Четверг , 3 июля 2025

«ДАТ»-2025

СЫЙЫНАРЫМЫЗ ДА, СҮЙЕНЕРІМІЗ ДЕ –

ҰЛЫ МӘРТЕБЕЛІ ОҚЫРМАН!

1 қазан күні 2025 жылға газет-жур­нал­дарға жазы­лу науқа­ны бастал­ды. Нары­қтық қаты­нас жағ­дай­ын­да кез кел­ген кәсі­по­рын, өндірістік ұжым, бас­пасөз меке­месі бол­сын, өндір­ген өні­мі­нен түс­кен табыс шығы­нын арты­ғы­мен жапқан­да ғана тұрақты жұмыс істей ала­ды. Бірақ элек­трон­ды ақпа­рат құрал­да­ры, әле­умет­тік желі арқы­лы хабар алма­су дамы­ған мына заман­да кітап, газет-жур­нал оқи­тын жұрт­тың күн өткен сай­ын кеміп бара жатқа­ны да рас. Оның үстіне «ДАТ» газетінің оқыр­ман­да­ры негізі­нен егде жастағы аза­мат­тар. Үлкен өкініш­ке қарай олар­дың қата­ры да жыл­дан-жылға сире­ме­се, көбей­іп жатқан жоқ! Көр­гені мен көкірек­ке түй­гені, жас ұрпаққа айта­ры мен көр­се­тер үлгі-өне­гесі көп көнекөз қари­я­ла­ры­мыз азай­ған сай­ын, газеті­міздің тара­лы­мы да кеміп барады!

 Бұрын біз ешқа­шан және ешкім­ге «ДАТ»-қа жазыл деп өтініш айтқан, көмек сұраған газет емес едік. «Ауруын жасы­рған – өледі» демек­ші, қазір­гі жағ­дай жал­ба­ры­нған күй кешу­ге мәж­бүр етіп оты­рға­нын жасыр­май­мыз. Егер алдағы жылға кемін­де 25–30 мың оқыр­ман жазыл­ма­са, жағ­дай өте ауыр, тіп­ті газет­тің жабы­лып қалу қау­пі де жоқ емес!

Бұрын елі­міздің бар­лық қала­ла­рын­да, әсіре­се Аста­на мен Алма­ты­да, облыс орта­лы­қта­рын­да күн­делік­ті газет-жур­нал сата­тын дүң­гір­шік­тер жүй­есі тұрақты жұмыс істей­тін, олар қазір бәрі жабыл­ды. Тек соның өзі­нен 10 мың­нан аса тара­лым жоғалт­тық. Ал дөкей­лер­дің иелі­гін­де­гі «Кара­ван» сауда желісіне қарас­ты дүң­гір­шік­тер «ДАТ»-ты сауда­ла­удан үзіл­ді-кесіл­ді бас тарт­ты. Бұл – моно­по­ли­яға қар­сы заңбұ­зу­шы­лық болға­ны­мен, қазір­ше оған назар аударған құзыр­лы меке­ме бол­май тұр. Оның үстіне қағаз құны, бас­па­ха­на қыз­меті де айтар­лы­қтай қым­бат­та­ды. Бір дана газет­ті басу құны 40 тең­ге­ге жет­ті. Қоғам­дық тара­ту­шы­лар уақты­лы сатып, түс­кен қар­жы­ны тұрақты жібе­ре алмай­тын­ды­қтан, апта сай­ын шыға­тын газет­ке жар­ты мил­ли­он, айы­на – екі мил­ли­он тең­ге ақша жинау оңай соғып тұрған жоқ.

Осын­дай себеп­тер­ден қалып­та­са­тын қар­жы тап­шы­лы­ғы сал­да­ры­нан редак­ци­ядағы шығар­ма­шы­лық штат та барын­ша қысқар­ды. Бар-жоғы бес адам, оның еке­уі ғана жур­на­лист. Мұн­дай жағ­дай­да қоғам­дық тақы­рып­тар­ды жан-жақты қам­ту мүм­кін емес!

Ең қиы­ны – «ДАТ»-ты демеп жібе­ретін деме­уші (спон­сор), қол­дау көр­се­тетін қал­та­лы кәсіп­кер (меце­нат) жоқ, соңғы 10 жыл­да болған да емес. Ал нарық тары­қты­рған Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да деме­ушінің қол­да­уын­сыз газет­ті аймақтар­дағы оқыр­манға жет­кі­зу – қия­мет-қай­ым машақатқа айнал­ды. Газет­тің интер­нет нұсқа­сын қам­та­ма­сыз ету де – деме­ушісіз жүр­мей­тін әурешілік.

СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, ЕГЕР СІЗ:

  • билік­ке бүге­жек­те­мей­тін батыл сөз, тәу­ел­сіз пікір қоғам мен халы­ққа қажет десеңіз;
  • елде­гі жалғыз оппо­зи­ци­я­лық газет­ті сақтап қалуға мүд­делі болсаңыз;
  • билік пен қоғам­дағы оқиға­лар мен жағ­да­ят­тарға бай­ла­ны­сты бала­ма ақпа­рат алып тұрғы­ңыз келсе;
  • қалып­тасқан сая­си режим­ді өзгер­ту­ге құштар, қуғын-сүр­гін­де жүр­ген аза­мат­тарға қаты­сты жай-жап­сар­ды үне­мі наза­рда ұстағы­ңыз келсе;
  • елде­гі аза­мат­тық қоғам­ның жай-күй­іне жана­шыр болсаңыз;
  • сот пен құқық қорғау ұйым­да­ры­нан тап­паған ақиқат пен әділет­ке жүгі­нудің қажет­тілі­гі туса –

«ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді.

Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескертеміз.

Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

  1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген (Эрик БАПИ) +7–700-300–47-70 Кас­пи-голд номеріне тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;
  2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:
  3. толық аты-жөніңізді;
  4. жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз;
  5. жазы­лу баға­сы төмен­гі таб­ли­ца­да көрсетілген.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­саб-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

«ДАТ»-тың ұзақ жыл­дарғы тұрақты оқыр­ма­ны сүй­ік­ті газетіне жазы­ла­ты­ны анық. Бірақ бүгін­гі дағ­да­ры­сты жағ­дай­да бұл аздық ете­ді. Газет­ті сақтап қалу үшін, келер жылға ең кемін­де 20 мың жазы­лу­шы қажет.

Әлбет­те, біз жақ­сы түсі­не­міз: сіздің бір жылға жазы­ла­тын 5 мың тең­геңіз­ге бір күн­дік азық-түлік неме­се 2 келі­ге жуық ет сатып алуы­ңы­зға бола­ды. Бір күн­нің тамағын алып жеп қоя­сыз ба, жоқ әлде «ДАТ» газетін үйіңіз­ге жаз­ды­рып алып, бір жыл руха­ни тоқ жүр­гіңіз келе ме – таң­дау өзіңізде!

Әрине, көп­шілік бір күн аш қал­са да, жыл бойы руха­ни тоқ жүр­ген­ді қалай­ды деп ойлай­мыз. Сон­ды­қтан әр тұрақты оқыр­ман­нан өзінің тұрғы­лы­қты жерін­де және еңбек ұжы­мы ара­сын­да «ДАТ» газетін барын­ша наси­хат­тап, оған жазы­лу науқа­нын ұтым­ды ұйым­да­сты­руын сұраймыз.

Ол үшін:

құда-жек­жатқа,

дос-жаранға,

көр­ші-қолаңға,

сіз тани­тын әрбір әділет­шіл ада­мға қолқа салы­ңыз!

БІЗДЕ ГАЗЕТТІ САҚТАП ҚАЛУДЫҢ БАСҚА АМАЛЫ ҚАЛМАДЫ, АҒАЙЫН!

ҚАЗАҚ СЫЙЫНҒАНЫҢНАН СҮЙЕНГЕНІҢ МЫҚТЫРАҚ БОЛСЫН ДЕЙДІ. БІЗДІҢ СЫЙЫНАРЫМЫЗ ДА, СҮЙЕНЕРІМІЗ ДЕҰЛЫ МӘРТЕБЕЛІ ОҚЫРМАН!

СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ ОСЫНДАЙ «ӨЛЕРДЕГІ СӨЗДІ» ЖАРИЯ ЕТІП, ӨТІНУГЕ БЕЛ БУДЫҚ. ӨЗІМІЗ ҮШІН ЕМЕС, ТҮСІНСЕҢІЗӘДІЛЕТСІЗДІКТЕН АЗЫП-ТОЗЫП БАРА ЖАТҚАН ЕЛІМІЗ, ҰЛАНҒАЙЫР ЖЕРІМІЗ, ҰЛТЫМЫЗДЫҢ, ҰРПАҒЫМЫЗДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН, АҒАЙЫН!

«DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Республиканский еженедельник онлайн