Марат Байділдәұлы:
Осы айдың аяғында Мәскеуде ВЛКСМ-ның 100 жылдығы аталып өтілмек көрінеді. Бұл шынымен де атап өтуге тұрарлық мереке ме?
Өткен өмір жолымызға қарасам, комсомолдың маған тигізген көк тиын пайдасы жоқ екен. Ал қаншама мүшелік жарна төледім десеңізші!
Комсомол – партияның қолшоқпары болды. Қазақ жеріндегі ашаршылық, саяси қуғын-сүргінге, қудалауға көз жұмды. Халықты бірге талады, бірге қанады. Қан төгетін, жан беретін жерге «комсомолсың» деп оққа байлады.
Желтоқсан көтерілісі кезінде қазақ жастарына қысым жасаудың өзіндік машинасына айналды. Қазіргі тілмен айтқанда, «топ менеджерлері» болмаса, қарапайым қатардағы комсомолдар еш жақсылық көрген жоқ. Сондықтан комсомолдың 100 жылдығы қазақ xалқының мерекесі емес.
Жекелеген тұлғаларды есептемегенде, комсомол ұйымы орыс отаршылдығының айнымас құралы болды. Ол коммунистік партия сияқты ұлыдержавалық шовинизммен суарылған ресейшілдердің қазақтарға қатысты ауыздығы болғанын қадап тұрып айтқым келеді.
Расул Жұмалы:
Кешегі комсомол жиынынан соң, Иманғали Тасмағамбетовтың «продукт» екендігі мен 128 хан туралы айтқандары жолда қалды. Өз басым еш таңқалған жоқпын.
Мұхтар Тайжан:
Это не комсомольцы, это просто карьеристы, приспособленцы. Были бы они комсомольцами, они бы не приняли частную собственность, не занимались бы бизнесом с его добавленной стоимостью и эксплуатацией труда рабочих. Они бы бились за сохранение СССР, страны рабочих и крестьян, сейчас были бы все членами КНПК, не ходили бы в мечети…
Разве виллы за рубежом, ролексы и яxты, сотни тысяч га в одниx рукаx – это по-комсомольски? Ленин и Сталин аталар разве этому учили?
Сколько портретов в своиx кабинетаx они уже поменяли за свою жизнь с 1960-70 годов? Сколько еще поменяют? Мы еще увидим, как эти же люди будут опять переименовывать эти же улицы и проспекты. И будут говорить при этом, что вообще-то в душе они были против.
Вообще, очень способные товарищи!
Nurgali Nurtay:
«Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» деген Назарбаев бір сөзінде. «Өткенін ұмытқан халықтың болашағы да бұлыңғыр» дейді Уинстон Черчилль де. Өткен мен болашақтың байланысын талай ойшыл айтқан. Тарихымызда коммунизм де болды, Ленин де болды. Тұтас бір дәуір сол партияның көсеміне сәжде етіп, әнін айтып, кітабын оқып, заңын жаттап кетті. Біз оны сызып тастай алмаймыз. Біз тек коммунистік жүйенің саяси зардабын, халқымызға арқалатып кеткен ауыр қасіретін қарамен жазып, жас ұрпаққа, өсіп келе жатқан буынға анықтап түсіндіріп, нағыз «рухани жаңғыру» жасай білуіміз керек. Әйтпесе күні кеше ЛКЖО-ның 100 жылдығын тойлаған парламентте отырған ҚКХП құрамында жастар жоқ емес.
…Осы шара коммунистік идея мен жүйенің қазақ қоғамына қажетсіз екенін тағы да бір анықтап берген индикатор болды. Қоғамның наразы салмағы басым екендігі анық көрінді. Мемлекеттің саяси өміріндегі олқылықтарын уақыт осылай тезіне салады…
«Біз Италияны жасадық, енді италиялықтарды қалыптастырайық». – Италияның тұңғыш премьер-министрі, мемлекет қайраткері Камилло Кавур осылай депті. Біз Қазақстан болдық. Бірақ қазақстандық тұтастық жоқ. Керісінше, осындай жағдайлар елдегі әркелкілікті ортаға шығарады да, немен жұмыс істеуіне жол сілтейді. Өткен тарих – өтті, мың жерден сынасақ та, шалдар жиналып, өз датасын тойлайды. Тек соған жаңа нәсіл, жас буын еріп кетпеуін қадағалау керек.
Руслан Тусупбеков:
На двадцать седьмом году независимости наши чиновники празднично отмечают «день комсомола» – организации, под знаменем которой были уничтожены миллионы казахов. После сегодняшнего дня стало совершенно ясно, что нормальное развитие нашей страны возможно только тогда, когда нами перестанут управлять бывшие комсомольские и партийные функционеры.
Иначе никак.
Поражает, что того же Тасмагамбетова почему-то традиционно считают идеологом, патриотом и пр. Но как можно быть патриотом и одновременно праздновать юбилей комсомола? Можете себе представить, что какой-нибудь израильский чиновник отмечает юбилей Гитлерюгенда?
А у нас это легко возможно.
Қуаныш Еділхантегі:
СОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы отырғанда, басқаша болуы мүмкін бе? Әлде мен емес, тойлап жатқан өздері дер ме екен?
Бұдан асқан масқара қандай болуы мүмкін? 7 қарашаның не айырмашылығы бар ендеше? Оны да тойлайық. Тонын теріс айналдырып киген тек полиция ғана емес, бәрі де солай екен.
Майра Кабдолданова:
«Комсомольцы, добровольцы» – деп, әндетіп жүруші едік осы уақытқа дейін, басымыз қайда ауып тұрғанын білмей. Желтоқсандық ұл-қыздарымызға рахмет, есімізді жинатқызғанына. Талай құнды еліміздің рухани байлығымыздан, тілімізден, дінімізден айырылдық, мөлшері 70 жылдың арасында, енді жинақтай алмай отырмыз, керек емес қызыл значоктарды естелікпен тамашалап. Қаншама жастық шағым осы комсомолмен кетсе де, қазіргі кезде қарағым келмейді. Ондай патриоттық құрсын, ұлтты, дінді, тілді құртқан. Ендігі кезде әлі есімізді жинақтай алмай отырмыз. Қайран босқа кеткен жылдар-ай! Неменеге қызықтап, қызартып шығарып қояды екен, мазақ түрде болсын, өкініш түрде болсын, бірақ бұл естелікке ниетім жоқ!!!
Saq Samat Nasiruly:
Алдымен қазақты рухани жаңғыртпақшы болып жүргендердің өздерін рухани сауықтырмаса, елді қаңғыртады. Қазақ енді елінің тəуелсіздігін де жоққа шығарып, көпе-көрінеу аруақтарды қорлай бастады. Қазақтың комсомолдан көрген қорлығы аз көрініп тұр ма мыналарға? Ол кезде комсомол зорлықтың құралы болған. Қазақты қырған, қызыл террорды, репрессия мен ашаршылықты ұйымдастырып, жүзеге асырған компартия мен қызыл империяның қолшоқпары комсомол екенін ұмытып қалды ма қазақ? Комсомол орысты оқытып, қазақты орыстандырып, ауылдан шығармаған орыстың идеологиясы.
Коммунизмнің елесі қазақтың бойында әлі тірі екен. Қазақ неге империяшыл? Итке темір не керек? Дауа жоқ екен… Мұндай топас сатқындар билікте тұрған соң, қазақ қайдан дамысын?
Мына түрімен қазақтар ВКП (б)-нын, Қызыл армияның жылдығын тойлауы да әбден мүмкін екен.
Айтқожа Фазыл:
Комсомол имеет прямое отношение ко всем преступлениям партии большевиков и коммунистов – Ленина, Сталина, Ежова, Вышинского, Берии, Мирзояна, Голощекина и т.д.
Жанарбек Әшімжан:
Кейбірінен не бала, не мола қалмаған қайран Алашорданың арыстары-ай!.. 100 жылдықтарың бар мен жоқтың арасында,шпорын сыңғырлатқан казактардың табасында қалып,атаусыз кетіп еді…
Нұрлыбек Қуаңбаев:
«Студент-проводник» Әбуов Өскеннің әңгімесі:
Тоқырау жылдары СОП-та Ташкент – Иркутск поезына проводник болдым. Менің вагоныма 50 комсомол отыратын болды. БАМ-ға құрылысқа бара жатыр екен. Вокзалда духовой оркестрмен шығарып салды. Комсомолдар дегенім түрмеден шыққан зектер екен. Қолдарына путевка беріп, кеуделеріне комсомол значек тағып қойған.
Содан Ташкенттен шыға бере, вино-арақ ішулері басталды. Төбелес. Бәрі зонаның жаргон тілімен сөйлейді. Шу станциясына келгенде 8 комсомол жоғалып кетті. Жаңғызтөбе станциясында және 5-6 комсомол жоғалды. Вагонда төбелес болып, жарақат алған екі комсомолды Семей станциясында
«жедел жәрдем» әкетті. Тағы бір төрт комсомолды милиция түсіріп алып қалды. Қойшы, сонымен не керек, Иркутск қаласына 50 комсомолдан 22-сі ғана келіп жетті.
Ең қызығы – Ташкент вокзалында духовой оркестрмен шығарып салып жатқан фотомен «Правда» газетінің бірінші бетіне: «Комсомольцы едут на ударную стройку БАМ» деген мақала шыққан.
(медиа-проект «DAT» №38 (450) от 25 октября 2018 г.)