Қазақстанның өңірлерін көбінде ауылдық аумақтары құрайды, сол себептен, өңірлердің жобалары дегеніміз, ауылдық инфроқұрылымдыры арттыру мәселесі болып тұр. Ауылдық аумақтардың дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық және әлеуметтік өмірінде маңызы рөл атқаратындығы болып табылады. Алайда, ауылдық аумақтарда экономикалық дамудың төмен деңгейі, инфақұрылымның болмауы және қызметтерге қол жетімділік, қаржылық немесе басқа да ресурстарға шектеулі болуы сияқты артықшылықтар жиі кездеседі.
Тұрақты дамыту мәселелерді шешуге септігін тигізеді, өйткені оның мақсаты экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тепе-теңдікке қол жеткізеді. Демек, халықтың және жалпы халықтың дамуына байланысты жоғарғы қауіпті жағдайды зерттеу арқылы байқалады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары азаматтық қоғамды дамыту мәселелері, экономикалық белгісіздік, климаттық өзгеру және демографиялық өзгерістерге байланысты міндеттерді орындау жағдайлары өзекті болды.
Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту дегеніміз ауылдық аумақтарды әртараптандыру, яғни олардың тұрақты әлеуметтік және ел тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру жағдайын жақсарту деген мағынаны береді. Не деген мен де, бұл тұрғыда ауылдық аумақтардың тұрақты даму барысында демографиялық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени-этникалық, коммуникациялық бағыттарын ескерген жөн. Бұл экономикалық және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының мемлекеттік тұрғысынан, әрі ауылдық аумақтарының өнім сапасына кепіл бола алады.
Ғалымдардың ауылдық аумақтарды дамыту негізінде әлеуметтік, экономикалық және мәдени қатынастарға тән ауылдық қоғамдастықтардың әлеуметтік-аумақтақ кешен деп атайды.
Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының бірегейлігі бірнеше пайдалы көздердің болуымен ерекшеленеді: азық-түлік және шарушылық шикізаты, табиғат ресурстары, тұрғын үйлер мен демалыс орындары.
Ауылдық жерлерге арналған саясат қоғамға бағытталған болса, ал ауыл шаруашылығының саясаты өндіріске бағытталған. Ауылды дамыту мен ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамалары бір-біріне ұқсас болып көрінгенімен екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Қазіргі таңда, еліміз үшін маңызды мәселелердің бірі ол ауыл мен ауылдық аумақтарды дамыту болып отыр. Бұл ең алдымен әрине елдің стратегиялық маңыздылығына назар аударады.
Бүгінгі кезде «ауылдық аумақтар» ұғымына белгілі бір табиғат жағдайлары мен ресурстары, сонымен қоса, ірі қалалардан тыс орналасқан ауылдық мекендердің өмір сүрі, салты, өндірістері мен тұрмыстық мәдениеті бар жер ретінде қарастырылады.
Ауылдық аумақтардың нақты көрсеткіштері әлі де белгісіз болып қалуда. Бұл ауылдық өмірдің, яғни тіршіліктің, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және де басқа да салаларға байланысты кешенді міндеттерді орындаудағы факторы болып табылды.
Экономикалық тұрақты және әлеуметтік дамыған ауылдық аумақтар-олар мемлекеттің тұрақтылығына, тәуелсіздігі мен азық-түліктердің қауіпсіздіктерінің кепілі, сонымен бірге тұрақты даму ұлттық саясаттың басымдық бағыттарының бірі болу тиіс.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ауылдық аумақтардың тұрақты даму сипаттамалары сан қырлы екендігін айта кету керек. Ең алдымен, бүгінгі мен болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы тұрақты даму екендігін көрсетеді. Бұл әрине ауылдық аумақтардың азық-түліктермен, шикізатпен қамтамасыз ету, ауылдық мәдениетті сақтау, әлеуметтік тұрғыда дамуды және де басқада даму көздерін көздейді.
Біздің ойымызша, ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту дегеніміз — бұл экологиялық, экономикалық пен әлеуметтік тұрғыда өмір сүру жағдайы сапалы әрі әділ даму қабілеттері бар үздіксіз даму үрдісі. Ауыл тұрғындарының органикалық және қолжетімді азық-түліктермен қамтамасыз ету, өмір сүру сапасын арттыру мен болашақ ұрпақтар үшін мәдениетті, дәстүрді және сол жердің мәдени ортасын сақтау.
Еліміз ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуды реттеуге жай қарамайды, керісінше осы салада кішігірім болса да жақсы жаққа өзгертуге атсалысып келеді, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына. Себебі, бәрімізге белгілі қазақ халқының шыққан жері ауыл. Ауылды туған дерімізді дамытып, оны көркейтсек ол мемлекетке де, халыққа да өз жемісін береді деген ойдамыз. Бұл көркейтуді экономикалық, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа көрсеткіштермен ерекшеленеді.
SHIKA