/Аннотация/
Жақында Парламент Мәжілісінде 2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет мәселесі қаралды. Пленарлық отырысқа арнап, осы мәселе жөнінде «Аманат» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жасаған баяндаманың (қаз-қалпында жарияланды) мазмұны елдің қаржылық ахуалы дабыл қағарлық жағдайға жеткенін айқын аңғартады.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда біз бюджет саясаты бойынша елеулі сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз. Біріншіден, ол – бюджеттің теңгерімсіздігі. Бюджет қаражатының басым бөлігі, яғни 92 %-ы міндетті шығыстарды жабуға бағытталғаны белгілі. Бұл – елімізді дамытуға, яғни болашаққа салынатын инвестицияға небәрі 8-ақ пайыз ғана қалады деген сөз. Мұндай жағдайда серпінді даму, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру туралы сөз айтудың өзі артық.
Екіншіден, бюджет тапшылығын жабу үшін, Ұлттық қордан қаражат алу 2024 жылы ең шекті деңгейге жетті. Биыл бюджеттің кіріс бөлігі небәрі 13,1 трлн теңгені құрады. Яғни, бюджетке 3 триллион теңге көлемінде жоспарланған салықтық түсімдер түспеді.
Дұрыс жоспарламау салдарынан үш триллион теңгенің жетпеуі – салық және бюджеттік саясаттың күйрегені деген сөз емес пе?! Демек, Үкімет бюджетке нақты салықтық түсіммен қамтамасыз етілмеген кірісті салып отыр. Мұны біз Үкіметтің экономикалық блогының жеткілікті деңгейде жауапкершілік пен кәсібилік таныта алмауы деп есептейміз.
Президенттің қатаң ескертуіне қарамастан, Үкімет бюджет тапшылығын жабу үшін, Ұлттық қордан 5,6 трлн теңге, бұған қоса, «Қазатомпром» арқылы тағы да 1 триллион теңгені бюджет есебінен алды. Мұның барлығы – Ұлттық қордың қаражаты. Сонымен биыл Ұлттық қордан 6,6 триллион, ал келесі жылы тағы 5,3 трлн теңге алынады. Бұл – шамамен 24 миллиард АҚШ долларына пара-пар. Ол – жалпы Ұлттық қор көлемінің үштен біріне тең сома. Мұның соңы қордағы активтердің азаюына ұшыратады.
Болашақ ұрпақтың несібесіне қол сұғуды доғару керек. Қазір оны еліміздің барлық ата-аналары мен балалары қадағалап отыр. Ұлттық қорға арқа сүйеудің де шегі бар. Президент айтқандай, «Ұлттық қор – балаларға!».
В-третьих, стремительно растущий госдолг. Почти треть наших расходов покрывается за счет заимствований. Расходы на обслуживание государственных и правительственных займов за три года превысят 6 трлн тенге. При этом большая часть займов проводится через квазигоссектор в обход Парламента. В текущем году внешний долг превысил 166 млрд долларов США, увеличившись с начала года на 3 млрд долларов США. То есть внешний долг равняется 4-годовым бюджетам нашей страны.
Получается, что за последние десять лет внешний долг страны увеличился на 16,5 млрд долларов, тогда как активы Нацфонда сократились на целые 17,5 млрд долларов, что наглядно показывает всю серьезность накопившихся экономических проблем. Из этого можно сделать вывод, что страна переживает глубокий бюджетный кризис, обусловленный чрезмерной зависимостью от средств Нацфонда.
В-четвертых, следует отметить, что в последние годы мы были лидерами по привлечению иностранных инвестиций. Только что депутатами был поднят данный вопрос, на который мы так и не получили внятного, конкретного ответа. Например, в текущем году внешние инвестиции в реальный сектор экономики снизились на 20 процентов по сравнению с прошлым годом. Этот резкий спад окажет многократный негативный эффект на экономику страны в ближайшие годы.
В-пятых, Правительство не предпринимает серьезных усилий по поиску новых источников доходов, поскольку всегда есть вариант взять деньги в долг из Нацфонда. Это ставит под сомнение способность Правительства обеспечить долгосрочную стабильность экономики и подрывает доверие к проводимой бюджетной политике. А ведь такие источники есть. Например, в банках второго уровня аккумулированы более 50 трлн тенге, которые не вкладываются в реальный сектор экономики, а выделяются в основном на потребительские кредиты. Получается, зарабатывая на нашей экономике, банки не заинтересованы вкладываться в нее.
Кроме того, основные госфонды держат триллионы тенге в государственных ценных бумагах, которые в меньшей степени работают на экономику. Мы считаем, что нужно проводить более агрессивную инвестиционную политику, чтобы деньги работали на реальный сектор.
Следующее. Нестабильная валютная политика. Недавнее заявление ряда чиновников о том, что курс доллара к тенге – это «просто цифра», игнорирует будущие финансовые последствия для граждан. Мы должны понимать, что число малообеспеченных людей, живущих от зарплаты до зарплаты, в тысячу раз больше, чем экспортеров, которым выгоден высокий курс на доллар. Встает закономерный вопрос, на чьей стороне Правительство? На стороне простых людей или на стороне олигархов?
В-седьмых, с 2009 года Правительство перешло на трехлетнее планирование, но до сих пор так и не научилось планировать бюджет хотя бы на один год. Об этом говорят девять корректировок бюджета в течение текущего года, которые были приняты без участия Парламента.
Почти за год работы нового экономического блока Правительства мы не видим долгосрочного стратегплана на следующие 10–15 лет. В современном мире без стратегического планирования экономика обречена на провал. Это доказывает, что Правительство не заинтересовано в развитии независимых институтов, экспертов в сфере прикладных экономических исследований. Такое положение обусловлено некачественными анализами и прогнозами, которые составляют сами чиновники. Следствием этого стал низкий уровень развития экономической науки в стране. Где нет науки, там нет развития. Это – аксиома.
Келесі. Экономикалық өсімге, яғни Жалпы ішкі өнімнің былтыр 5,3 %-ға, биыл 4 %-ға өскеніне қарамастан, халықтың жағдайы жақсармай отыр. Экономика өсуде, ал халықтың кірісі өспей тұр. Дамыған елдерде Жалпы ішкі өнімнің 4 %-ға өсуі дереу халықтың әл-ауқатының артуына әсер етеді. Біздің жағдайымызда мұндай өсім байқалмай отыр. Меніңше, бұл жерде статистиканың әлсіздігі байқалады.
Жыл басында Үкімет қызметіміздің басты бағдары – мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы мен Жолдаулары деп мәлімдеген болатын. Премьер-министрдің фракция отырысындағы бұл мәлімдемесіне қарамастан, Президенттің бағдарламасындағы негізгі тармақтардың орындалмау қаупі бар.
Қасым-Жомарт Кемелұлы инаугурациядан соң қол қойған ең бірінші Жарлығы – ауылды түлету мәселесі болды. Сол үшін Президент тапсырған ауылды дамытуға бөлінетін бір триллион теңге қысқартылмай, дер кезінде жетуі қажет. Осы ретте біз мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде мұны қадағалаймыз. Дегенмен, бұл тапсырманың уақытылы орындалуы бойынша қауіп бар. Өйткені үш жылдық бюджет жобасында «Ауыл Аманаты» бойынша бір теңге қарастырылмаған. Ал негізгі қажеттілік – 100 млрд теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бойынша да жыл сайын қосымша 100 млрд теңге керек. Одан бөлек, отандық дәрі-дәрмек өндірісін 35 пайызға жеткізу межесі де орындалмады. Бұл – алаңдатарлық жағдай.
Қорыта айтқанда, проблема жетерлік. Ұлттық қорға қол сұғудың тоқтамай отырғанын көріп отырмыз. Сыртқы қарыз да өсіп барады.
Қазақта «Дос жылатып айтады…» деген тәмсіл бар. Сондықтан аталған мәселелердің тиісінше орындалуына біз бірге жауаптымыз. Халық алдында бірінші болып осы проблемаларды түсіндіретін де – депутаттар. Ашынғандықтан емес, жанымыздың ашығанынан айтамыз. Сондықтан еліміздегі экономикалық мәселелердің тұраламауы үшін, әлеуметтік төлемдердің уақытылы төленуі үшін, бюджеттік процесс тоқтамауы керек.
Осыны ескеріп, «AMANAT» фракциясы халық алдындағы міндеттемелерді орындау мақсатында заң жобасын аталған ескертпелермен қолдайды.
Үкімет мүшелері жарты жылдан соң бюджетті игеру бойынша қорытынды шығару үшін тағы да Мәжіліске келеді. Сол уақытта осы аталған проблемаларды шешу бағытында жасалған жұмыстарды көреміз, бағасын береміз!