Суббота , 5 июля 2025

ДАРИҒАНЫҢ тағы бір байлық көзі АНЫҚТАЛДЫ

  • Қазақ-қытай шека­ра­сын­дағы биз­нес-схе­ма арқы­лы экс-пре­зи­дент­тің қызы қалай пай­даға кенел­ді? 

Назар­ба­ев кла­ны­ның актив­тері ептеп елдің иелі­гіне қай­тып жатыр. Қазір Қар­жы мони­то­ринг агент­ті­гі Дариға Назар­ба­е­ва­ның Қаза­қстан – Қытай шека­ра­сын­дағы биз­нес-схе­ма­сы­на тер­геу жүр­гі­зу­де, деп жаза­ды Dalainside.

Себеп – Қытай мен қазақ шека­ра­сын­дағы «Нұр­лы жол» қақ­па­сы­на қарас­ты ұзын­ды­ғы 3 шақы­рым (!) жол­ды Назар­ба­е­ва­ның «Eurotransit Nur Zholy» ком­па­ни­я­сы пай­да көзіне айналдырған.

Жеті­су облы­сы, Пан­фи­лов ауда­ны аумағын­дағы Қаза­қстан – Қытай шека­ра­сы маңын­дағы бей­та­рап аумақта «Нұр­лы жол» өткі­зу пунк­ті бар. Қазақ шека­ра­сы­нан өткен соң, сауда­гер­лер ней­трал­ды аумақта орна­ласқан сауда орта­лы­ғы­на барып, өздеріне керектіні сатып ала­ды. Бұдан кей­ін жүк пен жола­у­шы­ны жоға­ры­да айтқан «Eurotransit Nur Zholy» ком­па­ни­я­сы­ның көлік­тері кері қарай қазақ шека­ра­сы­на дей­ін жет­кі­зеді. Шека­раға дей­ін­гі жол ұза­қты­ғы небәрі үш-ақ шақырым… 

Жұрт осы үш шақы­рым­ды жүріп өту үшін, Дариғаға тиесілі ком­па­ни­я­ның логи­сти­ка­лық қыз­метіне жүгініп, қомақты ақша төле­у­ге мәж­бүр болған. Жүк және жола­у­шы тасы­мал­дау ісі­мен айна­лы­са­тын өзге ком­па­ни­я­лар­ды бұл жер­ге жолат­паған. Осы­лай­ша «Eurotransit Nur Zholy» ком­па­ни­я­сы Қорғастағы жеке-дара моно­по­лист­ке айналған.

Ал «Нұр­лы жол» – Орта Ази­ядағы ең үлкен өткі­зу пунк­ті. Назар­ба­е­ваға тиесілі «Нұр­лы жол» өткі­зу пунк­тін салуға «Еура­зия бан­кі­нен» 100 млн дол­лар бөлінген. 

Қар­жы мони­то­рин­гі агент­ті­гі «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ін тек­се­ру кезін­де Қытай­дың бей­та­рап аумағы­нан Қаза­қстанға жүк таси­тын жалғыз опе­ра­тор бола тұра, қыз­мет құнын бәлен­бай есе өсір­гені дәлел­ден­ді. Агент­тік ком­па­ни­я­ның былы­қта­рын тек­се­руді жалғастыруда.

Дариғаға тиесілі ком­па­ния моно­по­ли­стік қыз­мет­тен 4,2 млрд тең­ге табыс тапқан. Сөз­ге кел­мей, кінәсін мой­ын­даған ком­па­ния бас­шы­лы­ғы құны 5,3 млрд тең­ге­ден аса­тын актив­терін (3,6 гек­тар жер телі­мі бар) мем­ле­кет­ке ауда­ру тура­лы өтініш-хат беріпті.

Shishkin_like арна­сы­ның жазуын­ша, Қаза­қстан – Қытай шека­ра­сын­дағы өткі­зу пунк­ті – «Eurasia Transit Holding LTD» серік­те­сті­гінің еншілес ком­па­ни­я­сы. Ал «Eurasia Transit Holding LTD» құры­л­тай­шы­ла­ры­на қара­саңыз, келесі пер­со­на­лар алды­ңы­здан шығады:

  • Дани­яр Қай­рат – QazaqGaz ком­па­ни­я­сы­ның экс-бас­шы­сы, Дариға Назар­ба­е­ва­ның жұбайы делін­ген Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың (сурет­те) ұлы. 
  • Вене­ра Шай­жүні­со­ва (сурет­те – сол жақта) – Дариға Назар­ба­е­ва­ның кіші қызы. 

Бұдан ілгері­де «Eurotransit Nur Zholy» ком­па­ни­я­сы Дариға Назар­ба­е­ва мен Қай­рат Шәрі­п­ба­ев­тың бақы­ла­у­ын­да болға­нын топ­шы­ла­у­ға бола­ды. Ком­па­ния 2018 жыл­дан бері қазы­наға 485 млн тең­ге салық төле­ген. Ең қызы­ғы салы­қтың сүбелі бөлі­гі (318 млн тең­ге) Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін апыл-ғұпыл ауда­ры­ла бастаған. Ком­па­ни­я­ның 2022 жылғы таза табысы 1,4 млрд тең­гені құраға­нын айта кету керек. 

Қаңтар оқиға­сы отыз жыл бойы халы­қтың несі­бесін төгіп-шашқан Назар­ба­ев әулетін тәу­бесіне түсір­ді. Dalainside теле­грамм-арна­сы­на жет­кен мәлі­мет бой­ын­ша, сай­ла­удан кей­ін Жаңа Қаза­қстан Дариға ханым­мен мықтап айна­лы­са бастайды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн