Суббота , 5 июля 2025

Біз өзіміздің сүйікті елімізді ҚОР ҚЫЛА АЛМАЙМЫЗ!

Кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­удың жари­я­ла­нуы­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан қоғам қай­рат­кер­лері өкіл­дерінің ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Құр­мет­ті отандастар!

Соны­мен, біз бұдан бұрын болжаған­дай, Қаза­қстан­да кезек­ті рет кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау жари­я­лан­ды. Бұл сай­ла­удың заң­ды (леги­тим­ді) мәсе­лесі бөлек сөз, ал қазір біз­ге Ақор­да билі­гі жари­я­лаған сай­ла­у­ға қаты­сты өз пікірі­мізді шұғыл түр­де жет­кі­зу бәрі­нен маңы­зды болып тұр.

Бұдан 30 жыл бұрын, біз тәу­ел­сіздік тіз­гінін қолға алған сәт­те, бар­лы­ғы­мы­зға бақыт сый­лап, бүкіл халы­ққа жай­лы үй бола­тын, дамы­ған әрі гүл­ден­ген мем­ле­кет құру­ды арман­да­дық. Ол арман­ды іске асы­ру үшін біз­де бар­лық жағ­дай бар еді. Білім­ді әрі еңбекқор халық, қой­на­уы қаз­ба бай­лы­қта­ры­на толы жер, Кеңе­стер Одағы­нан мұраға қалған өндіріс бол­ды. Бүгін­гі­дей мил­ли­ард­таған сыр­тқы қарыз бол­ма­ды. Біз­ге жаңа нары­қтық қаты­на­ста мем­ле­кет құру мен оны басқа­ру­дың тәжіри­бесі ғана жетіс­пе­ді. Өрке­ни­ет­ті әлем сияқты жаңа демо­кра­ти­я­лық қоғам құру керек бол­ды. Алай­да Қаза­қстан билі­гін ием­ден­ген ошар­лы топ кеңе­стік жүй­енің авто­ри­тар­лық кей­пін сақтап қана қалған жоқ, оны арха­и­ка­лық негіз­де­гі авто­ри­тар­лық дең­гей­де­гі саты­ға түсірді. 

Қазір біз өмір сүретін пост­кеңе­стік жүйе құл­ды­рап, бар бол­мысын тауы­сып, керітарт­па және біліксіз билік­тің кесірі­нен мем­ле­кеті­міз мүш­кіл жағ­дай­ға ұшы­ра­удың алдын­да тұр. Қоғам­ның қазір­гі үлгісін, билік­тің бүгін­гі жүй­есін сақтаған кез­де біздің бала­ла­ры­мы­зда ешқан­дай жарқын бола­шақ бол­май­ды. Билік­тің жоғарғы эше­ло­ны халы­қтың тұр­мыстық-әле­умет­тік мәсе­лесі­мен, елдің эко­но­ми­ка­сын дамы­ту­мен емес, халы­қтың қазы­на­сы мен несі­бесі­нен ұрлаған бай­лы­ғын сақта­уды ойлап, бас қаты­ру­да. Бұл мақ­сат­ты жүзе­ге асы­ру үшін, билік­ті басып алған (узур­па­ци­я­лаған) топ Қаза­қстан заң­да­рын ашық түр­де бұзып, өздеріне ғана қажет­ті өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіп, өздерінің қауіп­сізді­гі үшін бір­не­ше мәр­те түзетіл­ген Кон­сти­ту­ци­я­ны аяқа­сты етті. 

Жақын­да ғана орын алған анти­кон­сти­ту­ци­я­лық қой­ы­лым­дағы пре­зи­дент­тің ауы­суы, билік­тің басты құзіретін екі адам­ның ымы­ра­ла­суы­мен бөлі­су, мем­ле­кет аста­на­сы­ның ата­уы мен қала­лар­дағы басты көше­лер­дің ата­уын өзгер­ту бары­сын­да бұл ошар­лы топ халы­қты билік­тің қай­нар көзі мен сая­си субъ­ек­тісі ретін­де қабыл­да­май­ты­нын көр­сет­ті. Бұл сияқты қитұрқы, лас сая­сат­тың аста­рын­да біз­бен – халы­қ­пен сана­спай, оның аза­мат­тық ерік-жігерін есеп­ке алмай, мем­ле­кет­тік жоғарғы билік­ке бір әулет­тен шыққан мұра­гер­ді оты­рғы­зу қау­пі бар. Біз өзі­міздің сүй­ік­ті Қаза­қстан­ды әулет­тік-дина­сти­я­лық жүй­е­ге де, қуыр­шақ пре­зи­дент­тің күмән­ді билі­гіне де қор қыла алмаймыз!

Біз монар­хия емес­піз, рес­пуб­ли­ка­мы­здың шешу­ші сая­си таң­да­уы тек қана халы­қта болуы тиіс! Және ол таң­да­уға ешқан­дай қия­нат жасал­мауы, алдап-арбау, алдағы сай­ла­удың шынайы қоры­тындыс­ын бұр­ма­лау бол­мауы керек! Қаза­қстан­ның уақыт­ша пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев өзінің сай­лау жари­я­лау жөнін­де­гі мәлім­де­месін­де айтқан­дай, алда бола­тын сая­си элек­то­рал­ды кам­па­ния адал, таза және халы­қтың қала­уы мен ерік-жігеріне сай өтуі тиіс! 

Біздің халқы­мыз бей­біт­сүй­гіш, ақкөңіл және төзім­ді, рево­лю­ци­я­лар мен қан­ды қақты­ғы­стар­ды қала­май­ды. Алай­да халық пен қоғам­ның төзім­ділі­гі шексіз емес. Біздің халқы­мыз бұған дей­ін қан­ша­ма қитұрқы­лы­қ­пен жасал­са да, қабыл­данған заң­ды сый­лай­ды және демо­кра­ти­я­лық мүд­де­лер­ге қай­шы бол­са да, сол заң­ның талап­та­рын ұста­нуға тыры­сып кел­ді. Бірақ бұдан былай елі­міздің мүд­десі мен келер бола­шаққа нұқ­сан кел­тіретін жеке бір әле­умет­тік және оли­гар­хи­я­лық топ­тар­дың ықпа­лын­дағы заң­дар­дың үстем­ді­гіне жол бере алмаймыз! 

Біз­де Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры шын мәнін­де гүл­ден­ген демо­кра­ти­я­лық қоғам құрып, өз елінің пат­ри­от ұрпағын тәр­би­е­леп, білік­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер мен кәсі­би басқа­ру­шы­лар­ды дай­ын­дап шығуға толық мүм­кін­дік­тер бол­ды. Алай­да осы игілік­ті істі атқа­ру­дың орны­на бар­лық мате­ри­ал­дық және әкім­шілік ресур­стар 18 мил­ли­он тұрғын­ның мүд­десін ысы­рып қой­ып, бір адам­ның билі­гін күшей­ту үшін жұм­са­лып кел­ді. Жыл­дар бойы қалып­тасқан осы қасаң жүй­ені өзгер­ту оңай бол­май­ды, алай­да біздің алды­мы­зда басқа жол жоқ. 

Өз кезе­гін­де халық мем­ле­кет­тік билік­ті өз қала­у­ла­ры­на қарай бұр­ма­лай­тын, прин­ципсіз және сұға­нақтар мен олар­дың жағым­паз­да­ры­на беріп қой­май, мем­ле­кет үшін жау­ап­кер­шілік­ті өз мой­ны­на алуы мін­дет­ті. Халы­қтың мем­ле­кет­ті басқа­руға қаты­суын­сыз, баба­ла­ры­мыз ту еткен халы­қтық-демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды мем­ле­кет­ті басқа­ру жүй­есіне енгіз­бей, ешқан­дай да жаңа­ру (модер­ни­за­ция) мен жақ­са­ру бол­май­ды. Бұл мін­дет­ті 9 мау­сым­да өтетін пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­дық бары­сын­да да, одан кей­ін де іле-шала жүзе­ге асы­ра ала­мыз. Алай­да ол үшін біз бір жұды­ры­қтай жұмы­лып, өз дауы­сы­мыз бен сая­си-аза­мат­тық еркі­міздің, азат таң­да­уы­мы­здың дауы­сы қоғам­да толық естілетін­дей талап қоя білуі­міз керек! 

Қаза­қстан тарихын­да бір­де-бір рет әділет­ті, халық қоры­тындыс­ын толық қабыл­даған, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтар таза­лы­ғын мой­ын­даған сай­лау болған емес. Кон­сти­ту­ци­яға ел-жұрт­тың еркі­нен тыс түзе­ту­лер енгізіліп, «Сай­лау тура­лы заң­ның» кан­ди­дат­тар­ды еркін ұсы­ну тура­лы талап­та­ры ман­сұқ етіліп, билік аза­мат­тық қоғам мүше­лерінің жолын жауып, сай­лау про­цесін бақы­лау мүм­кін­ді­гі­нен айы­рып, БАҚ-тағы цен­зу­ра­ны күшей­тіп, халы­қтың мем­ле­кет­ті басқа­ру ісіне қаты­су мүм­кін­дік­терін толық жауып таста­ды. Кемін­де бес жыл мем­ле­кет­тік қыз­мет өтілі (ста­жы) жоқ аза­мат­тарға тый­ым салу арқы­лы билік аза­мат­тар­дың сай­лау және сай­ла­ну құқы­ғын өрес­кел бұз­ды, қоғам­да әле­умет­тік-сая­си және аза­мат­тық теңсіздік орнатты. 

Осы рет­те біз – аза­мат­тық қоғам, халы­ққа адал қыз­мет ете ала­тын, өмір­ба­я­ны кір­шіксіз, қоғам­ды бірік­тіру­ге мүм­кін­ді­гі зор, елдің ертеңі үшін жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на ала ала­тын аза­мат­ты пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер ретін­де ұсы­на ала­ты­ны­мы­зға сенім­ді­міз. Және сай­лау заң­ды­лы­қта­ры ол үміт­кер үшін сон­ша­лы­қты кереғар бол­са да, билік­тің сай­ла­удағы қой­ы­лы­мы­на халы­қтық қар­сы­лық таны­ту үшін, бұл сай­ла­у­ға аза­мат­тық қоғам өз өкілін (тіп­ті бір­не­шеу болуы мүм­кін) ұсы­нуға мін­дет­ті деп білеміз. 

Біздің ара­мы­зда билік­ке ашық қар­сы шығып жүр­ген экс-пре­мьер-министр, мини­стр­лер, әкім­дер, табысты кәсіп­кер­лер мен басқа­ру­шы­лар, дипло­мат­тар, эко­но­ми­стер, жур­на­ли­стер мен құқық қорға­у­шы­лар, бар­лық аймақтар­дан және бар­лық сала маман­да­ры бар. Біз бұлар­дан кәсі­би үкі­мет құрып, дереу ара­да елді дағ­да­ры­стан шыға­рып, халы­қтың жағ­дай­ын жақ­сар­туға бары­мы­зды салуға дай­ын­быз. Халық көз алдын­да тоналған елді, терең­ге бой­лаған жемқор­лы­қты, аз ғана шене­унік­тер тобы­ның қисап­сыз баюын көре оты­рып, өтірік көз­бо­я­у­шы­лық пен кедей­шілік­тен, қисап­сыз уәде­лер­ден жалықты. 

Сай­ла­у­ға қаты­су мен жеңу үшін, біздің қолы­мы­зда бар­лық қажет­тілік­тер – сая­си пар­ти­я­лар (ЖСДП), қоғам­дық және кәсі­по­дақтық бір­ле­стік­тер, кәсі­би сая­сат­кер­лер мен бел­сен­ділер, ең басты­сы – ондаған жыл­дар бойы өзгерісті күтіп, қал­жы­раған халы­қтың ертеңіне бей-жай қара­май­тын аза­мат­тар бар. Біз­ге бар кере­гі – өза­ра түсініс­пе­ушілік­тер­ді қой­ып, жеке амби­ци­я­лар мен сенім­сіздік­ті, қорқы­ныш пен үрей­ді сырып тастап, пре­зи­дент­тік сай­лау алдын­да халы­қтық бло­кқа бірі­гу қажет. Бар­лы­ғы­мыз қоғам­ды бірік­тірудің бұл тари­хи мүм­кін­ді­гін жіберіп алсақ, Қаза­қстан­ның бола­шағы бұры­нғы­дан да тұман­ды бола­ты­нын түсі­ну­ге тиіспіз. 

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың 30 жылға жуық билі­гі мен оның мұра­герінің билік етуі мем­ле­кет­тің толы­қтай құл­ды­рап, тәу­ел­сіздік­тен айы­ры­лып, аза­мат­тық соғы­сға ұла­суы­мен бітуі әбден мүм­кін. Біз мұн­дай қай­ғы­лы және аяны­шты сце­на­рий­ге жол бер­ме­уі­міз керек! Билік­ті қан­тө­гіс­сіз сай­лау арқы­лы өзгер­ту мүм­кін­ді­гі бар сәт­те, оны мей­ілін­ше пай­да­ла­ну керек. Ондай бол­маған жағ­дай­да бола­шақта дина­сти­я­лық билік­тің құлы бола­тын біздің бала­ла­ры­мы­зға шын мәнін­де­гі күрес­ке шығуға тура келетінін болжа­уға тура келеді. Ол күрес елдің шынайы тәу­ел­сізді­гі мен халы­қтың нақты мән­де­гі бостан­ды­ғы үшін қажет бола­ты­нын біз бүгін түй­сі­нуі­міз керек. 

Біз елде­гі бар­лық демо­кра­ти­я­лық, аза­мат­тық күш­тер­ді, тәу­ел­сіз пар­ти­я­лар мен қозға­лы­стар­ды мем­ле­кет­тік мүд­де үшін, сай­ла­уда жеңіс­ке жету үшін күш бірік­тіру­ге шақы­ра­мыз! Қазір жеке­ле­ген идео­ло­ги­я­лық және әле­умет­тік сұрақтар бой­ын­ша бөлініп, кім­нің оппо­зи­ци­я­лық пози­ци­я­сы мықты екенін дәлел­дей­тін уақыт емес. Біздің басты мін­деті­міз – бір­ле­се оты­рып, Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық негіз­де­гі сай­ла­уды өткі­зу және соның нәти­же­сін­де қазір­гі билік­ті ауы­сты­рып, жуық жыл­да­ры пар­ла­мент­тік мем­ле­кет құру. Ол үшін біз Қаза­қстан­ның Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сын бір­ге жазып, қара­пай­ым тұлға­лар­дың мүд­десі тұрғы­сы­нан әділет­ті заң­дар қабыл­дап, жемқор­лы­қты түбірі­мен жой­ып, бола­шақ ұрпақтың несі­бесі­нен ұрланған бай­лы­қты халы­қтың қолы­на қай­та­рып беруі­міз керек!

Келіңіз­дер, біз бір­ле­се оты­рып, жаңа сая­си фор­мат­тағы әділет­ті Қаза­қстан құрайық! 

Алдам­жа­ров Ғазиз

Аспан­ди­я­ро­ва Маржан

Әлі­ба­ев Серікбай

Бапи Ермұрат

Ерға­ли­е­ва Гүлжан

Ерғо­жа Ерсайын

Жүке­ев Төлеген

Қабы­шұ­лы Ғаббас

Қажы­гел­дин Әкежан

Қай­са­ров Уәлихан

Мәм­бе­та­лин Серікжан

Медет­бек Темірхан

Медет­бе­ков Серік

Сәр­сен­бай­ұ­лы Рысбек

Тұр­сым­ба­ев Балташ

Республиканский еженедельник онлайн