Четверг , 19 июня 2025

БЫЛТЫРҒЫ БЮДЖЕТ: Үкіметтің «балапанын» КҮЗДЕ САНАЙМЫЗ

Кеше ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің жалпы отырысын­да Жоғарғы ауди­тор­лық пала­та­ның 2024 жылғы мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің орында­луы жөнін­де есебі тың­дал­ды. Үкі­мет мүше­лері қаты­сқан пле­нар­ка­да Мәжілісте­гі «Ама­нат» пар­ти­я­сы­ның жетек­шісі Елнұр Бей­сен­ба­ев жасаған баян­да­ма­ны қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

2024 жылғы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің орын­да­луын­да жүй­елі про­бле­ма­лар мен кем­шілік­тер аз емес. Пре­зи­дент­тің қатаң ескер­туіне қара­ма­стан, был­ты­рғы жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша Ұлт­тық қор­дан бюд­жет­ті тол­ты­ру үшін 5,6 трлн тең­ге алын­са, биыл тағы 5,3 трлн тең­ге жара­ты­ла­ды. Яғни, 2024 жылы бюд­жет­тің 25 про­цен­ті, 2025 жылы тағы 23 про­цен­ті Ұлт­тық қор­дан тол­ты­ры­ла­ды. Бұл қауіп­ті әрі оны жақын ара­да тоқта­ту мүм­кін емес үрдіс­ке айнал­ды. Қын­жы­л­та­ты­ны осы.

Енді бұл шығы­стар­ды азай­ту өте қиын, себебі бұл елі­міз­де­гі әле­умет­тік, инфрақұры­лым­дық мін­дет­тер­ді тоқта­тып қана қой­май, басқа да соққы­ларға әке­луі мүм­кін акси­о­маға айналды.

Екін­ші мәсе­ле – азық-түлік баға­сы. Жыл­да Үкі­мет оның небәрі 7–8 пай­ы­зға қым­бат­таға­нын айта­ды. Ал шын­ту­ай­тын­да биыл бір ғана кар­топ­тың өзі 2,5 есе­ге өсіп, 500 тең­ге бол­ды. Яғни, 150 пай­ы­зға күрт көтеріл­ген. Мини­стр­лік­тің баға­ны рет­тей­міз деген мәлім­десі орын­дал­ма­ды. Дәл қазір «Маг­нум­дағы» кар­топ­тың баға­сы – 550 тең­ге­ден саты­лу­да. Ал үш жыл бұрын қыза­нақ пен қияр­дың баға­сы 1,5 мың тең­ге­ден асқан­да таңқалған халы­қтың қазір оған еті үйреніп кетті.

Үшін­ші – Үкі­мет­тің мәлім­де­уін­ше, дәл қазір елі­міз­де орта­ша жалақы 423 мың тең­гені, яғни 830 дол­лар­ды құрай­ды деген мәлім­де­месі ешқан­дай сенім ұяла­та алмай­ды. Мыса­лы, елі­міз­де дәл қазір 3 мил­ли­он адам – небәрі 200 мың тең­ге жалақы алса, ал 1 мил­ли­он 800 мың аза­мат ең төмен­гі жалақы – 85 мың тең­ге­ге күн көріп отыр. Сон­да 423 мың тең­ге жалақы­ны кім ала­ды? Менің­ше, бұл сан­ның ариф­ме­ти­ка­сын Үкі­мет былай есеп­тей­тін сияқты: мыса­лы, Асан 1 мил­ли­он тең­ге жалақы алса, ал Үсен мен Есен 100 мың тең­ге­ден ала­ды. Сон­да үше­уіне шаққан­да орта­ша жалақы 400 мың тең­гені құрайды.

