Суббота , 5 июля 2025

Біз жүретін ҚАСҚА ЖОЛ

Марат ҚАБАНБАЙ.

Газеті­міздің 25 жыл­дық мерей­той­ы­на бай­ла­ны­сты жари­я­ла­ным­дар сери­я­сы­ның кезек­ті авто­ры – өмір­ден ерте кет­кен талант­ты қалам­гер Марат Қабан­бай. Ол «ДАТ» газетіне мил­ли­он­даған айып салы­нып, сот шеші­мі­мен жабы­лған соң, 1999 жыл­дың шіл­десін­де ашы­лған «Сол­ДАТ» газетінің бас редак­то­ры бол­ды. Сол жылы жел­тоқ­сан айын­да шығар­ма­шы­лық дема­лы­сқа кетіп, 2000 жылы мез­гіл­сіз қай­тыс болды.

Қазақ зия­лы­ла­ры ара­сы­нан үзіліп шығып, оппо­зи­ци­я­лық газет­ке өз қала­у­ы­мен келіп, тәу­ел­сіз басы­лым­ның қалып­та­суы­на орас­ан еңбек еткен марқұм Марат аға­ның мәң­гілік мекені пей­іш бол­сын! Оның төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла­сы әлі күн­ге дей­ін өзінің уақыт пен зама­на­уи құн­ды­лы­ғын жой­маған, бүгін­гі қаза­қстан­дық билік үшін хре­сто­ма­ти­я­лық оқулық бола ала­ды деп, берік сенім­мен айта ала­мыз. Оқып көріңіз!

ХХ ғасыр­да қалып­тасқан біздің гло­бал­дық сана­мыз Жер шары жұмы­ры­қтай екен, соны ұқты. «Ада­мға табын, Жер енді!» сияқты астам кон­цеп­ция «Жер-Ана, кеші­ре гөр, біз пақы­ры­ң­ды!» сын­ды Ана-Бала тұрғы­сы­нан қай­та қара­ла баста­ды. Адам­заттың мил­ли­он­даған жылға созы­лған шол­жаң­ды­ғы­нан ане­мия болған Ана бұл күн­де өлмелі халде.

Енді­гі еркелі­гі­міз – ақырзаман.

Бұл біздің есеюіміз-тін.

Және мына­ны бағам­да­дық: Жер шары – 187 ел ақар-шақар тұрып жатқан алып жатақ­ха­на. Өткен заман­дар­да әр бөл­ме-ел өздерін әлем­нің кін­ді­гі деп сана­ды. «Менікі ғана жөн!» деген пла­не­та­лық эго­изм жатақ­ха­на­ны жын­ды­ха­наға айнал­дыр­ды: бөл­ме-бөл­ме­лер соғыс қама­лы­на айнал­ды, бүтін бір ұлт­тар жер беті­нен жоғал­ды (үндістер, австра­ли­я­лы­қтар, сол­түстік халы­қта­ры), жоға­ла жаз­да­ды (еврей­лер, қаза­қтар). Жер шарын тек осы ғасыр­да ғана үйте жаз­даған екі бір­дей дүни­е­жүзілік соғы­стан соң ғана тәу­бе­ге кел­дік. 1948 жылы Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мын құрып (ООН), телі мен тен­тек­ті тыю үшін, Жер-жатақ­ха­на­да бей­біт өмір сүру қағи­да­ла­ры жаса­лып, халы­қа­ра­лық дең­гей­де соғы­сқа тұңғыш рет тый­ым салын­ды. Нью-Йорк­те­гі Бас Ассам­блея әлем тыны­шты­ғын бақты.

Бірақ адам эго­из­мі шексіз. Соғыс, кикіл­жің, шел­кем-шалыс әлі де пішен! Ең соңғы­сы – Юго­сла­вия Косо­во­сы, Қаза­қстан­ның екі-үш ауда­нын­дай ғана жер­де тұтанған өрт­ті АҚШ, Англия, Ресей, Фран­ция, Гер­ма­ния, Ита­лия алақа­ны­мен басқан­дай болып, әрең өшір­ді. Дик­та­тор С. Мило­ше­ви­чтің басы­на 5 млн. дол­лар тігіл­ді. Жер бетін­де­гі ондаған үлкен­ді-кішілі мило­ше­ви­чтер­ге жасалған қатаң ескерту!

Бұл шай­қа­стың ол шай­қастар­дан өзге­шелі­гі неде?

Халы­қа­ра­лық ұйым­дар, пла­не­та­лық сана бар, тер­мо­яд­ро­лық апат­тан шошы­ну бар – мем­ле­ке­та­ра­лық соғы­стар жоға­луға жақын. Есесіне ұлта­ра­лық қырғын­дар өршіп тұр. Қазір Қытай, Кана­да, Ресей, Юго­сла­вия, Сома­ли Руан­да, Уган­да, Индо­не­зия, Англия Оль­стері, Испа­ния Бас­кісі – қашан жары­ла­ты­ны бел­гісіз бір-бір мина. Гло­бал­дық ақпа­рат­тың нәти­же­сін­де ұлт­тар өзін-өзі иден­ти­фи­ка­ци­я­ла­у­ға кірісіп (өзін-өзі тануы), сана-сезі­мі өсу­де. Бұл экс­тре­мизм­ге, ұлт­тық, діни жан­жалға айна­лып, үй іші­нен үй тігіліп жатқан да жәй бар. «Не қыл­саң, о қыл, құры­ған­да тұрып жатқан бөл­ме­міздің (мем­ле­кет) бір бұры­шын басы­бай­лы бөліп бер, не отау ғып шығар, бөлек өмір сүре­міз!» дей­ді оянған Сана. Осы жан­жал­дар рак ісі­гін­дей халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­да да мета­ста­за беруде.

Қазір әр он елдің біре­уі – атом бом­ба­лы. Әлгі жан­жал­дар­да ол алда-жал­да жары­ла қал­са, бөл­ме (ел), оған қоса жатақ­ха­наң да (пла­не­та) күл­ге айна­ла­ды. Пла­не­та аман бол­сын десең, әр мем­ле­кет­тің жеке-жеке тыны­шты­ғы керек – бүкіл әлем­нің бүгін­гі бас ауруы осы. Диа­гноз бесе­не­ден бел­гілі: сыр­тқы жара ішке түсті. Бұл өте қауіп­ті. Дұры­сы – алдын алу керек.

«…Біздің депу­тат­тар ше? Олар руха­ни летар­ги­я­лық ұйқы­да. Әзір­ше Қаза­қстан «демо­кра­ти­яға дағ­ды­лан­баған ерекше ұлт»… Ондай «ерекшелік­тер­ді» қорғап, қол­паштау – «ерекше жол­дар­мен» жиналған арам бай­лы­қты қорғау ама­лы. Бұл күн­де «демо­кра­тия біз­ге бөтен, жат, таң­сық» деу – «дема­лып оты­рған ауа біз үшін жат!» деген еса­лаң­ды­қ­пен бірдей.

Оның рецеп­ті де дай­ын, ол – либе­рал­дық, эко­но­ми­ка, демо­кра­тия… Ащы аза­мат­тық қоғам… Әлгі бөл­ме-бөл­ме­де­гі, яғни әр елде­гі отба­сы мүше­лерінің құқ теңді­гі, сөз, бас бостан­ды­ғы. Алға­шқы нышан­да­ры Ерте­де­гі Гре­кия поли­стерін­де түзіліп, 1760 жылы Сол­түстік Аме­ри­ка­да, кей­ін 1789 ж. Фран­цуз рево­лю­ци­я­сын­да түп­кілік­ті бекітіл­ген Адам құқы декла­ра­ци­я­сын – өзі бір бет қана! – қазір әлем­нің қақ жар­ты­сы тұты­на­ды. Ашық, аза­мат­тық қоғам дегені­міз – әлгі декла­ра­ци­я­ны алтын дің ете оты­рып, өкі­мет­тің әр ісі, харе­кетінің барын­ша ашық, айқын, мөл­дір болуы. Бюд­жет­тің жари­я­лы­лы­ғы, заң­ның әмір құруы, билік­тің әділ бөлі­нуі, олар­дың бір-біріне, халы­ққа мүл­тіксіз есеп беруі – қысқа­сы, түр­лі-түр­лі әділ сай­ла­у­лар арқы­лы халық билі­гінің сал­та­нат құруы…

Осы бір өте қара­пай­ым, бірақ темір­дей қатаң заң­дар­ды алғаш тұты­нған тыр­нақтай ғана Ерте­де­гі Гре­кия әлде­не­ше ғасыр бойы адам­зат көшін баста­ды. Мұның осы заманғы ізба­сар­ла­ры – АҚШ, Батыс Еуро­па шырқау биік­те. Кеш­теу кел­ген­дер­дің өзі оқ бойы озық. Ал оны мой­ын­да­маған авто­ри­тар, тота­ли­тар­лар көш соңын­да итпек­теп жүр. Әрі сэр, әрі пэр У. Чер­чилль­ге сал­сақ, «Демо­кра­ти­я­ның да оңып тұрға­ны шама­лы, бірақ адам­зат осы­ған дей­ін бұдан басқа өзге жол­ды ойлап тап­пап­ты да».

ХХ ғасыр қоры­тындысы осы.

Демо­кра­тия дұрыс-ау, алай­да әр бөл­менің жылы-жұм­сағын үңгіп жеп оты­рған тита­но­завр авто­ри­тар, тота­ли­тар­лар «демо­крат бол­сақ қай­те­ді?» дегеніңе өлсе көне ме, оңай­шы­лы­қ­пен орын бере ме?

Көн­діретін, босат­ты­ра­тын меха­низмдер әлдеқа­шан жаса­лы­нған. Іске асы­ру­шы – әлем халқы­ның 10%-ын ғана құра­са да, өнім­нің 60%-ын беріп оты­рған АҚШ, Батыс Еуро­па, яки НАТО елдері… Жер-жаһан эко­но­ми­ка­сы осы елдер­дің бер­ген қары­зы мен инве­сти­ци­я­сы­ның арқа­сын­да ғана алға жыл­жып келеді. Алып Қытай екеш Қытай­дан қары­зы мен инве­сти­ци­я­сын бір мез­гіл­де алып кет­се, Шың елі баяғы Мао-Цзе-Дун дәуірін­де­гі мыж-мыж көк күр­те мен көк кеп­кі, кебісін бір-ақ күн­де киіп қала­ды екен. Өткен жылы шөке­леп түс­кен Оңтүстік-шығыс Азия мен Латын Аме­ри­ка­сы, Шығыс Еуро­па эко­но­ми­ка­лық тор­на­до­лар­дың орта­сы­нан осы елдер­дің жете­гі­мен шатқа­яқтап шығып келе жатыр. Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на бір АҚШ-тың өзі 6 млрд. дол­лар­дан астам инве­сти­ция түсір­геніне не дейсіз?

 АҚШ, Батыс Еуро­па өздері ғана бай болып, ұшпаққа шық­пай­ты­нын баяғы­да түсін­ген. Көр­шің кедей бол­са, бай, бағлан, сен­де де тыны­штық жоқ. Енде­ше кедей­ге қарас, қарыз бер, көмек­тес. Тек тегін асы­ра­ма. Ондай­ға үйрен­ген­дер күні ертең «тағы­сын-тағы асы­ра!» деп аузын аша­ды. Ең дұры­сы – өзін-өзі асы­ра­удың жолын үйрет, үйрен­гісі кел­се, қарыз бер! Және қары­здың дұрыс жұм­са­луын, жолай ұрлан­ба­уын және уақы­тын­да қай­та­ры­луын қадаға­лай­тын жүйе жаса.

Алмақтың да сал­мағы, бұра­удың да сұра­уы бар. Тіз­гіні АҚШ, Батыс Еуро­па­ның қолын­да тұрған Халы­қа­ра­лық валю­та қоры (МВФ), Әлем­дік банк (ВБ), Еуро­па­лық рекон­струк­ци­я­лау бан­кілері (ЕБР) мил­ли­ард­тап қарыз беруін – береді (жоға­ры­да айтып өткен «то кну­том, то пря­ни­ком» деген­де келетін меха­низм де осы – М.Қ.). Тек бір-ақ шар­тпен! Қарыз алған елдер өз эко­но­ми­ка­сын либе­рал­дап, елін демо­кра­ти­я­лық жолға түсіруі, сөй­тіп ащы, аза­мат­тық қоға­мға бет алуға тиіс. Не істеп, не қой­ып жатқа­ны бел­гісіз жабық қоғам – авто­ри­тар­лық, тота­ли­тар­лық елдер­ге бұл банк­тер­дің есі­гі жабық. Өйт­кені бер­ген қарыз нақты эко­но­ми­ка­ны дамы­ту емес, көбі­не­се сол елдер­дің «әке-көке­лерінің» кең қал­та­сы­на түсіп, жоқ бола­ды. Филип­пин дик­та­то­ры Мар­кос, Индо­не­зия гене­ра­лы Сухар­то сөйт­ті. Ашық қоғам­ды елдер­де ғана қары­здың қай­да барып құй­ы­лып, не істеп жатқа­нын көріп оты­рас­ың. МФБ, ВБ, ЕБР-дің паци­ент елдер­ден демо­кра­ти­я­ла­ну­ды, эко­но­ми­ка­сын либе­рал­дан­ды­ру­ды ежік­тей беретіні сан қуған­нан емес, әр $-дың тиісті орны­на жұм­са­луын алдын ала ойлаған­ды­қтан. Бір­де-бір $ обыр шене­унік­тің терең қал­та­сы­на емес, халы­қтың жай­ған алақа­ны­на түсу­ге тиіс – олар­дың ұра­ны осы. Сон­ды­қтан да кор­руп­ци­яға қаны қарсы.

Ал кор­руп­ция жабық қоғам­да қат­ты құты­ра­ды. Жал­пы, жабық елдер ылғи да әлем­нің қал­та­сын­да жасы­рын жатқан, қашан жары­ла­ты­ны бел­гісіз, кіш­кене-кіш­кене мина, бом­ба­лар болып табы­ла­ды. Өйт­кені жеке бастық, ұлт­тық эго­изм­ге негіз­дел­ген дүни­е­лер (режим­дер) не өзін, не өзгені жал­ма­май, жар­май тұр­май­ды. Мило­ше­вич те Косо­во­да жарыл­ды. Және қай жер­де! Демо­кра­ти­я­ның ота­ны – Еуро­па­ның қақ жүре­гін­де. Мило­ше­ви­чті дәл бүгін жан­шып таста­ма­са, күні ертең әрта­рап­тан ондаған мило­ше­ви­чтер: «Ә, өстіп те гено­цид жасап, жаза­сыз қалуға бола­ды екен-ау!» деп, бас көте­ретіні анық. НАТО-ның Сер­би­я­ны бом­ба­ның асты­на аяу­сыз алға­ны сондықтан.

Әдет­те про­цент­пен кері қай­тқан қары­здар әлсіз елдер­ге жоғарғы шар­тпен қай­та тара­ты­ла­ды, сөй­тіп Жер шары либе­рал­дық эко­но­ми­ка мен демо­кра­ти­я­ның аумағы­на бір­тін-бір­тін ене оты­рып, кедей­шілік және қай­ыр­шы­лы­қ­пен қошта­са бастайды.

Мұндай көмек-қары­зды өте-мөте орны­мен пай­да­ланған елдер – соғы­стан соңғы Гер­ма­ния мен Жапо­ния. Мына қызы­қты қараңыз! Әлгі рецепт­пен (ол кез­де «Мар­шалл жос­па­ры» деп ата­лы­нған – М.Қ.) АҚШ әбден қираған екі елге демо­кра­ти­я­ның шар­тта­рын алға тар­та­ды ғой. Жапон – Ази­яда, немістер – Еуро­па­да мен­та­ли­тет­тері өте ерекше, кіді, кінәз, бірақ еңбекқор, қадалған жері­нен қан ала­тын табан­ды ұлт. «Ерекше ұлт едік, бірі­міз – рейх­тің, екін­ші­міз – мика­до­ның (жапон импе­ра­то­ры) қой­ны­нан шығып едік, сон­ды­қтан демо­кра­ти­я­ның жолы­на бай­қап-бай­қап, басты шай­қап түсе­міз» деп, бұл праг­ма­тик ұлт­тар тіп­тен де кер­гі­ген жоқ. Пар­ла­мент­терін тез-тез әділ сай­лап алып, демо­кра­ти­я­ны екі-үш-ақ жыл­да дүріл­дет­ті. Батыс Гер­ма­ни­я­ның канц­лері Эрхард АҚШ-тан кел­ген қары­зды әр неміс­ке 50 мар­ка­дан қыл­дай бөліп тара­тып бер­ді де: «Енді менен ештеңе сұра­маң­дар, осы­ған адам болы­ң­дар!» – деді.

Жапо­ния пар­ла­мен­ті әр иен­нің эко­но­ми­ка­дағы жыл­жуын қатаң бақы­ла­у­ға алып, ішіп-жеп қой­ған­дар­ды өз-өзін өлтіру­ге дей­ін жет­кізді. АҚШ-тың әр $-ы қатаң есеп пен бақы­лау арқы­лы эко­но­ми­ка­ның капил­ляр қан тамыр­ла­ры­мен әр жапонға, әр дерев­няға жыл­жып кет­ті. Тең, әділ қоғам орнаға­нын тез түсін­ген неміс пен жапон сөт­кесіне 25 сағат еңбек етті. Өкі­мет­ке ең талант­ты, ақыл­дыс­ын сай­лау үшін жан сал­ды. Есесіне екі ел, бірі – Еуро­па роза­сы, екін­шісі – Азия саку­ра­сы болып, көп ұза­май иісі бұрқы­рап, шешек атты.

Жақын­да ғана біз теле­ди­дар­дан Тай­вань депу­тат­та­ры­ның бір-бірін шаштан сүй­реп, қырғын төбе­лес салып жатқа­нын «тама­ша­ла­дық». «Мына­ла­рың таза жын­ды екен ғой!» дей­ді кей­біре­улер. Нағыз есі дұрыс депу­тат­тар еді олар. Олар халы­қтың маң­дай тері­нен жиналған әр юань­ның өз орны­на жұм­са­луы үшін қыры­лы­сып жат­ты ғой! Халқы ашты­қтан, жоқты­қтан күні ертең көше­де төбе­ле­с­пес үшін, депу­тат­та­ры өстіп, пар­ла­мент­те бүгін қырық пышақ бола­ды – ана­уы­мы­здан мынау дұрыс емес пе?

Ал біздің депу­тат­тар ше? Олар руха­ни летар­ги­я­лық ұйқы­да. Әзір­ше Қаза­қстан «демо­кра­ти­яға дағ­ды­лан­баған ерекше ұлт»… Ондай «ерекшелік­тер­ді» қорғап, қол­паштау – «ерекше жол­дар­мен» жиналған арам бай­лы­қты қорғау ама­лы. Бұл күн­де «демо­кра­тия біз­ге бөтен, жат, таң­сық» деу – «дема­лып оты­рған ауа біз үшін жат!» деген еса­лаң­ды­қ­пен бірдей.

Өткен жылға дей­ін Баты­стың мей­ірі­мі Қаза­қстанға қат­ты түсіп еді. «Демо­кра­ти­яға бей­ім екен!» деп, ештеңесін аяма­ды. Ази­я­лық аяр­лы­ғы­мыз олар­ды қат­ты рен­жіт­ті. Тұңғыш пре­зи­дент сай­ла­у­ын «адам құсап» өткі­зе алмай, авто­ри­тар­лық арты­мыз ашыл­ды да қал­ды. Оны және өзге­ден – АҚШ-тан, «ОБСЕ»-ден, Қажы­гел­дин­нен көре­міз. Тек өзі­міз­ден емес! «Восток – дело тонкое!»-ны түсін­бей­тін АҚШ, Еуро­па қазір Қаза­қстанға қолын бір сіл­те­у­ге жақын. Пар­ла­мент сай­ла­у­ын халы­қа­ра­лық стан­дар­тқа сай өткі­зу – олар­дың бетін бері қара­ту­дың ең соңғы мүм­кін­ді­гі. Тағы былы­қты­рып, бық­сыт­сақ, әрине – «Қош бол, қалқам, көр­ген­ше!». Онда амал жоқ. Азия авто­ри­тар­ла­ры­на – жол­ба­ры­стар мен айдаһар­ларға, көк бөрілер­ге, қысқа­сы, жыр­тқы­штар қоға­мы­на барып қосыламыз.

Әлім­сақтан Еура­зия қай­да, қалай жыл­жы­са, Жер шары солай бүл­кек­теп оты­рған. Небір қанқұй­лы импе­ри­я­лар осы супер­кон­ти­нент­ті шаң­дат­ты. Қазір де пла­не­та­мы­здың көзі осын­да, соның құбыл­на­ма­сы. Қаза­қстан – Еура­зи­я­ның жүре­гі. Әлем мұны гео­са­я­си ком­пью­теріне тір­кеп қой­ған. Сон­ды­қтан да демо­кра­ти­я­лық сапқа тезірек тұруы­мыз мүд­делі. Ақша­сын аямай, басқа­сын да беріп жатыр. «Елден ерекше­лен­бей», бұл фак­тор­ды барын­ша сәті­мен пай­да­ла­на білуі­міз керек. Біз «ерекше ұлт» емес­піз, біз­ге ерекше жақ­сы­лы­қтар да жаса­лын­бай­ды. Мұны ұқпаған – бәрін ұқпайды.

Прези­дент сай­ла­уы тұсын­да тағы бір про­вин­ци­ал­дық бық­сық қау бер­ді. Ресей­дің бар­лау құры­лым­да­ры­ның әсі­ре пат­ри­от­тық бөлі­гі әдейі таратқан лақап па, әлде либе­рал­дық эко­но­ми­ка мен демо­кра­ти­я­ның жар­шы­сы Қажы­гел­дин­ді қол­дап кет­кен Баты­сқа ноқ көр­се­ту ме, әйте­уір: «Еврей капи­та­лы Қаза­қстан­ды бөліп алға­лы жатыр, оның бас аген­ті Қажы­гел­дин екен!» деп құлақ сар­сыт­ты. (Қазір өкі­мет сол еврей капи­та­лы­на өзі зар болып отыр – М.Қ.). Оның қан­ша­лы­қты шын­дық неме­се өтірік екенін өмір көр­се­те жатар, әйт­кен­мен еврей капи­та­лы мәсе­лесіне күл­те­ле­мей, асыр­май-жасыр­май, аз-мұз тоқта­ла кетейік.

20 ғасыр бойы туған жері­нен тыс жүр­се де, ұлт­тық сипа­тын жоғалт­пай, ақы­ры өз мем­ле­кетін құрған дегдар, сер­гек, пысық, әбжіл еврей халқы тура­лы бұдан бұрын да бір рет әңгі­ме қозғап едік («Ана тілі», «Қазақ фено­мен бола ала ма? Ондай ұлт­тар бар», №27, 1997 ж.). Қалаңыз-қала­маңыз, сол ұйым­шыл­ды­ғы мен еңбекқор­лы­ғы, білім қуғы­шты­ғы­ның арқа­сын­да еврей халқы, басқа­сын былай қой­ған­да, дәл осы күні бүкіләлем­дік бан­кир, финан­сист, халы­қа­ра­лық бух­гал­тер, кас­сир. ХХ ғасы­рға дей­ін әлем ақша­сы­на англо­сак­с­тер ие бола­тын. Демо­кра­ти­я­ның арқа­сын­да тез-тез көтеріліп келе жатқан АҚШ-қа Ресей­де­гі, Шығыс Еуро­па­дағы қырғын­дар­дан (погром) қопа­ры­ла қашқан еврей­лер осы елден пана тап­ты. Бір пен­ниді дол­ларға оп-оңай айнал­ды­ра­тын еңбекқор еврей­лер көп ұза­май осы елдің ең шешу­ші тетік­тері­нен табыл­ды және АҚШ эко­но­ми­ка­сын әлем­де алды­ңғы оры­нға шыға­руға орас­ан зор еңбек сіңір­ді. Жал­пы, еврей барған елдің эко­но­ми­ка­сы гүл­де­мей тұр­май­ды (Арген­ти­на, мәселен).

Бірақ бір шарт бар: ол ел демо­кра­ти­я­ны тұты­нған ел болуы керек. Өйт­кені демо­кра­тия талант­тарға жол аша­ды. Ал еврей орта­сы – талант­тар­ды тәр­би­е­ле­удің ең үздік мек­тебі. Сөй­тіп еврей­лер бұл күн­де әлем­де­гі бір­ден-бір супер­дер­жа­ва­ның – АҚШ-тың бас бух­гал­тері десе де болар­лы­қтай. Әр АҚШ $-ының банк­но­тын­да еврей сау­сақта­ры­ның ізі бар. Бас бух­тал­тер­дің алды­на әдет­те көше сыпы­ру­шы­дан, пре­зи­дент­тер­ге дей­ін жорға­лап бара­ды. Ал бұл ақша бастаған әлем­дік сая­сат баста­лып жатыр деген сөз. ХХ ғасыр­да ғана түп­кілік­ті орны­ға бастаған демо­кра­ти­я­мен қоса гүл­ден­ген еврей халқы­ның әр өкілі демо­кра­ти­я­ны Жер шары­ның бар­лық түк­піріне тара­ту үшін ештеңесін аямай­ды. Себебі демо­кра­тия әлем халқы­ның алға басуы­ның алғы шар­ты – бір, екін­ші­ден, соғыс өртінің тұтан­ба­уы­ның кепілі – екі (НАТО осы күн­ге дей­ін өзге елден тулақтай жер жау­лап алған емес), үшін­ші­ден – еврей­лер­дің ұлан-асыр капи­та­лы­ның әр елге дұрыс орна­ла­суы­ның, пай­да түсіруінің және өздеріне дін-аман ора­луы­ның басты кепілі. Оның үстіне әр еврей өздерінің «адам болып кет­кені» үшін демо­кра­ти­яға есеп­сіз қары­здар. Неге, қан­дай жол­дар­мен – оны жоға­ры­да тізбеледік.

Қысқа­сы, ақша эко­но­ми­ка­ның қаны бол­са, оның қан тамыр­ла­ры­мен дұрыс айда­луын және жақ­са­рып, толы­сып, қай­та­дан жүрек­ке – әлгі әлем­дік банк­тер­ге есен-сау ора­луын қадаға­лай­тын күзет­шілер – демо­кра­ти­я­лық үкі­мет­тер, елдер. Тота­ли­тар­лық, авто­ли­тар­лық елдер­де сырт­тан барған ақша ылғи да құр­ды­мға кете­ді: , ашы­қтық, мөл­дір­лік жоқ! Сон­ды­қтан да бас бух­гал­тер­лер ақша­ны тек демо­кра­ти­я­лық елдер­ге сала­ды, қарыз береді. Бір аяғы – мұн­да, екін­ші аяғы – анда жас мем­ле­кет­тер­дің тезірек демо­кра­ти­я­лық елге айна­луы үшін барын сала­ды және де оны жүзе­ге асы­ра­тын­дай жас талант­ты лидер­лер­ді сол елдер­ден жан­та­ла­са іздей­ді. Бұл – демо­крат еврей­лер­дің ісі.

Алай­да Изра­иль­де­гі мем­ле­кет­шіл (госу­дар­ствен­ник) еврей­лер тобы­ның мақ­са­ты бұдан сәл өзге­ше­рек. Олар Изра­иль елінің аман­ды­ғы үшін демо­кра­ти­я­ны сәл ысы­рып қоя тұра­ты­ны да бар. Кей­де осы екі топ­тың мақ­сат-мүд­десі бөтен бір елдің ішін­де сый­ы­спай, тоқай­ла­сып қала­ды. Оны Қаза­қстан мыса­лы­нан да көру­ге бола­ды. Мәсе­лен, осы көк­тем­де Степ­но­горск кен бай­ы­ту ком­би­на­ты­ның Изра­иль­мен келісім жаса­уы… Біз­де уран бар, Изра­иль­де атом бом­ба­сын жасау тех­но­ло­ги­я­сы бар. Ара­б­тар­дың қалың орта­сын ойып оты­рған Изра­иль­ге ондаған атом бом­ба­сы керек. Ал біздің өкі­мет­ке мем­ле­кет­шіл еврей­лер­дің қай жер­де, қай мәсе­ле­ден бол­сын, қол­дап-қоштаға­ны қажет. АҚШ-тың осы күні: «Қаза­қстан өз ура­нын шетел­ге рұқ­сат­сыз дем­пинг­пен сатып жатыр!» деп шулап жатқа­ны да сон­ды­қтан. Арғы жағын ішің біл­сін, әлуай…

Түп­теп кел­ген­де, демо­крат­шыл еврей­лер­дің де, мем­ле­кет­шіл еврей­лер­дің де ісі – бірінің ішін­де бірі жатқан кон­цен­тра­ци­я­лық шебер­лер сияқты. Бірін­шісі – әлем, екін­шісі – Изра­иль еврей­лерінің қамы. Кей­де қай­шы­ла­нып қалған­мен, түп­тің түбін­де бір-бірін жоққа шығар­май­ды, қай­та қуат­тай­ды. Солай: ХІХ ғасыр­да қаба сақал еврей (К. Маркс) салып кет­кен жол ХХ ғасыр­ды сіл­кін­тіп еді, ХХ ғасыр­дың соңы еврей халқы­ның нұсқаған жолы­на түсті. ХХІ ғасыр да оларға бұй­ы­рай­ын деп тұр. Өйт­кені әлем талант­тар мен еңбекқор­ларға тиесілі… Сөздің ашы­ғы осы. Оған өті­міз жары­лып кет­се, өз оба­лы­мыз өзі­міз­де. Құне­кең, Құнан­бай­ша айтқан­да, «өзі­міз­ге келетін сөзді білмейміз»…

Әйт­кен­мен, бұл халы­қа­ра­лық сая­сат­тағы нюан­стар ғана. Адам­заттың ең сапа­лы, алды­ңғы қатар­лы бөлі­гінің ұстанға­ны – демо­кра­тия, либе­рал­дық эко­но­ми­ка. Бұдан басқа сара жол да жоқ. Бұры­лт­пай­тын бұл қасқа жолға Қаза­қстан түп­тің түбін­де тағы түс­пей қой­май­ды. Кеш түс­сек – соры­мыз, ерте қам­дан­сақ – бақытымыз.

Капи­тал­да ұлт бол­май­ды. Ол және бәрібір талант­тар­ды іздеп тап­пай қой­май­ды – сон­да ғана өсіп-өніп көбей­еді. Ал ол адам­за­тқа қыз­мет ете­ді. Өйт­кені капи­тал барған жер­ге өмір бара­ды. Еврей ме, басқа ма, «мәсе­ле мысы­қтың түсін­де емес, ол тек тышқан аула­са болғаны».

  • «Сол­ДАТ», №1, шіл­денің 6‑сы, 1999 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн