Пятница , 4 июля 2025

БІЗ ӨЗГЕРЕМІЗ БЕ?

● Біз өзгер­медік, өзгер­гі­міз кел­меді. Өткен­ді аңса­дық, келе­шек­ке қадам бас­па­дық. «Бұрын солай еді, бүй­тіп едік, сөй­тіп едік, ком­му­низм өтіп кетіп­ті…» деп, елес қуып жүр­міз. Тіп­ті індет­тің өзі ойлан­дыр­ма­ды. Бұры­нғы жай­ма­шу­ақ, той-думанға толы даңға­за өмір қай­тып келеді деп күтіп жүр­міз. Тығы­лып той жасап, тере­зе­ден секіріп, қашып жүр­міз. Солай­ша дал­ба­са­лы­қты ерлік­ке балай­мыз. Өзі­міз мәз­біз. Өзге ұлт сыр­ты­мы­здан сай­қы­ма­зақ қыл­ды. Оған намыстан­бай­мыз (ең өкіні­штісі осы).

● Біз өзгер­медік, өзгер­гі­міз кел­меді. Бұры­нғы пар­то­крат­тар да орын­тағын бер­гісі жоқ, өлген­ше жабысып, жаңа­шыл­ды­қтың сама­ла желі­нен шошы­нып, үрей­лі күй­де үйірі­мен үркіп, көшіп келеді. Өздері құрған вир­ту­ал­ды жүй­е­де сең­дей соғы­лы­сып, ұсақ-түй­ек ауыс-түй­іспен ғана шұғылдануда.

● Біз өзгер­медік, өзгер­гі­міз кел­меді. Жұрт көзіне топы­рақ шашып келе­міз. Жаңа леп жоқ. Жасан­ды «прай­ме­риз­ге» де жүй­е­ге жүй­ке­лері үйрен­ген­дер, «ләб­бай тақ­сыр­шы­лар» мен атақ пен таққұ­мар­лар билік­ке «барып» жатыр. Олар қаты­спай­ды, бақ сына­май­ды, сай­ла­на­ты­нын біл­ген соң барады.

● Біз өзгер­медік, өзгер­гі­міз кел­меді. Хакім Абай айтқан­дай, бір қуа­ныш, бір жұба­ны­шпен өмір сүріп келе­міз. Артық тал­пын­ба­дық, терең ғылым қума­дық, ұқсап бақ­па­дық. Озғанға – тұзақ құр­дық, асқанға – тосқан қыл­дық, ете­гі­нен тар­тып, жарға жықтық. 

● Біз өзгер­медік, өзгер­гі­міз кел­меді. Бақыт­тың бәрін бай­лы­қтан іздедік. Оның бір әңгүдік, тұр­лау­сыз екенін ұғын­ба­дық. Мал да бағып жарыт­па­дық, доп та қуып тоздыр­ма­дық, ілім іздеп, озба­дық. Бәрі­міз депу­тат болып, ұйы­қтап оты­рып, бір мезет­те абы­рой мен бақ-дәу­лет­ке кенел­гі­міз кел­ді. (Бер­ген тәр­би­е­міз солай бол­ды). Қара­пай­ым маман­ды­қтың қадірін кетірдік.

● Әй, өзгер­мей­міз-ау! Әркім өз еңбе­гінің лай­ы­қты баға­сын алып, жеке тұлға ретін­де қабілетіне сай қыз­мет атқа­рып, әле­умет­тік теңдік орнаған қоғам­да өмір сүр­гісі келетінін түсін­сек етті! Ал «Әркім­ге — еңбе­гіне қарай» дей­тін мери­то­кра­ти­я­лық қағи­да – нағыз әділет­тілік­тің өлшемі.

Ел болай­ық десеңіз – ойланыңыз!

Біз – кім­біз осы? 

Тіле­укен ӘЛЖЕКЕЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн