Четверг , 3 июля 2025

ГАЗОТЫН  ЖӘНЕЖАЗЫМ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­мьер-мини­стрі 

Олжас Бек­те­нов­ке!

Бүгін­гі күні елі­міздің 11 облы­сын­да және рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар 3 қала­да газ тара­ту жүй­есі жұмыс жасай­ды. Тұты­ну­шы­лар ара­сын­да газ­ды қауіп­сіз пай­да­ла­ну ере­же­лері түсін­діріліп, про­фи­лак­ти­ка­лық жұмыстар да жүр­гізіліп жатқа­ны­мен, жаза­тай­ым оқиға­лар артып келеді.

2019–2023 жыл­да­ры газ пай­да­ла­ну­дан зардап шек­кен­дер­дің саны 536 адам бол­са, оның 186-сы адам өлі­мі. Мыса­лы, 2019–2022 жж. жылы­ту кезеңін­де Шым­кент қала­сы бой­ын­ша келіп түс­кен жаза­тай­ым оқиға­лар­дың саны 22, зардап шек­кен 55 адам, оның ішін­де өлім жағ­дай­ы­мен 13 адам тір­кел­ді. Сон­дай-ақ 2021–2022 жж. жылы­ту кезеңін­де келіп түс­кен жаза­тай­ым оқиға­лар­дың саны 14, зардап шек­кен­дер 22 адам, оның ішін­де өлім жағ­дай­ы­мен 17 адам тіркелді.

Тұр­мыстық бал­лон­дар мен газ тұты­ну жүй­е­лерін қауіп­сіз пай­да­ла­ну талап­та­ры­ның сақта­луын бақы­ла­уды жүзе­ге асы­ру жөнін­де­гі функ­ци­я­лар 2014 жылы жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың қара­мағы­на беріл­ді. Бұл мүл­дем жет­кіліксіз. Бақы­ла­у­шы­лар­дың саны да, бақы­лай­тын, тек­се­ретін база­сы, керекті құрал­да­ры да жоқ, мін­дет­тері мен жау­ап­кер­шілік­тері де белгіленбеген. 

Бұры­нғы газ инспек­ци­я­сы құрыл­ма­са, бұл қауіп пен қатер азай­май­ды. Керекті қар­жы­ға кел­сек, қираған ғима­рат­тар­дың құны бұл шығын­нан әлдеқай­да көп. Адам қауіп­сізді­гі­нен қар­жы үнем­де­удің керек емес екені, сірә да, бел­гілі. Сон­ды­қтан газ пай­да­ла­ну қауіп­сізді­гін қадаға­лай­тын және жау­ап беретін орган­ды қарас­ты­ру­ды ұсынамын. 

Бақты­қо­жа ІЗМҰХАМБЕТОВ,    ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн