Пятница , 4 июля 2025

«БІР БАЛАМДЫҚЫТАЙ, екіншісін Қазақстан қамады» – дейді пикетке шыққан ана

Кеше бұл жер­ге бір күн бұрын 10 күн­ге қамалған бел­сен­ді Бай­бо­лат Күн­бо­латұлы­ның ана­сы 60 жастағы Зауатхан Тұр­сын келіп, поли­ция ұлын заң­сыз қамаға­нын айтып, боса­ту­ды талап етті.

9 ақпан­да Алма­ты­ның әкім­шілік соты кон­сул­дық алдын­да Қытай­да қамалған інісін боса­ту­ды талап етіп, акция өткіз­ген Бай­бо­лат Күн­бо­латұлын 10 күн­ге қамаған еді. Оған Әкім­шілік кодекстің 488-бап 6‑тармағы бой­ын­ша («Бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұзу») айып тағылған.

«Менің бір балам­ды – Қытай, бір балам­ды Қаза­қстан қама­ды. Елім, жерім деп кел­ген­нен кей­ін, көр­гені­міз осы болып отыр. Поли­ция балам­ды нен­дей айып­пен қама­ды? Түсін­діріп бер­сін. Ұлым­ды да босат­сын», -– деді Зауатхан Тұрсын.

Сәр­сен­бі күні кон­сул­дық алдын­да Зауатхан Тұр­сы­н­мен қатар Шың­жаң­да қамалған неме­се Қаза­қстанға өте алмай оты­рған қаза­қтар­дың туы­ста­ры бол­ды (сурет­те). Олар Қытай түр­месін­де «жазы­қтан-жазы­қ­сыз оты­рған» жақын­да­рын тез ара­да боса­ту­ды және Қаза­қстанға жібе­руді талап етті.

Қытай кон­сул­ды­ғы қақ­па­сы­на арнайы колон­ка орна­тып қой­ған. «Індет кезін­де акция заң­сыз» екенін сәт сай­ын ескерт­кен колон­ка акци­яға кел­ген­дер­дің дауы­сын естірт­пей, пікір­лерін айтуға кедер­гі жаса­ды. Колон­ка­дан «кон­сул­ды­қтың ерекше қорға­удағы нысан, оны сурет-видеоға түсіру­ге бол­май­ды және түсір­ген адам­дар жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­ды» деген ескер­ту жасал­ды деп хабар­лай­ды «Азаттық».

Кей­ін­гі кез­де Шың­жаң­дағы туы­ста­рын ізде­ген аза­мат­тар Қытай кон­сул­ды­ғы алдын­да жиі пикет өткізіп жүр. Олар­дың бірі туы­ста­ры­ның Қытай­да «негіз­сіз айып­тар­мен» ұзақ жылға сот­талға­нын айт­са, бірі Қытай билі­гінің құжат­та­рын тар­тып алып, Қаза­қстанға жібер­мей оты­рға­нын айтқан. Олар Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі­нен «Қытай­да қамалған­дар – Пекин­нің ішкі ісі, оған ара­ла­са алмай­мыз» деген жау­ап алған. Ал Қытай кон­сул­ды­ғы жау­ап бер­ме­ген, дей­ді «Азаттық» тілшісі.

«ДАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн