Четверг , 28 августа 2025

БІЗ ҚАЛАЙ АРАБТЫҢ идеологиялық ҚАҚПАНЫНА ТҮСТІК?

Осы­дан 10–15 жыл бұры­нғы біздің руха­ни жағ­дай­ы­мыз кім­нің есін­де? Мой­ны­мы­зға тұмар тағу, көлі­гі­міз­ге көз тию­ден сақтай­тын дүни­е­лер­ді асып қою, ата-баба­мы­здың әру­ақта­ры­на құран оқып, олар­дан медет сұрау деген нәр­се­лер біз үшін күн­делік­ті өмір сал­ты­мы­здағы бар нәр­се­лер болатын.

Қыдыр бол­сын жолдасың!

Ісіңді Тәңірім оңдасын!

Әру­ақтар жар болып,

Кәміл де пір­лер қолдасын! –

деген бата-тілек­тер­ді бар­лы­ғы­мыз ауыл­дағы кез кел­ген қарт­та­ры­мы­здың ауы­зда­ры­нан естіп жүретін­біз. Ауыл­дағы құр­сақ көтер­ме­ген келін­шек­тер­ді әже­лері­міз әули­е­лер­дің басы­на жіберетін.

– Пәлен­шенің келіні Әзірет кесе­несіне барып кел­ген соң көтеріпті!

– Еее, әули­елі жер ғой… – деп ауы­за­шар­да оты­ра­тын әже­лер­дің әңгі­ме­лері әлі күн­ге дей­ін есім­де. Қалаға оқуға әр кетер уақыт­та атам­ның «Қыдыр бол­сын жол­да­сың, балам!» деп шыға­рып сала­ты­ны есім­де. Діни сау­а­тым­ның ашы­луы­на басты себеп атам болға­ны­мен, ол кісі­мен ең алға­шқы кон­флик­тім де осы дін­нің төңіре­гін­де болды.

Қала­да оқуға жүр­ген кез­де біздің қала­мы­зға алға­шқы діни мате­ри­ал­дар келе баста­ды. Оның ішін­де әртүр­лі құбы­лы­стар­дың бөлік­терін­де­гі «Алла» деп жазы­лған бел­гілері­нен бастап, Құранға құр­мет­сіздік көр­сет­кен­дер­дің қан­дай «ауыр» жағ­дай­ларға ұшы­раған­ды­қта­ры тура­лы сан түр­лі фильм­дер мен еңбек­тер бол­ды. Соның нәти­же­сін­де біз бүкіл мек­теп болып, намаз оқып, дін­ді «тани» баста­дық. Біз үшін араб тілі деген мың сан қаси­ет­ке ие болып, біраз доста­ры­мыз интер­нат­та жүріп, оны да оқи баста­ды. Сөй­тіп, ондай діни мате­ри­ал­дар­дың легі көбейе түсті. ИК-порт, Bluetooth, СD‑R деген заттар ол кез­де негізі­нен діни мате­ри­ал­дар­ды тасы­мал­да­у­мен айна­лы­сып кетті.

Осы жер­ден бір шегініп өтей­ін. Өткен постым­да бізді өлтіретін нәр­се – Линг­во­цен­тризм мен Гео­цен­тризм деп айтып өткен едім. Осы еке­уі толық бол­са, кез кел­ген халық ара­б­ты ұлы­қта­уы оп-оңай.

Біз мұсыл­ман дінін ұста­нып жүр­гелі бері линг­во­цен­тризм бол­ды. Яғни, «Бір дін – Бір тіл» стра­те­ги­я­сы. Араб тілі бол­ма­са, ислам жоқ. Сон­ды­қтан бұл онсыз да біздің таным­да бол­ды. Құран­ды араб­ша оқуы­мыз осы­ның бір модулі. Линг­во­цен­тризм­ге ілік­пе­ген нәр­се біздің халы­қтың дұға­ла­ры мен бата-тілек­тері еді. Бірақ соңғы жыл­да­ры оны да қой­ып, дастар­хандағы дұға­ла­ры­мы­зды араб­ша айта­тын бол­дық. Тіп­ті өзі­міз­де­гі көр­кем­дік пен құдай­ға барын­ша жақын сезін­діретін тілек­тері­мізді ұмы­тып, араб тілін­де­гі дұға­лар­ды жат­тай баста­дық. Қара­пай­ым күн­делік­ті ауыз ашып, бекі­тер­де­гі дұғаңыз да араб­ша болып кет­ті. Сон­ды­қтан діни линг­во­цен­триз­мнен құтқа­рып тұрған соңғы бөл­ше­гі­міз­ден де айырылдық.

Гео­цен­тризм дегені­міз – өз аны­қта­мам­мен қара­пай­ым түр­де айта­тын бол­сам, бел­гілі бір аймақты қаси­ет­ті етіп, сол жер­ге назар мен ниет­ті, ақша­ны топ­та­сты­ру. Біздің жағ­дай­ы­мы­зда бұл – Мек­ке қала­сы. Бұл қала бар­ша мұсыл­ман­ның қаси­ет­ті орны. Пары­здар­дың ішін­де­гі кез кел­ген мұсыл­ман келіп өтей­тін, арнайы дәстүр­лер­мен бекітіл­ген парыз – қажы­лық. Әлгі ара­би идео­ло­гия Қаза­қстанға келе бастаған кез­де ЛЦ бой­ын­ша мәсе­ле аз екенін көр­ді. Бірақ біздің елде гео­цен­тризм бой­ын­ша үлкен мәсе­ле бар еді.

Біз үшін бел­гілі дең­гей­де екін­ші Мек­ке деп сана­ла­тын Түр­кістан қала­сы бар болатын.

Түр­кістан мен Ары­стан баб кесе­несіне барып қай­ту – біздің халық үшін қажы­лық жаса­у­мен бір­дей қаси­ет­ті нәр­се еді. Әлбет­те, ол топ­тар үшін бұл нәр­се өте ыңғай­сыз тұсы болды.

Әлқис­са, біз сол діни мате­ри­ал­дар­ды қарап жүр­ген кез­де келесі бір сарын­дағы деректі фильм­дер шыға баста­ды. Ол фильм­дер­де Түр­кістан мен Ары­стан бабқа барып жүр­ген­дер­ден сұх­бат алып, олар­ды ақы­маққа балап, «Алла ғана береді ғой, мына­лар ештеңе бере алмай­ды» деген сияқты аят тәп­сір­лерін беріп, бүкіл халы­қтық сана­ны жын­ды қыл­ды. Тұмар сату­шы­ларға барып, «Өзін қорғай алмаған қасқыр­дың тыр­нағы сені қалай қорғай­ды?» деген сияқты сау­ал­дар қой­ып, әп-cәт­те бәрін ақы­мақты­ққа шыға­ра салды.

Басын­да өзі­міздің мол­да­лар мен имам­дар да қар­сы­ла­са­тын еді. Кей­ін­нен олар­дың өздері мешіт­тер­де жоға­ры­дағы нәр­се­лер­дің ислам­да тый­ым салы­нға­нын айтып, әлгі топ­тар­дың сой­ы­лын соғып кет­ті. Дәл осы­лай жалғасқан медиа-жұмыстар­дың нәти­же­сін­де айнал­ды­рған 3–4 жыл­дың ішін­де тіл­дік және жер­лік үстем­дік­тері­міз­ден айы­ры­лған күйі біз ара­би топ­тар­дың тұза­ғы­на топ ете түстік.

Осы­лай­ша айнал­ды­рған 10 жыл­дың ішін­де локал­ды дәстүр­лі ислам­ды ұстанған Түр­кістанға, басқа да қаси­ет­ті орын­дарға бара­тын, ата-баба­сы­нан медет сұрай­тын, әру­ақта­рын құр­мет­тей­тін ұлт­тан, Түр­кістанға бар­мас, ата-баба­ла­ры медет бере алмас, әру­ақта­ры есті­мес халы­ққа айнал­дық. Сәй­кесін­ше, өзі­міздің локал­ды ерекшелік­тері­міз дін­нен алшақтаған соң, біз гло­бал мұсыл­ман­ды­ққа жақын­да­дық та, олар­дың бар­лық про­бле­ма­ла­ры біздің де про­бле­маға айнал­ды. Ал соның сал­да­ры­нан дәл қазір көп­шілі­гі­міз­ге осы­дан он жыл­дар алды­ңғы ата­ла­ры­мыз үшін нор­ма болған нәр­се­лер біз үшін «харам» нәр­се­лер сияқты әсер туды­рып кет­ті. Қазір әру­ақтар жар бол­сын деп ойла­удың өзіне қорқа­мыз. Себебі ширк деген сөз­бен сана­мыз әлдеқа­шан шіріп кет­кен. Егер дәл осы қалып­та жалға­сар бол­са, әле­умет­тік эффект пен діни аху­ал нашар­лай түсері һәм қаза­қтар­дың іші­нен тер­ро­ризм сала­сы­ның жұл­ды­зда­ры шыға­ры­на еш дау жоқ.

Уаха­б­тар асы­лып қал­са да, айты­ңы­здар: Түр­кістан – қаза­қтың Мек­кесі! Жара­ту­шы мен қаза­қтар­дың бай­ла­ныс тілі – қазақ тілі!

«Мына қиын кезең­де Жаратқан жар болып, баба­лар рухы медет бер­гей әр қаза­ғы­ма!» – деп дұға етіп жүруді ұмытпаңыздар!

Michael Sherimbek

Республиканский еженедельник онлайн