Четверг , 3 июля 2025

«БӘРІНЕ ҚАРСЫМЫН» деп дауыс бергеннен түк шықпайды

  • Қаза­қстан­да 20 қара­ша­да өтетін кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау бюл­ле­тенін­де «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа бола­ды. Аста­на мұны сай­ла­у­шы­ға «таң­дау еркін­ді­гін» беру десе, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар бұл гра­фа сай­лау нәти­же­сіне еш әсер етпей­тінін айта­ды. Осы гра­фа­ны қол­да­на­тын Қырғыз­стан­да сай­ла­у­шы­лар­дың жар­ты­сы «бәріне қар­сы» дауыс бер­се, сай­лау қай­та өтеді.

Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы (ОСК) 20 қара­шаға жос­пар­ланған кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­лау бюл­ле­тенін­де «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа бола­ты­нын мәлім­деді. «Заң­да көр­сетіл­ген «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы бұл жолы да жазы­ла­ды. Егер сай­ла­у­шы ешбір кан­ди­дат­ты таң­да­ма­са, «бәріне қар­сы­мын» деп дауыс бере ала­ды», – деді ОСК төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Кон­стан­тин Петров.

Осы­дан кей­ін Қаза­қстан билі­гі «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын «сай­ла­у­шы­лар­дың құқы­ғын жүзе­ге асы­ра­тын демо­кра­ти­я­лық қадам» ретін­де наси­хат­та­уға кірісті. Ресми БАҚ «бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы арқы­лы көзқа­рас алу­ан­ды­ғы дами­ды», «Қаза­қстан билі­гі жүр­гізіп жатқан сая­си рефор­ма­лар­дың еле­улі көрінісі» деп жазды.

Сай­лау бюл­ле­теніне «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын енгі­зуді ел пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев 2021 жылы қаңтар­дағы пар­ла­мент мәжілісі сай­ла­у­ы­нан кей­ін ұсы­нған еді. Ол «бала­ма­лы пікір және бәріне қар­сы дауыс беру ұғы­мы біз үшін де қалып­ты нәр­се болуға тиіс. Сон­ды­қтан бар­лық дең­гей­де­гі сай­лау бюл­ле­тень­деріне «Бәріне қар­сы­мын» деген жазу енгіз­ген жөн» деген.

Қаза­қстан­да «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы қазір­ге дей­ін ауыл әкі­мін сай­лау кезін­де қол­да­ныл­ды. Яғни, бүгін­ге дей­ін бел­гілі бір сынақтан өтті деу­ге бола­ды. Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин «ауыл әкі­мін сай­ла­уда «Бәріне қар­сы­мын» нор­ма­сы алғаш рет жұмыс істеп, сай­ла­у­шы­лар­дың ой-пікірін заң­ды түр­де біл­діруіне ықпал етті» деп жазды.

Кейін­гі бір­не­ше жыл­да түр­лі дең­гей­де өткен сай­ла­у­ларға тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы болып жүр­ген Ғалым­жан Ора­зым­бет пен Арай­лым Назар «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы енгізіл­ген­нен кей­ін­гі ауыл әкі­мін сай­ла­уды да бақы­лап көр­ген. Олар «Бәріне қар­сы­мын» нор­ма­сы керек, бірақ билік оны қоғам­дық көңіл-күй­ді зерт­теу және одан қоры­тын­ды шыға­ру үшін пай­да­ла­нып оты­рған жоқ», ал бұл гра­фа­ның «сай­лау нәти­же­сіне ешқан­дай әсері жоқ» деп санайды.

Алма­ты­дағы «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар» ұйы­мы­ның жетек­шісі Арай­лым Наза­рдың сөзін­ше, дауыс санаған­да, «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы кан­ди­дат­тарға пай­ыз мөл­шерін бөл­ген­де, сай­ла­уды өтті я өтпе­ді деп есеп­теу үшін де ешқан­дай рөл атқармайды.

– «Бәріне қар­сы­мын» деп бел­гі­лен­ген бюл­ле­тень­дер тек бір топқа жина­ла­ды да, саны есеп­те­леді. Сай­лау қоры­тындыс­ы­на әсер етпей­тін бүлін­ген бюл­ле­тень­дер­мен тең бола­ды. Мыса­лы, 100 сай­ла­у­шы­ның 49‑ы әртүр­лі үміт­кер­ге, 51‑і «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын бел­гіледі делік. Сай­лау қоры­тындысы қалай бола­ды? «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы бел­гі­лен­ген бюл­ле­тень 51 сай­ла­у­шы­ның дауы­сы сай­лау кезін­де бүлініп, жарам­сыз болып қалған бюл­ле­тень­дер­мен бір­ге шет­ке шығып қала­ды да, қалған сай­ла­у­шы­лар­дан кім көп дауыс алса, сол сай­ла­на­ды. Біздің елде сай­ла­у­ға қан­ша адам дауыс бер­се де, олар­дың қан­ша­сы «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын бел­гіле­се де, сай­лау өтті деп есеп­те­леді. Олай бол­са, сай­ла­у­шы­лар «бой­кот» жари­я­лап жата бер­се де бол­май ма? – дей­ді ол.

Елде­гі сай­лау мен рефе­рен­дум­ды бақы­лап жүр­ген «Еркін­дік қана­ты» қоғам­дық қоры­ның коор­ди­на­то­ры болған тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы Ғалым­жан Ора­зым­бет «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы «көз алдау, сай­лау рефор­ма­сы­ның ими­та­ци­я­сы болып шықты» деп есептейді.

Қиып ал, қолы көрініп тұрсын.

– Билік ашы­қты­қты, әділ­дік­ті, бақы­ла­у­шы­лар­дың еркін бақы­ла­у­ы­на жағ­дай жасау орны­на ештеңе шешпей­тін осын­дай бір жаңа­лық енгізіп, наза­рды басқаға бұруға тыры­са­ды. «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа­ны әле­умет­тік сау­ал­на­ма не зерт­теу сияқты пай­да­ла­нуға, сол арқы­лы қоғам­ның көңіл-күй­ін білу­ге бола­ды. Өкініш­ке қарай, біз­де сөз бен іс бөлек. Сай­лау әділ өтпей­ді. Бюл­ле­тень­ді топ­тап салу жиі кез­де­седі. Сон­ды­қтан бюл­ле­тень­ді топ­тап салған не соған жол бер­ген сай­лау комис­си­я­сы бюл­ле­тень­нің қан­ша­сы топ­тап салы­нға­нын, қан­ша­сы шынайы беріл­ген дауыс екенін ажы­ра­тып отыр­май­ды. Орта­лы­ққа тек қоры­тын­ды хат­та­ма жібе­реді. Сон­ды­қтан «Бәріне қар­сы­мын» нор­ма­сы арқы­лы қазір­гі жағ­дай­да қоғам­ның көңіл-күй­ін білу мүм­кін емес, – дей­ді ол.

Арай­лым Назар Қаза­қстан билі­гі «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын енгіз­гені­мен, оған заң­дық күш бер­ме­генін айтады.

– «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы не үшін керек? Тек қоғам­ның көңіл-күй­ін білу үшін бе? Менің­ше, сай­ла­у­шы­лар­дың 50 пай­ы­здан көбі «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа­ны бел­гіле­ген жағ­дай­да сай­лау қай­та өткізіл­се ғана маңы­зы күшей­еді. Ондай жағ­дай­да халы­қтың сай­ла­у­ға ынта­сы оянып, «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын таң­дап, сай­ла­уды қай­та өткізу­ге қол жет­кі­зер еді, – дей­ді тәу­ел­сіз бақылаушы.

«Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы Қаза­қстан­ның 1995 жылы қыр­күй­ек­те қабыл­данған «Сай­лау тура­лы заңын­да» болған. 2004 жылы бұл гра­фа­ны алып тастаған. 26 қыр­күй­ек­те «Азаттық» тіл­шісінің сұрағы­на жау­ап бер­ген Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­сі Шав­кат Өте­мі­сов «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы бұрын да осы­лай болға­нын, ол кез­де де «бәріне қар­сы­лар 50 пай­ы­здан асқан жағ­дай­да сай­лау қай­та өте­ді» деген нор­ма бол­маға­нын айтты.

Бұрын (2000 жыл­да­ры) сенат депу­та­ты болған сая­сат­кер Уәли­хан Қай­сар­дың сөзін­ше, «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы алып тастаған, ол мәсе­ле пар­ла­мент­те талқы­лан­баған. «Өйт­кені сай­лау гра­фа­ла­ры­на бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лер­ді өзгер­ту Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның құзы­ры­на кіретін еді», – дей­ді ол.

Биыл өзі де алдағы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на кан­ди­да­ту­ра­сын ұсы­на­ты­нын жари­я­лаған Уәли­хан Қай­сар «Бәріне қар­сы­мын» нор­ма­сы­ның қай­та енгізіл­гені дұрыс бол­ды деп санайды.

«Бұл – сай­ла­у­шы­ның таң­дау еркін­ді­гіне жол аша­тын нор­ма. Бірақ мәсе­ле – ол нор­ма­ның қалай жұмыс істей­тінін­де. Шын мәнін­де, сай­лау әділ өтіп, бюл­ле­тень әділ санал­ма­са, «Бәріне қар­сы» болған­нан келіп-кетер ештеңе жоқ. Қаза­қстан­да бұған дей­ін­гі сай­ла­у­лар­дың әділ өткені жоқ, – дей­ді ол.

Жур­на­ли­стер сай­лау заң­на­ма­сы­на өзгеріс енгі­зу тура­лы заң жоба­сы­на жау­ап­ты әділет мини­стрі Қанат Мусин­нен «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы­ның мәнін түсін­діріп беруді сұраға­ны­мен, ол сұраққа мар­дым­ды жау­ап бере алмады.

Сурет­ті осы күй­ін­де бер.

– «Дауыс беру тура­лы заңға» сәй­кес, «Бәріне қар­сы­мын» деген­дер сай­ла­у­шы­лар бел­сен­ділі­гін аны­қтаған кез­де ескеріледі, бірақ сай­лау нәти­же­сін қоры­тын­ды­лаған кез­де есеп­тел­мей­ді, себебі бір­де-бір кан­ди­датқа дауыс беріл­мей­ді, – деді министр.

Жур­на­ли­стер мини­стр­ге «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы нелік­тен дауыс санын есеп­те­ген кез­де ескеріл­мей­ді? Ескеріл­ме­се, ондай гра­фа­дан не пай­да?» деген сұрақтар қой­ды. Министр жау­а­бын қай­та­лаға­ны­мен, бұл гра­фа­ның мәнін түсін­ді­ре алмады.

«Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы Қаза­қстан­мен көр­ші Қырғыз­стан­да қол­да­ны­ла­ды. Бұл елде «Бәріне қар­сы» дауыс бер­ген­дер 50 пай­ы­здан асса, сай­лау қай­та өте­ді. «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы Ресей­де 1993 жылы енгізіліп, 2000 жыл­да­ры «Иван Ива­но­вич про­тив всех» деген таны­мал гра­фаға айналған. Бұл гра­фа­ны Ресей оппо­зи­ци­я­сы бел­сен­ді пайдаланған.

2006 жылы Ресей мем­ле­кет­тік дума­сы «сай­ла­уды қай­та өткі­зу шығы­нға ұшы­ра­та­ды» деген желе­умен «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын алып тастаған. Ал 2015 жылы «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сын қай­та енгізіп, оны жер­гілік­ті муни­ци­па­ли­тет сай­ла­у­ы­на ғана қосқан.

Асыл­хан МАМАШҰЛЫ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн