Пятница , 4 июля 2025

Бұл – нағыз жауапсыздық емес пе?!

Алматы облысының әкімі Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ назарына

Алтай мен Аты­рау, Арқа мен Ала­та­удың орта­сын­дағы ата-баба­ла­ры­мыз ғасыр­лар бойы қорғап, бүгін­гі азат ұрпаққа табыст­аған ұлан ғай­ыр Ұлы дала­да орна­ласқан Қазақ елі қазір үлкен жолай­ры­қта тұр десек, аса қате­ле­се қой­мас­пыз. Әлем­нің алты­дан бір аумағын иеле­ген алып импе­рия – КСРО-ның бода­ны­нан босап, еге­мен ел, тәу­ел­сіз мем­ле­кет атанған­мен, одан кей­ін­гі  30 жыл­да дана баба­ла­ры­мы­здың «тек­ті­ден –  тек­ті туа­ды, тек­тілік – тұқым қуа­ды» дей­тінін­дей, жемқор­дан жемқор туып, олар ел көле­мін­де тұта­стай жемқор жүйе құрып,   шара­сызды­ққа негіз­дел­ген жегі жүйе қалып­та­сты және әбден шары­қтау шегіне жет­ті. 90 жыл­дар­дың орта тұсы­нан басталған жеке­ше­лен­ді­ру науқа­ны кезін­де  талай  кол­хоз, сов­хоз­дар мен зауыт-фаб­ри­ка­лар, басқа да өндіріс орын­да­ры мен кәсі­по­рын­дар, тех­ни­ка мен құрал-сай­ман­дар  қан­та­ла­пай бол­ды. Тіп­ті халық бай­лы­ғы  сана­ла­тын алып кен орын­да­ры мен жер­дің өзін ауыл әкі­мі­нен бастап, үкі­мет бас­шы­сы­на дей­ін мен­шік­те­стіріп алды, ауыл­дар азып-тозды, ауыл шару­а­шы­лы­ғы күй­ре­у­ге сәл-ақ қал­ды. Мұны әркім­ге дәлел­деп оты­ру­дың қажеті жоқ, оны тәу­ел­сіз мем­ле­кеті­міздің тарихын­дағы  ең қай­ғы­лы оқиға – Қаңтар қасіреті анық көрсетті.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2022 жыл, 16 науры­здағы «Жаңа Қаза­қстан: жаңа­ру мен жаңғы­ру жолы» атты Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да:  «Соңғы жыл­да­ры біз Қаза­қстан­ды түбе­гей­лі жаңғыр­туға, транс­фор­ма­ци­я­ла­у­ға көштік. Түр­лі сала­да ауқым­ды өзгерістер бастал­ды. Бұл кей­бір ықпал­ды адам­дарға ұна­ма­ды. Олар жыл­дар бой­ғы заң­сыз әре­кет­терін одан әрі жалға­сты­ра беруді көз­деді. Неғұр­лым жоға­ры билік­ке ие болу­ды көк­седі. Сол үшін кәні­гі қыл­мыс­кер­лер, қару­лы бан­ды­лар мен опа­сыз шене­унік­тер бірі­гіп, астыр­тын топ құр­ды» – деді. 

Осы Жол­да­уын­да бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның бәсе­ке­ге қабілетін арт­ты­ру және аза­мат­тық қоғам инсти­тут­та­ры­ның рөлін нығай­ту жөнін­де аса маңы­зды мін­дет­тер­ді айқын­дап бер­ген Мем­ле­кет бас­шы­сы: «Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры бәсе­ке­ге қабілет­ті және еркін болуы керек. Бұл қағи­дат қазір кез-кел­ген өрке­ни­ет­ті ел үшін айры­қ­ша маңы­зды. Отан­дық ақпа­рат құрал­да­ры­ның Қаза­қстан­да, өңір­де және әлем­де болып жатқан үдерістер тура­лы өз көзқа­ра­сы болуға тиіс. Елі­міздің ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гі, тіп­ті идео­ло­ги­я­лық дер­бес­ті­гі осы­ған тіке­лей бай­ла­ны­сты. Мем­ле­кет ашық ақпа­рат­тық кеңістік пен сұра­ны­сқа ие әрі пәр­мен­ді ақпа­рат құрал­да­рын құруға айры­қ­ша назар ауда­ра­ды. Бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры билік пен халы­қтың ара­сын­дағы тиім­ді бай­ла­ныс арна­сы бола оты­рып, елде­гі қор­да­ланған мәсе­ле­лер­ді көте­ре ала­ды және көте­ру­ге мін­дет­ті. Бірақ, мұны жоға­ры аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­пен жасау керек» – деп, отан­дық БАҚ, олар­дағы идео­ло­ги­я­лық май­дан­ның алғы шебін­де жүр­ген жур­на­ли­стер арми­я­сы­ның он мың­даған сар­ба­зы елі­міздің жаңа­руы мен жаңғы­руы жолын­да қалай қыз­мет етуі қажет­ті­гін тәп­ті­ш­теп түсіндірді.

Алай­да жер­гілік­ті жер­лер­де бұл жау­ап­ты тап­сыр­ма,   мем­ле­кет мүд­десі тұрғы­сы­нан аса маңы­зды мін­дет өз дең­гей­ін­де орын­да­лып жатқан жоқ. Мыса­лы, бір облыс екі­ге бөлініп, 95 жыл­дық  тарихы бар Алма­ты облы­сы қай­та шаңы­рақ көтер­ген соң әкім­дік құры­л­тай­шы болып «Ала­тау арайы» газеті ашыл­ды. Мен осы газет­тің Талғар ауда­нын­дағы мен­шік­ті тіл­шісі­мін. Ал асқар Ала­та­уды жаға­лай орна­ласқан бұл аудан халқы­ның саны, эко­но­ми­ка­лық әле­уеті, тури­стік тар­тым­ды­лы­ғы, спорт­тық кешен­дер­дің, дема­лыс орын­да­ры­ның көп­ті­гі тұрғы­сы­нан аймақтағы іргелі өңір­лер­дің бірі. Қазір­гі кез­де аудан­да 21 ірі және орта, 75 шағын өнер­кәсіп кәсі­по­рын­да­ры бар, олар­да   8 мың­нан астам адам жұмыс істей­ді. Бұл кәсі­по­рын­дар тамақ, құры­лыс, металл өнім­дері, жұмыс және тоқы­ма киім­дері, пласт­масс өнім­дер, кітап­тар, жур­нал­дар шыға­ра­ды, жал­пы өнім көле­мі 90 млрд. тең­ге­ге жуы­қтап қал­ды. Сон­дай-ақ  үлкен­ді-кішілі 36 тури­стік нысан бар. 

Құдай­дың құт­ты күні  ауыл шару­а­шы­лы­ғы, өнер­кәсіп, мәде­ни­ет, өнер, спорт­ты айт­паған­ның өзін­де ауданн­ның қоғам­дық өмірін­де түр­лі жаңа­лы­қтар мен оқиға­лар болып жата­ды. Аудан­дық, өңір­лік, облы­стық, рес­пуб­ли­ка­лық мерзім­ді басы­лым­дар мен элек­трон­ды ақпа­рат құрал­да­ры­ның өкіл­дері сол оқиға­лар­дан хабар дай­ын­дап, жер­гілік­ті жер­де­гі өзек­ті мәсе­лер­ді көте­ру арқы­лы өздерінің қыз­мет­тік мін­дет­терін атқа­ра оты­рып, олар­дың ұнам­ды шешілуіне, Мем­ле­кет бас­шы­сы, Үкі­мет, облыс әкі­мі жүк­те­ген мін­дет­тер­дің уақты­лы және нәти­желі атқа­ры­луы­на  өздерінің аза­мат­тық үле­стерін қосқы­сы келеді.

Үлкен өкініш­ке қарай, көп жағ­дай­да осы ізгі ниет­тің орын­да­луы өте қиын. Себебі аудан әкім­ді­гін­де­гі ішкі сая­сат және әле­умет­тік мәсе­ле­лер бой­ын­ша жау­ап­ты бас­шы­лар мен маман­дар­дың, тіп­ті басқа да мем­ле­кет­тік меке­ме­лер жетек­шілерінің БАҚ өкіл­дері, әсіре­се газет тіл­шілері­мен қарым-қаты­на­сы өте төмен. Олар көбі­не­се біз сұраған мәлі­мет­тер­ді айтуға, қой­ған сұрақта­ры­мы­зға жау­ап беру­ге селқос қарап, жур­на­ли­стер­мен жүре сөй­ле­седі. Аудан әкі­мінің бас­пасөз хат­шы­сы жиі ауы­са­ды, олар тіл­шілер­ге бас­пасөз бая­нын дай­ын­дап  бер­мек түгіл қашан, қай жер­де қан­дай іс-шара өтетінін де хабар­ла­май­ды.  Жедел сұх­бат­ты былай қой­ған­да, мем­ле­кет­тік меке­ме бас­шы­ла­ры­нан азын-аулақ мәлі­мет алу­дың өзі қиын. Ал жеке мен­шік меке­ме­лер мен кәсі­по­рын  бас­шы­ла­ры осы құқы­қтық дәре­же­сін алға тар­тып, кәсі­по­рын аумағы­на кір­гіз­бей­ді де. Қала­са сіз­бен сөй­лесіп, қала­ма­са: «Бұл – жекенің иелі­гін­де­гі меке­ме, біз сұх­бат, мәлі­мет беру­ге мін­дет­ті емес­піз» деп тұр­пайы түр­де шыға­рып салады.

Біз, әріп­тесім – «Огни Ала­тау» газетінің тіл­шісі Фати­ма Ержа­но­ва еке­уміз бір­не­ше кәсі­по­рын­да осын­дай жағ­дай­ға тап бол­дық. Кезін­де бүкіл Кеңе­стер Одағы­на аты шыққан, бүгін­де жекенің қолын­дағы «Алма­ты» асыл тұқым­ды мал зауы­ты» ауы­л­ша­ру­а­шы­лық өндірістік коопе­ра­тивіне көк­тем­гі дала жұмыста­ры жөнін­де мақа­ла жаза­мыз деп үш рет барып, бір­де-бір мәлі­мет ала алмай, ақыр соңын­да атқа­ру­шы дирек­то­ры­мен  сөз алы­сып қал­дық. Бұл ғой – ұнам­ды репор­таж дай­ын­дай­мыз деп барған­дағы аху­ал, егер мәсе­ле көте­ре­міз, сын мақа­ла дай­ын­дай­мыз деп бар­сақ қан­дай жағ­дай­ға түсер едік?!

Ал аудан­да сын мақа­лаға сұра­нып тұрған мәсе­ле­лер жетер­лік. Мұн­дағы жемқор­лық, мем­ле­кет­тік тәр­тіп­тің төмен­ді­гі, қазы­на қар­жы­сын талан-тараж ету, жеке тұрғын үй салу үшін жер телі­мін беру, сапа­сыз және түй­енің етін жеген құры­лыс нысан­да­ры, жол құры­лы­сы, ондағы көз­бо­я­у­шы­лық, мек­теп асха­на­сын­да бала­лар­дың астан ула­нуы, жұмыс­сыздық – тағы­сын-тағы түйт­кіл­дер жетіп арты­ла­ды. Соңғы он-онбес жыл­дың көле­мін­де аудан­ның бір­не­ше әкі­мі мен олар­дың төрт-бес орын­ба­са­ры,  жер бөлі­мінің бас­шы­ла­ры, ауыл әкім­дері жемқор­лық және басқа заңбұ­зу­шы­лы­қта­ры үшін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке  тар­ты­лға­ны­ның өзі неге тұра­ды? Қазір де түй­іні тарқа­тыл­маған түйт­кіл­дер өте көп. Мыса­лы, Бесағаш ауы­лын­да жыл­да бір­не­ше рет топы­рақ көш­кіні орын ала­ды. Оның басты себебі – кезін­де тау бөк­тер­лерін­де жер телім­дері жеке үй салу үшін заң­сыз беріл­ген. Облыс әкі­мі құзыр­лы ұйым­дарға бұл жағ­дай­ды тек­се­ру­ге тап­сыр­ма бер­гені­мен оның қалай жүріп жатқа­ны бел­гісіз. Халық осы­лар­дың бәрі шешіл­генін, айып­ты­лар тиісті жаза­ға тар­ты­лға­нын қалай­ды.  Жур­на­ли­стер­ден осы мәсе­ле­лер жөнін­де жазу­ды талап ете­ді. Ұнам­ды мақа­ла жаза­мыз деп барған­дағы есті­гені­міз анау, егер бұл тақы­рып­тар­ды қау­зай­тын бол­сақ кім біз­ге мәлі­мет беріп, ақиқат­тың ашы­луы­на ықпал етеді?!

 Жарай­ды, шару­а­шы­лық – жеке мен­шік ныса­ны делік, бірақ ол Қаза­қстан дей­тін мем­ле­кет­тің ішін­де­гі меке­ме емес пе? Сон­да бұл меке­ме­де сол мем­ле­кет­тің заң­да­ры бас­шы­лы­ққа алын­бай ма?! Бір қызы­ғы, бас­шы­лар да да, қос­шы­лар да жоға­ры­дан депу­тат, министр, облыс әкі­мі, бло­гер­лер не тек­се­ру кел­се бүл­кіл­деп алда­ры­на түсіп, құр­дай жорға­лап кете­ді. Тіп­ті, ретін тауып, сол шен­ділер­дің сөй­ле­ген сөзін жазып алуға ұмты­лған жур­на­ли­стер­ді өздерін­ше тәр­тіп­ке шақы­рып, жағым­паз­да­нып қалу­ды да ұмыт­пай­ды! Ал идео­ло­ги­я­лық жұмыс, газет-жур­нал­дар­ды наси­хат­тау, оларға  жазы­лу­ды ұйым­да­сты­руға кел­ген­де «ешкім­ді мәжүр­леп жаз­ды­ра алмай­мыз» деген­ді желеу етіп, мар­дым­ды жұмыс атқа­ра алмай­ды. Сон­да сай­лау, сен­білік өткізу­ге, жоға­ры шен­ділер­ді күтіп алуға, қажет­ті-қажет­сіз жина­лы­старға қаты­суға мәж­бүр­ле­у­ге бола­ды да, адам­дар руха­ни азық ала­тын, Мем­ле­кет­тің сая­са­тын, Пре­зи­дент­тің пәр­мен­дерін, Үкі­мет пен облыс әкім­дерінің тап­сыр­ма­ла­ры мен Ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­лар­ды наси­хат­тай­тын, олар­дың орын­да­луын қадаға­лай­тын, өне­гелі ұрпақ тәр­би­е­ле­у­ге қыз­мет ететін бас­пасөз­ге жазы­луға мәж­бүр­ле­у­ге бол­май ма?! Мәж­бүр­ле­мей-ақ қой­сын, бірақ оның ұлт­ты бірік­тіретін, эко­но­ми­ка­ны, мем­ле­кет­ті нығай­та­тын қуат­ты идео­ло­ги­я­лық құрал екенін айтып, сана­лы түр­де жазы­ла­тын­дай жұмыс жүр­гізу­ге бола­ды ғой! 

Өз басым, өткен жылы жел­тоқ­сан айы­ның басын­да Талғар ауда­нын­дағы Тереңқа­ра ауы­лын­да орна­ласқан «Сегіз көл» дема­лыс орта­лы­ғын­да ауыл еңбек­кер­лерінің  кәсі­би мере­кесі – Ауыл  шару­а­шы­лы­ғы қыз­мет­кер­лері күнін­де – облы­стың аграр­лық сала­дағы еңбек мау­сы­мы қоры­тын­ды­ла­нып, үздік­тер мара­пат­талған жиын­да бүкіл облыс бас­шы­лы­ғы алдын­да ауыл, аудан бас­шы­ла­ры­нан жаңа­дан ашы­лған газет­ке жазы­лу­да қол­дау көр­се­ту­лерін өтін­дім. Одан бөлек, аудан әкі­мінің идео­ло­ги­я­лық жұмыстарға жау­ап­ты орын­ба­са­ры Айбек Бида­ев­тың қабыл­да­уын­да, ол өткіз­ген  аудан­дағы бар­лық мек­теп­тер мен кол­ле­дж­дер­дің, бала­бақ­ша­лар­дың дирек­тор­ла­ры қаты­сқан үлкен жиын­да да осы мәсе­лені көтеріп, ықпал ету­лерін сұра­дым. Соған қара­ма­стан ширек мил­ли­он­нан астам халқы бар бүкіл Талғар ауда­ны бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық «Еге­мен Қаза­қстан», облы­стық «Ала­тау арайы», «Огни Ала­тау» газет­теріне жазы­лған оқыр­ман­дар­дың саны халқы одан екі-үш есе аз Кеген, Нары­нқол, Пан­фи­лов аудан­да­ры­нан 10–15 есе кем, бар-жоғы 70–80 дана­дан аспай­ды. Сон­да отан­дық мерзім­ді басы­лым­дар үгіт-наси­хат және ұйым­да­сты­ру құра­лы ретін­де­гі өз қыз­меті мен Мем­ле­кет бас­шы­сы жүк­те­ген мін­дет­тер­ді қалай атқа­ра­ды?!   Бұл – аудан бас­шы­ла­ры, ішкі сая­сат, әле­умет­тік мәсе­ле­лер, бұқа­ра­лық іс-шара­лар жөнін­де­гі жау­ап­ты қыз­мет­кер­лер Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті жүр­гізіп жатқан рефор­ма­ларға,  соның ішін­де идео­ло­ги­я­лық дер­бес­тік мәсе­ле­леріне селқос қарап оты­рған жау­ап­сыздық, тіп­ті астыр­тын қар­сы­лық емес пе?!

Осы ойла­ры­мы­зды айтып, бір топ жур­на­лист – «Еге­мен Қаза­қстан» рес­пуб­ли­ка­лық газетінің мен­шік­ті тіл­шісі Ұлбо­сын Иса­бек, «Заман­дас» өңір­лік газетінің бас редак­то­ры Гүл­ба­рам Қуа­ны­шә­ли­е­ва, «Ала­тау жұл­ды­зы» аудан­дық газетінің бас редак­то­ры Сәу­ле Құр­ман­та­е­ва, «Огни Ала­тау» облы­стық газетінің мен­шік­ті тіл­шісі Фати­ма Ержа­но­ва және мен қаңтар айын­да Талғар ауда­ны­ның әкі­мі Таңат Айдар­бе­ко­втің аты­на  оның орын­ба­сар­ла­ры, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­дің бас­шы­ла­ры біздің өтіні­ш­тері­міз­ге жүре қарап, мар­дым­ды жау­ап бер­мей­тін жағ­дай­лар  кез­де­сетінін, осы­ған орай,   арнайы қабыл­дап, айтар ұсы­ныс-тілек­тері­міз бен өтіні­ш­тері­мізді тың­да­уын өтініп хат та жаз­дық. Ол Элек­трон­ды үкі­мет­тің eGov.kz пор­та­лын­да тір­кел­ді деген ресми хабар­ла­ма да алдық. Екі айдан соң бір жиын­да әкім­мен кез­десіп қалып, бұл жай­ын­да ауыз­ша да айт­тық. Бірақ әлі күн­ге ешқан­дай жау­ап жоқ! Біз 40 жыл­дық тәжіри­бесі бар арда­гер жур­на­л­ис­піз. Қыз­мет­ке жаңа кіріс­кен жас әріп­те­стері­міз қайт­пек сон­да? Бұл – нағыз жау­ап­сыздық емес пе?!

Тереңірек ойлап қара­сақ, бұл бір аудан­ның неме­се бір облы­стың мәсе­лесі емес. Сон­ды­қтан мұны Ота­ны­мы­здың бас газетіне елде­гі мерзім­ді басы­лым­дар­да қыз­мет ететін бүкіл жур­на­ли­стер қауы­мы­на ортақ  түйт­кіл деп санап, осы хат­ты жол­даға­ным дұрыс деп шештім. Оған осы бас газет­те жари­я­ланған әріп­тесім, бел­гілі жур­на­лист Талғат Батыр­хан­ның «Нөмір­дің нүк­тесі» айда­ры­мен жарияланған:

«Бүгін­де бедел­ді меке­ме біт­кен­нің бәрін­де бас­пасөз қыз­меті бар. Бірақ сон­дағы әріп­те­стері­міз негіз­гі мін­дет­терін біл­мей­тін бол­са керек. Қабыл­дау бөл­месін алын­бас қамалға айнал­ды­рған жыл­маң­даған көмек­ші жігіт­тер мен қыл­мы­ң­даған хат­шы қыздарға қосы­лып алып басты­қта­рын қоғам­мен бай­ла­ны­стыр­мау үшін барын салып баға­ды. Әсіре­се жоға­ры лау­а­зым иелері­мен тіке­лей тіл­де­су мүм­кін емес. Бас­пасөз хат­шы­сы бар, басқа­сы бар, өйтіп-бүй­тіп әзір­ле­ген «сырт­тай» сұх­бат­тың асты­на қол қой­ға­ны­ң­ды қанағат тұта­сың. Жур­на­ли­стер­ді жолат­па­удың аста­рын­да қан­дай сыр жатыр? Әлде әкім-қара­лар өздерінің дең­гей­лерін көр­сетіп алу­дан сес­кене ме екен?» – деген жаз­ба­сы шешу­ші ықпал етті.

Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кері Ғабит Мүсіре­пов кезін­де: «Қай жер­де бол­ма­сын, халы­қтың мұң-мұқта­жы­на құлақ аспаған адам ол аза­мат емес. Ол – халы­қтың бірін­ші жауы!» – деген екен.

Ал Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев: «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет тұжы­рым­да­ма­сы аза­мат­тар­дың талап-тілек­теріне, өтіні­ш­теріне жедел және тиім­ді жау­ап беруі тиіс. Жаңа Қаза­қстан құру үшін әрбір аза­мат­тың пікірін еске­ру керек. Тұрғын­дар тара­пы­нан көтеріл­ген бір­де-бір мәсе­ле наза­рдан тыс қал­май­ды» – деді.

Мем­ле­кет бас­шы­сы сон­дай-ақ бүкіл түр­кі жұрт­шы­лы­ғы­ның руха­ни аста­на­сы сана­ла­тын Түр­кістан­да өткен Ұлт­тық құры­л­тай­дың ІІІ оты­ры­сын­да: «Шын мәнін­де озық ойлы ұлт болу­дың ең төте жолы – кітап оқу. Сон­ды­қтан кітап оқу мәде­ни­етін қоғам­да барын­ша орны­қты­руы­мыз керек» – деген мін­дет қойды.

Осы­ған орай «Ала­тау арайы» басы­лы­мын­да «Газет оқу – мәде­ни­ет­тің төресі» атты мақа­ла жари­я­лан­ды. Рай­ым­бек ауда­нын­дағы Текес ауы­лы­ның тұрғын­да­ры Пре­зи­дент­тің «Оқи­тын ұлт» баста­ма­сын тәу­ел­сіз елі­міздің білім көк­жи­егін кеңей­тіп, руха­ни құрал­дар­мен мей­лін­ше қам­тып, әсіре­се, жастар ара­сын­да газет-жур­нал, кітап оқу­дың құн­ды­лы­ғын арт­ты­ру деп түсі­нетін­дік­терін айтып, «Ала­тау арайы», «Огни Ала­тау» газет­теріне ауыл болып жазы­лу арқы­лы «Оқи­тын отба­сы» чел­лен­джін бастап,  Алма­ты облы­сы­ның тұрғын­да­ры­на қара­та Үндеу қабыл­да­ды.  Сөй­тіп, атал­мыш газет­тер­ге ұйым­шыл­ды­қ­пен жазы­лу, сол арқы­лы газет оқу мәде­ни­етін қалып­та­сты­руға шақырды.

Оны іле-шала Жам­был ауда­нын­дағы Таң­ба­лы­тас ауы­лы­ның тұрғын­да­ры қол­да­ды. Енді облы­стағы  ақпа­рат құрал­да­ры­ның басын бірік­тіріп оты­рған «Өлке тыны­сы» ЖШС-нің жаңа бас­шы­лы­ғы мен бас редак­тор­лар басқа ауыл­дар мен аудан­дар­да да осын­дай қызы­қты кез­де­су­лер мен пікір алма­су­лар ұйым­да­сты­рып, халы­қ­пен тіке­лей қарым-қаты­нас орна­тып, ұсы­ныс-тілек­терін, толған­ды­ра­тын мәсе­ле­лер­ді тіке­лей талқы­лау ұйым­да­стыр­мақ­шы. Тек, жоға­ры­да айты­лған­дай, әкім-қара­лар дең­гей­лерін, бет-бей­несін көр­сетіп алу­дан сес­кеніп, қашқа­лақта­ма­са болғаны.

Жоға­ры­да айтқа­ным­дай, бұл мәсе­ле бір аудан, бір облыс емес, бүкіл елі­міз­ге ортақ екені дау­сыз. Демек оған Пре­зи­дент әкім­шілі­гі, Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі де де бей-жай қара­маға­ны жөн. Ал нақты мысал­дар бір аймақтан кел­тіріл­ген­дік­тен,  Алма­ты облы­сы­ның әкі­мі Марат Сұл­танға­зи­ев мыр­за оларға назар ауда­рып, тия­нақты жау­ап береді деп үміттенемін.

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ,

Мәде­ни­ет қайраткері,

Арда­гер журналист

Республиканский еженедельник онлайн