Пятница , 2 мая 2025

Венеция — Түркістан

Түр­кістан­дағы су аға­тын Вене­ци­яға 200 мил­ли­он дол­лар кет­ті деп жатыр. Ол тек бір ғана нәр­сесі. Одан бөлек дре­на­жы жоқ ста­ди­о­ны бар, ана­у­сы бар мына­у­сы бар қан­ша ақша кетіп жатыр? Не үшін? Не істе­сек те Түр­кістан әлем үшін туризм орта­лы­ғы бола алма­сы анық. Үлкен ауыл зама­на­уи үлкен ауы­лға айна­ла­ды. Пәтер жал­дау Алма­ты мен Аста­на­дан қым­бат деп жатыр. Не істе­сек те ары­ға бар­май ақ өзбек­тер­дің Самарқан­ды мен Буха­ра­сын­дай турист жинай алмай­ды. Логи­ка­сын еш түсіне алма­дым. Рас өтірі­гін кім біл­сін Түр­кістан­ның бюд­жетінің 90%-ынан аста­мы рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ра­ды екен. Өзі рес­пуб­ли­ка­ны сорып оты­рған облы­стар Түр­кістанға бір­нәр­се сый­лап жатқа­ны­на күл­кім келеді. Өзің қай­ыр­шы­сың кім­ге пір бол­мақ­шың дегендей.

Түр­кістан түр­кі әле­мінің аста­на­сы бол­ды деді ма бола­ды деді ма сон­дай болып­ты. Не өзге­реді одан? 1 мил­ли­ард дол­лар кет­се де сол ақшаға шетел­ден ста­нок әкеліп тіс шұқи­тын таяқ­ша мен тру­си тік­пе­дік па өзі­міз­ге. Кезін­де мұнайы дүр­кіреп тұрғанда

үлкен үлкен үйлер соққан, қазір сола­ры тру­щобқа айналған Кара­кас сабақ бол­ма­ды ма біз­ге? Мұнай­дың баға­сы­ның түс­кені, ұлт­тық фондтан рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің мину­сын жабу­дың да бір күнін тоқтай­ты­нын түсін­бей­міз ба? Даңғыр­лаған сауда ойын сауық орта­лы­қта­рын емес қашан отан­дық өнім­ді өндіру­ге назар ауда­ра­мыз. Жоқ 15 жыл­да бір қала соғып соны далақтап мақтай берей­ік па? Қан­дай оймен халы­қтың қал­та­сы­нан сұра­у­сыз қаңы­раған ғима­рат соғу­ды тоқта­та­мыз. Сол соғып жатқан­дар да шетел­дік ком­па­ни­я­лар бол­са таң қал­май­мын. Вре­мян­ка­да неше адам көмір жағып ула­нып өліп жатқа­ны­мы­з­бен шару­а­мыз жоқ қой. (С) Сабит Рысбаев”

Аяз Би інім­нің парақ­ша­сы­нан бөлістім

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн