Пятница , 4 июля 2025

Болат базарынан АЙЫРЫЛДЫ

  • Экс-пре­зи­дент­тің туған інісі Болат Назар­ба­ев “Барыс‑4” көтер­ме база­ры­нан (“Оптов­ка”) түбе­гей­лі айы­рыл­ды деп жаз­ды Orda.kz.

Алма­ты қала­лық соты бұл база­рдың иесі “Най­за-БН” ком­па­ни­я­сы­ның жеке­ше­лен­дірілуін заң­сыз деп таны­ған бірін­ші инстан­ци­ядағы сот шеші­мін мақұл­дап, “Най­за-БН” құры­л­тай­шы­ла­ры­ның бірі кіші-Назар­ба­ев­тың өтіні­шін орын­да­маған. Болат Назар­ба­ев апел­ля­ци­я­лық шағы­мын­да аталған база­рды “заң­ды жол­мен иелен­генін” дәлел­де­у­ге тырысқан.

Был­тыр қазан­да Алма­ты­ның ауда­на­ра­лық эко­но­ми­ка­лық соты про­ку­ра­ту­ра­ның “Барыс‑4” көтер­ме база­ры­ның жеке­ше­лен­генін заң­сыз деп тану тура­лы талап ары­зын қанағат­тан­ды­рған еді. Осы­лай­ша экс-пре­зи­дент­тің інісіне қаты­сы бар базар мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­ры­ла­ты­ны айтылған.

Ақпа­рат құра­лы­ның хабар­ла­у­ын­ша, құны 1,5 мил­ли­ард тең­ге (үш мил­ли­он дол­лар­дан астам) тұра­тын базар жеке­ше­лен­діріл­ген кез­де небәрі 307 мил­ли­он тең­ге­ге (640 мың дол­лар шама­сы) саты­лған. Про­ку­рор­лар­дың күді­гін­ше, база­рдың баға­сы бес есе төмен­детіл­ген болуы мүм­кін. Ал қар­жы мини­стр­лі­гінің “Най­за БН” мем­ле­кет­тік үлесін саудаға шыға­ру тура­лы бұй­ры­ғы заң­на­маға мүл­де қайшы.

Orda.kz мәлі­метін­ше, бірін­ші инстан­ци­ядағы сот шеші­міне келіс­пе­ген Болат Назар­ба­ев апел­ля­ци­я­лық шағы­мын­да сот дәлел­дер­ге “дұрыс баға бер­ме­генін” жазған. Бұған қоса, про­ку­ра­ту­ра­ның сотқа шағым түсіруіне өкілеті бол­маға­нын да алға тар­тқан. Ол база­рды заң­ды жол­мен иелен­генін дәлел­де­у­ге тырысқан.

Бірақ сот алға­шқы инстан­ци­ядағы орган шеші­мін өзгеріс­сіз қал­ды­рған. “Енді Болат Назар­ба­ев­тың Жоғарғы сотқа шағым­да­нуы­на алты ай уақы­ты бар” деп жаз­ды Orda.kz.

Болат Назар­ба­ев – Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың інісі. Кемін­де 238 адам өлген Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен оған жақын адам­дар­дың билік­те­гі ықпа­лы әлсірей бастаға­ны тура­лы түр­лі болжам айтылған.

Назар­ба­ев­тың кей­бір туы­ста­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­тер­ден алы­нып, кей­бірі түр­ме­ге қамалды.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев билік құрып тұрған тұста елде­гі ең ықпал­ды биз­нес­мен әрі ауқат­ты адам­дар­дың бірі болған Болат Назар­ба­ев­ты Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін кезін­де “рей­дер­лік жаса­ды” деп айып­таған­дар көбейген.

Был­тыр шіл­де­де билік­ке жақын ақпа­рат құрал­да­ры Болат Назар­ба­ев­тың “көп жыл­дан бері науқас екенін” айтып, арбаға таңы­лған видео­сын жари­я­лаған. Жақын­да­ры ол бір­не­ше жыл­дан бері “қатер­лі ісік­ке шал­ды­ққа­нын” айтқан. Сарап­шы­лар­дың кей­бірі “науқас Болат­ты көр­се­ту арқы­лы туы­ста­ры қоғам­ның аяны­шын туғы­зғы­сы келеді, өйт­кені оның үсті­нен іс қозға­луы мүм­кін” деп айтқан.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн