Суббота , 1 ноября 2025

БЛОГЕРСЫМАҚТАРДЫ қатаң жауапқа тартатын кез келді

АСТАНА. KAZINFORM – Пранк бары­сын­да қоғам­дық тәр­тіп­ті бұзған­дар­дың біры­ңғай тізі­мін жасап, оны жари­я­лау қажет. Мұн­дай ұсы­ны­сты Ішкі істер мен Мәде­ни­ет мини­стр­лерінің аты­на сау­ал жол­даған Мәжіліс депу­та­ты Нар­тай Сәр­сенға­ли­ев жасады.

– Қазір қоғам­да пранк­пен парақ­ша­сын­дағы лүпіл­дің санын арт­ты­рған­мен пара­сат биі­гі­нен омақа­са құлаған­дар қап­тап кет­ті. Адам­ды қорқы­ту­ды, қоғам­дық орын­да ақы­мақтық жаса­уды қызық көріп, әзіл­дің шека­ра­сы­нан шығып кет­кен әркім­дер әле­умет­тік желі­де әлек салу­ды доғар­май тұр. Нақты мысал айтай­ын. Аста­на қала­сын­да бло­гер доста­ры­мен бір­ге лифт­тің ішіне «жалған мәй­іт­ті» кір­гізіп, кей­ін жары­қты өшіреді. Сол сәт­те мәй­іт кей­пін­де­гі адам қозға­ла бастай­ды. Жедел­са­ты­ның ішін­де болған­дар­дың жан дау­сы шықты. Елор­да­ның тағы бір тұрғы­ны жедел­са­ты­ға тапан­ша­мен кіріп, оны адам­дарға кезеп жұрт­тың зәре-құтын алды. Алма­ты­да бло­гер­лер аула сыпы­ру­шы­ларға қоқыс лақты­рып, мазақ етіп бей­не­жа­з­ба түсіріп тарат­ты. Мұн­дай мысал мың. Желі­ге желім­дей жабысқан­дар «пранк» деп атай­тын бұл әре­кет­тер­дің ақы­лға том­пақ екенін аңға­ру қиын емес, – деді Мәжіліс депутаты.

Ол кей­бір бло­гер­сы­мақтар шетел­ге барып, абы­рой­ды айран­дай төгіп жүр­генін де атап өтті.

– Мәсе­лен, қаза­қстан­дық бло­гер Ару­жан Айбе­ко­ва Қытай­да «ұрлық жасап жатқан­дай» ролик түсір­ген. Арты үлкен шу болып, ақы­ры әлгі қыз жер­гілік­ті поли­ци­яға шақы­рыл­ды. Түсін­ді­ру жұмыста­ры жүр­гізіл­ді. Бірақ ол түсін­ді ме? Өйт­кені дәл осы бло­гер­дің ара­да аз уақыт өткен­де Таш­кент мет­ро­сын­да жігіт­тер­дің қолы­нан ұстап, тиіс­кені тура­лы бей­не­жа­з­ба тағы тара­ды. «Ойын­нан да омыр­тқа сына­ты­нын» біл­мей­тін мұн­дай бло­гер­сы­мақтар­ды қатаң жау­а­пқа тар­та­тын кез кел­ді. Себебі бұл – адам­ның жеке өміріне қол сұғу, қоғам­дық тәр­тіп­ті бұзу, – деді ол.

Нар­тай Сәр­сенға­ли­ев қазір пранк деген пары­қ­сыз әре­кет­тің тағы бір түрі пай­да болға­нын, ол жасан­ды инте­лек­пен жаса­ла­ты­нын атап өтті.

– Бірін­де мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның, лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың қан­дай да бір дүкен­ге сауда жаса­уға кел­гені бей­не­лен­ген. Цифр­лық тех­но­ло­ги­я­ны біл­мей­тін адам­ның сана­сы сан саққа жүгіреді, сеніп қала­ды. Мар­ке­тинг үшін деп жасан­ды инте­лект арқы­лы мұн­дай жасан­ды­лы­ққа жүгі­нуді тоқта­ту керек. Тағы бір пранк­те бала­лар ата-ана­ла­ры­на «таны­май­тын адам үйге келіп тұр, не істей­міз?» деп жасан­ды инте­лект арқы­лы бей­мәлім адам­ның үйге кіріп кет­кен, пәтер­ді ара­лап жүр­ген сурет­терін жібе­реді. Зәресі ұшқан ата-ана поли­ци­яға теле­фон шала­ды, жұмысын тастап үйіне бара­ды. Ақы­рын­да бұл пранк деп бала-шаға бей­қам оты­ра­ды. Дәл сол уақыт­та поли­ция шын мұқтаж ада­мға көмек­ке баруға үлгер­мей қалуы мүм­кін, оны интер­нет­тің инесіне оты­рған­дар ұқпай­ды, – деді депутат.

Осы­ған орай мәжілісмен Ішкі істер мини­стрі Ерлан Саде­нов пен Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Аида Бала­е­ваға мына­дай ұсы­ны­стар берді:

- пранк бары­сын­да қоғам­дық тәр­тіп­ті бұзған, жеке адам­ның өміріне қол сұққан­дар­ды аны­қтап, олар­дың біры­ңғай тізі­мін жасап жари­я­лау қажет;

- қауіп­ті пранк арқы­лы адам­ның ар-намысы мен абы­рой­ы­на қол сұққан­дар­дың әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­ла­рын дереу бұғат­тау керек;

 — әле­умет­тік желі әкім­шілері­нен қауіп­ті пранк­тер мен бей­не­жа­з­ба жари­я­ланған парақ­ша­лар­ды аны­қтап, уәкілет­ті органға жедел хабар­ла­уды талап ету қажет;

- мұн­дай теріс құбы­лы­стың алдын алу мақ­са­тын­да ақпа­рат­тық-түсін­ді­ру жұмыста­рын жүй­елі түр­де, нәти­же беретін кон­тент ретін­де жүр­гі­зу керек.

Республиканский еженедельник онлайн