Төр­тін­ші – елі­міз­де жұмыс­сыздық көр­сет­кі­ші соңғы 15 жыл бойы өзгеріс­сіз 5 пай­ы­зды құрап отыр. Тіп­ті пан­де­мия кезін­де Еуро­па­ның ірі мем­ле­кет­терін­де жұмыс­сыздық көр­сет­кі­ші 17 пай­ы­зға дей­ін өссе де, ал Қаза­қстан­да сол баяғы 4,5 пай­ыз, яғни өзгер­мей­тін 451 мың жұмыс­сыз адам. Елі­міз­де­гі еңбек­ке қабілет­ті шама­мен 10 мил­ли­он адам­ның небәрі 5,5 мил­ли­о­ны ғана нақты әрі тұрақты жұмыс істеп жүр. Яғни, олар – қажет­ті салы­қта­рын, жар­на­ла­рын уақты­лы төлей­тін санат. Ал қалған­да­ры қай­да?! Олар­дың көбі уақыт­ша жұмыспен нәпақа­сын табу­да. Менің­ше, пан­де­мия уақы­тын­да 42 500 тең­ге­ден көмек алған – 4,5 мил­ли­он халы­қты әлі күн­ге дей­ін нақты жұмыспен, не кәсіп­пен қам­та­ма­сыз ете алмай келеміз.

Келесі мәсе­ле. Ел болып таба­ты­ны­мыз, яғни жал­пы салы­қтық түсім – 13,5 трлн тең­ге бол­са, ал шығы­сы­мыз – 25,7 трил­ли­он тең­ге. Яғни, біз жыл сай­ын тапқан табыстан шама­мен екі есе­ге артық жаратамыз.

Сон­дай-ақ 2 жыл­дың ішін­де халы­қтың банк­тер­ге тұты­ну­шы­лық несие қары­зы 25 трил­ли­он тең­ге­ге жет­кен. Бұл – елі­міздің бюд­жетіне пара-пар сома. Яғни, біз қары­зға өмір сүріп жатыр­мыз деген сөз. 

Елі­міз­де­гі ауыл тұрғын­да­ры­ның табысы қала­мен салы­сты­рған­да 2 есе­ге аз. Сон­дай-ақ 85 мың тең­ге жалақы ала­тын­дар­дың 1,2 мил­ли­о­ны – ауыл тұрғын­да­ры. Әлі күн­ге дей­ін 200-ден астам ауыл­да емдеу меке­месі мүл­дем жоқ. Ал меди­ци­на­лық нысан­дар­дың тозуы 55 пай­ыз. Жедел жәр­дем көлік­терінің 80% жүру­ге жарамсыз.

Бұдан бөлек, 751 мың тұрғы­ны бар 858 ауыл­да әлі күн­ге дей­ін кең жолақты интер­нет жоқ. 

***

Сле­ду­ю­щее. На соци­аль­ные нуж­ды мы направ­ля­ем свы­ше 60% бюд­же­та стра­ны. Несмот­ря на посто­ян­ную под­держ­ку этой соци­аль­но-чув­стви­тель­ной сфе­ры, депу­та­ты фрак­ции «AMANAT» до сих пор отме­ча­ют систем­ные недо­стат­ки в бюд­жет­ном пла­ни­ро­ва­нии и освоении.

Так, после ряда кор­рек­ти­ро­вок бюд­жет Мини­стер­ства тру­да сокра­тил­ся на 96 млрд тен­ге. Эти сред­ства мог­ли бы быть направ­ле­ны на повы­ше­ние посо­бий по инва­лид­но­сти как мини­мум на 20%, или на дру­гие соци­аль­ные про­ек­ты. Напри­мер, на стро­и­тель­ство реа­би­ли­та­ци­он­ных цен­тров, в кото­рых ост­ро нуж­да­ют­ся 100 тысяч осо­бен­ных детей.

Вме­сто это­го мини­стер­ство без боя и спо­ров, не уве­до­мив депу­та­тов, без­ро­пот­но не осво­ил эти средства. 

Так­же, Мини­стер­ством выс­ше­го обра­зо­ва­ния было сокра­ще­но поряд­ка 52 мил­ли­ар­дов тен­ге. Эти сред­ства изна­чаль­но были одоб­ре­ны депу­та­та­ми с усло­ви­ем их целе­во­го исполь­зо­ва­ния на пря­мое раз­ви­тие нау­ки. Одна­ко дан­ное усло­вие не было выпол­не­но мини­стер­ством, и фак­ти­че­ски нау­ка оста­лась без важ­ных инвестиций.

Кол­ле­ги, эти неис­поль­зо­ван­ные 150 мил­ли­ар­дов тен­ге состав­ля­ют годо­вой бюд­жет цело­го ведом­ства! Это нагляд­но дока­зы­ва­ет, что дан­ный срыв вызван нека­че­ствен­ны­ми ана­ли­за­ми и про­гно­за­ми, кото­рые к тому же состав­ля­ют сами чиновники.

За послед­ние три года коли­че­ство оче­ред­ни­ков на жилье вырос­ло в гео­мет­ри­че­ской про­грес­сии с 400 тысяч до 720 тысяч. То есть еже­год­ный рост состав­лял более 100 тысяч семей. Если учесть, что доступ­ное жилье могут полу­чить толь­ко соци­аль­но-уяз­ви­мый, огра­ни­чен­ный кон­тин­гент, то есть те, кто вста­ет в оче­редь не от хоро­шей жиз­ни. Дан­ный рез­кий рост явля­ет­ся зер­каль­ным отра­же­ни­ем эко­но­ми­че­ских труд­но­стей и низ­ко­го уров­ня доходов.

Отдель­ной исто­ри­ей для наше­го Пра­ви­тель­ства явля­ет­ся ситу­а­ция с госдол­гом. На сего­дня он пре­вы­сил раз­мер бюд­же­та стра­ны на целых 6,2 трил­ли­о­нов и соста­вил 32 трил­ли­о­на тен­ге. Толь­ко еже­год­ное обслу­жи­ва­ние это­го дол­га обхо­дит­ся казне в 2 трил­ли­о­на тен­ге, что, кста­ти, в абсо­лют­ном выра­же­нии никак не вли­я­ет на его сокращение.

Мы видим, что фис­каль­ные про­сче­ты и рост дол­гов угро­жа­ют бюд­же­ту стра­ны. Напри­мер, недо­по­ступ­ле­ние дохо­дов в 1,3 трил­ли­о­на тен­ге в Нац­фонд и рес­пуб­ли­кан­ский бюд­жет, сокра­ще­ние акти­вов Нац­фон­да до 20% от ВВП, рост внеш­не­го дол­га ква­зи­го­су­дар­ствен­но­го сек­то­ра еще на 1 трил­ли­он тенге.

Кро­ме того, по оцен­кам раз­мер внеш­не­го дол­га на нача­ло 2025 года уве­ли­чит­ся еще на 1,5 мил­ли­ар­да дол­ла­ров и соста­вит поряд­ка 168 мил­ли­ар­дов дол­ла­ров США, что рав­но 86 трил­ли­о­нам тенге.

Еще раз хотел бы отме­тить, что после ряда кор­рек­ти­ро­вок с пла­на были убра­ны пока­за­те­ли нало­го­вых поступ­ле­ний на целых 3,1 трил­ли­о­на тен­ге, что сопо­ста­ви­мы с годо­вой выпла­той пен­сий. Отме­чен­ные про­бле­мы пока­зы­ва­ют, что постав­лен­ные перед Пра­ви­тель­ством кон­крет­ные зада­чи по фор­ми­ро­ва­нию «Новой эко­но­ми­че­ской моде­ли» и удво­е­нию ВВП к 2029 году при теку­щих под­хо­дах мало­ре­а­ли­зу­е­мы. Ука­зан­ные пока­за­те­ли и отри­ца­тель­ное саль­до бюд­же­та созда­ют так назы­ва­е­мый «эффект иллю­зии достатка».

***

Келесі негіз­гі мәсе­ле – қазір­гі таң­да елі­міздің 20 өңірінің 17-сі дота­ци­я­лық жағ­дай­да отыр. Тіп­ті мұнай­лы өңір Маңғы­ста­удың өзі қазір дота­ци­яға мәж­бүр. Мыса­лы, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің шама­мен 50 пай­ы­здан аста­мы тіке­лей өңір­лер­ге ауда­ры­ла­ды. Ал кей­бір өңір­лер­дің салы­қтық түсім­дері жер­гілік­ті бюд­жет­тің 15 пай­ы­зын да құра­май­ды. Бұл – өте қауіп­ті үрдіс!

Келесі – ұлт­тық жоба­лар­дың орын­да­лу жайы. Бұл бағыт­та да мәсе­ле шаш-етек­тен. Есеп­ті жыл ішін­де жоба­лар­дың 49,2% ғана аяқталған. Оның жар­ты­сы­нан көбі, яғни 463 жоба аяқтал­маған (50,8%). Атап айтқан­да, «Ауыл – ел бесі­гі» аясын­да 176 жоба толық біт­пе­ген. Ең төмен көр­сет­кіш Сол­түстік Қаза­қстан, Маңғы­стау және Ұлы­тау облы­ста­ры­на тиесілі. 

Несмот­ря на гло­баль­ные вызо­вы, Пра­ви­тель­ство с тру­дом, но доби­ва­ет­ся роста эко­но­ми­ки. Напри­мер, во-пер­вых, по ито­гам 2024 года рост эко­но­ми­ки к ВВП соста­вил 4,8 про­цен­та, то за пять меся­цев 2025 года мы достиг­ли суще­ствен­ной циф­ры в 6 процентов.

Во-вто­рых, кон­со­ли­ди­ро­ван­ные резер­вы золо­то-валют­ных средств и Наци­о­наль­но­го фон­да стра­ны достиг­ли 112,3 млрд долл. США. Это обес­пе­чи­ло Казах­ста­ну место в топ-40 стран мира по меж­ду­на­род­ным резервам.

Үшін­ші­ден, был­тыр тағы да заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­дің 1 трил­ли­он тең­гесі елге қай­та­ры­лып, қай­тқан заң­сыз актив­тер­дің сома­сы – 3 трил­ли­онға жетті.

Төр­тін­ші­ден, Тран­с­кас­пий халы­қа­ра­лық көлік марш­ру­ты бой­ын­ша өтетін жүк тасы­ма­лы 4 мил­ли­он тон­наға жетіп, 62%-ға арт­ты. Бұл негізгілері.

Депу­тат­тар Үкі­мет­пен тығыз жұмыс жасай­ды. Көбін­де жаны­мы­здың ашы­ға­ны­нан қат­ты­рақ айта­мыз. Пре­зи­дент­тің «Ықпал­ды Пар­ла­мент», «Мәсе­ле­лер көше­де емес, Пар­ла­мент­те шешілуі тиіс» деген қағи­дат­та­ры­ның негіз­гі көрінісі де осы.

Әрине, елі­міз­де мәсе­ле бар. Ірі істер­ді қолға алған­да, қателік­тер бола­ты­ны сөз­сіз. Бұл – өмір заң­ды­лы­ғы. Деген­мен, сол қателік­тер жүй­елі про­бле­ма­ларға айнал­мауы тиіс. Сон­ды­қтан бұл тұста біз бар­лық түйт­кіл­дер­ді Үкі­мет­тің жыл­дық қоры­тындыс­ын­да айтуға тиіс­піз. Осы рет­те Үкі­метқұра­у­шы, ірі сая­си пар­ти­я­ның фрак­ци­я­сы аты­нан бюд­жет­тің игерілуі тура­лы есебін аталған ескер­ту­лер­мен бекіту­ге бола­ды деп есептейміз.

«АМАNАТ» фрак­ци­я­сы аты­нан Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн