Пятница , 26 сентября 2025

БІЛІМ САЛАСЫНДА әділетсіз баға қою ӘДЕТКЕ АЙНАЛҒАН

Елі­міз еге­мен­дік алып, аяғы­на тұрып, өз тағ­ды­рын өзі шеше бастаға­ны­на 34 жыл толға­лы тұр. Осы уақыт ішін­де қан­дай жетістік­ке жет­тік, халқы­мы­здың бола­шағы­на, қоға­мы­м­ы­здың дамуы­на ерекше әсер ететін қан­дай мәсе­ле­лер­ді шеше алдық деген сұрақ ұлты­на шын жаны аши­тын әрбір отан­шыл аза­мат­ты ойлан­ды­ра­ты­ны сөз­сіз. Әрине, эко­но­ми­ка, әле­умет­тік мәсе­ле­лер бой­ын­ша көп іс атқа­ры­лға­ны сөз­сіз. Ол жөнін­де билік өкіл­дері де, тиісті сала­лар­дың маман­да­ры да күн­делік­ті айтып жүр. Бұл мақа­ла­да олар­дың бәрін айтып, қай­та­лап жату артық. Оның орны­на біз бүгін­гі күні қоға­мы­м­ы­зды, оның әрбір мүше­сін толған­ды­ра­тын және осы жыл­дар ішін­де айтар­лы­қтай жетістік­тер­ге жете алмаған, керісін­ше, еге­мен­дік­ке дей­ін­гі дең­гей­і­міз­ден төмен­деп кет­кен про­бле­ма­лық мәсе­ленің бірін көте­руді жөн көріп отыр­мыз. Ол – бүгін­гі күн­гі мек­теп­тің, жал­пы елде­гі білім беру сала­сы­ның жағ­дайы мен сапасы.

Қоғам­да білім берудің сапа­сы жөнін­де әңгі­ме көтеріл­ген­де, көбі­не­се бүгін­гі жағ­дай­ды өткен кеңес үкі­меті кезін­де­гі жағ­дай­мен салы­сты­руға тыры­са­мыз. Көп­шілі­гі­міз сол баяғы кеңес үкі­меті кезін­де­гі білім беру сая­са­ты­ның дұры­сты­ғын, білім сапа­сы­ның жоға­ры болған­ды­ғын айтып жата­мыз. Тіп­ті кей­біре­уі­міз біз­де­гі білім беру дең­гейі әлем­де алды­ңғы қатар­да бол­ды деп мақта­ны­шпен де, сағы­ны­шпен де еске ала­мыз. Мүм­кін, ол сөздің де жаны бар шығар. Сол 70-жыл­дар­дың мек­теп бітіру­шісі ретін­де мен өзім де ол пікір­ге іші­на­ра қосыламын.

Бірақ сол жыл­да­ры ғылым жетістік­тері, тех­ни­ка­лық про­гресс бой­ын­ша кеңес үкі­меті батыс елдері­мен салы­сты­рған­да 40–50 жыл­дай арт­та қалға­нын ескер­сек, біз өзі­міздің білім беру сапа­сын баға­ла­уда арты­қтау кет­кені­мізді мой­ын­да­уы­мыз керек. Десек те, ол кез­де­гі білім берудің бел­гілі бір тұрақты да нәти­желі жүй­есі болға­ны сөз­сіз. Ол – көп жыл­дар бойы сынақтан өткен, біздің қоғам жағ­дай­ын­да өзінің өмір­шеңді­гін дәлел­де­ген жүйе бола­тын. Сол жүй­е­ге сәй­кес, елі­міз­де мұғалім кадр­ла­рын дай­ын­дай­тын жоға­ры оқу орын­да­ры бол­ды. Солар рес­пуб­ли­ка­дағы мұғалім кадр­ла­ры­на деген сұра­ны­сты толы­ғы­мен қам­та­ма­сыз етті, әрі елде басы артық, жұмыс­сыз жүр­ген мұғалім­дер­ді де бай­қаған емес­піз. Өйт­кені ол кез­де жос­пар­лау орган­да­ры оның бәрін рет­теп оты­ра­тын. Мұғалім­дер­дің жалақы­сы айтар­лы­қтай жоға­ры бол­ды деп айта алмай­мыз, бірақ лай­ы­қты дең­гей­де бола­тын. Ең басты­сы – ол кезең­де қоғам­да мұғалім­дер­дің беделі жоға­ры бола­тын. Мұғалім­нің айтқа­ны шәкірт үшін де, ата-ана­лар үшін де заң еді.

Өткен­ді еске ала оты­рып, біз сол кез­де­гі ұста­здар­дың тек қана пән мама­ны ғана емес, соны­мен қатар пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан тәр­би­е­ші де болға­нын атап айтқы­мыз келеді. Жетістік­тері­мізді мақтай­тын, ал тәр­тіп бұзған­да, шек­тен шыққан кез­де сазай­ы­мы­зды да тарт­ты­ра­тын. Біз өз кезе­гі­міз­де үйге кел­ген­де ата-ана­мы­зға ұста­зда­ры­мы­здың үсті­нен арыз айт­пай­тын­быз. Өйт­кені арыз айта қал­сақ, ата-ана­мы­здан екін­ші қай­та­ра таяқ жей­тін­біз. Ата-ана­ла­ры­мыз да ешқа­шан мек­теп­ке барып мұғалім­дер­мен «раз­бор­ка» жаса­май­тын. Мүм­кін, мен біздің кезі­міз­де­гі ұста­здар мен шәкірт­тер ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сты тым әсіре­леп жібер­ген болар­мын, жоға­ры­да айты­лған­дарға сәй­кес кел­мей­тін бір­лі-жарым жағ­дай­лар да орын алған шығар. Бірақ ондай аху­ал­дар өте сирек кездесетін.

Тағы бір айта кететін жайт – ол кез­дері мек­теп­тің озат бітіру­шілері мұғалім маман­ды­ғын алуға тыры­са­тын. Шама­сы кел­ген­дер жоға­ры оқу орын­да­ры­на, өз дең­гей­і­мен сана­са­тын­дар педа­го­ги­ка учи­ли­ще­леріне бара­тын. Бірақ ол уақыт­та аталған оқу орын­да­ры­на қабыл­дау талап­та­ры да өте жоға­ры бола­тын. Бір сынып­тағы 25–30 бітіру­шінің бес-алта­уы жоға­ры оқу орны­на түс­се, ол өте жоға­ры нәти­же деп есеп­те­летін. Нәти­же­сін­де мек­теп­ке жоға­ры білім­мен жоға­ры сапа­лы маман ора­ла­тын. Мек­теп­ке жұмысқа кел­ген жас маманға сол кез­де­гі тәр­тіп бой­ын­ша мек­теп­те көп­тен істей­тін тәжіри­белі ұста­здар­дың бірі тәлім­гер ретін­де бекітілетін. Тәлім­гер ұстаз жас маман­ды көп жыл­дар бойы өзі жинақтаған жұмыс тәжіри­бесі­мен, ұстаз маман­ды­ғы­ның қыр-сыры­мен таны­сты­ра­тын. Ұста­здың сынып­тағы оқу­шы­лар алдын­да өзін қалай ұстау керекті­гін, қан­дай жағ­дай­лар­да шәкірт­тер­ді қол­паштап, ал қан­дай жағ­дай­лар­да оларға ұры­сып алу қажет­ті­гін, шәкірт­тер­дің ата-ана­ла­ры­мен қан­дай қарым-қаты­на­ста болу керекті­гін нақты үлгілер­мен түсін­діріп оты­ра­тын. Соның арқа­сын­да ол кез­де­гі мұғалім­дер бүгін­гі жас мұғалім­дер жіберіп жүр­ген қателік­тер­ден аулақ болатын.

Ал енді білім беру сала­сы­ның бүгін­гі аху­а­лы­на келетін бол­сақ, ол көңіл көн­ші­тер­лік­тей емес. Ондай жағ­дай бір күн­де неме­се бір жыл­да қалып­тасқан жоқ. Бұл аху­ал көп жыл­дар бойы үкі­мет тара­пы­нан, мем­ле­кет­тік өкілет­ті орган – ҚР Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі тара­пы­нан жіберіл­ген жүй­елі қателік­тер­дің нәти­же­сі десек, артық айтқан­дық емес. Білім беру сала­сы­ның осын­дай жағ­дай­ға келуінің себеп­тері өте көп. Олар­дың негіз­гілерін ғана атап көрсетейік.

Бірін­ші себеп неме­се қателік – ол өкілет­ті мини­стр­лік бас­шы­ла­ры­ның жиі ауы­суы және соған бай­ла­ны­сты осы сала­ның дамуы­на бағыт­талған, әр мини­стр­дің кезін­де қабыл­данған бағ­дар­ла­ма­лар мен рефор­ма­лар­дың қара­ма-қай­шы­лы­қта­ры. Жаңа­дан кел­ген әр министр өзінің қыз­метін бұған дей­ін­гі қалып­тасқан жүй­ені бұзып, сала­ны қай­та рефор­ма­ла­удан баста­уды әдет­ке айнал­дыр­ды. Әрине, бел­гілі бір мөл­шер­де рефор­ма жүр­гі­зу қажет те шығар, бірақ рефор­ма деген­ді әуелі бір­не­ше білім беру меке­месін­де неме­се аймақта, пилот­тық режим­де, экс­пе­ри­мент есебін­де жүр­гізіп, ол оң нәти­же көр­сет­се ғана жал­пы­ға тара­ту қажет емес пе?! Соны­мен қатар ол рефор­ма­ны іске асы­ру бағ­дар­ла­ма­сы бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­да жари­я­ла­нып, оны талқы­ла­у­ға бүкіл рес­пуб­ли­ка жұрт­шы­лы­ғы, оның ішін­де бірін­ші кезек­те қара­пай­ым мұғалім­дер қаты­суы тиіс емес пе?!

Қан­дай да бір рефор­ма­ның іске асуы­ның басты кепілі – ол рефор­ма­ның атқа­ры­луы­на қажет­ті қар­жы­лық және мате­ри­ал­дық ресур­стар­мен қам­та­ма­сыз етілуі. Соңғы жыл­да­ры жүр­гізіл­ген рефор­ма­лар­ды іске асы­ру бары­сын­да осы айты­лған­дар­дың көбісі ескеріл­меді неме­се фор­мал­ды түр­де, жабық негіз­де өткізіл­ді. Бір ғана мысал, қазір­гі кез­де жал­пы білім беру жүй­есіне енгізіліп, пай­да­ла­ны­лып жүр­ген, халық ара­сын­да «обнов­лен­ка» деп аталған жаңа оқу жүй­есінің іске асы­ры­лу тәжіри­бесін айт­сақ жет­кілік­ті. Сонау батыс елдерін­де қалып­тасқан оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын неме­се жүй­е­лерін әкеліп, біздің жағ­дай­ы­мы­зға икем­де­мей, сол күй­ін­де қол­да­ны­сқа енгі­зу – үлкен қателік­тер­ге ұрын­ды­ра­ры сөз­сіз. Оның үстіне біз­де кез кел­ген жаңа нәр­сені қажет­ті жағ­дай­лар­мен қам­та­ма­сыз етпей, жарым-жар­ты­лай қол­да­ны­сқа енгі­зу әдет­ке айналған. Мек­теп­те көп жыл­дар бойы істеп келе жатқан прак­тик мұғалім­дер­дің пікірін­ше, «обнов­лен­ка» жал­пы негізі жақ­сы оқу жүй­есі, бірақ ол жүй­ені қол­да­ны­сқа енгі­зу­мен қатар, оның мате­ри­ал­дық, басқа да ресур­стар­мен қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­лерін шешпе­се, ол тиісті нәти­же бер­мей­ді, қай­та ол жаңа оқу жүй­есіне деген сенім­сіздік туғы­за­ды. Ол жүйе рес­пуб­ли­ка­да талант­ты бала­лар оқи­тын «Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­терін­де», «Мирас», «Дарын», «Білім инно­ва­ция лицейі» секіл­ді оқу орын­да­рын­да жақ­сы нәти­же беруі мүм­кін. Бұл оқу орын­да­ры бар­лық оқуға қажет­ті қар­жы­лық-мате­ри­ал­дық ресур­стар­мен, ең басты­сы – жоға­ры білік­ті мұғалім маман­да­ры­мен жасақталған. Әр оқу кла­сын­да оқу­шы­лар саны 20 бала­дан аспай­ды. Бей­ін­ді пән­дер бой­ын­ша сынып­тар топ­тарға бөлі­неді және сабақ жүр­гізу­ге мұғалім­мен қатар, оның көмек­шісі неме­се бап­кер қаты­сып отырады.

Ал бүгін­гі күн­гі жал­пы білім беретін мек­теп­тер­де осын­дай жағ­дай­лар бар ма? Кла­стар­дағы оқу­шы­лар саны­ның шама­дан тыс толы­қты­ғы (30–35 бала­дан), үш ауы­сым­мен оқу режи­мі, қар­жы­лық-мате­ри­ал­дық ресур­стар­мен жет­кілік­ті қам­та­ма­сыз етіл­ме­уі, мұғалім­дер­дің білік­тілі­гінің төмен­ді­гі – осы­ның бәрі жинақта­ла келе, кез кел­ген рефор­ма­ны жоққа шыға­ра­ды. Қай сала­да бол­ма­сын, қан­дай да бір жаңа­лық енгізілер­де, бәрі­міз білетін «нұқ­сан кел­тір­ме» меди­ци­на­лық қағи­да­ты негіз­ге алы­нуы қажет. Соны­мен қатар соңғы жыл­да­ры жал­пы білім беру мек­теп­терін­де инклю­зив­ті білім беру жүй­есі енгізіл­ген. Нәти­же­сін­де мек­теп­тер­де қалып­ты бала­лар­мен қатар ерекше сипаттағы бала­лар, нақты­лап айт­сақ, ақыл-ой қабілеті кен­же­леп қалған бала­лар қатар оқи­ды. Бұл дегеніңіз – мұғалім­ге қосым­ша жүк­те­ме беретін, өзі шек­те­улі уақыт­ты одан әрі шек­тей­тін жағ­дай. Оқу жүй­есін рефор­ма­лау бары­сын­да осы фак­тор­лар­дың бәрі жет­кілік­ті дең­гей­де ескеріл­ме­генін баса айта кет­кен жөн.

Жал­пы, осы оқу про­цес­сін рефор­ма­лау кезін­де­гі Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гінің кей­бір мағы­на­сыз шешім­дерін қарай оты­рып, оның автор­ла­ры­ның жау­ап­кер­шілі­гіне күмән­да­на қарай­сың. Сон­дай шешім­дер­дің бірі – мек­теп шең­берін­де үш тіл­ділік прин­ципті енгізу­ге бай­ла­ны­сты кей­бір пән­дер­ді ағы­л­шын тілін­де жүр­гі­зу мақ­са­тын­да физи­ка, химия, тағы да басқа пән­дер­дің мұғалім­дерін үш айлық дай­ын­дық кур­ста­ры­нан өткі­зу. Ағы­л­шын тілін тек қана тұр­мыстық дең­гей­де үйре­ну үшін, оны жыл­дап оқу керек, ал жоға­ры­да аталған пән­дер­ден ағы­л­шын тілін­де сабақ беруді үйре­ту үшін қан­ша уақыт керек?! Тек қана осы пән­дер бой­ын­ша кей­бір тер­мин­дер­ді шәкірт­тер­ге ағы­л­шын тілін­де ауда­рып беру үшін, осын­ша­ма ауқым­ды оқу-семи­нар­лар ұйым­да­сты­ру, бюд­жет­тің қомақты қар­жы­сын жұм­сау қан­ша­лы­қты дұрыс шешім?! Бұл не, мини­стр­лік­тің «жау­ап­ты» қыз­мет­кер­лерінің кезек­ті «жау­ап­сыз» іс-қаре­кеті ме, әлде елде­гі білім беру сала­сын рефор­ма­лау жұмыста­рын жоққа шыға­руға бағыт­талған қас­кү­нем­дік пе? Мұғалім­дер­ді осы секіл­ді кур­стар­да оқы­туға және одан кей­ін ол мұғалім­дер­дің жалақы­сы­на қосым­ша ақы төле­у­ге мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен бір­не­ше жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге қара­жат жұм­са­ла­ты­нын ескер­сек, бұл шешім­нің негізін­де тек қана жау­ап­сыздық емес, қыл­мыстық ниет те жатқа­нын аңға­ру қиын емес!

Ел мек­теп­терін­де­гі білім беру сапа­сы­ның құл­ды­ра­уы­ның тағы бір басты себебі – мек­теп­ке жоға­ры оқу орын­да­рын бітіріп келіп жатқан жас маман­дар­дың көп­шілі­гінің білім дәре­же­сінің нашар­лы­ғы. Ал оның негіз­гі себебінің бірі – педа­го­ги­ка­лық жоға­ры оқу орын­да­рын­да мұғалім маман­ды­қта­ры­на қабыл­дау талап­та­ры­ның әбден төмен­де­гені. Бүгін­гі күні мұғалім маман­ды­ғын кім таң­дай­ды – эко­но­ми­ка, заң сала­сы маман­ды­қта­ры­на, тым бол­ма­са инже­нер­лік маман­ды­қтарға өте алмаған­дар, Біры­ңғай ұлт­тық тестіле­уде төмен балл алған­дар неме­се тестілеу табал­ды­ры­ғы­нан өте алмаған­дар. Грант ала алмаған­дарға ком­мер­ци­я­лық бөлім­дер­дің есі­гі айқа­ра ашық, ақша төле­ген кез кел­ген талап­кер, білім дең­гей­іне қара­ма­стан, сту­дент мәр­те­бесіне ие бола ала­ды. Нәти­же­сін­де жас мұғалім­дер­дің басым көп­шілі­гі білік­тілі­гі бой­ын­ша да, пси­хо­ло­ги­я­лық тұрғы­дан да ұстаз деген жоға­ры мәр­те­бе­ге сай кел­мей­ді. Бүгін­гі күн­гі жас маман­дар­дың көбісі өздерін ұстаз есебін­де сезін­бей­ді, атқа­рып жүр­ген қыз­метін тек жалақы ала­тын, күн­көріс көзі ретін­де ғана қабыл­дай­ды. Істеп жүр­ген жұмыста­ры көңіл­деріне жақ­паған­ды­қтан, олар ізден­бей­ді, оқу про­цесін жақ­сар­туға, қызы­қты өткізу­ге тыры­спай­ды және ең басты­сы – оқу­шы­лар­мен қажет­ті қарым-қаты­нас орна­та алмайды.

Біздің бақы­ла­у­ы­мы­зға және оқу­шы­лар­дың пікіріне сүй­ен­сек, жас мұғалім­дер­дің көп­шілі­гі сабақ өткі­зу кезін­де сыны­пқа тап­сыр­ма беріп қой­ып, өздері ұялы теле­фон­да­ры­на шұқ­шиып оты­ра­ды неме­се шығып кетіп, өздері сияқты әріп­тес мұғалім­дер­мен әңгі­ме соғып тұра­ды. Тағы да ерте­ректе­гі, 60–70-жылдардағы ұста­здар­дың жұмыс тәжіри­бесін еске түсір­сек, ол кез­де­гі мұғалім­дер 45 минут бойы сабақты аяқта­ры­нан тік тұрып өткі­зетін. Пар­та қатар­ла­ры­ның ара­сы­мен әрлі-бер­лі жүріп, оқу­шы­лар­дың тап­сыр­ма­ны қалай орын­дап жатқа­нын тек­серіп, бірі­міз­ге ескер­ту жасап, бірі­міздің басы­мы­здан сипап, әйте­уір әрқай­сы­мы­зға тиесілі көңіл ауда­рып оты­ра­тын. Осы айтқан­ды қоры­тын­ды­лай келе түй­гені­міз – бүгін­гі күн­гі жас мұғалім­дер­дің басым көп­шілі­гінің білік­тілік дең­гей­інің төмен­ді­гі, өздерінің атқа­рып жүр­ген қыз­метіне деген қызы­ғу­шы­лы­қтың жоқты­ғы, олар­дың ұстаз атты жоға­ры мәр­те­бе­ге сәй­кес кел­ме­уі елі­міз­де­гі білім беру сала­сын мүш­кіл жағ­дай­ға әкеліп соғуда.

Осын­дай жағ­дай­дың қалып­та­суы­ның тағы бір басты себебі – ол рес­пуб­ли­ка­дағы білім беру сала­сы­ның мате­ри­ал­дық база­сы­ның нашар­лы­ғы, мек­теп­тер­дің және оқу­шы орын­да­ры­ның жетіс­пе­ушілі­гі. Жоға­ры­да айты­лған­дай, елі­міз­де­гі жал­пы білім беретін мек­теп­тер­дің көп­шілі­гі оқу­шы­ларға шама­дан тыс толы, мек­теп­тер­дің басым көп­шілі­гі үш ауы­сым­ды режим­де жұмыс істей­ді. Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар осы бағыт­тағы жұмыстар­ды алдын ала жос­пар­лай алмай­ды, ал жос­пар­лаған күн­нің өзін­де бүгін­гі күні елі­міз басы­нан өткеріп жатқан «бэб­би бум» мен мигра­ция про­це­стері ескеріл­мей­ді. Нәти­же­сін­де елі­міз­де мек­теп жасын­дағы бала­лар саны гео­мет­ри­я­лық про­грес­сия бой­ын­ша өсу­де, ал мек­теп­тер мен оқу­шы орын­да­ры­ның саны оған іле­се алмай, кен­же қалып отыр. Қала неме­се ірі елді мекен­дер­ді салу­дың бас жос­па­ры бекітілер­де, оның құра­мын­да бар­лық әле­умет­тік бағыт­тағы нысан­дар (мек­теп­тер, бала бақ­ша­лар, ауру­ха­на­лар, т.б.) көр­сетілуі тиіс. Қала­дағы адам саны­ның өсуіне бай­ла­ны­сты бас жос­парға әлсін-әлсін тиісті өзгер­ту­лер енгізілуі қажет. Іс жүзін­де осы талап­тар орын­да­ла ма? Оған біздің үлкен күмәні­міз бар.

Білім беру сапа­сы­ның бүгін­гі күні сын көтер­мей­тін ауыр жағ­дай­ға келуінің тағы бір себебі – ол жер­гілік­ті тиісті депар­та­мент­тер мен бөлім­дер тара­пы­нан мек­теп­тер­ден оқу­шы­лар­дың жоға­ры үлгері­мін негіз­сіз талап ету болып отыр. Өз кезе­гін­де мек­теп бас­шы­ла­ры да қара­пай­ым мұғалім­дер­ден тек қана жоға­ры көр­сет­кі­ш­тер­ді, көп жағ­дай­лар­да оқу­шы­ның білім дең­гей­іне сәй­кес кел­мей­тін, әділет­сіз баға­лар қою­ды талап ету әдет­ке айналған. Бүгін­гі күні көп­те­ген мек­теп бас­шы­ла­ры оқу­шы­ларға «екілік» түгел, «үштік» баға қоюға ұста­здарға бей­ре­сми түр­де тый­ым сала­ды. Ал ондай жағ­дай­ға көн­гісі кел­мей­тін, әділет­ті, прин­ципті мұғалім­дер көбі­не­се әкім­шілік қысы­мға ұшы­рап жата­ды. Әрине, жоға­ры үлгерім­ді талап ету қажет, бірақ сон­дай жақ­сы көр­сет­кі­ш­тер­ге жетудің дұрыс, әділет­ті жолы қан­дай? Бүгін­гі күні мек­теп бас­шы­ла­ры осы про­бле­ма­ны шешудің ең оңай жолын таң­даған сыңай­лы. Біздің ойы­мыз­ша, мек­теп­тер­дің білім беру дең­гей­ін аны­қтай­тын рей­тинг­тің басты өлше­мі – ол мек­теп оқу­шы­ла­ры­ның әртүр­лі олим­пи­а­да­лар мен білім сай­ы­ста­ры­на қаты­сып, олар­да жеңім­паз ата­нуы деп есептейміз.

Ұста­здар­дың мәр­те­бесі тура­лы көп әңгі­ме­ле­удің қажеті жоқ, өйт­кені бұл мәсе­ле осы бағыт­тағы заң жоба­сы ұсы­ны­лған­да қоғам­ның жіті наза­рын­да болып, үлкен талқы­ла­удан өтті. Оның бары­сын­да көп­те­ген қажет­ті, пай­да­лы ұсы­ны­стар, кеңе­стер айтыл­ды. Бірақ, өкініш­ке қарай, олар­дың көбісі қабыл­данған заң­нан өз орын­да­рын тап­па­ды. Соған қара­ма­стан, ұста­здар заң­на­ма­лық негіз­де арнайы мәр­те­бе­ге ие бол­ды. Осы­ның өзі ұста­здар үшін үлкен жетістік деп есеп­тей­міз. Үкі­мет тара­пы­нан, Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі тара­пы­нан күтілетін енді­гі бір үлкен шаруа – осы заң­ның талап­та­рын іске асы­ру. Өйт­кені талай жақ­сы-жақ­сы заң­на­ма­лық құжат­тар­дың қағаз жүзін­де қалып қой­ға­ны біздің жады­мы­зда. Қазір уақыт­ты босқа жібер­мей, сол заңға ілесіп жүретін, заң­ды орын­да­уға қажет­ті ере­же­лер­ді қабыл­дау қажет. Біз тек осы заң­ның қан­ша­лы­қты ұста­здар өміріне жақ­сы да, жағым­ды өзгерістер әке­летінін үміт­тене күтеміз.

Бір ғана қосым­ша айта­ры­мыз – ұстаз қоғам­да өзінің лай­ы­қты мәр­те­бесіне ие бол­май, тек қана білім беру сала­сын­да ғана емес, бүкіл қоғам­дағы жағ­дай жақ­сы жағы­на өзгер­мей­ді. Апатқа ұшы­рап жатқан ұшақтар, салы­нып біт­пей жатып қирап жатқан тұрғын үйлер, дәрі­гер­дің қателі­гі­нен ота үстелін­де өмір­ден кетіп жатқан қыр­шын­дар – осы­ның бәрі елде­гі білім беру сала­сы­ның құл­ды­ра­уы­ның нәти­же­сі. Осы­ны әрқа­шан Үкі­мет бас­шы­ла­ры, жер­гілік­ті әкім­дер, білім беру сала­сы­ның бас­шы қыз­мет­кер­лері есте ұста­са екен дейміз!

 Сәмет ЫҚЛАСҰЛЫ, Ақтау қала­сы

Республиканский еженедельник онлайн