Пятница , 4 июля 2025

«Бірінші президенттің» КЕСІРІН ТҮЗЕУ – екіншінің елдік міндеті

  • Бір топ алма­ты­лық аза­мат­тар пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың аты­на жазған Ашық хат газет редак­ци­я­сы­на келіп түсті. Біз бұл жол­да­ма-жаз­ба­ны біраз ықшам­дап, экс­прес­сив­тік сөз­дерін қысқар­тып, жал­пы маз­мұ­нын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отыр­мыз. Бұл Ашық хат­та жазы­лған мәсе­ле­лер­ге орай пікір айтам деген оқыр­ман­дар бол­са, біз кім-кім­нің де ойлы және ашық сөзіне газет беті­нен орын беру­ге дайынбыз.

Редак­ция

Құрмет­ті Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев мыр­за! 1991 жыл­дың қаңта­ры­на дей­ін рес­пуб­ли­ка­мы­зда жүз­де­ген завод, фаб­ри­ка, түр­лі өндіріс орын­да­ры жұмыс істеп, халқы­мы­здың әл-ауқа­ты­на керектінің бәрін беріп тұр­ды. Елде­гі кол­хоз-сов­хоз­дар­да 35 мил­ли­он қой, 10 мил­ли­онға жуық жылқы мен ірі қара бол­ды. Үкі­мет­тің жос­па­ры мен тап­сыр­ма­сы уақы­ты­сын­да арты­ғы­мен орын­да­ла­тын. Мұның бәрін қатаң түр­де бақы­лап оты­ра­тын Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­теті бол­ды. Жос­пар уақы­тын­да орын­дал­ма­са, қай сала­ның бол­ма­сын бас­шы­сы қыз­мет­тен қуы­ла­тын. Бұл жағ­дай­ды көзі­міз көріп, қолы­мы­з­бен ұстадық.

Ал енді осы­ның бәрінің өзі тұр­мақ, көлең­кесі де қалған жоқ. Отыз жыл­дың ішін­де рес­пуб­ли­ка бар­лық жағы­нан құрып біт­ті. Осы­ның бәрі 30 жыл билік­те оты­рған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың – өзім жалғыз билей­мін деуінің кесірі­нен жоқ бол­ды. Жоғалған дүни­е­лер енді тарих­та орны­на кел­мей­ді. «Бола­шақта бәрін жасай­мыз…» деп халы­қты алдап, Назар­ба­ев тай­ып тұрды.

Пре­зи­дент болған Нұр­сұл­танға сені­мі жоғалған халық енді Сіз­ге – Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, сенерін-сен­бесін біл­мей, аң-таң болып отыр. Ол Нұр­сұл­тан­ның кесірі­нен. Аузы күй­ген үріп ішеді деген осы: Нұр­сұл­тан­ның алда­уы­на түсіп, тақыр жер­ге оты­рып қалған қара­пай­ым халық енді қайтсін?!

Бірақ Сіздің бола­шақты ойлау қабілетіңіз Нұр­сұл­тан­нан артық қой. Халық оны біліп отыр. Сіз Назар­ба­ев­тың сөзіне сен­беңіз, ол Сізді жақ­сы­лап пай­да­ла­на­ды. Бүгін­де ол Бауы­р­жан Бай­бек­ті шұғыл түр­де пре­зи­дент­тік­ке өткіз­гелі жүр. Сіз оны білесіз бе?

Сізді пай­да­ла­нып, Аста­на­ның ата­уын өз аты­на лып еткізіп, жымын біл­дір­мей ауда­рып ала қой­ды. Оған «Халық қаҺар­ма­ны» атағын бер­діңіз. Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша бар­лық облыс орта­лы­қта­ры мен үлкен қала­лар­да басты көше­лер­дің атын Сіз арқы­лы ием­деніп алды. Оның бәрі Нұр­сұл­тан­ның әкесі­нен қалған жоқ! Ол ата­у­лар­ды оның аты­на бер­геніңіз мүл­де дұрыс емес! Олар­дың бар­лы­ғы дәл бүгін­гі аш-жалаңаш, үйсіз-күй­сіз жүр­ген кедей халы­қтың адал еңбе­гіне алы­нған, салы­нған дүни­е­лер. Нұр­сұл­тан­ның Қаза­қстанға сон­ша­лы­қты еңбе­гі жоқ, 30 жыл тек қулы­қ­пен жүрді.

Енді Құдай­дың жерінің асты мен үсті саты­лып жатыр. Кен бай­лы­ғы­мы­здың 75 пай­ы­зы саты­лып кет­ті. Шетел­дер­ге 200 мил­ли­ард дол­лар қарыз екен­біз. Бұл тек біздің газет­тен оқып біл­гені­міз ғана. Жал­пы қара­пай­ым халық біл­мей­тін қан­ша дүние кетті?!

Алма­ты қала­сы аста­на болып тұрған­да, мұн­да мини­стр­лік­тер мен ведом­ство­лар­дың жүз­ге жуық ғима­рат­та­ры бол­ды. Бүгін­де бұлар­дың бар­лы­ғы мем­ле­кет есебін­де жоқ. Ең үлкен басты­қтан бастап жеке­ше­лен­діріп алған адам­дар олар­ды арен­даға беріп қой­ып, жан­да­ры қинал­май, ешбір шығын шығар­май, ақшаға шомы­лып отыр.

Алма­ты облы­сы­ның бар­лық құнар­лы, сулы жерінің иесі – баяғы Нұре­кеңнің туған інісі Болат Назар­ба­ев. Халық бәрін біліп отыр.

30 жыл аз мерзім емес. Осы уақыт ара­лы­ғын­да Қаза­қстан халқы адам таны­ма­стай өзгер­ді. Бұры­нғы бере­келі бір­лік­ті, туы­стай тұта­сты­қты қазақ ұмыт­ты. Бір-біріне деген опа­сыздық пай­да бол­ды. Мей­ман­дас елдің сал­ты тозды. Бір уыс талқан мен бір жапы­рақ нан­ды таны­май­тын ада­мы­м­ен бөлісіп жей­тін қаза­қтың ниеті бұзыл­ды. Осы­ның бар­лы­ғы отыз жылғы жеке-дара билік­тің кесірі­нен болған қасірет!

Қазір біздің қазақ үрей үстін­де өмір сүріп, күн көру­де. Қай жағым­нан поли­ция кеп қала­ды деп, ішкен-жегені бой­ы­на сің­бей алаң­дай­ды. Шын­ды­қты айтып, көше­ге шыққан адам­дар­ды көк­пар­ша тар­тқы­лап, түр­ме­ге тыға­ды. Бұл алаөк­пе поли­ци­я­лар тек қана пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың тіке­лей тап­сыр­ма­сын орын­дап кел­ді, ол тап­сыр­ма әлі де жалғасуда.

Бас­пасөздің жазуы бой­ын­ша, бүгін­де 300 мыңға жуық қытай көшіп келіп, Қаза­қстан­да тұрақты тұрып жатыр. Шығыс Қаза­қстан­ның, Тар­баға­тай мен Жеті­су­дың, елі­міздің басқа да облы­ста­ры­ның біраз құнар­лы жерін қытай баяғы­да ием­деніп алға­нын интер­нет жазып жатыр. Бұған дей­ін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Қытай бас­шы­сы­мен жасасқан мем­ле­кет­тік келісім бой­ын­ша, қазір Қытай­дың 51 зауы­ты Қаза­қстанға көшірі­лу үстінде.

Біздің Сіз­ге – Қасым-Жомарт Кемелұ­лы, енді­гі айтарымыз:

  • Қаза­қстан­да бір­де-бір қытай қал­ма­сын, еліне кетсін;
  • Қытай сала­ды деген 55 зауыт­тың біз­ге кере­гі жоқ. Тіп­ті керек болып жат­са, жағ­дай­ы­мыз, эко­но­ми­ка­мыз түзел­се, өзі­міз салып аламыз;
  • Қытай­мен бұған дей­ін жасалған бар­лық келісім-шар­ттар жария етілсін;
  • Қаза­қстан­нан жалға жер алып, егін (соя) еге­міз деген қытай­лық экс­пан­си­яға түбе­гей­лі тосқа­уыл қойылсын!

Біз біліп отыр­мыз: Назар­ба­ев Қытай­дан ала­рын – алды, беретінін – бер­ді. Енді­гі жағ­дай өте қиын. Екі ел ара­сын­дағы келісім-шар­ттың құпи­я­сын «біз – Мәсі­мов еке­уі­міз ғана біле­міз» деп, Назар­ба­ев қалып­та­сты­рып кет­кен бұл қиын жағ­дай­дан қазақ халқы­ның көме­гі­мен ғана құты­ла ала­сыз, Тоқа­ев мырза!

Енді­гі мақ­сат – жаңа пре­зи­дент­пен бір­лесіп, халық мүд­десіне жұмыс істей­тін жаңа пар­ла­мент құру. Бұл ара­да да Назар­ба­ев өзінің қу есебін құрып, кезек­ті пар­ла­мент сай­ла­у­ын­да депу­тат бола­тын өз адам­да­ры­ның аты-жөнін жазып та қой­ды. Халы­қтың, қоғам­ның көме­гі­мен Сіз бұл есеп­тің жолын кесуіңіз керек, Қасе­ке мырза!

Қаза­қстанға кере­гі – тек бір ғана пала­та­лы депу­тат­тар кор­пу­сы. Оны жал­пы халық өз ара­сын­дағы бедел­ді аза­мат­тар­дың есебі­нен сай­лап алуы тиіс. Сон­да ғана пар­ла­мент халы­қ­пен ақыл­да­са­ды, қоғам­мен сана­са­ды, елі үшін қыз­мет істейді.

Қазір­гі сенат мен мәжілі­сте оты­рған депу­тат­тар Нұре­кеңнің тізі­мі­мен барып, жұм­сақ крес­лоға оты­ра қалып, халы­қтың мүд­десіне орай бір ауыз сөз айт­паған жан­дай­шап­тар. Олар­дың көп­шілі­гі сай­ла­уды, сай­ла­у­шы­лар­ды көр­ме­ген жылпостар.

Сон­ды­қтан, Тоқа­ев мыр­за, бүгін­гі оты­рған депу­тат­тар­ды тез ара­да тара­тып жібер­сеңіз, халқы­ңыз Сіз­ге разы бола­ды. Сізді алақан­да­ры­на салып, көтеріп жүреді. Осы­ған сеніңіз. Әрине, бұл өтіні­шті орын­дау Сіз­ге жеңіл емес, өте ауыр бола­ды. Десек те халық Сізді қол­дай­ды. Егер қажет бол­са, осы мәсе­ле­лер жөнін­де рефе­рен­дум өткізу­ге баста­ма­шы бола ала­тын пре­зи­дент – Сіз ғана. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев емес! Кон­сти­ту­ци­яда солай жазылған.

Ал Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қазір­гі «Қауіп­сіздік кеңесі» деген меке­месі – ол өзінің ойдан шығарға­ны. Ондай меке­ме Кон­сти­ту­ци­яда да, рес­пуб­ли­ка­ның шта­тын­да да жоқ. «Бірін­ші пре­зи­дент», «елба­сы» деген күл­кілі атақтар. «Ел басы­мыз бол­сын» деп, халық оны сай­лаған жоқ. Оны ол тағы да сол жан­дай­шап депу­тат­тар­дың көме­гі­мен заң­да­сты­рып алған. Бірақ ол заң­да­сты­ру 1995 жылғы жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­да қабыл­данған Кон­сти­ту­ция талап­та­ры­на сай кел­мей­ді. Себебі – Кон­сти­ту­ци­яға одан кей­ін енгізіл­ген өзгерістер­ге халы­қтың қаты­сы жоқ. Яғни, Кон­сти­ту­ци­яға содан бер­гі енгізіл­ген өзгерістер мен толы­қты­ру­лар – заңсыз.

Құрмет­ті пре­зи­дент, Тоқа­ев мыр­за! Халы­қтың Сіз­ден содан кей­ін­гі сұрай­тын үлкен өтіні­ші – сая­си желе­умен қама­лып, түр­ме­де оты­рған аза­мат­тар­ды шығар­ты­ңыз! Кәдім­гі­дей бұй­рық беріп неме­се пре­зи­дент­тік Жар­лы­қ­пен шығар­ты­ңыз. Олар халы­қтың ақша­сын неме­се бай­лы­ғын жеген жоқ. Тек қана пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың кезін­де оның теріс сая­са­ты­на, теріс эко­но­ми­ка­лық іс-әре­кет­теріне қар­сы шығып, заң­сыз сотталғандар.

Мыса­лы үшін, Мұх­тар Жәкі­шев пен Арон Ата­бек­тің сүй­ек­терін түр­ме­ден алып шық­пай тұрға­ны­мы­зда, Сіз олар­ды жедел боса­туға пәр­мен беріңіз! Бұл шеші­міңіз үшін халық Сізді қол­дай­ды, Назар­ба­ев­тан қорғайды!

Содан кей­ін ҚДТ (ДВК) қозға­лы­сын халы­ққа жау етіп көр­сет­кен­ді қою керек! Оны бүкіл Қаза­қстан халқы қол­дап отыр. «ДВК»-ның ұсы­ны­сы – халы­ққа қыз­мет ету, халы­қтың қар­жы­сын ұрлап, оны шетел­ге тық­пау, адал болу, елі­мізді өркен­де­ту, Қытай­ды елге жолат­пау, сая­си қуғын-сүр­гін­ді құр­ту, тағы басқа айтып жүр­гені тек жақ­сы­лық. Мұн­дай халы­қтық талап­ты көтер­ген ұйым­ның «экс­тре­мист-тер­ро­рист» болуы мүм­кін емес. Ол «бірін­ші пре­зи­дент­тің» сол кез­де ойлап тапқан был­жыр­байы. Халық мұн­дай был­жы­рақты түсін­бей­тін ақы­мақ деп ойлай­ды-ау дей­мін. Халық кім­нің кім екенін әбден түсініп болды.

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев мыр­за, осы жазы­лған­да­ры­мы­здың бір сөй­ле­мі тұр­мақ, бір сөзі өтірік бол­са, Кон­сти­ту­ци­я­мыз бен заң­да­ры­мы­здың кез кел­ген бабы алдын­да жау­ап­ты екені­мізді біз сезі­не­міз, әрі мой­ын­дай­мыз. Біз­ден қателік кет­се, біз бұл үшін жау­ап беру­ге дайынбыз!

Қазақ мем­ле­кетін 30 жыл басқарған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның соңғы жина­лы­сын­да айтқан ой-пікірі­нен ел-жұрт шошы­ды. Тіп­ті мына­ны айтып тұрған адам­ның дені сау ма деп, пси­хо­ло­ги­я­лық жағы нашар­лаған шығар деген сыңай­мен таңқа­лушы­лар да бол­ды. Күні бүгін­ге дей­ін есті­ген құлақта­ры­на сен­бей­ді. Назар­ба­ев сол пар­ти­я­лық жина­лы­ста не айтып еді? Ол былай деді: «Бала табар алдын­да мем­ле­кет­пен ақыл­дасқан жоқ­сы­ң­дар»; «Екі сиыр сатып алып, жан­да­ры­ң­ды бағы­ң­дар»; «Бүгін­гі ауыл­дар – пара­зит»… Қазақ мұн­дай­ға «Сен­ген текем сен бол­саң, күй­се­ген аузы­ң­ды ұрай­ын» дей­ді. Басқа айтарға сөзі­міз жоқ!

Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Біздің ең соңғы ұсы­ны­сы­мыз – Қаза­қстан аста­на­сы­ның атын «Ала­шор­да» деп өзгер­туді халық Сіз­ден өті­неді. Тек осы атау ғана дұрыс бола­ды. «Нұр-Сұл­тан» деген ата­удың иесі кім? Қыз­мет бабы­мен келіп-кет­кен бір адам! Ал «Ала­шор­да» деген ата­уды аста­на­мы­здың ата­уы­на бер­сек, бұл қала бүкіл қазақ халқы­ның орда­сы екені айғай­лап тұрған жоқ па?!

Ал рес­пуб­ли­ка­ны ұял­май-қызар­май 30 жыл басқа­рып, ел-жұрт­ты осын­дай кедей­шілік хал­ге жет­кіз­ген әлгі «біздің» Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Алма­ты­дағы Рес­пуб­ли­ка сарай­ы­на келіп, халы­ққа есебін бер­сін деп қатаң талап қоя­мыз! Біз Сіздің халы­қтық баста­ма­ла­ры­ңы­здың бар­лы­ғын қол­дай­мыз, Тоқа­ев мыр­за! Тек қана батыл болы­ңыз, арты­ңы­зда қалың халық тұрға­нын ұмыт­паңыз! Егер Сіз халық жағы­на шық­саңыз, біз Сізді қорғаймыз!

Сіз­ге деген ізгі құр­мет­пен Алма­ты облы­сы мен Алма­ты қала­сы­ның тұрғындары:

  • С. Бек­те­міров, З. Сағын­ды­қов, Ж. Омар­бе­ко­ва, Д. Дары­бай, С. Мақа­но­ва, Р. Мұқа­шо­ва, Б. Жуа­шев, Д. Өркен­ба­е­ва, Е. Сағын­ды­қо­ва, Б. Серік­ба­ев, М. Жан­до­со­ва, Р. Май­лы­ба­ев, З. Қуан­ды­қо­ва, Р. Смақов, З. Дәу­ке­е­ва… – бар­лы­ғы 85 адам.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн