № 58 қаулы­да.

Қaз­ТАГ агент­ті­гі «Kompra» сер­висіне сіл­тей оты­рып, 2021 жылғы 9 ақпан­дағы мәлі­мет бой­ын­ша, «Unit Telecom» ком­па­ни­я­сы­ның қос құры­л­тай­шы­ла­ры Дмит­рий Поку­па­те­лев пен Нұра­ли Әли­ев екенін хабар­ла­ды.

Нұрә­ли Әли­ев – Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жиені, мәжіліс депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва мен Вена түр­месін­де өлі табы­лған Рахат Әли­ев­тің үлкен ұлы.

Ашық ақпа­рат­тарға қараған­да, Нұрә­ли Әли­ев 2013–2014 жыл­да­ры «Тран­сте­ле­ком­ның» басқар­ма төраға­сы болған. 2014–2016 жыл­да­ры Аста­на қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры бол­ды, ал 2016 жылы «Тран­сте­ле­ком» дирек­тор­лар кеңесінің төраға­лы­ғы­на тағай­ын­далған. Сол жылы «Тран­сте­ле­ком» акци­я­сы­ның 49 пай­ы­зы Мар­лен Мұқа­но­вқа өткен. Ал Мар­лен Мұқа­нов Нұрә­ли Әли­ев­тің сенім­ді ада­мы сана­ла­ды.

«Тран­сте­ле­ком» АҚ‑ы 1998 жылы құры­лған. Қаза­қстан­дағы ең ірі бай­ла­ныс опе­ра­тор­ла­ры­ның бірі сана­ла­ды. 2021 жыл­дың 1 қаңта­рын­дағы ақпа­рат бой­ын­ша, «Тран­сте­ле­ком» ком­па­ни­я­сы акци­я­сы­ның 75 пай­ы­зы Мар­лен Мұқа­но­вқа, 25 пай­ыз акци­я­сы «Қаза­қстан темір жолы» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­на тиесілі болған. Ком­па­ни­я­ның жарғы­лық капи­та­лы 12,2 мил­ли­ард тең­ге, актив­терінің жал­пы сома­сы 174 мил­ли­ард тең­ге болған.

Forbes.kz дере­гін­ше, 35 жастағы Нұрә­ли Әли­ев Capital Holding инве­сти­ци­я­лық хол­дин­гіне, Nd Capital вен­чур­лық қоры­на иелік ете­ді. Бай­лы­ғы – шама­мен 269 мил­ли­он доллар.

Кей­ін­гі уақыт­та Нұрә­ли Әли­ев­тің аты халы­қа­ра­лық басы­лым­дар­да жиі ата­ла­ды. Алды­ңғы жыл­да­ры Ұлы­бри­та­ни­я­ның қыл­мыспен күрес жөнін­де­гі агент­ті­гі Нұрә­ли Әли­ев пен оның ана­сы Дариға Назар­ба­е­ваға тиесілі деген екі зәулім үйді және қым­бат пәтер­ді бұғат­тап тастаған. Назар­ба­е­ва мен Әли­ев Лон­дон соты­на жүгініп, сот бұғат­тау шеші­мінің күшін жой­ған.

Azattyq.org

Соңғы жаңа­лық

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА 12 миллион тоннаға жуық МҰНАЙ АЙДАЙДЫ

2021 жылы Қаза­қстан Қытай бағы­ты бой­ын­ша шама­мен 12 мил­ли­он тон­на мұнай айдай­ды, деп хабар­ла­ды «Қаз­Мұ­най­Газ» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқар­ма төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Дани­яр Бер­лі­ба­ев. «Менің ойым­ша, осы жылы сол көр­сет­кі­ш­тер өзгеріс­сіз қала­ды – Қытай бағы­тын­да шама­мен 12 мил­ли­он тон­на», – деді Бер­лі­ба­ев сей­сен­бі­де «Қаза­қстан­нан мұнай экс­пор­тын жет­кі­зуді ұйым­да­сты­ру жүй­есін­де стра­те­ги­я­лық мін­дет­тер­ді іске асы­ру» тақы­ры­бын­да өткен брифингте.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн