Вторник , 1 июля 2025

Билік 21 мың теңгені БЕРМЕУДІҢ бар амалын жасауда

Көп бала­лы ана­лар пре­зи­дент уәде еткен 21 мың тең­ге­ден үміт­ті. Алай­да ауыл­дағы кедей­дің бала­сы көлең­ке бол­сын деп әкесі еккен аға­штың кесірі­нен жәр­де­мақы­дан қағы­лып жатыр, деп хабар­ла­ды «Еура­зия бірін­ші арнасы».

«Ере­же­де бар­лы­ғы жазы­лған. Мыса­лы, бұза­уды ала­тын бол­сақ, 1–2 жасқа дей­ін есеп­ке алын­бай­ды. Жаңа егіл­ген аға­штар да өнім бер­ген­ше есеп­тел­мей­ді», – деп түсін­дір­ді ҚР Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гінің бас сарап­шы­сы Ғалия Жабағина.

Бұзау есеп­ке алын­баға­ны­мен, мама сиыр кіріс әке­лу­ші болып есеп­те­леді. Егер бір жасқа дей­ін­гі бала күті­міне бай­ла­ны­сты жәр­де­мақы алып отыр­саңыз, ол отба­сы­ның табысы­на жата­ды. Мүге­дек бала­ны бағып оты­рғанға берілетін жәр­де­мақы­ны да кіріс деп есеп­теп қой­ған. Осы жыл­дың қаңтар, ақпан, наурыз айын­да кре­дит алған бол­саңыз, оны да кіріс деп есептейді.

«Көп жағ­дай­да кре­дит­ті пай­да көру үшін ала­ды. Бірақ кре­дит­тің бар­лық сома­сы жиын­тық табысқа жат­пай­ды. Соңғы үш айда төле­нетін сомаға ғана есеп­те­леді. Ол кісі осы ақша­ны алар бұрын банк­ке төле­у­ге қабілет­ті екенін дәлел­дей­ді ғой», – дей­ді Ғалия Жабағина.

21 мыңға ниет­ті бол­саңыз, кре­дит бол­мауы керек. Сосын ажы­рас­паңыз. Күй­е­уің­нен али­мент ала­сың деп, әр балаңы­зға 21 мың­ды қимай қоюы мүм­кін. Зей­нет­кер ата-әжеңіз бол­са, әлгі ата­у­лы көмек­ті көр­мей кетуіңіз мүм­кін. Кіріс-шығы­стар­ды осы­лай есеп­ке алмаған соң, талай келін­шек жәр­де­мақы­дан қағы­лып жатыр.

Sputnik.kz 

Республиканский еженедельник онлайн