Пятница , 4 июля 2025

БІЗДЕГІ «АЛТЫН АЛҚАНЫ» ЛОМБАРД ТА АЛМАЙДЫ

Неме­се Көп бала­лы отба­сы­ларға әр елде қан­дай көмек көрсетіледі?

Фран­ция

Көп бала­лы отба­сын қол­дау және жәр­дем­де­су мақ­са­тын­да 1921 жылы қабыл­данған «Үлкен отба­сы» мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша, бала саны көбей­ген сай­ын, салық азая береді. Мыса­лы, төрт бала­сы бар отба­сы салы­қтан мүл­де боса­ты­ла­ды. Бұл жеңіл­дік бай-кедей деп бөл­мей, ел аза­мат­та­ры­на түгел таралған.

Гер­ма­ния

Дәл осын­дай жүйе Гер­ма­ни­яда да бар. Өмір­ге кел­ген кезек­ті сәби үшін ана­сы салық жүй­есі­нен жеңіл­дік бонус ала­ды. 2015 жылы Гер­ма­ни­ядан қонаққа кел­ген бұры­нғы жер­лесі­міз (2005 жылы Қаза­қстан­нан көшіп кет­кен): «Үшін­ші ұлым үшін ай сай­ын 600 евро төлей­ді. Бала тума­стан бұрын жеңіл­дік­пен несие беріп, екі бөл­мелі пәтер­ді үш бөл­ме­ге ауы­стыр­дық. Қоғам­дық ұйым­дар қысқы-жазғы бала­лар коляс­ка­сын, бала­ның төсе­гін және бала­ларға арналған біраз киім-кешек­тер­ді сый­лы­ққа әкеліп таста­ды. Гер­ма­ни­яда түрік­тер өте көп. Кей­бір түрік отба­сы­ла­ры мүл­де жұмыс істе­мей­ді. Себебі бала­ларға мем­ле­кет беретін ақша­лай көмек өмір сүруіне толық жете­ді», – деген болатын.

Шве­ция

Көп бала­лы отба­сы­ларға еле­улі жеңіл­дік­тер бар және ол кезек­ті сәби туған сай­ын өсе береді. Сон­дай ақ табысы аз отба­сы­лар үшін қосым­ша жәр­дем­дер бекітіл­ген. Мыса­лы: пәте­рақы төле­уден боса­ту, мек­теп­ке дей­ін­гі бала­лар меке­ме­леріне тегін қаты­су және азық-түлік­ті тегін алуға арнайы талон беріледі.

Фин­лян­дия

Жәр­де­мақы мөл­шері қомақты елдер­дің бірі. Бір қызы­ғы, Фин­лян­дия аумағын­да босанған бар­лық әйел­ге берілетін (қай елдің аза­ма­ты бол­са да) «Шара­наға сый­лық пакеті» бар. Оның ішін­де сәби бір жасқа толған­ша керек дүниенің бәрі қамтылған.

Поль­ша

Табысы төмен көп бала­лы отба­сы­на арнайы жәр­де­мақы тағай­ын­да­ла­ды. Егер отба­сын­да мүге­дек бала бол­са және оның күті­міне бай­ла­ны­сты ата-ана­сы­ның бірі жұмысқа шыға алмай­тын жағ­дай­да – жәр­де­мақы мөл­шері екі есе артады.

Чехия

Боса­на­тын әйел­ге жеңіл­дік­тер бекітіл­ген. Өмір­ге әкел­ген әр бала­сы әйел­дің зей­нет­ке шығу жасын бір жылға кемі­те­ді. Мыса­лы, он бала тап­са, өз құр­да­ста­ры­нан зей­нет­ке он жыл ерте шығады.

Изра­иль

Төр­тін­ші бала­дан бастап, әрі қарай ең кен­же­сі 18 жасқа толған­ша жәр­де­мақы төленеді.

Бірік­кен Араб Әмірлігі

Шаңы­рақ көтер­ген жас отба­сы­на елдің Неке қоры­нан әрқай­сысы­на 20 мың дол­лар өсім­сіз несие беріледі. Бұл қар­жы­ны қай­та­ру мін­дет емес, себебі тұңғыш бала туған бой­да бұл қары­зды мүл­де ұмы­тып кете­ді. Дүние есі­гін ашқан сәби қыз бол­са, 50 мың дол­лар, ұл бол­са – 200 мың дол­лар шама­сын­да сый­лық беріледі. Бұл ақша­дан бөлек кіші­гірім вил­ла кіл­тін де қоса тапсырады. 

Кей­бір елдер­де көп бала­лы отба­сы­на берілетін жәр­де­мақы мөлшері: 
АҚШ – 200 дол­лар­дан бастап;

Фран­ция. Отба­сы табысы 5000 евро­дан аз бол­са, әрбір отба­сы мүше­сіне ай сай­ын 180 евро­дан бастап;

Гер­ма­ния. Әрбір балаға 170 евро;

Австрия. Әрбір балаға 160 евро;

Ресей. Үшін­ші бала­дан бастап, сәби 3 жасқа толған­ша 6000 рубль.

Қаза­қстан­да мұн­дай әле­умет­тік жеңіл­дік­тер тура­лы тоқта­лып жату артық болар… Біз бірқа­тар көп бала­лы ана­лар­мен де пікір­лес­кен­біз. Бұл рет­те Алма­ты қала­сы, Жеті­су аудан­дық «Көп бала­лы ана­лар» одағы­ның мүше­сі Рабиға Ақа­но­ва­ның айтуын­ша, көп бала­лы анаға берілетін жәр­де­мақы тіп­тен айтуға да кел­мей­тін дүние.

– Мен 9 бала­ның ана­сы­мын. Көп бала­лы ана ата­нып, алтын алқа­ны өңірі­ме тақтым. Кей­де жаным қысы­лған­да, сол алтын алқа­ны алып, лом­бар­дқа өткіз­гім келеді. Бірақ оны лом­бард­тар да алмай­ды. Себебі сына­ма­сы жоқ, таза алтын екеніне де күмән көп. Кезін­де кеңес өкі­метін­де жарық, су, жолақы­сы көп бала­лы ана­ларға тегін бол­ды. Мұны­мен мен кеңес өкі­метін аңсап оты­рған жоқ­пын. Сол Ресей­де 5 бала­лы ана­ларға тегін үй беретін мем­ле­кет­тік қор бар екен. Ал біз­де 16 мың тең­гені бер­ген­дерін жыр қыла­ды. Ол жәр­де­мақы­ны рәсім­деу үшін қан­ша­ма құжат жина­уың керек?! Оны жұмыс істей­тін әйел­дер­ге бер­мей­ді. Кірісің көп деп. Ал жұмыс­сыз оты­рған әйел­дер­ге 16 мың тең­ге бір айға жете ме?! Мини­стр­лер өзі сол 16 мың тең­генің түскі асын іше ме екен?! Біз­де кей­бір шене­унік­тер бар, жағ­дай­ы­ң­ды айтып бар­саң, «бала­ны тусаң, өзің үшін тудың» деп шыға­рып сала­ды», – деді Рабиға Ақанова.

Айшу­ақ ДӘРМЕНҰЛЫ,

Qamshy.kz

Республиканский еженедельник онлайн