Пятница , 4 июля 2025

Біз сенімен БІРГЕМІЗ, УКРАИНА!

Әле­умет­тік желілер арқы­лы күнібұрын бел­гілі болған­дай, өткен апта­да құры­лып, шұғыл сая­си рефор­ма­лар жүр­гі­зу жөнін­де («ДАТ», 24.02.2022 ж.) ел билі­гінің аты­на мәлім­де­ме қабыл­даған «Ел бола­шағы» аза­мат­тық баста­ма­сы­ның мүше­лері кезек­ті үндеу қабыл­да­ды. «Біз сені­мен бір­ге­міз, Укра­и­на!» деген аншлаг­пен жари­я­ланған бұл үнде­уде баста­ма­шы­лар соғыс өртіне оранған Укра­и­наға гума­ни­тар­лық көмек жинау мәсе­лесін көтеріп, арнайы көмек қорын ашты, бүкіл Қаза­қстан халқын азатты­ғы үшін кес­кілес­кен күрес­ке кіріс­кен укра­ин­ды­қтарға көмек көр­се­ту­ге шақырды.

Біз бүгін «Ел бола­шағы» аза­мат­тық баста­ма­сы­ның ұйым­да­сты­ру­шы­сы, «ХАҚ» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Тоғ­жан Қожа­ли­е­ва­ны сұх­батқа шақы­рып, үнде­у­ге қаты­сты мән-жай­ды біл­ген едік. 

– Тоғ­жан бике, ең алды­мен ресей­лік басқын­шы­лық соғы­стың сал­да­ры­нан отқа оранған Укра­и­на халқы­на көмек қолын созған ізгілік­ті баста­ма үшін «Ел бола­шағы­ның» қыз-жігіт­теріне алғыс айтамыз!

– Рақ­мет! Бұл аза­мат­тық қоғам­ның ортақ адам­гер­шілік ісі ғой. Ірге­міз­де озбыр­лы­ғы асқы­нған Ресей тұрған­да. Укра­и­наға көмек көр­се­тудің басқа қан­дай жолы болуы мүмкін?!

– Сіз­дер көтер­ген үндеу бой­ын­ша бүгін­де қан­ша қар­жы жиналды? 

– Укра­и­на халқы­на гума­ни­тар­лық көмек жинау тура­лы үндеу жари­я­лаған 26 ақпан­нан бер­гі алға­шқы үш күн­де Қаза­қстан­ның әр өңірі­нен 50 мил­ли­он тең­ге­ден артық қара­жат жинал­ды. Әлі де ақша­лай, дәрі-дәр­мек, азық-түлік, өзге де қажет­ті дүни­е­лер түрін­де көмек­тер толас­сыз келіп жатыр. Әр өңір­ден, әр жастағы, әр ұлт өкіл­дері бұл баста­маға қаты­суға асық. Мәсе­лен, бір оқу­шы бала 100 тең­ге аудар­са, 10 млн тең­ге аударған аза­мат та бол­ды. Ақша­лай көмек­те­се алмаған­дар заттай әкел­се, кей ерік­ті аза­мат­тар жиналған заттар­ды сұрып­та­уға, қора­пқа салып, оны елшілік­ке жет­кізу­ге қолға­быс ету­ге арнайы келіп жатыр.

– Ресей­дің қас-қабағы­на алаң­даған ақор­да­лық билік тара­пы­нан ескер­ту жаса­лып, қан­дай да бір сес көр­се­ту жаса­лып жатқан жоқ па?

– Жоқ, ондай әре­кет­тер бол­ма­ды… Укра­и­на – тәу­ел­сіз мем­ле­кет! Укра­и­на халқы­ның өз тәу­ел­сізді­гін қорға­уға толық құқы­ғы бар екені дау­сыз. Біз де тәу­ел­сіз елдің халқы­мыз. Осы гума­ни­тар­лық шара­ны ұйым­да­сты­ра оты­рып, біз де Ота­ны­мы­здың тәу­ел­сізді­гін барын­ша қорға­уға дай­ын екені­мізді айтқы­мыз келеді. Бұл бір жағы­нан ресей­лік шапқын­шы билік­ке жол­данған аза­мат­тық бел­гі деп қабыл­да­нуы керек. «Укра­и­на­дан кей­ін­гі кезек Қаза­қстанға келеді» деп, бас­пасөз­де жазы­лып жүр­генін еске­рер бол­сақ, бұл аза­мат­тық иша­ра­ны Ақор­да билі­гі де түсіне оты­рып, Ресей­мен ара­да құры­ла­тын енді­гі гео­са­я­си қарым-қаты­на­стың бір аргу­мен­ті ретін­де қол­да­нуы тиіс деп ойлаймын.

– Жақ­сы айт­ты­ңыз, Тоғ­жан бике! Расын­да да, Ресей­мен қарым-қаты­нас орай­ын­да Ақор­да аза­мат­тық қоғам­ның баста­ма­сы мен көме­гіне сүй­е­нуі керек шығар?

– Әлбет­те! Укра­и­на­дағы бүгін­гі азаттық соғы­сы­ның тәжіри­бесі пост­кеңе­стік елдер үшін басқа амал­дың жоқты­ғын көрсетті.

Соғыс кезін­де мың­даған халық туған жер­лері мен үйлерін тастап кету­ге мәж­бүр бола­ды, адам үшін ең қара­пай­ым деген заттар­дың: киім-кешек, дәрі-дәр­мек, азық-түлік – бәрі-бәрі тап­шы бола­ды. Кез кел­ген соғыс – ауқым­ды гума­ни­тар­лық дағ­да­рыс. «Ел бола­шағы­ның» аза­мат­тық баста­ма­сы осы күй­зелі­стен құты­луға қар­лы­ға­штың қана­ты­мен су сеп­кен­дей ғана көмек. Сон­ды­қтан қаза­қстан­ды­қтар тағ­ды­ры қыл үстін­де тұрған укра­ин халқы­на қолға­быс ету­ге тиіс.

– Ал енді жиналған заттай гум­кө­мек­ті Укра­и­наға жет­кі­зу жолы қалай шешіліп жатыр?

– Бұл істі Укра­и­на­ның Қаза­қстан­дағы елшілі­гі ұйым­да­сты­ру­да. Елшілік­пен тіке­лей бай­ла­ны­ста­мыз, олар логи­сти­ка жағын мой­ны­на алды. Соны­мен қатар Поль­ша­да Укра­и­наға гума­ни­тар­лық көмек үшін арнайы қор құры­лған. Қаза­қстан­нан алын­баған кей­бір дәрі-дәр­мек­ті алу үшін, қар­жы­ның бір бөлі­гі сол қорға ауда­ры­лып, сол жақтан алы­нған дәрілер Укра­и­наға тіке­лей жөнел­тіледі. Укра­и­наға көмек­ті жібе­ру жағы негіз­гі осы екі арна арқы­лы жүзе­ге асырылуда. 

– «ДАТ»-тың өткен санын­да елде­гі сая­си өзгерістер­ді талап еткен үндеу жари­я­ланған соң, оқыр­ман­дар тара­пы­нан: «Осы аза­мат­тық баста­ма­сы қалай құрыл­ды?» деген сұрақ туындауда…

– «Ел бола­шағы» әзір­ге ешқан­дай сая­си ұйым емес. Біз қоғам­дық-әле­умет­тік баста­ма­лар­ды көте­ру­ші аза­мат­тық топ ретін­де ғана әре­кет ету­де­міз. Мен осы топ­тың құры­луы­на мұрын­дық қана болған адам­мын. Ал топ­тың алға­шқы құра­мы­нан тұрақтап қалған елге таны­мал аза­мат­тар – Арман Шора­ев, Бақыт­жан Бұқар­бай, Бахыт­жан Төреғо­жи­на, Ермұрат Бапи, Дина Елге­зек, Досым Сат­па­ев, Қар­лы­ғаш Еже­но­ва, Марғұлан Сей­сем­бай, Мұх­тар Жәкішев.

Ал Укра­и­наға гума­ни­тар­лық көмек жинау жөнін­де­гі соңғы үнде­уден кей­ін тобы­мы­зға Айнаш Кер­ней, Аягөз Хане­то­ва, Аман­дық Дәу­лет­бекұ­лы және Рахым­бек Абд­рах­ма­нов қосылды.

– Бұл топ­ты сая­си бір­ле­стік неме­се ұйым ретін­де құры­лу­дың алға­шқы қада­мы деп, әле­умет­тік желілер­де айты­лып жатқан алып-қашпа сөз­дер тура­лы не айтар едіңіз?

– Әзір­ге біз­де бұл топ­ты сая­си ұйы­мға айнал­ды­ру жөнін­де мәсе­ле қозғалған жоқ…

– Аза­мат­тық топ­тың бір мүше­сі Ермұрат Бапи өзінің «Фейс­бук­тағы» бір жаз­ба­сын­да «осы құрам­да сая­си пар­тия құруға қол қоя­мын» деген еді…

– Бұл енді қоғам­ның бірі­гуін көп­тен бері аңсап жүр­ген Ере­кеңнің арма­ны ғой… Топ­тағы әрқай­сы­мы­здың көкей­і­міз­де осын­дай ізгі ой бар. Бірақ бұл енді бола­шақтың үлесін­де­гі мәсе­ле бол­са керек…

Жал­пы, кез кел­ген мем­ле­кет өзінің даму бағы­тын халы­қтың қала­у­ы­на қарай ұста­нуы қажет. Қаза­қстан­да бола­тын рефор­ма­лар мен демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді тек қана қаза­қстан­ды­қтар бел­гіле­уі тиіс. «Ел бола­шағы» аза­мат­тық баста­ма­ла­ры­ның ұста­ны­мы осы. Қаза­қстан халқы­ның демо­кр­та­и­я­лық қоғам орна­та­тын күні алыс емес. «Ел бола­шағы» осы үрдісті жедел­те­ту­ге және елдің өрке­ни­ет­ті жол­мен дамуы­на ықпал етуі үшін, бар­ша қаза­қстан­ды­қтар­дың басын бірік­тіруді мақ­сат етеді.

– Ал енді сұх­ба­ты­мы­здың басты тақы­ры­бы – гума­ни­тар­лық көмек жинау мәсе­лесіне қай­та­дан ора­лар бол­сақ, тағы да не айтар едіңіз?

– Басқа не айтай­ын?! Укра­и­на халқы­на жана­шыр­лық таны­тып, ақша­лай және заттай көмек көр­сет­кен бар­ша аза­мат­тарға, ұйым­да­сты­ру жұмыста­ры­на келіп, қолға­быс еткен бел­сен­ділер­ге, осы шара­ны ақпа­рат­тық қол­даған ақпа­рат құрал­да­ры­на «Ел бола­шағы» аза­мат­тық баста­ма­сы аты­нан алғыс айтамын!

Әрине, біз­ге жәр­дем жасап жатқан Укра­и­на­ның елшілі­гіне айты­лар рақ­мет­тің орны ерекше! «Сла­ва Украине!».

– «Геро­ям сла­ва!». Рақ­мет сұх­ба­ты­ңы­зға, Тоғ­жан бике! 

Айсұ­лу ОСПАН,

«

Редак­ци­ядан: Гума­ни­тар­лық көмек жинау төмен­де­гі мекен­жай­лар­да жүр­гізілу­де (Қаза­қстан­дағы укра­ин­дық және басқа да аза­мат­тарға түсінік­ті болу үшін, ақпа­рат­ты орыс тілін­де жари­я­лап отырмыз):

1. Посоль­ство Укра­и­ны в РК. Аста­на, ул. Жылая,12, м‑н Кара­от­кель, 2. Тел.8 (7172) 40−07−57. 

Зла­то­сла­ва +7 707 657 8234.

2.Координация волон­теров:

Коор­ди­на­то­ры сбо­ров гум­по­мо­щи в Астане: 

1. Айжан +77051578320

2. Рад­ми­ла +77017245405 

3. Алия +77073046030 

4. Меру­ерт +77057544741

3. Коор­ди­на­ция волон­те­ров по Алма­ты, ул. Фон­ви­зи­на, 10, 307 офис. Теле­фон: 87713777773. Дина­ра Мелиханова. 

4. Сбор средств для заку­па гум­по­мо­щи про­из­во­дит­ся на кар­ту Кас­пи голд. Номера карт: 

1. 5169 4971 1448 9911. Кар­та при­вя­за­на к теле­фо­ну по номе­ру +77072999357. Имя: Рахим­бек Абдрахманов.

2. 4400 4301 8405 3327

+77019257585. Имя: Тог­жан Кожалиева.

5. Помо­гать луч­ше финан­со­во, так как очень боль­шие слож­но­сти в оформ­ле­нии тамо­жен­ных доку­мен­тов по вещам от физи­че­ских лиц и нали­чи­ем рейсов.

6. Вся инфор­ма­ция по акции на Теле­грамм-кана­ле: 

https://t.me/El_bolashagy

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн