Суббота , 5 июля 2025

БІЗ БІЛМЕЙТІН ТҮРКИЯ

Қыркүйек айының 21–30 күндері «Түркітілдес журналистер қорының» ұйымдастыруымен бір топ қазақ журналистері Түркияның біраз қалаларын (Адыйаман – Мардин – Диарбакыр – Шанлыурфа – Газиантеп – Стамбул) аралап қайтты.

Топ­ты бастап барған атал­мыш қор­дың жетек­шісі Назия Жоя­мер­генқы­зы жур­на­ли­стер­ге аудар­ма­шы болып, екі аяқ, екі қолы­мы­зды төр­теу еткенін сөз басын­да айта кет­кені­міз жөн.
Сапа­ры­мыз Укра­и­на аста­на­сы арқы­лы болған­ды­қтан, күні­мен Киев­ті тама­ша­лап, ондағы тәу­ел­сіздік алаңы – Май­данға барып, естелік сурет­ке түстік, әрі қарай Стам­бул мен Анка­раға қонып, Адыйа­ман қала­сы­на да жеттік. 

Әуе­жай­да Адыйа­ман жур­на­ли­стері одағы­ның жетек­шісі Ибра­хим Аслан мыр­за бізді сал­та­нат­ты түр­де гүл­мен қар­сы алды. (Түрік еліне сапар бары­сын­да көр­ген құр­меті­мізді айтып, мақта­нуға тура келеді, ол үшін оқыр­ман қауым­нан кешірім сұраймыз).


Адыйа­ман қала­сын­да «Ихлас Хабер Ажан­сы» (ІНА) ақпа­рат агент­ті­гін­де қонақта болып, әлем­нің 50 еліне ақпа­рат тара­та­тын агент­тік­тің жұмысы­мен таны­стық. IHA агент­ті­гінің «Anadolu ajansі», «Güne bakış» және «Adıyamanda gündem» газет­терін­де, «Burak» бас­па­ха­на­сын­да, «Yeniyol» газеті, «Mercan TV» жəне Адыйа­ман жур­на­ли­стер одағын­да өткен кез­де­су­лер­ге қатыстық. 

Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Ибра­хим Аслан мыр­за­ның айтуын­ша, өлкелік одақ мүшелі­гін­де­гі 60-тан астам жур­на­ли­стер­дің 13-інде «сары жолақты кар­та» бар екен. Бұл құжат 13 жур­на­лист үшін үкі­мет тара­пы­нан жаса­ла­тын әле­умет­тік жеңіл­дік­ке, меди­ци­на­лық тегін көмек­ке, ресми жиын­дарға емін-еркін қаты­суға, т.б. әле­умет­тік қол­да­уға ие болған­ды­ғын біл­діреді. Жур­на­ли­стер одағы мүшелік­ке өткен­дер­дің бірқа­та­ры­на пәтер алып беретін де мүм­кін­ді­гі бар екен. Сон­дай-ақ түрік жур­на­ли­стерінің қолын­дағы сұр төлқұ­жат (пас­порт) иелеріне кез кел­ген мем­ле­кет­ке виза­сыз барып-келуіне жол аша­тын көрі­неді. Мұн­дай жеңіл­дік­тер түрік елін­де­гі жур­на­ли­стер­дің бар­лы­ғы­на берілген.

НЕМРУТ – «ТӘҢІРЛЕР ТАУЫ»

Келесі күні таң бозы­нан Адыйа­ман­дағы аты әлем­ге мәшһүр болған Немрут тауы­на көтеріліп, Күн­нің шығуын қар­сы алдық. Ескер­те кетей­ік, «Тəңір­лер­дің тағы» атанған Немрут тауы Күн­нің шығуы мен батуын тама­ша­ла­у­ға әлем­де­гі ең қолай­лы жер деген аңыз-атаққа ие болған. Бұл ғажай­ып құбы­лы­сты тама­ша­ла­у­ға әлем­нің әр түк­пірі­нен тури­стер ағы­ла­ды екен. 

Немрут тауы дүние жүзі тарихын­дағы ең бай­ы­рғы жер­лер­дің бірі сана­ла­ды. «Ұлт­тық дема­лыс пар­кі» ретін­де мем­ле­кет­тік қорға­уға алы­нған аймақ тари­хи ескерт­кі­ш­тер­ге өте бай. Теңіз дең­гей­і­нен 2150 метр биік­тік­те орна­ласқан «Тәңір тауы­на» күн сай­ын кем деген­де 2 мың турист келетініне көзі­міз жет­ті. Пар­сы­лар мен рим­дік­тер­дің орта­сын­дағы шап-шағын мем­ле­кет­тің шапқын­шы­лы­ққа ұшы­ра­май, өз мәде­ни­еті мен тарихын сақтап қалуы­ның аста­рын­да король Анти­окстің (Антиох) даны­шпан­ды­ғы мен дипло­ма­ти­я­лық сая­са­ты жатқан көне тарих­тың ізі сай­рап жатыр. Біздің дəуірі­міз­ге дей­ін­гі 62 жылы салы­нған тари­хи ескерт­кі­ш­тер­ді тама­ша­лап, қаси­ет­ті мекен­де аға­рып атқан таң­ды елі­міз­ге, бар­ша қаза­ғы­мы­зға, туған-туы­ста­ры­мы­зға деген жақ­сы тілек­тер­мен қар­сы алып, әрі ол тілек­тері­міз орын­да­ла­ды деген зор сенім­нің жүрек­те ұяла­у­ы­на Немруд аңы­зы себеп­кер болған еді… 

Адыйа­ман­дағы Пер­ре (Пирин) анти­ка­лық кен­тінің ірге­та­сын осы­дан 2 мың жыл бұрын (біздің жыл сана­уы­мы­зға дей­ін­гі 69 жылы) Ком­ма­ген король­ді­гі қалаған бол­са, бүгін­гі күні ол «Өлілер­дің кен­ті» атты қоры­мға айналған. Архео­лог­тар­дың айтуын­ша, анти­ка­лық кент үшке бөлін­ген: мазар­лар, шебер­ха­на (зəй­түн майы, шарап, т.б. өндіріл­ген) және адам­дар тұрған жер. Өкініш­ке қарай, нағыз Пер­ренің үйін­дісінің үстіне кей­ін­нен 131 үй салы­нып­ты. Енді олар­ды сүріп тастап, қаз­ба жұмыста­рын бастау үшін үкі­мет үй иелеріне өте­мақы төле­уі тиіс. «Жуыр­да бұл мәсе­ле де шеші­мін таба­ды» деп, жер­гілік­ті билік сенім біл­діріп отыр. 

Тастан қашап жасалған 200-ден астам қорым­дағы үңгір­лер жалғыз ада­мға арнал­маған, отба­сы­лық болған деседі. Өлім­нен кей­ін өмір бола­ты­ны­на сен­ген ком­ма­ген­дік­тер бұл қоры­мға мәй­іт­тер­ді керек-жарағы­мен қоса жер­ле­ген. Тұрғы­зы­лған мазар­ларға қарап, марқұм­дар­дың әле­умет­тік мәр­те­бесін аны­қтаған: бай­лар­дың қабірі барын­ша қым­бат тастар­мен безен­діріліп, ішіне құн­ды заттар қой­ы­лған. Алай­да Пер­ре кен­ті алғаш ашы­лған­да, қорым­дар­дан тек адам­ның сүй­ек­тері мен арзан заттар ғана табы­лып­ты. Алтын неме­се басқа да асыл тастар бұған дей­ін тона­лып кет­се керек.

Сапа­ры­мыз бары­сын­да сон­дай-ақ қала тұрғын­да­рын ауыз­су­мен қам­та­ма­сыз еткен құды­қты көр­дік. Бір қызы­ғы – мұн­да осы­дан 2 мың жыл бұрын су тазар­ту жүй­есі құрып­ты: жаң­быр мен қар­дан жиналған су бір­ден құды­ққа бар­май, арнайы тазар­ту жүй­есі­нен өткізіл­ген. Құды­қтың аузын­да бір­не­ше бас­пал­дақ бар. Демек, жиналған су терең­де­гі арнайы кеңістік­ке толтырылған. 
Адыйа­ман жерін­де­гі тағы бір көне ескерт­кіш – 2 мың жыл­дық тарихы бар Джен­де­ре көпірі. Рим­дік­тер салған ежел­гі көпір­дің ұзын­ды­ғы 120 метр. Айта кететін жәйт – бұл көпір 1997 жылға дей­ін халы­ққа қыз­мет етіп келіп­ті. Сол жылы көпір күр­делі жөн­де­уден өтіп, адам­зат бала­сы­ның баға жет­пес бай­лы­ғы ретін­де ЮНЕ­СКО-ның қорға­уы­на алы­нған. Содан бері көпір үсті­мен көлік­тер­дің өтуіне бір­жо­ла тый­ым салы­нған. Қазір әлем­нің әр тара­пы­нан осы тари­хи көпір­ді көру үшін тури­стер көп келеді екен. Ара­да 2000 жыл өтсе де, тастан қала­нып жасалған көпір күні бүгін­ге дей­ін әрі берік, әрі онда жазы­лған жазу­лар мен салы­нған өрнек­тер де сол күй­ін­де сақталған.
Адыйа­ман облы­стық Мәде­ни­ет жəне туризм басқар­ма­сы­ның бас­шы­сы Мұста­фа бей біздің жыл сана­уы­мы­зға дей­ін­гі дәуір­ден бұрын баста­ла­тын Немрут тауы­ның тарихы, Ком­ма­ген король­ді­гі, Пер­ре анти­ка­лық кен­ті, əйгілі Джен­де­ре көпірі, Адыйа­ман тари­хи мұра­жай­ы­на өзі гид болып барып, көне тарих­тың жәді­гер­лері­мен таны­сты­рып, құн­ды деректер­мен бөлісті. Қазақ жур­на­ли­стеріне арнап, «Туризм жəне жур­на­ли­сти­ка» тақы­ры­бы­на семи­нар-тре­нинг өткізіп, біз­ге халы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат тап­сыр­ды. Біз өз кезе­гі­міз­де «Түр­кітіл­дес жур­на­ли­стер қоры» мүше­лерінің аты­нан Мұста­фа бей­дің иығы­на қаза­қтың шапа­нын жауып, ыстық ықы­ла­сы­мы­зды білдірдік. 
Түр­кия сапа­рын­да Адыйа­ман қала­сы­ның мэрі Нурул­лах Наджи Кал­кан­джы мен қала­ның губер­на­то­ры Фех­ми Хүсрев Кут­лу мыр­за­лар­дың қабыл­да­уын­да бол­дық. Кез­де­су­де Нурул­лах мыр­за Қаза­қстан тура­лы, оның пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа қаты­сты, Түр­кия мен Ресей ара­сын­дағы ұшақ дауын шешу­де Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы арағай­ын­дық еткенін, Түр­кі əле­мінің бір­лі­гі жолын­да орас­ан зор үлес қосып келе жатқа­нын тіл­ге тиек етіп, «Қаза­қстан мен өзге түр­кі мем­ле­кет­тері ара­сын­дағы бауыр­ла­стық-достық бай­ла­ны­стар нығая бер­сін», – деген тіле­гін біл­дір­ді. «Сіз­дер­ді жер­гілік­ті теле­ди­дар­дан, газет­тер­де беріл­ген ақпа­рат­тан көріп жүр­міз, үй-іші­міз­де­гілер де қаза­қтар­ды көше­ден көр­дік деп жатыр. Мен де сіз­дер­ді көруім керек қой деген шешім­ге кел­дім», – деген әзіл­мен қонақ­жай­лы­лы­ғын таныт­ты. Қала мэрі мен губер­на­тор бізді кеш­кі асқа шақы­рып, құр­мет көр­сет­ті. Кеш­те ән де айтыл­ды, би де биленді.

Сон­дай-ақ Гөл­ба­шы ауда­ны­ның губер­на­то­ры Юсуп Өзде­мир мыр­за­ның арнайы шақы­руы­мен аудан орта­лы­ғы­на бар­дық. Аудан халқы ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін өндіріп, жүзім кеп­тіріп, Еуро­па елдеріне тіке­лей экс­пор­тқа шыға­ру­мен айна­лы­са­ды екен. Біздің жур­на­ли­стер­ге арна­лып, Адыйа­ман­дағы өндіріс орын­да­ры­на пресс-тур ұйым­да­сты­рыл­ды. Мұн­да қала шетін­де­гі үлкен хол­динг­тің аумағы­на 126 шағын зауыт-фаб­ри­ка орна­ласқан. Сүт өнім­дерін өңдеу зауы­тын, есік-тере­зе шыға­ра­тын, кофе өңдей­тін, тек­стиль өндіретін кәсі­по­рын­дар­ды ара­лап көр­дік. Мем­ле­кет тара­пы­нан жеңіл­дік­пен берілетін несие арқы­лы өндіріс ошақта­рын дамы­тып жатқан алақан­дай Адыйа­ман өнім­дері әлім­нің түк­пір-түк­піріне тарай­ды екен. 

Қалаға қазақ жур­на­ли­стері кел­генін Адыйа­ман облы­стық Ішкі істер басқар­ма­сы­ның басты­ғы Метин Алпер мыр­за да естіп, қала губер­на­то­ры­мен кез­де­су­ге барған­да, бізді кез­дей­соқ көріп те қалып­ты. Содан бізді бастап жүр­ген ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дан Ішкі істер басқар­ма­сы­на келуі­мізді өтініп­ті. Оның шақы­руын біз де қабыл алдық. Кез­де­су­де Метин мыр­за бізді басқар­ма­ның жұмыс бары­сы­мен таны­стыр­ды. Сири­я­мен шека­ра­лас аудан­ның қауіп­сізді­гіне жау­ап­ты жігіт­тің қара­мағын­да 1800 поли­ция қыз­мет­кері бар екен. Метин бей­дің Қаза­қстан мен қаза­қтар тура­лы пікірі өте жоға­ры, әрі өзінің қырғыз­ша­сы мен орыс­ша­сы да тәп-тәуір екен. Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың орта­сын­да ол Біш­кек­те елшілік­те қыз­мет­те болып­ты. Сол кез­де қаза­қтар­дың ара­сы­нан талай таныс, жақын дос тауып­ты. Алма­ты­ға жиі-жиі келіп тұруға тыры­са­ды екен.

МАРДИНКӨНЕ ТАРИХ КУӘСІ

Келесі кезек­те Мар­дин қала­сы­на жол тарт­тық. Ғасыр­лар­дан бері түр­лі тіл, дін және мәде­ни­ет­тің адам­да­ры тату-тәт­ті өмір сүр­ген Жоға­ры Месо­по­та­ми­я­ның ең көне қала­ла­ры­ның бірі – Мар­дин. Бір таудың төбесіне құры­лған қала­ның жасы шама­мен 7 мың жыл. Ана­до­лы, Месо­по­та­мия және Жібек жолы бой­ын­дағы сауда жол­да­ры тоғы­сқан қой­на­удың бар­лық бай­лы­ғы қала тарихын­да маңы­зды іздер қал­ды­рған. Нео­ли­ти­ка­лық дәуір­лер­ден қалған күл­тө­бе­лер, Асси­рия сауда коло­ни­я­ла­ры, пар­сы, грек, Рим және Визан­тия импе­ри­я­ла­ры – осы жер­лер­ді мекен­де­ген көне өрке­ни­ет­тер­дің тек бір­не­ше­уі ғана. Соңғы жыл­да­ры дүние жүзінің наза­рын ауда­ра бастаған Мар­дин қала­сы дәстүр­лі тас үйлері­мен, тар көше­лер, шір­ке­улер, мешіт­тер және мед­ре­се­лері­мен ашық аспан астын­дағы мұра­жай іспет­тес. Бұзыл­маған сәу­леті­мен орта ғасыр қала­ла­ры­на ұқсас Мар­дин­нің тастан қаланған сәу­леті қай­ран қалдырады.

Қалаға барға­ны­мы­зда, губер­на­тор əрі мэр Мұста­фа Йаман мыр­за­ның қабыл­да­уын­да болып, дастар­хан басын­да емін-жарқын әңгі­ме өрбіт­тік. Бір қызы­ғы – әкім­шілік ғима­ра­ты­ның аула­сын­да орна­ласқан кафенің бір бұры­шын­да музы­кант­тар ән салып, аспап­та­рын даңғыр­ла­та ойнап оты­рға­нын әкім елең де қылған жоқ, әрі ол жер­де әкім оты­рға­нын ескер­тіп жатқан ешкім де бол­ма­ды. Мұн­да әркім өзінің қала­у­ы­мен өмір сүреді деген еркін­дік бар. 

Мұста­фа бей­дің айтуын­ша, мұн­да ауыл шару­а­шы­лы­ғы жақ­сы дамы­ған. Әсіре­се Мар­дин­нің қат­ты сорт­ты бидайы халы­қа­ра­лық нары­қта өте жоға­ры баға­ла­на­ды. Осы­ның арқа­сын­да жыл сай­ын 1 млрд дол­лар­дың бидайы Ирак пен Афри­ка елдеріне экс­порт­та­ла­ды. Іргесін­де 20 шақы­рым жер­де орна­ласқан Сири­ядағы аху­ал тұрақтанған соң, бидай­ды экс­порт­тау жұмысын жалға­сты­ра­тын­да­ры­на сенім­ді. Соны­мен қатар Мар­дин әртүр­лі дін­дер тұта­сты­ғы­ның айғағы екен – көне заман­да ірге­та­сы қаланған мед­ре­се мен мона­стырь бір ғима­рат­тың екі басы­на орна­ласқан. Еке­уіне де кіріп-шыққан­дар қата­ры өте көп, дені тури­стер бол­са да, діні бөлек­тер бір-бірін бөтен­сі­мей, ара­ла­сып жатыр. Біз ғима­рат орта­сын­дағы қаси­ет­ті бұлақтың суы­нан ауыз тиіп, қала­ны ара­лап, орта­лы­қтағы ашық алаң­да жер­гілік­ті жұрт­пен халай билеп, әрі қарай Дияр­ба­кыр қала­сы­на жол тарт­тық. Мұн­дағы 2 мил­ли­он­нан астам халы­қтың 80 пай­ы­зы – күрд­тер. Өндіріс ошақта­ры дамы­ған, архи­тек­ту­ра­сы әсем қала екен.

ШАНЛЫУРФА ПИРАМИДАЛАРЫ

Шан­лы­ур­фа қала­сы­на барған сапа­ры­мыз «Güney Doğu» және «Эдес­са» теле­ком­па­ни­я­ла­рын­да жалға­сты. Шан­лы­ур­фа­да Жур­на­ли­стер одағы­ның бас­шы­сы Кемал Капа­к­лы мыр­за­мен кез­десіп, урфа­лық БАҚ тура­лы ақпа­рат алдық. Шан­лы­ур­фа­да спут­ник арқы­лы хабар тара­та­тын 4 теле­ар­на, 6 радио, 8 газет, 3 жур­нал бар екен. Әлем­нің әр түк­піріне хабар тара­та­тын теле­ар­на мен радио­ке­шен зама­на­уи құрал­дар­мен жаб­ды­қталған.
Шан­лы­ур­фа­дағы «Гөбек­ли тепе» («Іші бар төбе») ғиба­датха­на­сы­на бар­дық. Біздің дəуірі­міз­ге дей­ін­гі 10–8 мыңын­шы жылы салы­нған ғиба­датха­наға қаз­ба жұмысы жүр­гізіліп­ті. Бұл жер­де­гі ескерт­кі­ш­тер­дің «жасы» Еги­пет пира­ми­да­лар­ды­нан 8 мың жылға үлкен­ді­гін естіп, қай­ран қал­дық. Қаз­ба жұмыста­ры кезін­де табы­лған экс­по­нат­тар­дың дені қала­дағы мұра­жай­ға қой­ы­лып­ты, оны да тама­ша­ла­дық.
Одан кей­ін атағы әлем­ге жай­ы­лған «Балы­қты­көл» киелі мекенін­де­гі Ибра­хим пай­ғам­бар­дың мешітіне бар­дық. Ежел­гі аңыз бой­ын­ша, Зыли­ха­ны сүй­гені үшін Ибра­хим­ды өрте­мек болған­дар­дың оты­нан осы көл, отқа жағы­лған тамы­зы­қтан балы­қтар пай­да болып, «Балы­қты­көл» атанған екен. Көл­де­гі балы­қтар киелі сана­ла­тын­ды­қтан, оларға ешкім тиіс­пей­ді екен, кей­де олар өз-өзі­нен азай­ып, сосын қай­та­дан көбей­іп, көл­дің сәнін кел­тіріп жатқан жайы бар. Шан­лы­ур­фа – он бір мың жыл­дық тарихы бар Ана­до­лы­ның ең бай­ы­рғы қала­ла­ры­ның бірі. Адам бала­сы­ның тарихы­мен бір­ге басталған тарих­тың бастау алған жері, өрке­ни­ет­тер мекені, пай­ғам­бар­лар өңірі деп сана­ла­ды екен.

ГАЗИАНТЕП ҒАЖАЙЫБЫ

Біз ара­лаған Гази­ан­теп қала­сы – үлкен­ді­гі жағы­нан Түр­ки­я­ның алтын­шы қала­сы. Ерекшелі­гі – қала бар­лық дәуір­де де мәде­ни­ет пен сауда­ның және өнер­кәсіп­тің орта­лы­ғы болу дәре­же­сін сақтаған. Сон­дай-ақ тарих­тың, туризм және өндірістің, әсіре­се бір­ге өмір сүру мәде­ни­еті мен әле­умет­тік бей­біт­шілік­тің, азаттық күресінің орта­лы­ғы. Қала­ның бүгін тұрғын­да­ры­ның саны 1 млн 600 мың болып, өнім­ділі­гі 7 млрд дол­лар­дан аса­тын және бүкіл әлем бой­ын­ша 170 елге экс­порт жасап оты­рған маңы­зды өндіріс орта­лы­ғы. Соны­мен қатар дүние жүзін­де­гі ең ауқым­ды Зеуг­ма моза­и­ка мұра­жай­ы­мен, тари­хи жәді­гер­лері­мен атағы шыққан қала. 

Қалаға барған күні Жур­на­ли­стер одағын­да бірқа­тар бас редак­тор­лар­мен және ақпа­рат агент­тік­тері­мен, радио бас­шы­ла­ры­мен кез­де­стік. Соны­мен қатар «Теле­граф» газеті, «Ай Медиа Групп», «Олай Медиа Групп» бас­шы­ла­ры­мен кез­десіп, ортақ жоба­лар мен іс бір­лі­гі тура­лы кеңе­стік. Ең қызы­ғы – Гази­ан­теп­те күн­делік­ті шығып тұра­тын газет-жур­нал­дар мен ақпа­рат тара­та­тын радио көп екен де, ал апта­лық басы­лым­дар аз. Оның себебін қар­жы­лық тиім­сізді­гі­мен түсін­дір­ді. БАҚ қожай­ын­да­ры сыр­тқы ықпал­дар­дан сақта­ну үшін, қосым­ша биз­не­спен айна­лы­са­ды: газет-жур­налға жар­на­ма тар­ту, бил­борд­тар жасау, бас­па­ха­на­лық қыз­мет түр­лерін ұсы­нып, қала тұрғын­да­ры­ның сұра­ны­сын қамтиды.

Түр­ки­я­ның ең ірі әрі ықпал­ды биз­не­смен­дерінің бірі – SANKO Хол­динг қожай­ы­ны Абдул­ка­дир Кону­коғ­лы бізді түс­ке асқа шақы­рып, құр­мет көр­сет­ті. «Сіз­дер біздің қонақта­ры­мыз ғана емес, отба­сы­мы­здың мүше­лері әрі туы­сқан­сыздар» деп қар­сы алған Кону­коғ­лы мыр­за­ға «Түр­кітіл­дес жур­на­ли­стер қоры» мүше­лерінің аты­нан Нәзия Жоя­мер­ген ханым алғыс айтты. 

Бұл қала­да орна­ласқан əлем­де­гі ең кере­мет Моза­и­ка музей­іне бар­дық. Олимп құдай­ла­рын жыр­лай­тын «Или­а­да» кей­іп­кер­лерінің мәр­мәр­мен бедер­лен­ген моза­и­ка­лық сурет­тері күні бүгін­ге дей­ін сол күй­ін­де сақталған бір­ден-бір мұра­жай Гази­ан­теп­те орын тепкен.

ТҮЙМЕДЕЙ ТҮЙІН

Елге қай­та­тын күні Адыйа­ман­дағы сауда орта­лы­ғын­да жүр­гені­міз­де, түрік жігітіне тұр­мысқа шыққан, қолын­да бала­сы бар тал­ды­қорған­дық қазақ қызы Май­ра­ны кезік­тір­дік. Шұрқы­рас­ып, мәре-сәре болып қал­дық, ол бізді үйіне қонаққа шақыр­ды. Уақыт­тың тығы­зды­ғы­нан бара алмай­ты­ны­мы­зға өкініп, қимай-қимай қошта­стық. Айда­ла­дағы Адыйа­ман­да туға­ны­мыз қалып бара жатқан­дай, біз де алай-дүлей сезім­де болдық. 

Адыйа­ман­нан Стам­булға кел­ген күні бір­ден Мәр­мәр теңізіне бар­дық. Паро­мға мініп, Үскү­дар­дан бір-ақ шықтық. Түрік сери­ал­да­ры­нан көріп жүр­ген «Қыз мұна­ра­сын», Бос­фор көпірін тама­ша­ла­дық. Сұл­та­на­хмет мешіті мен Айя София ғима­ра­ты­ның түн­гі кел­бетін көріп, спар­тан­ды­қтар жарыс ұйым­да­сты­рған алаң­дағы колон­на­лар­ды тама­ша­ла­дық. «Стам­булға бір кел­ген адам мұн­да қай­та айна­лып келу­ге тыры­са­ды» деген сөздің жаны бары­на көзі­міз жетті… 

Міне, Түр­кия сапа­ры­ның ұзын-ырға­сы осы. Біз барған өлкенің іргесі Сирия жеріне өте жақын орна­ласқан, соғыс кезін­де елден ауып кел­ген босқын­дар­дың бір-бір мил­ли­о­ны – Адыйа­манға, Мар­дин­ге, Гази­ан­теп­ке, Шан­лы­ур­фаға қоны­ста­нып­ты. Сая­си аху­ал түзе­летініне, сири­я­лы­қтар өз мекеніне ора­ла­ты­ны­на жер­гілік­ті билік бас­шы­ла­ры да, ел тұрғын­да­ры да сенім­ді. Бауыр­лас елге біз де тыны­штық тіледік. 

…Түр­кия сапа­ры кезін­де, елді мекен­дер­ді бір-бірі­мен жалға­сты­рып жатқан, айна­дай жарқы­раған күре жол­дар­ды көр­ген­де, Шығы­стағы Ақсу­а­ты­ма бара­тын ойлы-шұңқыр­лы, өмір бойы асфальт деген­нің не екенін біл­ме­ген, қиқыш-ойқыш қара жол есі­ме түсті. Өзге елдің жақ­сысын көріп, қол­да бар­дың қиюын кел­ті­ре алмай жатқан кем­шілік­тер­ді іштей салы­сты­рып, іші­міз­ден тын­дық. Десек те, жүре­гі мен алақа­ны сай­ын дала­дай кең қаза­ғым­нан артық ешкім жоқ деп, дәт­ке қуат бердік! 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,
«D»

(медиа-про­ект «DAT» №36 (448) от 11 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн