Пятница , 14 ноября 2025

БІЗГЕ қандай реформа КЕРЕК?

Иә. «Елі­міздің Ата заңы – Кон­сти­ту­ция өзге­реді, Сенат тара­ты­ла­ды» деген хабар ел ішін­де дүңк ете қал­ды. Жан-жаққа, ауыл-аймаққа жедел түр­де жет­ті. Көгіл­дір экранға тел­міріп оты­рған ағай­ын­да­ры­мы­здың бәрі дер­лік хабар­дар болып, толық құлақтан­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Ата заңы­мыз –Кон­сти­ту­ция өзге­ретінін, Сенат тара­ты­ла­ты­нын айтып, нақты тап­сыр­ма­ла­ры мен нұсқа­у­ла­рын берді.

Пре­зи­ден­ті­міздің өз аузы­нан шыққан­нан кей­ін, бұл жағ­дай енді аяқ­сыз қал­май­ды деген сөз.

Енді не істе­мек керек? Ол түсінік­ті жағ­дай. Ата заңы­мы­зға мін­дет­ті түр­де толы­қты­ру­лар мен өзгерістер енгізіледі. Одан бөлек қажет­сіз бап­тар мен бөлік­тер­дің күш­тері жой­ы­лып, олар­ды Кон­сти­ту­ци­ядан мүл­дем алып таста­уға да бола­ды. Міне, осы сәт бізді қат­ты ойлан­ды­рып, толған­ды­руы керек.

Егер де өзге­ретін Ата заңы­мыз жақ­сы­лы­ққа, әділ­дік­ке бастау алып, ел үмітін ақтап, халық қала­у­ы­нан шығып жат­са, несі бар. Өзге­ре бер­сін. Сенат қысқа­рып, Пре­зи­дент басқарған, бір жүй­елі Пар­ла­мент­тік мем­ле­кет болу мәсе­лесі көтеріліп жатыр. Соған бай­ла­ны­сты жал­пы халы­қтық рефе­рен­дум өтпекші…

Енді тап осы жер­ден бастап айтар бол­сақ, айта­тын адам­дар әлден-ақ өздерінің ұшқыр ойла­рын, өткір пікір­лерін ашық айтып жатыр. Елі­міз­де Пре­зи­дент басқарған Пар­ла­мент­тік мем­ле­кет болға­нын халық бір­ден толық қол­дай­ды. Алба­ты, орын­сыз ешкім қар­сы бол­май­ды. Сон­ды­қтан рес­пу­би­ка­лық бюд­жет­тен ақша бөліп, халы­қтың адал ақша қара­жа­тын жел­ге ұшыр­ды дегіз­бей­ік. Босқа шашпай, пысы­қай ашқа­рақ тажал­дарға талан-тара­жға салғы­зып жегіз­бей­ік. Сол рефе­рен­дум­ды өткіз­бей-ақ қой­сақ қай­те­ді? – деген ой-пікір, ұсы­ны­ста­рын алға тартуда.

Мен де солар жағын­да­мын. Олар­ды толық қол­дай­мын. «Сабақты ине сәті­мен» деп, осы өліа­ра шақты, апақ-сапақты, ешкім ештеңені дұрыс ұқпай қала­тын­дай, оңтай­лы сәт­ті тиім­ді пай­да­ла­нып кету керек сияқты. Шығы­стағы айдаһар көр­ші­міздің көзқа­ра­сы біз­ге дұрыс сияқты. Сол себеп­ті біздің ішкі өз шару­а­мы­зға олар ара­ла­са қой­мас. Ал баты­стағы басты аю көр­ші­міз өздері «не бол­ды­мға?» ұшы­рап, «Бай­тал түгіл бас қай­ғы» болып жатқан­да, олар да біздің ішкі шару­а­мы­зға ара­ла­са алмас. Ара­ласқан жағ­дай­дың өзін­де бірен-саран­да­ры ер-тоқым­да­рын бауы­ры­на алып, тулап-тулап, улап-шулап қояр. «Жаман айт­пай жақ­сы жоқ». Бір­деңе болып жат­са, көлең­ке­міз­ден қорқа бер­мей, көріп алар­мыз! Тәубә! Біздің де сой­ы­лы­мы­зды соға­тын, арқа сүй­ер аға-бауыр­ла­ры­мыз бар ғой!

Ал елі­міз­де бола­шақта бола­тын өзгерістер­ді қалай пай­да­ла­ну керек? – дей­сіз ғой. Ол былай. Қан­ша айт­пай­ын десең де, еріксіз, мәж­бүр болып, амал­сыз айтасың…

Қазір жер басып, тірі жүр­ген кезі­міз­де, көзі­міз тірі­де не айтып, не жаз­сақ та, елі­мізді бақан­дай 30 жыл бойы үзіліс­сіз басқарған Назар­ба­евқа тура барып тиеді. Ол аздай, зей­нет­кер­лік­ке шығып алып, «Қауіп­сіздік кеңесінің төраға­сы­мын» деп, 3 жыл тағы оты­рып алды емес пе! Соның бәрін қосқан­да, «көке­міз» таба­ны күрек­тей тура 33 жыл ел басқарған екен.

Кезін­де мызғы­ма­стай, күй­ре­ме­стей болған Кеңес Одағы да бір-ақ күн­де іргесі сөгіліп, қақы­рап, ыды­рап, ол да құла­ды. Алай­да Нұр­сұл­тан ата­мыз сол КСРО-ны басқа­ру­дан үміт­кер бол­ды. Сол себеп­ті Одақты ыды­рат­пай, сақтап қалу үшін бір кісі­дей жан­та­ла­сты. Басқа одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар Одақ ыды­рай салып, еге­мен­дік­тері мен тәу­ел­сіздік­терін жары­са жари­я­ла­ды. Тай­лы-тұяғы қал­май, той­ла­тып-думан­да­тып «жуып» жат­ты… Жаңыл­ма­сам, Бал­тық жаға­ла­у­ын­дағы эстон, латыш, лит­ва­лық ағай­ын­дар баста­ды ғой дей­мін сол үрдісті.

Ал біз бол­сақ, еге­мен­ді­гі­міз бен тәу­ел­сізді­гі­мізді басқа одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­дың ең соңын­да жан-жағы­мы­зға жал­тақтап, әйте­уір келесі жылға қал­дыр­май, жыл соңы­на таяу ептеп, әйгілеп, ақыр соңын­да жари­я­ла­дық. Амал қан­ша?! Сол кезді пай­да­ла­нып, мем­ле­кеті­міздің атын да өзгер­тіп алма­дық. Енді «ештен кеш жақ­сы» – деген. Кет­кен кем­шілік­тер­ді түзетіп, қателік­тер­дің орнын тол­ты­ра­тын сәт туған сияқты.

Бірін­ші­ден, ең басты­сы – дұрыс таң­дау жасап, мем­ле­кеті­міздің ата­уын өзгер­тіп алуы­мыз қажет. «Қазақ мем­ле­кеті, Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы, Қаза­қия, Қазақ орда­сы, Алтын Орда мем­ле­кеті, Қазақ елі», т.с.с., т.б. деп, нақты халы­ққа ұнаған бір ата­уға тоқта­уы­мыз керек. Атың өшкір «стан­нан» таза құты­ла­тын уақыт жетті.

Ал енді аяң­дап, Ата заң­нан – Кон­сти­ту­ци­ядан «алып тастау» деген әңгі­ме­ге келей­ік. Тағы да Нұр­сұл­тан ата­мы­зды айна­лып өте алмай­мыз. Көп-көрім, аса тапқыр­лы­қ­пен, ардақты ақы­ны­мыз Мұх­тар көке­міздің талап­шыл­ды­ғы арқа­сын­да қаза­қтан басқа да ұлт­тар мен ұлы­стар­дың бәрінің көңілі­нен шыға­тын «орыс тілі – ұлта­ра­лық қаты­нас тілі бол­сын» деп, баста­пқы­да дұп-дұрыс, көп-көрім, жап-жақ­сы Заң қабыл­дап­пыз. Неге екенін кім біліп­ті? Бұл Заң баста­пқы­да өзі қол­да­са да, арты­нан Нұр­сұл­тан ата­мы­здың көңілі­нен шық­пай, жаны­на жақ­пай қалып­ты. «Түн ұйқы­сы төрт бөлініп­ті». «Ішкені – ірің, жегені –желім» болып­ты. Содан қабы­рға­сы­мен кеңесіп, жағым­паз, жан­тық, жан­дай­шап­та­ры­мен ақыл­да­сып, тіл­ді сыл­та­у­ра­тып, әсіре­се өзінің билі­гін күшей­туді көк­сеп, өзінің баста­ма­сы­мен Ата заңы­мы­зға қай­та өзгеріс енгі­зуді қолға алып­ты. Сөй­тіп Кон­сти­ту­ция сан мәр­те өзгеріп, өкініш­ке қарай, солай «чер­но­вик­ке» айна­лып шыға келіп­ті. Соның сал­да­ры­нан ана тілі­міз – қазақ тіліне күні бүгін­ге дей­ін орнын тол­ты­ра алмай жүр­ген орас­ан қия­нат жасалды.

Бұл жер­де ең басты, ең маңы­зды про­бле­ма – күн тәр­тібі­нен түс­пей келе жатқан, толғағы әбден жет­кен, өзге жат шет тіл­дің көлең­кесін­де қалып кет­кен, оң шеші­мін тап­паған ана тілі­міздің мәсе­лесі еді. Елі­міз­де «тіл-тіл» деп, «жан алып, жан беріп», қан­ша­ма аза­мат­тар түр­ме­ге қамал­ды. Жігер­лері құм болып, қанат­та­ры қай­ы­рыл­ды. Жазы­қ­сыздан-жазы­қ­сыз бас бостан­ды­қта­ры­нан айы­рыл­ды. Күн көзін көр­мей, еркін тыны­стай алмай, тар қапа­с­та зардап шегу­де. Қан­ша­ма аза­мат­тар ана тілі­міз­ге ара түсіп, шыр-пыр болып, тілі­мізді қорғаға­ны үшін билік тара­пы­нан қысым көріп, қуғын-сүр­гін­ге ұшы­рап, шетел асты. Бас сауға­лап, еріксіз жан-жаққа қашты. Солар­дың бәрі «сая­си қуғын көріп», жапа шек­кен­дер ста­ту­сы­на ілі­гіп, «сая­си босқын» мәр­те­бесін алып, жап­пай шетел қамқор­лы­ғы­на бөленіп, «сая­си бас­па­на­лы болып» кет­кен жоқ. Қай­сысы – қай­да, қалай тұрып, қалай өмір сүріп жатқан­да­ры да бел­гісіз. Олар­ды кім түген­деп, кім оларға жағ­дай жасап, жана­шыр­лық таны­тып жатыр? «Арқа­да аяз қыспа­са, арқар ауып несі бар?» деген ғой дана халқы­мыз. Келе­шек­те елі­міз­де ел күт­кен­дей, оларға ешкім тиіс­пей­тін­дей бір жақ­сы­лық өзгерістер бола­тын шығар. Мәшһүр Жүсіп ата­мыз айтқан­дай, «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лай­тын заман» туар… Бір жылы­мы­қтың нышан­да­ры пай­да болар. Сол кез­де олар да еш алаң­сыз өз Ота­ны­на ора­лар. «Үміт­сіз – шай­тан!» деген.

Нұр­сұл­тан ата­мыз қалай Ата заң­ды жеке өз басы­ның пай­да­сы­на бей­ім­деп, өзгер­тіп, өзінің билі­гін күшей­тіп алға­нын бәріңіз білесіз­дер. Оған бәріңіз куәсіз­дер. Бәріңіз де Ата заңы­мы­зды оқы­ған болар­сыздар! Негізін­де ол әр шаңы­рақта энцик­ло­пе­дия ретін­де төрі­міз­ден орын алуы керек. Сол ата­мыз билі­гін күшей­тіп алған, асы­ра сіл­теп пай­да­ланған біраз бап­тар­дың күш­тері, қуа­ны­шқа қарай, жой­ы­лып, Ата заңы­мы­здан мүл­дем алы­нып тастал­ды. Алай­да, өкініш­ке қарай, «көз­ге шыққан сүй­ел­дей» болып, сол кез­де­гі «елба­сы­мыз» енгіз­ген Ата заңы­мыз – Кон­сти­ту­ци­ядағы 7‑баптың бәрін бүл­дір­ген 2‑бөлігі мызғы­ма­стай болып қалып қой­ды. Ана тілі­мізді қор­лап, төмен­детіп, тұқыр­тып, дің­ке­мізді құр­тып тұрған сол бап қой!

Сол 7‑бапта тай­ға таң­ба басқан­дай анық жазы­лған: «1. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі».

Өте дұрыс. Жақ­сы. Бәрі заң­ды. Ешқан­дай дау жоқ.

«2. Мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды». Міне, біздің тілі­мізді тұқыр­тып, қор­лап, тірі күй­ік болып тұрған – осы 2‑бөлік қой.

«Орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды» деп, Нұр­сұл­тан ата­мыз өз түсіні­гі бой­ын­ша «аға ұлтқа» жағы­нып, бар күш-жігерін жұм­сап, бар өнерін салып, солар­дың тіліне басым­дық бергізіпті.

«Бек­тер кете­ді, ел қала­ды. Бөк­тер кете­ді, бел қала­ды» деген дана халқы­мыз. Ел басқарған кез­де бәрін былы­қты­рған сол бек­тер кет­ті. Біз – ел, қара­пай­ым халық қал­дық. Оған да жүз қай­та­ра тәубә!

«Ескі Қаза­қстан» деп, ескі­ден жиреніп, олар­ды ысы­рып тастап, «Жаңа Қаза­қстан» деп басқа­ша, зама­на­уи, жаңа­ша өмір сүру­ге оқта­лып, басқа кезең­ге бет бұрып бара­мыз. Ол дұрыс. Оң баста­ма. Енді біз: «Алға, Қаза­қстан!» – деп, үне­мі алға қарай ғана ұмты­лға­ны­мыз жөн. Артқа қарай жол жоқ! Сон­ды­қтан сол аға буын­ның жібер­ген қателік­тері­нен сабақ алып, кем­шілік­терін түзетіп, дұрыс, түзу сара жолға түсуі­міз қажет!

Біз Ата заңы­мыз – Кон­сти­ту­ци­я­мы­здағы 7‑бабтың 1‑бөлігіндегі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі» деген сөз­дер­ді алтын әріп­пен жазып қал­ды­руы­мыз керек. Ал сол 7‑баптың 2‑бөлігіне орын­сыз енгізіл­ген «Мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да орыс тілі ресми түр­де қазақ тілі­мен тең қол­да­ны­ла­ды» деген қисын­сыз сөз­дер­дің күшін жой­ып, мүл­дем алып таста­уы­мыз керек! Сол кез­де өзге ұлт өкіл­дері қалай қарай­ты­нын мен біл­мей­мін, бірақ олар түсіністік­пен қарай­ды деп ойлаймын.

Алай­да өзі­міздің ана тілі­мізді біл­мей­тін, ана тілі­нен жиір­ке­нетін, үйрен­гілері кел­мей­тін, «біз­де мем­ле­кет­тік тіл екеу» деп оттап, дау­ры­ғып жүр­ген қуыс кеуде, өзі­міздің қара­көз­дері­міздің үндері өшіп, солар­дың ауы­зда­ры­на құм құй­ы­ла­тын бола­ды. Орыс тілі өз алды­на, ал біз ешқан­дай аудар­ма­шы­сыз-ақ бір-бірі­мізді ұға­тын, еркін сөй­лесіп, бір­ге өмір сүре беретін қырғыз, өзбек, қарақал­пақ, татар, башқұрт, ноғай, т.с.с., т. б. ағай­ын­дар­дың тіл­дерін қай­те­міз? Қай­да қоя­мыз? Ол туы­сқан­дар­дың тіл­дері тіл емес пе? Орыс тілі ресми тіл болған­да, ол ағай­ын­да­ры­мы­здың тіл­дері қан­дай тіл бола­ды? – деген заң­ды сұрақ өзі­нен-өзі туын­дай­ды. Бұл сұраққа кім жау­ап бере алады?

Сон­да Ата заңы­мы­здан 7‑баптың 2‑бөлігін алып тас­та­сақ, Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның «әркім өз тілін­де сөй­лей бер­сін» деп айтқа­ны дұрыс, орын­ды бола­ды ғой! Қазақ жерін­де қан­ша­ма ұлт пен ұлыс өкіл­дері, этно­стар тату-тәт­ті тұрып жатыр. Елі­міз­де мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі! Сон­ды­қтан басқа қан­дай да бір тіл­ге басым­дық берудің қажеті жоқ деп санай­мын. Сон­да ғана бәрі­міз тең бола­мыз. Бір-бірі­мізді тең дәре­же­де сый­лай­мыз. Еркін түсінісіп, еркін ойлаған, бір-бірін қимаған, қол ұста­сып, қары­штап алға дамы­ған ел боламыз!

Ол үшін алды­мен ел аузын­дағы «Ескі Қаза­қстан­ды» тарих қой­на­уы­на аман-есен шыға­рып салай­ық. «Жаңа Қаза­қстанға» жасаған бет­бұры­сты дұры­стап, қуа­на қар­сы алай­ық! Бәрі­міз бір кісі­дей бірі­гей­ік! Әрқай­сы­мыз өз елі­міздің алға қарай қары­штап қадам басып, дамуы­на өз үлесі­мізді қосай­ық! Елі­міз, тілі­міз, жері­міз үшін пай­да­сы ғана тиетін ой-пікір, ұсы­ныс, талап-тілек­тері­мізді тар­тын­бай ашық түр­де айтып, батыл түр­де жари­я­лай­ық. Сол кез­де өзге жұрт­тан, салқар көш­тен қал­май­тын бола­мыз. Ылай­ым солай болғай!

Зама­ны­мы­здың заңғар жазу­шы­сы Мұх­тар Әуе­зов ата­мыз: «Кім­де-кім қазір­гі уақыт­та ана тілін, өзінің әде­би­етін сый­ла­ма­са, баға­ла­ма­са, оны сау­ат­ты, мәде­ни­ет­ті адам деп сана­уға бол­май­ды», – деген екен. Қалай дұрыс айтқан! Әрине, біз ұлы жазу­шы­дан артық айтып, артық жаза алмас­пыз. Алай­да айту­лы, атақты жазу­шы Мұх­тар ата­мы­здың осы айтып, жазып кет­кені әрқай­сы­мы­здың сана­мы­зға сіңіп, содан тиісті қоры­тын­ды жаса­уға тиіспіз!

Алла біздің халқы­мы­зды жоға­ры­да Мәшһүр Жүсіп ата­мыз айтқан «қой үстіне бозторғай жұмыр­тқа­лай­тын» күн­ге жет­кіз­сін! Біз­ге бей­біт тыныш заман­да өмір сүруді нәсіп етсін, ағай­ын! Сер­жан ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн