Пятница , 4 июля 2025

БИЛІК ПЕН ҚОҒАМ түбегейлі өзгеруі тиіс

Жел­тоқ­сан – қақаған аязы бар, қыра­у­лы қыстың басы болға­ны­мен, бұл ай біздің тарихы­мы­зда кеңес дәуірінің қалың мұз құр­са­уы­ның бұзы­луы­ның басы бол­ды. Жел­тоқ­сан айын­дағы қазақ жаста­ры­ның көтерілісі Кеңес Одағы­ның ыды­ра­уын бастап бер­ді. Ол бола­шақта көп­те­ген халы­қтар­дың еге­мен­дік алуы­на жол ашты. Бұл көтеріліс қазақ халқы­ның өшпес рухы бар екен­ді­гін дәлел­деді деу­ге болады.

Ал енді біз өткен тарихы­мы­здан не сабақ алдық, нені көр­дік, не тап­тық, нені жоғалт­тық?! Жиыр­ма­сын­шы ғасы­рға адам­зат Еркін­дік, Бір­лік және Ынты­мақ­та­стық деген ұран­мен кіріп, тарих­тағы ең жаман үрдіс – құл­дық деген фор­ма­ци­ядан құтыл­ды. Бұл адам бала­сы үшін ең үлкен жетістік бол­ды. Біз­ге, қазақ халқы­на бұл ғасыр не әкел­ді, нен­дей жетістік­ке жеттік?

Қазақ – сонау ықы­лым заман­нан құл деген ұғым­нан аулақ болған халық. Себебі біз­де адам ада­мға бауыр, туыс деген сөз көне­ден ата­дан балаға мұра болған. Кез кел­ген елдің тарихын­да өрлеу мен құл­ды­рау кезеңі бола­ды, сол секіл­ді біздің тарихы­мыз да шір­кін дей­тін заман, әтте­ген-ай дей­тін кезең­дер­ге толы бол­ды. Еркін өмір сүр­ген қазақ жан-жақтан анта­лаған жаудың орта­сын­да қалған заман­ды басы­нан өткізді. Басты­сы – біздің баба­ла­ры­мыз жері­мізді сақтап қал­ды, бірақ, амал жоқ, бодан­ды­қтың құр­са­уы­на түсті. Бұл да Алла­ның бір сынағы шығар, жері­міз бен тілі­мізді сақтап, кеңес дәуірі­нен бір-ақ шықтық.

Кеңес өкі­меті кезін­де жаһан­дық даму­дан кен­же­леп қал­дық деу­ге бол­май­ды. Шығыс пен баты­стың алды­ңғы қатар­лы білі­мі мен тәжіри­бесі қаза­ққа да кел­ді. Бірақ тапқа­ны­мы­з­бен қатар, жоғал­тқа­ны­мыз да аз бол­ма­ды. Он тоғы­зын­шы ғасыр­дағы әлем­де­гі сая­си рефор­ма­лар­дың нәти­же­сін­де Ресей­де­гі про­грес­сив­тік көзқа­рас­тар біздің қазақ дала­сы­на жет­кенін Шоқан Уәли­ха­нов пен Абай Құнан­ба­ев баба­ла­ры­мы­здың еңбе­гі­нен біле­міз. Кеңес өкі­метінің алға­шқы жыл­да­рын­да қаза­қтың тұңғыш зия­лы­ла­ры ұлт­тық даму­дың негізін қала­мақ бол­ды. Оның немен аяқталға­нын тағы да тарих­тан білеміз.

Жалғыз қазақ халқы емес, Кеңес өкі­метінің тұсын­да бар­лық жер­лер­де бүкіл бұқа­ра темір құр­са­уға түсті. «Асы­ра сіл­теу бол­ма­сын, аша тұяқ қал­ма­сын» зама­ны бол­ды. Қызыл ком­му­на­ның ақ дегені ақ, қара дегені қара бол­ды. Құл­дық бол­маға­ны­мен, халы­қтың аузы да, аяғы да кісен­де­улі бол­ды. Деген­мен сол қызыл тер­рор­дың құр­са­уы­на алға­шқы болып қар­сы­лық көр­сет­кен де біздің қазақ халқы екенін бүкіл әлем біледі.

Бұл – 1986 жыл­дың 16 жел­тоқ­са­нын­да бол­ды. Сол жолғы қазақ халқы­ның ерлі­гі, еркін­дік­ке деген ынта­сы, бүкіл­ха­лы­қтық қозға­лы­сы кеңес дәуірінің қалың мұз құр­са­уы­на алға­шқы сына­ны қақты. Қазақ жаста­ры май­дан­да қанға боял­са да беріл­меді. Қара күш жең­гені­мен, қалың мұз шыты­на­ды. Оның арты­нан Бал­тық бойы елдері, Гру­зия халқы көтеріл­ді, аяғы не керек – Кеңес өкі­меті ыды­ра­ды.
Қазақ халқы баста­ды, бірақ біздің ел Кеңес өкі­меті­нен ең соңғы болып шықты. Оның қалай болға­нын, қалай жасалға­нын бәрі­міз білеміз.

Еге­мен­дік алған­нан кей­ін де бұл тари­хи оқиғаға дұрыс, әділ баға беріл­меді. Иә, Жел­тоқ­сан­да қазақ халқы Мәс­ке­у­ге қар­сы шықты деген дең­гей­ден аса алма­ды. Жел­тоқ­сан көтер­лісінің себебі бел­гілі, бірақ оған оң баға беретін кез кел­ді. Жиыр­ма бірін­ші ғасыр­да халы­қты темір құр­са­уда ұстау, жаһан­дық ғалам­тор­дың дамы­ған кезін­де алдау мен арбау жүр­мей­ді. Біз әділет­ті, теңдік­ке жол ашқан қоғам құра­мыз деп жатыр­мыз, оған жету үшін тарих­тағы ақтаң­дақтарға әділ баға беруі­міз керек. 1986 жылы Кеңес өкі­меті бей­біт шеруді аяу­сыз жаза­ла­са, Жаңаө­зен­де біздің билік халы­ққа оқ атты. Иә, бұл – ащы бол­са да шындық.

Бүгін­гі 16 жел­тоқ­сан – Тәу­ел­сіздік күні­мен қатар, еге­мен­дік үшін жанын пида еткен ұлты­мы­здың қай­сар ұл-қызда­рын еске алу күні болға­ны, олар­дың рухы­на тағ­зым етіп, еске алға­ны­мыз дұрыс болды.

Елге сабақ болар Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін біздің билік те, қоғам да түбе­гей­лі өзге­руі тиіс. Елдің сая­си және эко­но­ми­ка­лық бағ­да­ры жаңа жолға қой­ыл­са, өтірік пен бос кеуделік­ті тастап, әлем­де­гі дамы­ған елдер­дің қата­ры­на қосы­лу үшін, шын­ды­қты ту етер кез кел­ді. Ол үшін ең алды­мен сенім артқан Пре­зи­ден­ті­міздің жүр­гізіп оты­рған рефор­ма­ла­ры­на бөгет жаса­май, әр жер­де, әр сала­да қол­дау көр­се­ту керек. Бір­лі­гіне тір­лі­гі жарасқан, ынты­мағы­на ымы­ра­лы­ғы жарасқан ел болай­ық, ағайын!

Мұрат ҚАЗАНБАЕВ, Жезқазған қала­сы­ның құр­мет­ті азаматы,

 қала­лық арда­гер­лер кеңесінің төрағасы

Республиканский еженедельник онлайн