Вторник , 1 июля 2025

БҰҰ СЕМЕЙ ХАЛҚЫН сауықтыруға ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

  • Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы (БҰҰ) Бас ассам­бле­я­сы Семей өңірінің халқын сауы­қты­ру жөнін­де­гі қарар­ды қабыл­да­ды, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ Қаза­қстан сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қыз­метіне сіл­те­ме жасап.

«Бірік­кен Ұлт­тар Ұйы­мы­ның Бас Ассам­бле­я­сы Семей өңірінің халқын сауы­қты­ру, қор­шаған орта­сын қал­пы­на кел­ті­ру және эко­но­ми­ка­лық дамы­ту мақ­са­тын­дағы Халы­қа­ра­лық ынты­мақ­та­стық пен қыз­мет­ті үйле­сті­ру тура­лы Қаза­қстан баста­ма­шы­лық еткен қарар­ды біра­уы­здан қабыл­да­ды. Құжат­та Халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­ққа Қаза­қстанға зардап шек­кен халы­қты емдеу жөнін­де­гі арнайы бағ­дар­ла­ма­лар­ды әзір­ле­у­ге және жүзе­ге асы­руға, Семей өңірін­де­гі эко­но­ми­ка­лық өсу мен орны­қты даму­ды қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі күш-жігер­ге көмек көр­се­ту­ге шақы­ру жазы­лған. Атал­мыш құжат­та Қаза­қстан үкі­метінің Семей өңірінің қажет­тілік­терін қанағат­тан­ды­руға жәр­дем­де­су үшін ресур­стар бөлу­де­гі маңы­зды рөлі таны­ла­ды», – делін­ген сей­сен­бі­де­гі хабарда.

СІМ атап өткен­дей, Халы­қа­ра­лық қауым­да­стық өкіл­дерінің рекорд­тық саны Қаза­қстан халқы­мен ынты­мақ біл­дір­ді – БҰҰ-ға мүше 118 мем­ле­кет қарар жоба­сы­ның тең автор­ла­ры бол­ды. Бірақ бұл қарарға Ресей Феде­ра­ци­я­сы қол қой­ма­ды. Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, Ресей Семей өңірінің ядро­лық сынақ зардап­та­рын ғана емес, соны­мен бір­ге бүкіл «СССР» деген импе­рия Қаза­қстанға ауыр күй­зеліс әкел­генін мой­ын­да­май отыр. Семей жерін­де 1949 жыл­дан 1989 жылға дей­ін 458 атмо­сфе­ра­лық және жера­с­ты жары­лы­ста­ры сынақтан өткізіл­ген «қызыл импе­ри­я­ның» мұра­гері осы­лай­ша адам­зат алдын­дағы қыл­мысын жоққа шыға­руға тырысуда.

«ДАТ-ақпа­рат»

Республиканский еженедельник онлайн