Суббота , 5 июля 2025

БЛИНКЕН НЕГЕ КЕЛДІ?

  • Қаза­қстанға ресми сапар­мен кел­ген АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Энто­ни Блин­кен Аста­на­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­пен кез­десіп, еке­уа­ра бір жарым сағат сөй­ле­сті. Әрине, біз бұл оңа­ша кез­де­судің нақты мән-жай­ын біл­мей­міз. Бірақ Халы­қа­ра­лық Кар­не­ги қоры­ның аға ғылы­ми қыз­мет­кері Темур Ума­ро­втың пікірін­ше, Блин­кен бұл сапа­рын­да Қаза­қстан мен Орта­лық Азия (ОА) елдеріне ықпал етіп, Укра­и­на­дағы соғы­сқа қаты­сты пози­ци­я­сын нақты­ла­у­ға көн­діру­ге тыры­сқан. Бұл орай­да Блин­кен­нің сапа­ры­на дей­ін сарап­шы не деген еді?
  • САПАРҒА ДЕЙІН

«Азаттық»: Аме­ри­ка Орта­лық Азия әлі де маңы­зды екенін, әсіре­се Укра­и­на­дағы соғыс жағ­дай­ын­да аймаққа ерекше көңіл бөліп оты­рға­нын көр­сет­кісі кел­ген шығар?

Темур Ума­ров: АҚШ мұны әртүр­лі әдіспен көр­се­ту­ге тыры­са­ды. Аме­ри­ка өзін әлем­де­гі ең маңы­зды әрі қуат­ты дер­жа­ва санай­ды. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік хат­шы Блин­кен мен АҚШ өкіл­дері Орта­лық Ази­яға ғана емес, өзі­нен алыс орна­ласқан, бірақ Вашинг­тон­ның ұлт­тық мүд­десіне кіретін басқа да мем­ле­кет­тер­ге барып тұрады.

Укра­и­на­дағы соғыс, шыны­мен, ОА елдерінің өз жағ­дайы тура­лы түсіні­гін өзгер­тіп, АҚШ үшін аймақтың маңы­зын арт­тыр­ды. Бірақ Аме­ри­ка өңір­ге ора­ла­тын­дай маңы­зды емес. Соғыс жүріп жатыр екен деп, ОА елдері мен АҚШ ара­сын­да ешқан­дай құры­лым­дық өзгерістер бол­май­ды. Әріп­те­стік­тің жаңа фор­ма­ты, эко­но­ми­ка­лық өрлеу, әске­ри серік­те­стік­тің ныға­юы сияқты еле­улі өзгерістер­дің иісі де жоқ. Қазір АҚШ бар күшін Укра­и­наға салып жатқан­ды­қтан, ОА елдеріне ұсы­на­тын ресур­ста­ры шек­те­улі. АҚШ гума­ни­тар­лық көмек, ауыл­дық өңір­лер­ді дамы­ту, аз қам­ты­лған отба­сы­ларға білім беру неме­се мил­ли­он дол­лар­дан аспай­тын мөл­шер­де қай­та­рым­сыз көмек бөлу сияқты ұсы­ны­стар айт­са – таңқал­май­мын. Аме­ри­ка маңы­зды әрі елең еткі­зетін дүни­е­лер ұсы­на­ды деген­ге күмәнім бар.

Қазір АҚШ-ты Ресей мен Укра­и­на текетіресін басты наза­рға алуы ғана шек­теп отыр. Сон­ды­қтан олар ОА елдеріне қысым жасап, олар­дың соғы­сқа қаты­сты пози­ци­я­сын нақты­ла­у­ға тыры­са­ды. Яғни, Орта­лық Азия елдерін Ресей­ге қар­сы тұруға үгіт­теп көреді.

Бұл – ОА елдері үшін күр­делі стра­те­ги­я­лық мәсе­ле. Өңір мем­ле­кет­тері Ресей­ге тәу­ел­ді болған­ды­қтан, АҚШ сұра­ды екен деп, Ресей­ге қар­сы шыға алмай­ды. Олар Ресей­дің аймақта әлі ұзақ бола­ты­нын түсі­неді. Ортақ шека­ра­сы болған­ды­қтан, Қытай­дан да жақын ара­да іргесін аулақ сала алмай­ты­нын біледі. АҚШ – қысқа мерзім­ді жоба, Вашинг­тон дегеніне жет­кен күні Орта­лық Ази­яға қызы­ғу­шы­лы­ғы басы­ла­ды. Яғни, Ресей­ге қар­сы шық­са, АҚШ аймақ елдерінің қауіп­сізді­гіне кепіл­дік бер­мей­ді. Сон­ды­қтан бұл мәсе­ле Блин­кен­ді тығы­ры­ққа тірей­ді. АҚШ әкім­шілі­гі осы­ны біліп, ОА елдерін Ресей­ге қар­сы пози­ци­яда болуға көн­діру­ден ештеңе шық­пай­ты­нын түсін­се, бұл тақы­рып­та мәлім­де­ме жаса­май­ды. Сырт көз­ден тыс жер­де бей­ре­сми талқы­ла­уы мүм­кін. Ал қоғам алдын­да АҚШ пен ОА елдерінің әріп­те­сті­гі жалға­са­ды деумен шектеледі.

«Азаттық»: ОА елдері мей­лін­ше бей­та­рап болуға тыры­сып келеді. Жақын­да Бела­русь пре­зи­ден­ті Алек­сандр Лука­шен­ко Ұжым­дық қауіп­сіздік шарт тура­лы ұйым­ның бас хат­шы­сы Иманға­ли Тасмағам­бе­тов­пен кез­де­су­де Орта­лық Азия елдері «үнде­мей құты­лып кете алмай­ты­нын» ескер­тіп, одақ мүше­лерін күш бірік­тіру­ге шақыр­ды. Бір жағы­нан, дәстүр­лі ойын­шы – Ресей Лука­шен­ко арқы­лы «қай тарап­ты қол­дай­ты­ны­ң­ды таң­да» деп отыр, екін­ші жағы­нан – Батыс та пози­ци­я­сын нақты­ла­у­ға шақыр­ды. Аймақ елдеріне қысым күшей­ді ме?

Темур Ума­ров: Қысым күшей­еді, өйт­кені аймақ елдері екі оттың орта­сын­да қал­ды. ОА елдері бар­лық тарап­пен жақ­сы ара­ла­са­ды. Көп­век­тор­лы сая­сат­тың кері сал­да­ры – осы. Бәрі­мен дос болған соң, әр тарап келіп өз қала­у­ын айта­ды, қол­дау күте­ді. Бір мем­ле­кет­тер сыпайы, дипло­ма­ти­я­лық жол­мен сұрай­ды, Лука­шен­ко сияқты­лар қоқан-лоққы көр­сет­кен­ді ұнатады.

Лука­шен­ко мұны бірін­ші рет жасап оты­рған жоқ. Ол «Өзбек­стан ел ішін­де қауіп төн­генін қала­ма­са, Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы шарт ұйы­мы­на мой­ын бұрға­ны жөн» деген еді. Лука­шен­ко бұл жер­де мәсе­ле­ге өз көзқа­ра­сы тұрғы­сы­нан қарап отыр. Бела­русь Ресей­ге толы­қтай тәу­ел­ді болып қал­ды. 2020 жылғы тамы­зда жап­пай нара­зы­лық сал­да­ры­нан Лука­шен­ко­ның режи­мі құла­у­ға шақ қал­ды. Кей­ін соғыс бастал­ды. Лука­шен­ко лез­де агрес­сор мем­ле­кет­ке қосы­лып кет­ті. Ол өзін жай­сыз сезініп отыр, өйт­кені бұры­нғы­дай Мәс­ке­у­ге қар­сы аргу­мен­ті жоқ.

Нара­зы­лы­ққа дей­ін Лука­шен­ко «Мәс­кеу шар­ты­мы­зды орын­да­ма­са, Еуро­па қуа­на-қуа­на әріп­тес бола­ды» дей­тін. Бірақ Лука­шен­ко Ресей­дің қол­да­уы­ның арқа­сын­да билі­гін сақтап қалған­ды­қтан, қазір оның басқа ама­лы жоқ. Енді­гі жалғыз ама­лы − қата­ры­на мей­лін­ше көп мем­ле­кет­ті қосып алып, тәу­ел­ді елдер санын көбей­ту. Сон­да Бела­русь өзін сыр­тқы сая­са­тын аны­қтай алмай­тын, Ресей­ге тәу­ел­ді мем­ле­кет емес, үлкен бір ұжым­ның бөл­ше­гі сезі­нер еді. Лука­шен­ко­ның пікірін осы­лай түсін­діру­ге бола­ды. Бұл мін­дет­ті түр­де Кремль Лука­шен­ко арқы­лы ОА елдеріне мес­седж жіберіп отыр деген­ді біл­дір­мей­ді. Бұл Лука­шен­ко­ның өз пози­ци­я­сы болуы да мүмкін.

«Азаттық»: Әртүр­лі ойын­шы­лар­дың қысы­мы арт­са, Қаза­қстан Укра­и­на мәсе­лесін­де әлі қан­ша уақыт тепе-теңдік сақтап, бей­та­рап қала алады?

Темур Ума­ров: Әлі ұзақ осы­лай жүру­ге бола­ды деп ойлай­мын. Бұл – Тоқа­евқа әуелі Бай­ден, кей­ін Путин хабар­ла­сып, әр тарап Қаза­қстан­ды өз жағы­на тар­туға тыры­са­тын­дай қысым емес. Бәрі мем­ле­ке­та­ра­лық қарым-қаты­нас дең­гей­ін­де жүреді. Түп­кілік­ті шешім­ді Қаза­қстан­ның өзі қабыл­дай­ды. Шешім шыға­рар­да, қысы­мға емес, өзіне, сыр­тқы сая­сатқа тиім­ділі­гіне назар аударады.

Сыр­тқы сая­сатқа кел­ген­де бір­де-бір мем­ле­кет эмо­ци­яға сүй­ен­бей­ді. Бәрі өз қоға­мы мен сая­си режи­міне тиім­дісін таң­дай­ды. Сон­ды­қтан Қаза­қстан әр жаңа­лық, оқиға болған сай­ын, әлем­де­гі жағ­дай қалай өзгеріп жатқа­ны­на қарап, қан­ша қажет бол­са, сон­ша уақыт тепе-теңдік сақта­уға тырысады.

«Азаттық»: Мем­ле­кет­тік хат­шы­ның ОА істері бой­ын­ша көмек­шісі Дональд Лу аймақ елдерінің Ресей­мен қарым-қаты­на­сы терең екенін, бұл бай­ла­ны­стар жақын ара­да үзіледі деп күт­пей­тінін айт­ты. Бірақ «Оларға ойнай ала­тын рөл ұсы­нып отыр­мыз» деді. Лу қан­дай рөл­ді мең­зеп отыр?

Темур Ума­ров: Орта­лық Азия елдері бұл кикіл­жің­ге ықпал етіп, яғни аймақ елдері Пут­ин­ді неме­се Зелен­ский­ді пікірі мен әре­кетін өзгер­ту­ге мәж­бүр­лей алмай­ды. Олар­дың мүм­кін­ді­гі шек­те­улі. Жағ­дай­ға қарай бей­ім­де­лу­ден басқа ама­лы жоқ. Бірақ бей­ім­де­лудің өзін әртүр­лі жүзе­ге асы­руға бола­ды. [Тәжік­стан пре­зи­ден­ті Эмо­ма­ли] Рах­мон сияқты Ресей­ден өзіңіз­ге көбірек назар ауда­ру­ды сұрап, өз пай­даңы­зды ойлап, кикіл­жің тура­лы ештеңе айт­па­уға болады.

Қаза­қстан сияқты жұрт­тың алдын­да әске­ри қимыл­дар­ды қол­да­май, бей­біт­шілік пен халы­қа­ра­лық заң­дар­ды бұз­ба­уға үндеп, іс жүзін­де Ресей­дің қазір­гі жағ­дай­ы­нан пай­да көру­ге тыры­сып, сауда айна­лы­мын арт­ты­рып, көр­шісінің импорт тау­ар­ларға сұра­ны­сын қанағат­тан­ды­рып оты­ру деген нұсқа да бар.

  • САПАРДАН КЕЙІН

Джо Бай­ден әкім­шілі­гінің Қаза­қстанға кел­ген ең жоға­ры лау­а­зым­ды өкілі – АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы Энто­ни Блин­кен Аста­на­да ОА елдерінің дипло­ма­ти­я­лық сам­ми­ті – С5+1 жиы­ны­на қаты­сты. Оған Қаза­қстан, Қырғыз­стан, Тәжік­стан, Түр­кі­мен­стан және Өзбек­стан сыр­тқы істер мини­стр­лері кел­ді.
С5+1 сам­ми­ті 2015 жыл­дан бері бір­не­ше рет өкізіл­ген. АҚШ Мем­ле­кет­тік депар­та­мен­ті бұл сам­мит­ті «АҚШ-пен бір­ле­се оты­рып, ортақ мәсе­ле­лер­ді шешетін, тәу­ел­сіз, гүл­ден­ген және қауіп­сіз Орта­лық Азия құру мақ­са­тын» көз­дей­тін жиын деп атады.

Жиын­да қан­дай мәсе­ле қозғалға­ны бел­гісіз, себебі оған жур­на­ли­стер жіберіл­меді және оның күн тәр­тібі жарияланбады.

«Бар­лы­ғы­ңыз жақ­сы білесіз­дер, АҚШ Қаза­қстан­ның еге­мен­ді­гін, тәу­ел­сізді­гін және жер тұта­сты­ғын толық қол­дай­ды. Кей­де бұл сөз­дер­ді жай айта­мыз, бірақ олар­дың шынайы мағы­на­сы бар, әсіре­се дәл қазір­гі уақыт­та оның сал­мағы анағұр­лым ауыр», – деді Блин­кен Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры, сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді­мен кез­де­су кезінде.

АҚШ сыр­тқы сая­сат меке­месінің бас­шы­сы Укра­и­на­дағы соғыс кон­тексін­де «еге­мен­дік, тәу­ел­сіздік және жер тұта­сты­ғы» деген тір­кесті жиі қай­та­ла­у­мен болды.

«Елдер­дің Ресей агрес­си­я­сы­на қар­сы тұруы­ның ең маңы­зды жері – Укра­и­на­ны қорға­уға көмек­те­су емес, осы прин­циптер­ді қорға­уға жәр­дем­де­су. Себебі біз олар­ды бұзып, ол үшін жаза­сыз қалуға мүм­кін­дік бер­сек, бұл Ресей­дің басқа елдер­ге де агрес­си­я­ны жалға­сты­ру тура­лы ойла­нуы­на жол аша­ды», – деді АҚШ мем­ле­кет­тік хатшысы.

Энто­ни Блин­кен Ресей­ден қашып кел­ген «200 мың Ресей аза­ма­тын пана­сы­на алып оты­рға­ны үшін» және укра­ин халқы­на азық, киім-кешек, дәрі-дәр­мек, басқа да гума­ни­тар­лық көмек жібер­гені үшін, соның ішін­де «соғы­стан қашқан­дар жылы­нып, пана таба­тын» киіз үй тігіп бер­гені үшін Қаза­қстанға алғыс айтты.

Блин­кен сапа­ры қар­саңын­да сарап­шы­лар «АҚШ өкілі Укра­и­наға шабуы­лы үшін Ресей­ге салы­нған санк­ци­я­лар­ды айна­лып өту­де Мәс­ке­у­ге көмек­тесіп жатқан Орта­лық Азия елдеріне Вашинг­тон ескер­ту жасай­ды» деген болжам айтқан. Жур­на­ли­стер­ді де осы сау­ал көп қызықтырды.

Санк­ция тура­лы сөз болған­да да, Блин­кен халы­қа­ра­лық құқы­қтың БҰҰ хар­ти­я­сын­да айты­лған басты прин­циптері – жер тұта­сты­ғы, тәу­ел­сіздік және еге­мен­дік тура­лы айт­ты және «бұл прин­циптер­дің Орта­лық Азия елдері үшін маңы­зы зор» екеніне тоқталды.

Қаза­қстан сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді Ресей­мен тығыз эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­нас орнатқан Аста­наға санк­ци­я­лар «ауыр тиіп жатқа­нын» айтты.

«Қаза­қстан­ның Ресей­мен және Укра­и­на­мен ара­да тари­хи бай­ла­ны­сы бар. Біздің эко­но­ми­ка­мыз бұрын­нан өза­ра бай­ла­ны­сқан. Сон­ды­қтан бұл оқиға­ның бар­лы­ғы біз­ге, біздің эко­но­ми­ка­мы­зға ауыр әсер ете­ді. Біз санк­ци­я­лар­дың жағым­сыз әсерін бол­дыр­мауға тыры­сып жатыр­мыз. Қаза­қстан – Еура­зия эко­но­ми­ка­лық одағы­ның мүше­сі, біздің Ресей­мен және осы одақтың басқа елдері­мен ара­мы­зда кеден жоқ, сон­ды­қтан шека­ра­лар ара­сын­дағы қыз­мет пен тау­ар­дың еркін сауда­сын қам­та­ма­сыз етіп, әрі Ресей­дің және өзге шетел ком­па­ни­я­ла­ры­ның санк­ци­я­лар­ды бұзуы­на жол бер­ме­уді қадаға­лау қиын», – деді Тілеуберді.

Энто­ни Блин­кен «Ресей­ден қол үзіп, іргесін аулақ салуға уақыт қал­ды­ру мақ­са­тын­да» Ресей ком­па­ни­я­ла­ры­мен тығыз бай­ла­ны­сқан меке­ме­лер­ге арнайы лицен­зия беретінін және ОА елдерінің сауда жол­да­рын әрта­рап­тан­ды­руы­на мүм­кін­дік жасай­ты­нын айтты.

АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы­ның айтуын­ша, Вашинг­тон аймақ елдеріне «Эко­но­ми­ка­лық тұрақты­лық баста­ма­сы» аясын­да 25 мил­ли­он дол­лар бөл­мек. Бұл баста­ма Орта­лық Азия аймағы­ның «бір ғана елге тәу­ел­ді бол­май, сауда жол­да­рын дамы­туы­на және жеке сек­тор­дан инве­сти­ция тар­туға» мүм­кін­дік береді.

Энто­ни Блин­кен Қаза­қстан­дағы Тоқа­ев жари­я­лаған рефор­ма­лар жүзе­ге аса­ры­на үміт­те­нетінін айтты.

«Пре­зи­дент Тоқа­ев өткен науры­зда жари­я­лаған рефор­ма­лар­ды қол­дай­ты­ны­мы­зды тағы да қай­та­лай­мын. Қаза­қстан халы­қтың сая­си про­цес­ке ара­ла­суын, үкі­мет­тің жау­ап­ты­лы­ғы, жемқор­лы­қты ауы­зды­қтау, пре­зи­дент өкілетін қысқар­ту және адам құқы­қта­рын қорға­уды көз­дей­ді, сол жос­пар­ды орын­дай­ды деп сене­міз», – деді Блин­кен. Оның айтуын­ша, шетел­дік инве­стор­лар сол рефор­ма­ларға үміт артып, Қаза­қстанға инве­сти­ция салып жатыр. 1990-жыл­дар­дан бері АҚШ Қаза­қстанға 50 млрд дол­лар­дай инве­сти­ция салған.

Сам­мит жиы­ны­нан кей­ін Тіле­убер­ді мен Блин­кен бри­финг­ке шыққан соң, Қаза­қстан­ның екі, АҚШ-тың екі жур­на­лисінің сау­ал қоюы­на мүм­кін­дік бер­ді. Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің өкілі «сау­ал­дар кез­де­су тақы­ры­бы­на сай болуы керекті­гін» ескерт­ті. «Азаттық» тіл­шісі Қаңтар оқиға­сын­да қаза тапқан­дар ісінің тер­ге­луі, онда адам құқы­қта­ры­ның сақта­луы тура­лы көзқа­ра­сын сұрап, сау­ал қой­мақ болған. Оған мүм­кін­дік берілмеді.

Есесіне АҚШ өкілі Укра­и­на­ның Мәс­ке­у­ге теге­урін­ді қар­сы­лы­ғын «жетістік» деп атап, мұн­да аза­мат­тық қоғам­ның да үлкен үлесі бар деді. Блин­кен­нің айтуын­ша, Укра­и­на­ның Ресей агрес­си­я­сы­на төтеп беруіне Укра­и­на әскерінің «ерекше батыл­ды­ғы және қару­лы күш­терінің жан­ке­шті әре­кеті­мен» қоса, ондағы «мықты аза­мат­тық қоғам» да ерекше үлес қосқан. «Мықты қоғам­ның үкі­мет ішін­де­гі ғана емес (бұл да маңы­зды, әрине), одан тысқа­ры жатқан берік инсти­тут­та­ры бола­ды. Мұның ішін­де еркін бас­пасөз бен еркін аза­мат­тық қоғам бар. Бұлар­дың еке­уі де – Ресей агрес­си­я­сы­на төтеп беру­де­гі Укра­и­на жетісті­гінің бір бөлі­гі», – деді АҚШ мем­ле­кет­тік хатшысы.

  • Azattyq.org жари­я­ла­ным­да­ры негізін­де топ­та­ма­ны дай­ын­даған Алма Жақсылыққызы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн