Четверг , 3 июля 2025

«БІЗ» бен «МЕН»-нің АРАСЫ

«Сөз сара­сы» деген дұрыс па, әлде «сарасөз» деп қол­да­ну жөн бе? Көп­тің көңілі­нен (оның ішін­де біз де бар­мыз) шығып жүр­ген «Абай» теле­ар­на­сы алды­ңғы­сы­на алаң­да­ма­ды. Соңғы­сын таң­дап, бір­ша­ма уақыт­тан бері көре­рмен наза­ры­на таңып келеді.

Осы ұғым пай­да болған­да, мүй­ізі қарағай­дай тіл­шілер мен сөз түзе­ушілер де жұмған ауы­зда­рын ашпа­ды. Үнде­ме­гені былай тұр­сын, ақын­ның әйгілі қара сөзі­мен ұйқас тір­кесіне мән бер­меді. Аны­ғын­да, бұл – даны­шпан Абай­дың өлеңді сипаттаған аны­қта­ма­сы емес пе еді? Біздің­ше, сөз пат­ша­сы «қосы­лғы­штар­дың орнын ауы­сты­рған­мен, қосын­ды­ның мәні өзгер­мей­ді» дей­тін ариф­ме­ти­ка­лық ере­же­ге көне қой­ма­са керек. Оны бұр­ма­лау қисын­сыз. Өйт­кені ойлы адам­ның сана­сы­на жүк арта­тын әрбір сөздің өз орны бар.

«Өлең – сөздің пат­ша­сы, сөз сарасы,

Қиын­нан қиы­сты­рар ер данасы.

Тіл­ге жеңіл, жүрек­ке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр кел­сін айналасы…».

Ақын­ның өзі айтқан­дай, осын­дағы әр тір­кес, әрбір сөз өз орнын­да тұр.

Иә, біз клас­си­ка­лық дүни­е­ге атүсті қара­сақ, дең­гей­і­мізді төмен­де­тері­міз сөз­сіз. Сон­да сау­ат­ты түп­нұсқа­дан ауы­тқуға түрт­кі болған не? Сөзді адам өнері деп баға­лай­тын халы­қтың оған көне салға­ны ма? Абай­ды түзе­ту­ге тыры­сқан «мықты­ны» білетін кісі бар шығар? Түсін­діретін, ұқты­ра­тын ғалым­дар қай­да қал­ды? Бір аны­ғы, сөз ұста­ну­да өзім­білем­ге жол беру – мәде­ни­ет­сіздік. Бұл – ақын атын иелен­ген теле­ар­наға, бүгін­гі тіл маман­да­ры­на үлкен сын деп ойлай­мыз. Қалай деген­де мұн­дай ағат­ты­қтың алдын алуға тиіс­піз. Ұлт­тың мінін түзеу – Абай ама­на­ты­на адал­ды­қты, оның өлеңі мен қара сөзін­де­гі көр­кем­дік пен ғақ­ли­я­ны, сын­ды ескеріп, өси­етін орын­да­уды аңғарт­са керек. Бұқа­ра­лық ақпа­рат құра­лы­ның да басты мін­деті – жеке­ле­ген адам­дар­дың емес, халы­қтың мұңын мұң­да­уға, елдің сөзін сөй­леп, атқарған ісін көр­се­ту­ге мүм­кін­дік туғызу.

Есесіне, қазір жеке­ле­ген адам­дар теле­ди­дар­дан, биік мін­бер­лер­ден өздері тура­лы «мен істе­дім», «мен тын­дыр­дым», «мен сөйт­тім», «мен жаса­дым», «мен талап еттім», «мен жаз­дым», «мен енгіздім!», «мен шештім!» деп айтуға қысы­лып-қым­ты­рыл­май­тын бол­ды. Еңбек ұжы­мы­ның бас­шы­сы, мем­ле­кет­тік құры­лым жетек­шісі бол­са да, тек бірін­ші жақтан баян­дап, жеке­ше түр­де жазуға машы­қтанған. Осы жағын рет­тей­тін редак­тор­лар кемі­ген­дік­тен бе, әйте­уір өз атын шыға­ру­дың ама­лы көбей­іп-ақ тұр. Алға­шын­да ерсілеу естіл­ген «мені» бүгін­де жап­пай белең алып, басым­дық ала бастаған сияқты. Ал жау­ап­кер­шілік жүгін мой­ы­нға алар тұста мұн­да­лап тұра­тын «мені» көмес­кілеу көрініп, тіп­ті естіл­мей де қала­ты­ны өкіні­шті. Бұл – бір ақпа­рат құра­лы­на ғана емес, бар­лық сала­ның жау­ап­ты тұлға­ла­ры­на түгел қаты­сы бар түйт­кіл. Дәстүр­лі қанағат­ты, көп­шіл­дік­ті мең­зей­тін «біз»-ден ат-тонын ала қаша­тын­дай оларға не көрінді?

Осы орай­да халық баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның мына ойы еске түседі:

«Мен істе­дім дегенше,

Мың істе­ді десеңші,

Мың істе­ді дегенше,

Ер істе­ді десеңші,

Ер істе­ді дегенше,

Ел істе­ді десеңші.

Мен мыңдікі болмасам,

Ер елдікі болмаса,

Кім істе­ді дер едің?».

Мұн­да ұлт дана­лы­ғы тұнып тұр.

Өкініш­ке қарай, жеке бастың қамын күйт­тей­тін жаман әдет ел ішіне жай­ы­лып кету қау­пі бар. Ал баз­біре­улер қай­ы­рым­ды­лық акци­я­сын­да, түр­лі қоғам­дық іс-шара­да тек жар­на­ма (пиар) үшін ғана бой көр­се­тетіні, каме­раға ғана жыми­я­ты­ны жасы­рын емес. Ондай дағ­ды­ны, яғни өзіне-өзі фанат болып жүретін бел­гілі адам­дар­ды халық әлдеқа­шан танып үлгер­ген. Бәл­кім, жеке­ле­ген депу­тат­тар, мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер мен іс адам­да­ры осын­дай әре­кет­тері арқы­лы көп­шілік­тің көзіне бір­ден түсетіні­нен бей­ха­бар да шығар. Сон­ды­қтан олар­дың әрдай­ым әдеп­ті, жіті, абай болға­нын қалар едік.

Сон­дай-ақ қазір­гі ашық қоғам­да жағым­паз­дық пен күн­шіл­дік дер­ті көз­ге ұрып тұра­тын бол­ды. Одан бір­жо­ла ары­лу­ды тегіне, жасы­на, лау­а­зы­мы­на, әле­умет­тік мәр­те­бесіне қара­ма­стан, іс басын­да жүр­ген ат төбелін­дей аза­мат­тар өздері­нен бастаға­ны жөн. Олар өзге­лер­ге үлгі көр­се­те алар еді.

Бір­не­ше жыл бұрын халық жазу­шы­сы Шер­хан Мұр­та­за­ның 80 жыл­ды­ғын­да бір аза­мат мерей­той иесіне жасаған ресми көме­гін тіз­бе­леп, сөз сап­та­уда «менін» алды­на сала бер­ді. Сөй­ле­ушіні жыға таны­май­ты­нын біл­діріп, сол кез­де­гі облыс әкі­мі Қанат Бозымбаев:

– Шераға­ны жетек­ке ала­тын­дай мына кісі неше­де? – деп сұрады.

– «Мен» дегенін жиі айтқа­ны­на қараған­да, жасы алпы­стан асып кет­кен шығар, – деп, әкім­ді, күл­кі­ге көміл­ген оның маңын­дағы­лар­ды әрең тоқтатқа­ны­мыз есімізде.

Тағы бір жиын­да жаңа­дан сай­ланған Мәжіліс депу­тат­та­ры­на ұнау үшін таны­мал бір ғалым ағамыз:

– Сен­дер кел­гелі Мәжілістің жұмысы көріне баста­ды. Бәрі ұйы­қтап оты­ра­тын жер­ді оят­ты­ң­дар. Шын­ды­қты шыңғыр­тып айтып жүр­сің­дер. Жағ­дай түзел­ді, қым­бат­шы­лық тоқта­ды, – деп, жеп оты­рған таға­мын жұта алмай, айтып-айтып таста­ды. Ара­сын­да оты­рған бұры­нғы депу­тат­тар­ды (кезін­де оларға да осы сөз­дер­ді айтқан) көз­ге де ілмеді. Сонда:

– Ақы­ры мақтаған соң, «сен­дер­ге дей­ін Пар­ла­мент бол­маған еді, өздерің келіп құрып, ашты­ң­дар ғой!» – деп айта сал­саңыз, қатып кетер еді, – дегені­міз­де, сол мақта­уды есті­ген­дер­дің өздері ыңғай­сыз жағ­дай­да қалған-ды.

Бұл нақты мысал­дар өмір көр­ген, түй­гені мол жасы үлкен­дер­дің өздерінің жағым­паз­ды­ққа бей­ім екен­ді­гін айғақ­та­са, екін­ші жағы­нан мұны көр­ген жастар­ды дәл солай қалып­та­су­дан қорғап, өзге өне­ге қажет­ті­гін көр­се­те­ді. Өйт­кені кез кел­ген орта­да мен­мен­дік­тің, өркөкірек­тік­тің жұқ­па­лы дерт екен­ді­гін бай­қау қиын емес. Ұятын кеудесіне емес, екі таба­ны­ның асты­на жасы­рып, бөсетін, біре­уді мақ­та­са – мақта­удың көкесін таны­тып, дат­та­са – ит терісін басы­на қап­тап, тесік­ке тығып жібе­ретін жәді­гөй, айла­кер, жыл­пос жастар да бой көр­се­те баста­ды. Мұн­дай екі­жүзділік­ті, пасы­қты­қты, тәкап­пар­лы­қты діні­міз де айып­тай­ды. Мыса­лы, хади­стер­де «мен»-ді жиі қол­дан­ба­уға кеңес береді. Сірә, мен­мен­дік­ке бастай­тын іс-әре­кет, амал­дар­дың қай­ы­рым­сыз бола­ты­нын ескерт­се керек.

Жалған дүниенің, баян­сыз тір­шілік­тің шын­ды­ғын жыр­лап өткен, таны­мы терең ақын Есенға­ли Рау­шан бір мақаласында:

«Ал айты­ңыз­шы, «мен жаса­дым, менің пәр­менім­мен жасал­ды», «маған дей­ін ештеңе де, ешкім де болған емес…» деген сықыл­ды сөзді сіз Жаратқан иенің қай­сы аяты­нан, қай пай­ғам­бар­дың қай хадисі­нен оқы­ды­ңыз? Оқы­ған жоқ­сыз! Жаб­бар хақ «мен» демей­ді, «біз» дей­ді. Яки, «мен жаса­дым» демей­ді, «біз жаса­дық» дей­ді. Пай­ғам­бар­лар да солай», – деп адам­за­тқа ортақ ақиқат­ты ақта­рып-ақ жазған еді.

Өз зама­нын­да, кеудесіне нан пісіп, мекірен­ген­дер көбей­іп кет­кен тұста да хәкім Абай: «Естілер де ісіне қуан­бай жүр, ел азды деп надан­дар мұңай­май жүр» деп жазға­нын білеміз.

Шын мәнін­де, «біз» бен «мен»-нің парқын айы­ра ала­тын адам сөздің құдіретін ғана емес, ел мен жер­дің, адам­ның, қоғам­ның қадірін баға­лай біледі деп ойлаймыз.

Дана Абай­дың поэ­зи­я­ны «сөз сара­сы­на» теңе­уінің мәні де негізі­нен тың­да­у­шы­ға – мына сіз бен біз­ге бағыт­талға­нын ұмыт­па­лық. Дар­хан МЫҢБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн