Пятница , 23 мая 2025

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫН РЕФОРМАЛАУ ҚАЖЕТ

Жасы­ра­ты­ны жоқ, бұл ұйым­ның соңғы жыл­да­ры ешқан­дай мәсе­ле шешпей­тінін, нақты әре­кет, іс-қимы­лға бара алмай­ты­нын, тек құрғақ мәлім­де­ме­лер тара­ту­мен ғана шек­теліп оты­рға­нын көріп отыр­мыз. Осы ұйым­ның «бас орга­ны» болып сана­ла­тын Қауіп­сіздік кеңесіне мүше жетек­ші 5 мем­ле­кет­тің ара­сын­да адам құқы­қта­рын аяққа тап­та­у­шы, мем­ле­кет­тік жүй­есі қуғын-сүр­гін­ге құры­лған (гено­цид) агрес­сор елдер – Ресей мен Қытай­дың болуы оны рефор­ма­лау қажет­ті­гін анық көр­сетіп отыр.

Бұл тұрғы­да АҚШ-тағы қазақ дис­си­ден­ті, бел­гілі құқы­қта­ну­шы, сая­сат­кер Серік­жан Білә­штің ойы дұрыс. Ол айтқан­дай, «БҰҰ жетек­ші орга­ны­ның құра­мы неге бесеу болуы керек? Неге 7 емес, неге 10 емес, неге 15 емес?». Серік­жан­ның пікірін толық қолдаймын.

Қазір­гі уақыт­та екі ел – Ресей мен Қытай әлем­де­гі бей­біт­шілік пен тұрақты­лы­қты сырт түгілі, өз ішін­де сақтай алмай отыр. БҰҰ Қауіп­сіздік кеңесінің ұйға­ры­мы­м­ен Ресей «Буда­пешт келісі­мін» сақта­май­тын, басқын­шы­лық соғы­сын жүр­гізіп оты­рған «АГРЕССОР» ел атан­са, Қытай адам құқы­қта­рын қорға­май­тын, аз ұлт­тарға гено­цид жүр­гізіп, елін «ХАЛЫҚТАР ТҮРМЕСІНЕ» айнал­ды­рған мем­ле­кет деп таны­луы керек. Өйт­кені бұл екі мем­ле­кет те – адам құқы­қта­рын аяққа тап­тай­тын, басқа­ру жүй­есі қуғын-сүр­гін­ге құры­лған дик­та­тор­лық мем­ле­кет­тер. Ал мем­ле­кет­тік ел басқа­ру жүй­есі дик­та­ту­раға құры­лған елдер­дің БҰҰ-да оты­руға құқы бар ма? Әрине, жоқ!

Бұл қазір­гі укра­ин-орыс соғы­сы­нан да айқын көрі­неді. Бүкіл әлем  соғыс мәсе­лесі тек екі мем­ле­кет – АҚШ пен Ресей ара­сын­да ғана өза­ра ымы­ра­ла­су дең­гей­ін­де жүріп жатқа­нын көріп отыр. Күн­де мың құбы­лып жүр­ген бұры­нғы КГБ-шылар Трамп пен Путин­нің ара­сын­дағы тым күмән­ді сая­сат ұза­ққа созы­лып бара­ды. Бұған Еуро­одақ елдері және БҰҰ-ға мүше басқа мем­ле­кет­тер неге қаты­сты­рыл­май­ды? – деген заң­ды сұрақ туын­дай­ды. Мәсе­лені шешу неге екі жақты – тек Ресей мен АҚШ ара­сын­да жүруі керек? Неге көп жақты емес? Қазір­гі уақыт­та БҰҰ-ның құра­мы­на 193 мем­ле­кет кіреді. БҰҰ әу бастан әлем­де­гі ірі, халы­қа­ра­лық дең­гей­де құры­лған және ең қуат­ты мем­ле­ке­та­ра­лық ұйым емес пе еді? Ғалам­дық соғы­сқа ұласқа­лы тұрған дауды шешу­де неге АҚШ пен Ресей­ге ғана абсо­лют­ті басым­дық берілуі керек?!

Айта­рым – бұл ұйым соңғы жыл­да­ры шын мәнін­де әске­ри-сая­си жан­жал­дар­дың алдын алу, әлем­нің бей­біт және қауіп­сіз қал­пын сақта­удың орны­на, керісін­ше, өзі УШЫҚТЫРУШЫ ұйы­мға айнал­ды. Бұдан былай­ғы жер­де БҰҰ-да оты­рған әсіре­се Ресей мен Қытай­ға әлем халы­қта­ры­ның тыны­шты­ғы мен тағ­ды­рын сеніп тап­сы­руға бол­май­ды. Укра­ин соғы­сы­на ашық ара­лас­пай, бір сау­сағын бүгіп, артын бағып, дик­та­тор ел Қытай отыр. Үнсіздік – ол жана­ма­лап бол­са да Ресей­мен мүд­де­ле­стік деген сөз.

Қор­да­ланған, қалып­тасқан бүгін­гі соғыс жағ­дай­ын­дағы күр­делі халы­қа­ра­лық аху­ал БҰҰ-мын рефор­ма­лау қажет­ті­гін күн тәр­тібіне қой­ып отыр. Оған шын мәнін­де демо­кра­ти­я­лық-сая­си рефор­ма қажет! Оның бас орга­ны сана­ла­тын Қауіп­сіздік кеңесінің құра­мы­на бесеу емес, одан да көп мүше елдер тар­ты­луы қажет деп санай­мын. Біздің­ше, әлем­дік сарап­шы­лар мен ұйы­мға мүше мем­ле­кет­тер­дің өкілет­ті билі­гі – пар­ла­мент­тері бұл мәсе­лені күн тәр­тібіне шыға­ра­тын уақыт кел­ді. Өз бола­шағы­на бей­жай қара­май­тын біздің елі­міз­де­гі бар­лық  қоғам­дық ұйым­дар мен сая­си пар­ти­я­лар да осы сұрақтарға бай­ла­ны­сты өзін­дік нұсқа­ла­рын әзір­лей­ді деп үміт­те­не­міз. Бұл – уақыт тала­бы. Бұдан Қаза­қстан да тыс қал­мауы тиіс!

 Нұр­лы­бай ҚОШАМАНҰЛЫ, әлеуметтанушы

Республиканский еженедельник онлайн