Вторник , 17 июня 2025

Бізге кашан ЕС КІРЕДІ?

Ұлт­тың ертең­гі руха­ни сапа­сы бүгін­гі ұрпақтың – жет­кін­шек ұл-қыздың тәр­би­есіне тіке­лей бай­ла­ны­сты. Бала­ны туған тамы­ры­нан ажы­ра­тып алмаудың жолы – ұлт­тық тәлім-тағы­лым беру, руха­ни бол­мыс пен руха­ни құн­ды­лық қан­жы­ға­мы­зда қатар жүруі керек еді. «Ұлт­тық тәр­бие тіз­гінін боса­тып алдық, ұрпағы­мы­зға ие болай­ық», – деп айтып келе жатқа­ны­ма он жыл­дан аса уақыт өтіп­ті. Актер ретін­де: «Ұлым, саған айтам…» – деп сахна­дан да көр­сетіп, үнім­ді естір­ту­ге тыры­стым. Желі бетін­де жама­нат­ты жары­са тара­туға құштар адам­дарға таңға­лам. Әрине, өзінің жеке парақ­ша­сы, не жари­я­лай­мын десе де – өз еркі. Бірақ бірі­нен-бірі қал­май «бала­латқан» жаман­дық ата­улы­ға адам­ның етін үйретіп жатыр­мыз деген ой бол­май ма, әлде бұл да сая­сат па?

Биік мін­бе­ден Жанар­бек, Ринат бауыр­лар­дың: «Қазір­гі ұрпаққа пат­ри­от­тық тәр­бие беруі­міз керек», – деп жатқа­нын естідім. Құдай-ау, пат­ри­о­тиз­мнің негіз­гі гене­ра­то­ры – ұлт­тық идео­ло­гия ғой. Идео­ло­ги­я­сыз ел – құбыл­на­ма­сы жоқ кеме секіл­ді. Осы­ған неге мән бер­мей­ді шен­ділер? Ұлт­ты айтып шырыл­даған­дар­ды сол ұлт­тың өктем­ділері жан­шып тастап отыр!

Рухы жан­шы­лған елде идео­ло­гия бола ма? Идео­ло­гия «қалай өмір сүріп, қалай еңбек ете­міз, біз кім­біз, қай­дан шықтық, қай­да бара­мыз» деген сан алу­ан сұрақтарға жау­ап береді. Бүгін­гі идео­ло­ги­я­ның (егер ол бар деп есеп­те­сек) әлсізді­гі – қазір­гі жас ұрпақты қаза­қтың өзіне тән мінез-құлы­қтан, қаза­қы қаси­ет­тен алы­ста­тып бара жатқа­нын­да. Жастар­дың көбі өз ұлты­ның бай тариxын, мол мұра­сын біл­мей­ді. Сана­сын­да жаhан­дық жасан­ды мәде­ни­ет ессіз енте­леп тұр.

Жілік­теп айт­сақ, ұлт­тық идео­ло­гия бір күн­де қау­лы шыға­рып, қарар қабыл­дап, сабы­нан ұста­та қояр сап­ты­а­яқ емес. Оның тағ­ды­ры әрі­де жатыр. Керек десең, тамы­ры ана­ның әлдиі – «Бесік жыры­нан» баста­ла­ды. Бесік – ұрпақ өсі­ру мен ұлт­ты бағып-қағу­дың, ұят­ты қалып­та­сты­ру мен ұлт­тық намысты сіңірудің ұлы құн­дағы. Бар­шаға мәлім, ерлік­ті, адал­ды­қты, аза­мат­ты­қты, әдеп-иба­ны уағы­здай­тын «Батыр­лар жыры» мен эпо­стар­ды былай қой­ған­да, мақал-мәтел­дер, дулы­ға­лы баба­лар­дың дуа­лы аузы­нан шыққан қанат­ты сөз­дер­дің өзі – идео­ло­гия ата­улы­ның қай­нар көзі ғой. Теле­ар­на­ны қос­саңыз – қап­таған мән-мағы­на­сыз шоулар, ұлт­тық үлгі-өне­ге­ден жұр­дай сери­ал­дар, қазақ мен­та­ли­теті­нен алшақ, ұлаға­ты жоқ түр­лі бағ­дар­ла­ма­лар… Елге ой сала­тын, жұрт­ты оята­тын, ұлт­ты руxтан­ды­ра­тын дүни­е­лер дің­ке­леп тұр.

Ұлт үшін қасірет­тің зоры – бүгін­гі ұрпақтың тоқ­мей­іл­суі, өзі өсіп-өнген тамыр­дан кін­дік үзуі баты­стық дүлей күштің экс­пан­си­я­сы тексіздік­ке, талғам­сызды­ққа ұрын­ды­рып, ұлт­тық сезім­нің сөнуіне себеп­ші болып отыр. Тоғы­шар­лық жай­лаған қоғам­дағы кесел­дер­ге қар­сы тұра алмай келеміз.

Ұлт­тың ұлағат-дәстүрі сақтал­маған жер­ді жын-шай­тан иек­тей­ді, содан да шығар қазақ бала­сы ештеңе­ге селт етпей­тін қаті­гез без­бүй­рек болып бара­ды. Бұл да қаза­қты құр­ту­дың бір жолы ма? Түк түсіне алмай­мын. «Өзіне-өзі қол салған…», «9‑қабаттан секіріп кет­кен…». Күна­ра ести­тін жама­нат­тан жүрек тары­ның қауы­зын­дай сығыл­ды. Өрім­дей жастар айна­ла­ны тек қызыл­ды-жасыл­ды түсте көріп, ғашық бола­тын жаста, роман­тик бола­тын кезең­де неге өлім­ге бас тігіп жатыр?

Кей­ін­гі айды қой­ып, айна­ла­сы 4–5 күн­де болған оқиға­лар сана­лы адам­ның сана­сы­на ине­дей қада­лып, өткір пышақтай жанын тіл­гілеп жібер­ді. Көкей­де­гі жалғыз сұрақ: «НЕГЕ?». Адам үшін кісі өлті­ру шыбын шаққан құр­лы бол­май, өз жанын үзу түк­ке тұр­май қал­ды деген­ге сен­бей­мін. Сана­лы түр­де осы­ны жасай­ды деген­ге илан­бай­мын. Себебі неде? Мұн­дай оқыс қада­мға итер­ме­ле­у­ге үлкен себеп болуы керек қой. Өз басым интер­нет­те­гі небір ойын­дар­дан кел­ген кесел деген­мен келі­сем. Бірақ аздап қана! Тіп­ті сон­ша­лық өмір­ден түңіліп, ашу­ла­нып, рен­жіп, өзін жоға­ры­дан төмен­ге лақты­ру үшін сана­у­лы секунд­тар ғана керек шығар. Бірақ… Сол сана­у­лы секунд­тар ес жиғы­зуы, көз алды­на ең бол­ма­са ана­сы­ның бей­несін жылт еткі­зуі, сана түк­пірін­де­гі ең бір сәу­лелі шақ қас-қағым­да ойы­нан айны­туы әбден мүм­кін. Тіп­ті бол­ма­са, қорқы­ныш пен үрей! Ал сон­дай қадам жасар­да наша шегіп алған делін­се, сенем. Егер солай болып шыққа­ны ашық айтыл­са, жан-жақты дұрыс тек­серіліп анықталса!

Өйт­кені «Нашақор­лық мең­де­ген», «ана­ша тарат­ты» деген­ді жиі ести­міз. Ал жасөс­пірім бала – елік­те­гіш, иланғыш. Көрей­ін­ші, түк етпес деген қызы­ғу­шы­лы­ғын тәу­ел­дік­ке әкеп тұсап, арты­нан қары­зға батқа­нын ұқпай қалған­дағы соңғы қада­мы – биік­тен секі­ру, қалай­да өмірін қию. Өз ойым, әрине. Бірақ осы­ның бір ұшы шын­ды­ққа әкеп тіре­се, кім кінәлі? Тал бой­ын­да тары­дай ұят қал­маған қара­көз қызда­ры­мы­здың өзі бал тамар тіл­ден у сорға­ла­тып, құр­бысын тізер­летіп кешірім сұра­та­тын­дай қал­ге жеткен.

Интер­нет­ті шар­лап жүр­ген қыздар­дың бей­ба­стақ әре­кетіне, менің­ше, әке мен шеше де жау­ап беру­ге мін­дет­ті. Қазір біз бұр­ма­ла­нып кететін солқыл­дақ заң мен қатал күн­көрі­стен қорқып қана тір­лік кеш­кен торы­ққан тобы­рға айна­лып бара­мыз. Баба­дан жетер өне­гелі өси­ет ұрпағы­мы­здың бой­ы­на ұрық боп құй­ыл­са, қастер­лі қаси­еті­мен бала­ны данаға айнал­ды­рып жібе­ретін едік.

Ұрпағы­на ие бола алмаған жұрт ұлт болу­дан қала­ды. Қазақ бол­мысы­ның қазы­ғы тек­тілік еді, тек­тілік теп­кі көріп, қаза­ғым­ның қаси­еті мен киесі өгей­сіп, содан айы­рыл­ды. Ұлт­тың жады­нан өшіріл­ген ұлт­тық қаси­ет­тер бұл ғана емес. Біз­де ада­ми құн­ды­лық басты орын­да деген түсінік жоғал­ды. «Өзім­нен, отба­сым­нан аулақ бол­са, өзі­ме қаты­сы бол­ма­са, бәрі дұрыс. Кінәлілер жау­ап бер­сін: Ата-ана, мек­теп, қала бер­ді өлім­ге итер­ме­ле­ген­дер». Міне, осын­дай түсінік басым. Сон­да қалай, жасөс­пірім­дер, жастар шеті­нен өле бер­сін бе? Неге бұл зия­лы қауым­ды, билік­ті, үлкен буын­ды, қазір­гі қари­я­ны, әжені ойлант­пай­ды? Бір ауыл­ды уыздай ұйы­тып, бір ауыз сөзі­мен биле­ген қари­я­лар қай­да қазір?

«Ал бұған кім кінәлі» деген­ге жау­ап іздеп көрей­ік. Иә, алды­мен жемқор­лы­ққа бел­ше­сі­нен батқан іріп-шірі­ген жүйе кінәлі. Ұл-қызы­на ара­ша бола алмай, ұлт­тық мүд­де­ге жұмыс істей алмай оты­рған өзе­гі әлсіз заңы бар Үкі­мет­те­гілер кінәлі. Қоғам­ды кінәлай­ық. Сосын барып… Сен, мен, ол – әрқай­сы­мыз кінәлі­міз. Өзіне қол салған әрбір жасөс­пірім көк­ке ұшқан­да, «әрқай­сы­мы­здың қолы­мыз қанға былға­нып жатыр, мой­ным­да кісі өлі­мі бар» деген­ді сана­лы түр­де ойлап көріңіз! Өйт­кені қаза­қ­пен бір­ге біт­кен мей­ірім мен адам­гер­шілік қаси­ет­ті жоғалт­тық! Ұрпағы­мы­здың ешқай­да кет­пей­тінін, тура осы қазақ елін­де, өз жерін­де осы қоғам­мен бір­ге жасай­ты­нын естен шығардық.

…Орыс ғалы­мы И.Крафт Абы­лай хан жай­ын­да: «Ол қалып­тасқан нақты жағ­дай­ларға қарай бiр­де – Ресей­ге, бiр­де – Қытай­ға, ендi бiр­де – Жоңға­ри­яға шын берiл­ген болып көрiне бiл­дi, ал шын мәнiн­де ешкiм­ге де бас иген жоқ», – деп­ті. Міне! Ұлтын сақтап қалу­дың үлгісі! Содан кей­ін Абы­лай хан­ның қасын­да Бұқар жырау бол­ды. Біздің елба­сы­ның да, қазір­гі ел Пре­зи­ден­тінің де қасын­да қаза­ққа – ұлты­на жаны аши­тын Бұқар жыра­у­лар болып көр­ді ме? Әй, қайдам?!

…Талғар­дағы жасөс­пірім Шер­заттың өлі­мі ешкім­ді бей­жай қал­дыр­мауға тиіс. Қыл­мыс­кер­лер­дің лай­ы­қты жаза­сын тар­туы билік тара­пы­нан қатаң түр­де бақы­ла­у­ға алын­сын! Ұлт­ты жақ­сы көру – тек оның жақ­сы­лы­ғын ғана көру емес, ең алды­мен сол ұлт­тың әлсіз жақта­ры мен әлжу­аз тұста­рын көре білу. Өз ұлты­ның ұлын қолы қал­ты­ра­май оп-оңай өлтіретін қоғам­да ұрпағы­мы­здың алаң­сыз өсуіне кепіл­дік жоқ. Аты­ра­улық жас жігіт­тің әке-шеше­сін өлтіріп, соңы­нан өз-өзіне қол салуы да қоғам­дық резо­нанс туғы­зуы керек еді, сіз бен бізді ойлан­туға, ес жиғы­зуға тиіс еді. Өзіне өмір сый­лаған әке-шеше­сіне бауыр еті­нен жаралған бала­сы­ның осын­дай опа­сыздық жаса­уы – келе­шек ұрпақ, халық, қоғам, ұлт үшін аса қауіп­ті қасірет қой. Тәу­ке хан­ның «Жеті жарғы­сын­да» әке-шеше­сін сый­ла­май, тіл тигіз­ген бала­ны өлім жаза­сы­на кесетіні айты­лған. Бұл – Дала заңы. Баба заңын тіріл­ту өрке­ни­ет­ке ұмты­лған кезең­де тым артық шығар, десе де… Қашан ес кіреді біз­ге, сана­сы тұнық естілер қал­ды ма?

                                                                        Бек­жан ТҰРЫС

Республиканский еженедельник онлайн