Понедельник , 5 мая 2025

БҰЛМЕРЕКЕ ЕМЕС,ТРАГЕДИЯ!

Ана­то­лий Гра­хов деген фото­граф түсір­ген мынау фото 1966 ж. Амстер­дам қала­сында Халы­қа­ра­лық бай­қа­уда жүл­де алды.

Ал Кеңес Одағын­да бұл фото­ны жари­я­ла­у­ға тый­ым салды.

1941–1945 жыл­дар­дағы Герман–Кеңес соғы­сын­да КСРО жағынан:

Қаза тапқан­дар – 43,3 млн

Хабар­сыз кет­кен­дер – 5 млн

Жара­ланған­дар – 46,25 млн

Бас сүй­е­гі талқан­да­лып, тірі қай­тқан­дар – 775 мың

Жалғыз көз­бен қай­тқан­дар – 155 мың

Соқыр болып қай­тқан­дар – 54 мың

Бет-ауы­зы адам көр­гісіз болып қай­тқан­дар – 501 342

Мой­ы­ны қисай­ып қай­тқан­дар – 157 565

Омыр­тқа­сы­на зақым кел­ген­дер – 143 241

Жыныс мүше­сі жұлы­нып қай­тқан­дар – 28 648

Бір қолын беріп қай­тқан­дар – 3 млн 147 мың

Екі қолын беріп қай­тқан­дар – 1 млн 10 мың

Бір аяғын беріп қай­тқан­дар – 3 млн 255 мың

Екі аяғын беріп қай­тқан­дар –1 млн 121 мың

Аяқ-қол­да­ры іші­на­ра жұлы­нып қай­тқан­дар – 418 905

Мүл­дем қол-аяқ­сыз қай­тқан­дар («Самауыр») – 85 942

Неміс тұтқы­ны­на түс­кен кеңес жауын­гер­лерінің санын Гер­ма­ния 5 млн 270 мың деп көр­сет­се, РФ Қару­лы Күш­тері Бас шта­бы 4 млн 559 мың деп көрсетеді.

Соның ара­сын­да 11 373 жауын­гері­мен 1942 жыл­дың жазын­да Харь­ков түбін­де талқан­далған шым­кент­тік 102-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның жауын­гер­лері де бар…

Ал сіз­дер мере­ке дейсіздер…

Соғы­стан мүге­дек болып қай­тқан сол­дат­тар­дың кей­ін­гі тағ­ды­рын оқы­саңы­здар, жаны­ңыз түршігеді.

Мәс­кеу, Ленин­град, Киев секіл­ді бас қала­лар­дың сәнін құр­тып, жұрт­тың көзіне күй­ік бол­ма­сын деп, соғыс мүге­дек­терінің талай­ын Охот теңізіне баржа­лар­мен баты­рған, одан қалған­да­рын Ладо­га көлінің орта­сын­дағы Вала­ам деген аралға апа­рып тастаған.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн