Воскресенье , 4 мая 2025

БІЗДІҢ Навальный ҚАЙДА?

Қаз­бек БЕЙСЕБАЕВ, экс-дипломат:

Қаза­қстан­дық Наваль­ный бар және олар­дың саны көп. Бірақ Ресей­ден бір үлкен айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз бар, біздің наваль­ный­ла­ры­мы­здың дені әле­умет­тік желі­де оты­ра­ды. Ал шын мәнін­де айт­сақ, біз­ге жал­пы оппо­зи­ция күш­терін бірік­тіру­ші және халық сенетін жаңа көсем­дер керек. Жол көр­се­тетің жарық түсіретін Дан­ко қажет. Қазір­гі уақыт­та өзін көсем деп санай­тын тұлға­ларға әртүр­лі себеп­пен сенім жоқ. Билік олар­дың сая­си сахнаға шыға­тын жол­да­рын, есік­терін «шеге­леп тастаған».

Соңғы сай­лау билік­тің сон­дай әре­кет­терін жақ­сы көр­сет­ті. Енді қоғам өз қата­ры­нан жаңа көсем­дер­ді шыға­руы қажет. Ал шығар­ма­са, тұй­ы­ққа тіре­ле­міз. Негізін­де, алды­мы­зда бір ғана тан­дау тұр: не жаңа көсем­дер­мен алға жыл­жи­мыз, не осы қал­пы­мы­зда қала­мыз да, кей­ін елі­міздің тәу­ел­сізді­гі­нен айры­ла­мыз. Сон­ды­қтан, оян, аза­мат және ойлан, азамат!

Аза­матхан ӘМІРТАЙ, «Бай­тақ-Бола­шақ» қозға­лы­сы­ның жетекшісі:

 Вла­ди­во­ст­ок­тан Санкт-Петер­бур­гқа дей­ін Ресей­дің бар­лық қала­ла­рын шар­пы­ған шеру-толқу біз­ге­де ой салып кет­ті. «Даудың басы Дай­ра­бай­дың көк сиы­ры» демек­ші, даудың басын­да заң­гер –оппо­зи­ци­о­нер Алек­сей Наваль­ный тұрға­ны­мен, шеру­лер­дің түп-төр­кінін ақтар­саң, басқа нәр­се бар екенін көру­ге бола­ды. Ол – халы­қты пут­ин­дік билік­тің жалы­қты­рға­ны, әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің шешіл­ме­уі, эко­но­ми­ка­дағы күй­зеліс, Кремль­дің импе­ри­я­лық амби­ци­я­сы­ның кесірі­нен АҚШ бастаған Батыс елдерінің сая­си-эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­ла­ры­на душар болуы, үркер­дей бай-манап­тар­дың халы­ққа тиселі бай­лы­қты тона­уы т.б. Мұның бәрі қара халы­ққа ауыр тиді.

Ақы­ры халы­қтың шеру­ге шығуы­на алып кел­ді. Ресей жұр­ты Пут­ин­ді алма­сты­ра­тын тұлға ізде­уде. Әзір­ге оның «рөлін» Наваль­ный ойнауда.

Ақиқа­тын айтар бол­сақ, біз­де­гі жағ­дай да Ресей­ге ұқсас. Біз­де де билік халы­қты бала секіл­ді алдап ұстағы­сы келеді. Бар бай­лық азған­тай оли­гарх­тар­дың қолын­да, эко­но­ми­ка­да өсім жоқ, халы­қтың тұр­мыс-тір­шілі­гі төмен. Заң-закон билік­ке оңтай­ла­сты­рып қана жаса­ла­ды. Сая­си рефор­ма­лар жоқ. Жемқор­лық ден­деп бара­ды. Пар­ла­мент­те сол баяғы үш пар­тия, онда билік­ке жаққан депу­тат­тар отыр. Мем­ле­кет­тің негізі бола­тын орта бур­жу­а­зия қалып­тасқан жоқ. Тіл­дің түрі анау, сан ағы­мға бөлін­ген діні­міз мынау. Тізе бер­сек про­бле­ма жетеді.

Қазір­гі Қаза­қстан­дағы жағ­дай жары­лға­лы тұрған бітеу жара іспет­ті. Егер­де ресми аста­на Ресей­де­гі болып жатқан жағ­дай­дан сабақ алып, халы­ққа мой­ын бұрғы­сы кел­ме­се, біз­де де бір Наваль­ный шығып, билік­ке қар­сы «қал­мақтың шаң­ды жоры­ғын» жаса­ры әбден мүмкін.

Арман Шораев: Навальныйды не үшін ӨЛТІРМЕК болғанын енді түсіндім

  • Ресей­де­гі митин­гілер­ге бай­ла­ны­сты Аrasha.kz сай­ты «Қаза­қстан бары­сы» Қазақ күресін дамы­ту қоры қамқор­шы­лар кеңесінің төраға­сы әрі авто­ры Арман Шора­ев­тың пікірін біл­ген екен. Біз таны­мал аза­мат­тық сол пікірін ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

– Ресей­де Наваль­ный­ды қол­дап, алаңға жүз мың­даған халық шықты. Митинг­ке шыққан халы­қтың екпіні басы­ла ма, жоқ әлде одан сай­ын арта түсе ме?

– Соңғы 20 жыл­да бері Ресей­ді жемқор­лар басқа­рып, халы­қты әбден кедей­лен­діріп жібер­ді. Менің ойым­ша, халы­қтың алаңғы шығуы арт­па­са, кемі­мей­ді. Өйт­кені Наваль­ный­дың Ютуб­тағы Путин­нің сарай­ы­на қаты­сты деректі филь­мін 80 мил­ли­он­нан астам адам көр­ді. Бұл 80 мил­ли­он адам­ның 50 мил­ли­о­ны ресей­лік­тер. Ресей­де 140 мил­ли­он халық тұра­ты­нын ескер­сек, шал мен кем­пір және де бала­лар­дан басқа халы­қтың 80 пай­ы­зы осы фильм­ді қараған деген сөз. Осы­дан кей­ін тіп­ті бұрын Путин­ге дауыс беріп, қол­дап жүр­ген аза­мат­тар­дың ойла­ры өзгер­ді. Сол себеп­ті Ресей­де­гі көтерілістің екпіні одан сай­ын арта түседі.

– Путин билік­тен өз еркі­мен кете ме, жоқ әлде рево­лю­ция ықпал ете ме?

– Путин ешу­ақыт­та билік­тен өз еркі­мен кет­пей­ді. Егер ол билік­тен кететін бол­са, онда ол сот­та­луы мүм­кін. Сон­ды­қтан ол өзінің билі­гін соңы­на дей­ін қорғай­ды. Нақты­рақ айт­сам, ол қан төгу­ден де тай­ын­бай­ды. Бір сөз­бен айтқан­да, Путин билік­тен рево­лю­ция арқы­лы ғана кетуі мүм­кін. Ресей халқы әр жүз жыл сай­ын рово­лю­ция жасап оты­ра­тын халы­қтың бірі деп ойлай­мын. Қазір­гі таң­да халы­қтың жағ­дайы нашар­лап, шыда­мы тау­сыл­ды. Оның үстіне мұнай мен газ, жер асты қаз­ба бай­лы­қта­ры­ның баға­сы арзан­дап, әле­умет­тік жағ­дай күн өткен сай­ын нашар­лап бара жатыр. Менің ойым­ша, Ресей­де алдағы 3–4 жыл­да күр­делі жағ­дай туындайды.

Путин оңай­лы­қ­пен өз билі­гін бере сал­май­ды. Әскер мен поли­ция, құқық қорғау орган­да­ры арқы­лы екі жақтың ара­сын­дағы егес 3–4 жылға дей­ін созы­ла­ды деп ойлай­мын. Жал­пы, Ресей мен Қаза­қстан­да оңай­лы­қ­пен демо­кра­тия орнамайды.

– Қазір халы­қтың тала­бы Наваль­ный­ды боса­ту болып отыр. Бұл талап орын­да­ла ма, жоқ па?

– Жоқ, қазір Наваль­ный­ды босат­пай­ды. Деректі фильм­ді көр­ген­нен кей­ін, билік­тің Наваль­ный­ды не үшін өлтір­мек­ші болға­нын түсін­дім. Өткені фильм­ді шығар­мау үшін оны өлтіру­ге дай­ын­далған екен. Сон­ды­қтан да оған қан­дай да бір жалған айып­тар тағып, 5–6 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айырады.

– Қазір халы­қтың тала­бы Наваль­ный­ды боса­ту бол­са, кей­ін бұл талап Пут­ин­ді тақтан тай­ды­руға дей­ін жалға­суы мүм­кін ғой…

– Әрине! Біздің елде ғана 10–20 жыл билік­те оты­ра беретін жүйе қалып­тасқан. Негізі ондаған жыл билік­тен оты­ра беру дұрыс емес. Билік жиі-жиі ауы­сып оты­ру керек. Сон­да ғана жемқор­лық және тағы басқа зияды дүни­е­лер­мен күре­се аламыз.

– «Егер Путин орны­нан кетіп, оның орны­на демо­крат бас­шы кел­се, біздің елде де оң өзгеріс бола­ды» деген пікір бар. Бұл пікір­дің қан­ша­лы­қты жаны бар?

– Әрине Ресей­де билік өзгер­се, біз­де де оң өзгеріс бола­ды. Негізі, біздің елде пар­ла­мент­тік емес, мықты пре­зи­дент­тік басқа­ру болуы керек. Бірақ ол пре­зи­дент­тер екі мерізім­мен 4–5 жыл­да ауы­сып оты­руы керек. Осын­дай талап орын­далған жағ­дай­да ғана оң өзгерістер­ге жете ала­мыз. Әйт­пе­се, баяғы жар­тас – сол жар­тас болып қалады.

– АҚШ-қа Бай­ден­нің пре­зи­дент болып келуі Ресей­ге қалай әсер ете­ді деп ойлайсыз?

– Ресей Трамп­тың кезі­нен де қат­ты таяқ жей­ді. Негізі рес­пуб­ли­ка­лық және демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның Ресей­ге көзқа­ра­сы жақ­сы болып, көмек жасаған емес. Ал демо­крат­тар керісін­ше өздерінің при­циптеріне сәй­кес, Путин­нің көзін құр­туға тырсады.

Бірақ менің бір бай­қаға­ным – Аме­ри­каға Путин­нің тағы 10–15 жыл билік­те оты­рға­ны тиім­ді. Өйт­кені Ресей­дің ең бірін­ші жауы – Аме­ри­ка неме­се НАТО емес, Путин мыр­за. Путин өз доста­ры­мен бір­ге Ресей­дің ту-талақай­ын шыға­рып жатыр. Путин­нің ала­яқтық сая­са­ты жалға­са бер­се, Ресей Феде­ра­ци­я­сы сая­си кар­та­дан жой­ы­лып кетеді.

– Яғни, осы арқы­лы татар, башқұрт секіл­ді түр­кі халы­қта­ры­ның тәу­ел­сіздік алуға мүм­кін­ді­гі бар дей­сіз ғой…

– Әрине, түр­кі халы­қта­ры­ның тәу­ел­сіздік алуға ықти­мал­ды­ғы және құқы­ғы да бар. Мәсе­лен, Кремль «Қырым­ды­қтар өздерінің бола­шағын рефе­рен­дум арқы­лы шешті» деп айтып отыр ғой. Егер дәл сон­дай құқы­қты татар, башқұрт, дағы­стан ингуш, шешен және қара­шай­ларға бер­се, олар бір күн­де рефе­рен­дум арқы­лы тәу­ел­сіздік алып кетер еді.

Жал­пы қаза­қтар бақыт­ты халы­қ­пыз ғой. Қазақ деген аты­мыз бен Қаза­қстан деген мем­ле­кеті­міз бар. Башқұрт, татар, бурят, тува­лы­қтар­дың неге осын­дай мүм­кін­ді­гі бол­мауы керек? Олар­дың да жеке мем­ле­кет болуға құқы­ғы бар.

Менің ойым­ша, бола­шақта Ресей быты­рап, оның аясы Мәс­ке­умен шек­те­летін бола­ды. Осы кез­де қаз­ба бай­лы­қта­ры мол якут халы­қта­ры өз алды­на бөлек мем­ле­кет бола ала­ды. Дәл солай қал­мақ сын­ды халы­қтар бой көтереді.

Серік ЖОЛДАСБАЙ

Аrasha.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн